СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Наурыз - 2016. Внеклассная работа.

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а ?аза? хал?ыны? ?лы мерекесі Наурыз мейрамы ж?нінде т?сінік бере отырып, хал?ымызды? салт – д?ст?рін бойларына дарыту ар?ылы шынайылы??а, адамгершілікке, ?лтжандылы??а т?рбиелеу.

?з Наурыз е?сесі биік елдікті?, іргесі с?гілмеген бірлікті?, ынтыма? пен ырысты? мерекесі екендігін ж?не ?аза? хал?ыны? салт д?стурлері, ауыз ?дебиетіні? м?раларымен таныстырып, оларды? тарихи ма?ызын т?сіндіру. Хал?ымызды? салт –д?стурін д?ріптеу ар?ылы о?ушыларды еліне, жеріне деген с?йіспеншілікке, адамгершілікке т?рбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Наурыз - 2016. Внеклассная работа.»



Автордың аты-жөні

Рахимжанова Анар Ермековна


Жұмыс орнының толық атауы

Ақмола облысы

Еңбекшілдер ауданы

«Бірсуат орта мектебі» мемлекеттік мекемесі


Лауазымы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Квалификациялық санаты

1 (2012)


Сынып

5-11 сынып


Бағыт атауы

Наурыз «Бабалар жолын жалғаймыз»


Формасы

Мектепішілік іс-шара


Өтілу жылы

2016












Мақсаты мен міндеттері:

Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Әз Наурыз еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмеген бірліктің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін және қазақ халқының салт дәстурлері, ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстырып, олардың тарихи маңызын түсіндіру. Халқымыздың салт –дәстурін дәріптеу арқылы оқушыларды еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Іс-шараның барысы:

Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.



Көрнекіліктері: нақыл сөздер, суреттер, киіз уй жабдықтары, көрме.



Әдісі: Сахналық көрініс, әдеби-монтаж, өлеңдер.
Әдістемелік әдебиеттер:

  1. Бабаңнан саған не қалған - «Ол жас» баспасы, Алматы-2007;

  2. Мектептегі мейрамдар – «Sansam» баспасы, Алматы – 2003;

  3. Ойындар, сценарийлар, сайыстар – «Центрально-азиатское издательство», Костанай – 2008.

Интернет-ресурстар:

http://bilimdiler.kz/tarbie-sagaty/1022--zhyl-basy-nauryz-.html

http://ustaz.kz/sait-bolimderi/file/8328-nauryz-synyp-sa-aty













Бабалар жолын жалғаймыз

Мектеп ауласын киіз үй тігіліп, әр сынып өз дастархандарын жайып, той тойлау қамына кіріседі. Ортада дөңгелек сахна.

Бастаушы: - Құрметті қауым! Сіздер бүгін Наурызға арналған мерекелерімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Бастаушы: Добрый день, дорогие друзья, дорогие гости! Сегодня мы с Вами встречаем Наурыз в нашем ауле «Достық». Наурыз с персидского языка «ноу» - жаңа (новый), «руз» - күн (день). На казахском языке слово «Наурыз» имеет три значения:

  1. Праздник начало года.

  2. Месяц «Март».

  3. Название ритуальной пищи «көже», которое готовится с 3-х часов утра. По народным преданиям в эту ночь приходит к народу Қадыр-баба, пророк, который приносит людям счастье. (Балалар түгел сыныпта, ал Наурыз (бала) сыртта тұрады).

Хор: Наурыз келсе, құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық.

(Наурыз ішке кіреді, балалар мәз болып қол алысады).

Бастаушы: - Наурыз – это праздник не только земли казахской, но и праздник братских народов Востока, праздник всех, кто живет рядом с тобой: русского, украинца и немца; он для всех наций и народностей. Нас поздравляют представители разных народов, наши одноклассники, друзья, подруги. (Сахнаға белорус, орыс, татар, қазақ, неміс, ингуш, мордва балалары шығады). әрқайсысы өз тілінде құттықтау айтады, барлығы қол ұстасып тұрып қазақша:

«Ұлыс оң болсын!

Жыл басы Наурыз

Мол болсын дәм – тұз», - деп бітіреді.

Наурыз: Сәлем, анам – алтын күн!

Сәлем, қарты халқымның!

Уақытыма риза боп,

Бақытыма шалқыдым.

Ашық болсын күніміз

Ашылады нұрымыз.

Бай тұлғалы өңірде

Айтылады жырымыз.

Тазша бала: Күн мен айға әлемнің

Берем ыстық сәлемін.

Қарттарыма сүйініп,

Сәлем берем иіліп.

Орындалды ойларың

Құтты болсын тойларың.

Наурыз: Жайнатамын бар гүлді

Сайратамын бұлбұлды,

Мейрам етіп бұл күнді.

Тазша бала: Көктем тойы – әніміз.

Көркем өнер сәніміз.

Өлең, ән мен той сәнін

Өрнектейміз бәріміз.

Егін өңін толықытқан

Елдің көңілін шалқытқан

Наурызға бас иемін.

Балалар хормен:

Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса, Наурыз, дәстүрлі!

1-оқушы: Күреп алтын күрекпен

Қарды еріткен Наурыз!

Жатыр көктем түлетіп,

Бүрлеп бақша-бауымыз.

Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңеген

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық наурыз көжеден.

2-оқушы: Жас қосатын жасыңа,

Жыл басы бұл – Наурыз!

Әр кіргізген асыңа

Бал татыған сары уыз.

Наурызбен құттықтап

Алыс, жақын қауышты,

Көктемдегі жарқын сәт

Көңілдерге ауысты.

3-оқушы: Күн бойы бүгін жарылған

Ақ түйінің қарыны.

Ақ дастарқан жайылған

Лаулап ошақ жалыны.

Қуант таныс-құрбыны

Бақыт тілеп қол ал да

Не тілесең бұл күні

Орындалар сол алда.

Сахналық көрініс: «Азан шақыру», «Баланы қырқынан шығару».

4-оқушы: Өлең өрлеп, жыр самғай.

Үйлесті әсем сәніміз.

Болады екен жыл сондай

Қандай болса Наурыз!

Жан қалмасын жай тұрған

Мәз болсын жас, кәріміз.

Күй шертілсін, ән айтып,

Би билейік бәріміз.

Хормен: Жайна көктем, жасара бер!

5-оқушы: Туғаннан соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт атайды «надан» деп.

Ата-бабаң ардақты

Жамандыққа бармапты

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

Ата жұрт боп өскенді

Қайта жалғап өшкенді.

Арлы, батыр бабаңнан

Әр қашан жау сескенді.

6-оқушы: Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз

Кетер өрлеп даңқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

7-оқушы: (Қолдан жасалған киіз үй жасауларын көрсетіп тұрып айтады)

Сағанақты кереге,

Шаңырақ біреу,

шаңыраққа сексен уық болар тіреу.

Алты қанат ақ боз үй дейсің мұны,

Сұраса сынап сені біреу-міреу.

Буынып белбеу арқан басқұрына

Жабылар төрт туырлық қапсырыла.

Төрт баулы түндік, сон-соң орын тебер

Киізүй күмбезіне бастырыла.

8-оқушы: Жалаң ши, ораулы ши, үзік, желбау,

Бұларда қызыл, жасыл бояу молдау.

Жел соқса, дауыл соқса, сәл ауырлау.

Ең алғаш күлдіреуіштен сығалар таң.

Басында керегенің адалбақан.

Төрдегі текеметте малдас құрып,

Ертегі, аңыздарды айтар атаң,

Келіндер сырмақ сырып жүгіреді,

Түскиіз оң қапталға ілінеді.

Есікті суағарға дейін түріп,

Жылқышы бал қымызды сіміреді.

Іргеден маңдай төсеп еспе желге

Қымыз іш, қырыс қалмас еш денеңде.

Кесе қап, аяққап, әбдіре, сандық

Болмаған артық мүлік көшпелі елде.

Бастаушы: - Біздің халқымыз үлкенді сыйлап, оларды тыңдай білген. Біз кезекті қазақ, өзбек, орыс т.б. ұлттарға өздерінің ұлттық тағамдарын дәм тұтуға берейік.

(Ортаға үш оқушы қыз шығады).

Оу, айналайын балалар,

Тоя ішсін деп, тамсанып,

Жеті түрлі дәм салып,

Наурыз көже пісірдік.

Оттан қазан түсірдік.

Бал көжеден татыңдар,

Бар қызыққа батыңдар.

Бастаушы: - Әжелердің дастарқанына барайық. Наурыз көжеден дәм татайық.

Балалар дөңгелек үстел жанына жайғасады. Әжелер наурыз көже құйып береді (бір оқушы тақпақ айтады).

Бастаушы: - Балалар, наурыз көже сендерге ұнады ма?

Балалар: - Ұнады, дәмді болыпты. Әжелерге рақмет.

(Қатысып отырған үлкен кісі көпшілікке ақ батасын береді. Оқушылар, ата-аналар екі қолын жаяды):

Атай: Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барса, жол болсын,

Ұлыс бақты болсын,

Ұлыс береке берсін.

Төрт түлік ақты болсын,

Бәле, жала жерге енсін.

Наурыз: Кел, балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер.

Бізде қызық ойын бар,

Барлығың ден қойыңдар.

Тақпақ айтып, жырлаңдар

Жұмбақты да ойлаңдар,

Таппай оны қоймаңдар,

Думандатып тойлаңдар.

Балалар дөңгелек шеңбер құра орындыққа отырады. Тазша бала «Сақина салу», «Ақсүйек», «Ұшты, ұшты» ойындарын қалай ойнау керектігін түсіндіреді. «Сақина салу» ойынын ойнатады. Оқушылар тақпақ айтып немесе ән шырқап айыбын өтейді.

Тазша бала: Семіз-семіз қойларды,

Су астына байладым.

Құрлықтағы балықты,

Бір шыбықпен айдадым.

Бастаушы: - Қане, Тазша баланың қоржынында не бар екен?

(Қоржында бірден онға дейінгі сан жазылған асықтар болады. Дөңгелене отырған кез келген бір оқушыны тұрғызып бір асық алдыртады, жауабын айтқызады. Асық нөміріне орай дайындалған сұрақтар төмендегідей болады:

№1. Қой туралы не білесің?

№2. Асықпен ойналатын ойын түрі.

№3. Жыл қайыру.

№4. Қазақтың ұлттық ойын өлеңдерін ата.

№5. Ай аттарын өз ретімен қазақша ата.

№6. Жаңылтпаш айт.

№7. Жұмбақ айт.

№8. Сары май қалай жасалады?

№9. Түйе сүтін қалай атайды?

№10. Жылқы сүтін қалай атайды?

Наурыз тойы соңында ата-аналар оқушылардың ән-күй өнерін тамашалайды.

  1. Қарлығаш тобы «Кербез биі».

  2. Ән «Наурыз».

  3. Тамаша «Үйлену тойы».

  4. Сөз шебері «Наурыз жыры».

  5. Қарлығаш тобы - би.