СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Наурыз аруы сайысының әзірленімі

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сайыстың мақсаты: Қыздарды қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуге, қазақ қыздарына тән мінез-құлықты үйренуге, әдемілікті, сұлулықты, инабаттылықты, мейірімділікті, нәзіктікті бойына  сіңіріп және мәдени орындарда, сахнада өздерін ұстай   білуге  тәрбиелеу     

 

1. Сайысқа  қатысушылар: 1-2 курстың қыздары.  Әрбір топтан 1 қыз бала қатысу керек.

2. Өз өнерлерін,  сахнада өздерін  ұстай білу шеберліктерін көрсету.

3. Киім үлгісімен , жан-жақтылығымен ерекшелену керек.

4.1- 2 курс  қыздары  міндетті түрде қатысу керек.

5. Сайыс 5 кезеңнен тұрады:    

                       

  1 кезең -  Таныстыру. ( Өздерін таныстыру керек.)

                      2 кезең -  «Өнерлі өрге жүзер» ( Өз өнерлерін көрсету, ән, би,)

                      3 кезең -  «Білгенге маржан» (Салт-дәстүр туралы сұрақ-жауап).

                      4 кезең -  «Сұлулықтың сыры» (Киім үлгісін көрсету)

                      5 кезең -   Үй тапсырмасы ( Ұлттық тағам дайындап әкелу.)

 

Просмотр содержимого документа
«Наурыз аруы сайысының әзірленімі»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК





















«Колледж аруы - 2015» сайысының сценарийі















Дайындаған: Әділбекова Ә.А.,

Капашева Ш.М.















2014-2015 оқу жылы

«Колледж аруы-2015» сайысының әдістемелік әзірленімі

1-жүргізуші: Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек,

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп,

Иықтан шашың төгіліп жерге,

Күмісті шашбау жарасып белге - деп, халқымыз әнге қосқандай, бүгінгі біздің «Колледж аруы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!


2-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, білім алушылар, өнер сүйер қауым. «Қыз өссе елдің көркі» деп ата-бабамыз тегін айтпаған , ендеше бүгінгі аруларымыздың сайысына қош келдіңіздер!


1-жүргізуші: Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған сайыста қыздарымызды әдептілікке, әсемділікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге, қыз баланың сыйластығын арттыруға тәрбиелеу, ақыл- парасатын, талғампаздығын, тапқырлық, шеберлігін бағамдау арқылы «Колледж аруы» сайысының жеңімпаз аруын анықтау мақсаты көзделді. Ендеше 1-2 курс қыздарының арасында өткізілетін «Колледж аруы» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


//қыздар шығады


2-жүргізуші: Әділ-қазы береді

Өздеріңе билікті

Өнерде кім жеңеді

Сол алады сыйлықты

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар!


1-жүргізуші: Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің директоры: Арғынғазин Думанғазы Семейғазыұлы


2-жүргізуші: Директордың әлеуметтік –тәрбие ісі жөніндегі орынбасары : Бахтиярова Бақытгуль Жанұзаққызы


1- жүргізуші: Ақпараттық технология жөніндегі директордың орынбасары : Жүнісжанов Бағнұр Бақытказиевич

2- жүргізуші: Кәсіптік тәжірибе жетекшісі: Орманов Асылжан Калиевич


1- жүргізуші : Жастар ісі жөніндегі менеджер: Карибжанов Самат Алпамысович


Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Барлығы кезек – кезек ән салыпты.

Бүгінгі күн сайыста бәйге алуға,

Қыздарымыз аянбай-ақ жан салыпты.

2-жүргізуші: Бүгінгі біздің сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

1 кезең - Таныстыру. ( Өздерін таныстыру керек.)

2 кезең - «Өнерлі өрге жүзер» ( Өз өнерлерін көрсету, ән, би,)

3 кезең - «Білгенге маржан» (Салт-дәстүр туралы сұрақ-жауап).

4 кезең - «Сұлулықтың сыры» (Киім үлгісін көрсету)

5 кезең - Үй тапсырмасы ( Ұлттық тағам дайындап әкелу.)


  1. жүргізуші :

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын.


//қыздар ретімен шығады


2-жүргізуші: Енді осы кезеңіміздің қорытындысы бойынша әділ – қазылар әділ бағасын бере кетсе


1-жүргізуші: Келесі кезекте «Өнерлі - өрге жүзер»- атты кезеңімізді бастаймыз. Аруларымыз мың бұралған биімен, тамылжыған әнімен ортаға өз өнерлерін көрсетеді.


Арулар сайысына келдік міне

Өнерлілер бар екенін көрдік бізде

Әр қайсысы ару болам бүгін деп

Өнерлерін аянбастан көрсетуде

//қыздар ретімен шығады


2-жүргізуші: Енді осы кезеңіміздің қорытындысы бойынша әділ – қазылар әділ бағасын бере кетсе


1-жүргізуші: Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,

Қуантқан әрбір үйдің арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,

Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын-дей келе «Білгенге маржан»  кезеңімізді бастайық


///Аруларымызды ортаға шығады


2-жүргізуші: Кезеңіміздің қорытындысы бойынша әділ – қазылар әділ бағасын бере кетсе


1-жүргізуші: Аруларымыз келесі кезеңге дайын болғанша сіздердің назарларыңызға ән. (Саид Абдул Кахар)


2-жүргізуші: Ал,халайық ықыласпен демейік,

Арулардың сән үлгісін көрейік.

Сыры менен сымбатына қара біз,

Әділдікпен бағаларын берейік.

«Сұлулықтың сыры» атты кезеңінде аруларымыз өз қол өнерімен жасалған сәнді киімдерін тамашалаңыздар!


//Нөмір бойынша атап тұрады


1-жүргізуші: Кезеңіміздің қорытындысы бойынша әділ – қазылар әділ бағасын бере кетсе


2-жүргізуші: Аруларымыз келесі кезеңге дайын болғанша, сіздердің назарларыңызға тамаша би. (Закиева Мадина)

1-жүргізуші: Келесі кезең үй тапсырмасы. Қыздарымыз қандай ұлттық тағам дайындаған екен?


///Аруларымызды ортаға шығады


2-жүргізуші: Кезеңіміздің қорытындысы бойынша әділ – қазылар әділ бағасын бере кетсе



1-жүргізуші: Осымен біздің сайысымыз өз мәресіне де жетті.

Әділ – қазылар алқасына өз шешімін шығарғанша назараларынызға тамаша ән (Кульпаш Бадешевна – немересі, Абухасова Карлығаш)


2 - жүргізуші: Барлық сайысқа қатысушы ару қыздарымызды ортаға шақырамыз.


1-жүргізуші: Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің директоры: Арғынғазин Думанғазы Семейғазыұлына береміз.


(марапаттау рәсімі) («Көрермендер көзайымы» , «Өнерлі қыз», «Көрікті қыз», «Ақылды қыз», «Салмақты қыз», «Ажарлы қыз», номинациялары, «Үшінші орын», «Екінші орын», бас жүлде берілді. )


Колледж аруы байқауына қатысқан барлық қыздарымызға үлкен алғысымызды білдіреміз.


1-жүргізуші : Арулар, қалқып бақыт аралында

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен сайысымызды аяқтайық

Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтайық.

2-жүргізуші: Қатысқандарыңызға көп рахмет. Көріскенше күн жақсы болсын ағайын.




Оқытушылар: Әділбекова Ә.А.,

Капашева Ш.М.