СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Наурыз келді еліме»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

«Наурыз»

Мақсаты:

Тақпақты жаттау,  сезім мен адамдар арасындағы қатынас туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Наурыз мерекесімен таныстыруды жалғастыру.

Логиқалық ойлауын, сөйлеу қабілетін дамыту.

Үлкенді құрметтеуге, бір-бірін сыйлауға

тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Қолға киілетін театр,Қаңбақшал,түрлі ыдыстар, түрлі геометриялық пішіндер,сюжетті суреттер, тірек сұлбатақпаққа,Кубизм әдісі

 

Кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

Қолға киілетін театрды пайдаланып, Балалар бізге бүгін кім келгенін қараңдар!?

-Қаңбақшал сізді бізге қандай жел айдап келді?

Қаңбақшал (құлағына сыбырлайды).

-Балалар, Қаңбақшалды жел алысқа ұшырып алып кетіп, үйін көрмегелі біраз болыпты.Тамағы да ауырып қалыпты.Оны кемпірі Наурыз көжеге салатын дән алып кел деп жіберген екен. Бірақ, дәнді салатын ыдыс та, қапшық та бермепті.

-Дәнді қайда салған дұрыс?

- Бәрі дұрыс қой, бірақ біздің атамыз үнемі ұшып жүреді, оған сынбайтын, төгілмейтін зат керек.

- Таптым-таптым! Оған аузы буылып жабылатын қоржын жасап берейік.

Балалар таңданыс білдіреді.

 

 

 

 

Балалар түрлі ыдыстардың атауын береді.

Түрлі геометриялық пішіндерді қиыстырады, үйлестіреді.

Ұйымдастырушы

кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

(Балаларды жарты шеңберге отырғызады)

Сюжетті суретті көрсету арқылы тақпақты мәнерлеп оқиды.

«Наурыз күні»

Қыстың қары еріді,

Мейрам күні келді де.

Наурыз көже пісірді,

Жеті дәмнен әжем де.

Қауқылдасып бұл күні

Үлкен-кіші, кәрі-жас,

Аралайды үй-үйді.

Сөздік жұмыс: қауқылдасып, аралайды, дәм.

-Қане барлығымыз атаға наурыз көжені әжеміз қалай пісіретінін көрсетейікші.

«Наурыз көже қайнату»

Әже көже қайнатты, (қолымен араластырады)

Үлкен қара қазанға.(үлкен құшақ жасайды)

7 түрлі дән салып,(7 рет ас салуды көрсетеді)

Дәмін татып байқапты.(қасықты аузына апаруды көрсетеді)

дидактикалық ойын:

«Не көрдің?» жүргізеді.

Өлеңді тірек сұлба арқылы балаларға қайталап оқиды, өздеріне қайталатып жаттатады.

Өлең жолдарын тыңдайды, суретті мұқият қарайды. Сурет пен айтылған сөз арасындағы байланысты орнатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық қимылдарды қайталайды, сөздерді айтады.

 

Қиялдайды, елестетеді, айтып жеткізеді.

 

 

 

Өлең жолдарын сұлба көмегімен  жаттайды.

Рефлексивті-түзетуші

Кубизм әдісі арқылы сабақты қортындылайды.

Өлең мазмұнын естеріне түсіріп, айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

сөздердің арасындағы мағыналық байланысты анықтайды

Нені игереді:

ассоциациялық ойлауды қолданып, тұтас сөйлемдерді еске сақтайды.

Нені біледі:

Тақпақты эмоционалды, мәнерлі айтуды үйренеді.

 

 

 

Просмотр содержимого документа
««Наурыз келді еліме»»

8 наурыз мерекесіне(Аналар-мәңгі жасасын!)

Жүргізуші:
-    Аяулы біздің аналар мен әжелер, Сіздерді Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Біздің сәбилеріміз сіздерге, аналарға деген ыстық лебіздері мен шексіз махаббатарын ән мен таппақ арқылы жолдамақ. Қабыл алыңыздар!
Армысыздар, аяулы аналар,
Армысыздар әжелер мен апалар!
Мерекемен құттықтайды сіздерді,
Шашу шашып, өнерімен балалар.
- Балалар, сонда қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем.)
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады, қар ериді, жер көктейді, бәйшешектер шығады, құстар қайтып келеді.)
- Қазір қандай ай? (Наурыз.)
- Сонда бүгін қандай мереке? (Аналар мерекесі.)
Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні аналарымызбен бірге әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Тақпақтар:
Айзере: Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.

Қ Арнур: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамын мен құттықтаймын.
Аида: Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Мансур: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Айнара: Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Рамазан: Әже деген көп шығар,
Әжемдей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Богдан: Менің әжем жыр әжем,
Шуағы мол, нұр әжем.
Жүргізуші:
Даулет: Көктем келді жадырап,
Күн нұрымен таласып.
Жайнай берші жарқырап,
Жаны жайсаң анашым.
Нурали: Көктем келді, алақай!
Көктеп жатыр даламыз.
Біз бақытты балақай, 
Мәнгі жүрсе анамыз.
Көктем келді, балалар!
Асыр салып ойнайық.
Түн ұйқысын төрт бөлген
Анамызды сыйлайық.
Абылай. Көктем келді, балалар,
Жердің беті жаңарар.
Ақ сүт беріп өсірген,
Аман болсын аналар!
Жанназар. Көктем келді,балалар,
Ән айтайық, би билеп.
Мейрамында аналар,
Қабылдасын сый қылып.
Данара. Менің анам аппақ,
Кәмпит берсе - тәтті-ақ.
Күні бойы тынбастан,
Үйретеді тақпақ.
Іңкар. Менің анам ақылды,
Тарап берді шашымды.
Қалтасы бар әдемі,
Шалбарды сатып әперді.
Е.Арнур. Анашым, асылым,
Аяулы ғасырым.
Сен жоқта мұңайып,
Бар болсаң - тасыдым.
Мөлдер. Анашым, ақ таңым,
Ақ сүтін ақтаймын.
Жүректе атыңды
Тұмардай сақтаймын.
Айлана. Анашым, жүрегім,
Өмірлік тірегім.
Аман боп жүрші тек,
Алладан тіледім.
Жүргізуші:
-    Келесі балалардың орындауындағы ән - «Нұрын төккен маған».
Жүргізуші:
-    Барлық балалар бүгін аналарына сыйлық жасап әуре болуда. Осы мерекеге Мақта қыз да, анасына сыйлық дайындап жатқанда, бір қызық оқиға болыпты. Мақта қыз ертегісін тамашалаңыздар!
Сахна ортасында үстел басында Мақта қыз отырады. Ол қағаз, бояу алып, анасына сыйлық жасау үшін, сурет салып отырады. Үстел үстінде түрлі-түсті бояу, стаканда су, қарандаштар. Мақта қыздың қасына мысық келеді.
Мысық:
-    Мақта қыз не істеп отырсың? Маған да көрсетші.
Мақта қыз:
-    Сурет салып жатырмын. Ары тұршы. Қазір бір нәрсені бүлдіріп тастарсың.
Мысық:
-    Қарайыншы, енді, ақырын ғана қараймын.
Мақта қыз:
-    Көрсетпеймін!
Мысық:
-    Көрсетпесең, мен сенің бояуыңды төгіп тастаймын.
Мақта қыз:
-    Осыдан төгіп көр, құйрығынды кесіп аламын.
Қырсық мысық бояуды төгіп тастайды. Мақта қыз мысықты шап беріп, құйрығын кесіп алады. Мысық қатты мияулап, Мақта қызға Жалынады.
Мысық:
-    Мақта қыз-ау, Мақта қыз, құйрығымды берші. Кешірші.
Мақта қыз:
-    Бермеймін. Маған қағаз бен бояу тауып әкеліп берсең ғана құйрығыңды қайтарамын.
Мысық жан-жағына қарап енді не істеймін деп қатты уайымдайды.
Мысық:
-    Мен бала бақшаға барайын, балаларда қағаз бен бояу деген көп болады ғой.
(Балаларға барады)
Мысық:
-    Балалар, менің құйрығыма күлмеңдер. Оны Мақиа қыз кесіп алды. Мен оның бояуын төгіп, қағазын бүлдіріп тастадым. Маған қағаз бен бояу тауып беріндерші.
Осы кезде балалар:
-    Сен бізге кәмпит әкеп берсең, біз сенің іздегеніңді тауып береміз.
Мысық жан-жағына қарап ойланып тұрып, сахнаны айналып шығып кетеді.
Сахнада дүкеннің көрінісі. Тәттілер, әр түрлі ойыншықтар бар. Бір қыз дүкенші болып отырады.
Мысық:
-    Дүкенші, маған ойыншықтар, тәттілер берші, - дейді.
Дүкенші:
-    Әуелі маған ақшасын төле. Сонан соң қалағаныңды беремін.
Мысық:
-    Менде ақша жоқ.
Дүкенші:
-    Онда саған ештене бере алмаймын.
Жүргізуші:
-    Мысық, енді ақшаны қайдан табарын білмей, көп ойланады. Осы кезде сахнаның екінші бұрышында, есік алдында жұмыс істеп жүрген әже көрінеді. Мысық оған жақындайды.
Мысық:
-    Әже, мен сізге көмектесейін, есік алдын тазалап берейін.
Әже:
-    Сөйтші айналайын, өзім де белімді көтере алмай тұрмын, дейді.
Мысық сыпырып көмектеседі.
Әже:
-    Ой, айналайын саған көп разхмет. Өте еңбекқор екенсің. Ұзақ жаса, сабағыңды жақсы оқып тәртіпті бол! Бүгінгі мерекеде аналары мен әжелерін құттықтап жатқан ұл-қыздарыңда денсаулықтары да мықты болсын. Осы бүлдіршіндердің бәрі үлкен азамат болып өссін.
Осылай деп әже, мысыққа көмектескені үшін ақша береді. Мысық ол ақшаны дүкеншіге беріп, кәмпит пен ойыншықтар алады. Кәмпит пен ойыншықтарды балаларға апарып береді. Балалар, мысыққа бояу мен қағаз береді. Мысық бояу мен қағазды Мақтақызға апарып береді. Мақтақыз мысықтың құйтығын тағады. Осымен Мақтақыз бен мысық татуласады.
Мақтақыз:
-мен - Мақтақыз, Мақтақыз,
Өнерліміз баршамыз!
Міне, осындай, қойылым,
Дайындады бақшамыз.
Мысық, 8-наурызымен құттықтап сыйлық береді. Осы кезде, балаларда, мерекелік сыйлықтарын аналар мен әжелеріне табыс етеді.
-    Балалар, бүгінгі ертегіден қандай тәрбие алдық? Айтыңдаршы. Мақтақыздың бояуын төгіп тастаған мысық дұрыс істеді ме?
-    Жоқ!
-    Оның құйрығын жұлып алған Мақтақыз дұрыс істеді ме?
-    Жоқ!
-    Жамандық істеуге бола ма екен?
-    Жоқ!
-    Біреу жамандық істесе, оған жамандықпен жауап қайтару керек пе?
-    Жоқ!
-    Ал, қалай ойлайсыңдар, не істеу керек?
-    Жамандық жасағанын түсіндіру керек.
-    Жамандық жасауға болмайтынын айту керек.
-    амандық жасаған кісі көп қиналатынын айту керек.
Жүргізуші:
-    Құрметті, аналар мен әжелер. Сіздерді “Болашақ” тобының бүлдіршіндері атынан бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Аспандарыңыз ашық, дендеріңіз сау болсын. Осы өсіп келе жатқан ұл-қыздарыңыздың қызығын көріп, жүз жасаңыздар. Осымен мерекелік кешіміз аяқталды.































































Аналар – асыл қазынам!
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер!
Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн үйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жүпар аңқытқан
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана!
Жүргізуші: Құрметті апалар, қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.
Бүгін наурыздің 8 - і
Сүлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Тақпақтар:

Би: Шөжелерім.
Жүргізуші. Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төгебер.
Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған өлеңдерін қабыл ал.
Тақпақтар:
Аймереке: О, Алақай балалар
Шақырады далалар
Көктем келді гүл алып
Құстар келді жыр алып.
Арай: Келді көктем күнің,
Күлімдейді гүлің -
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!
Аяна: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Ән: «Апам үшін»
Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
Бану: Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем.
Назерке: Қуанышы баланың
Бізді өсірген анашым.
Сая: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Гүлжан: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Музыка шығады:
Тәрбиеші: Балалар бүгін біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.
Көңілді музыка ырғағымен Сайқымазақ кіріп келеді.
Сайқымазақ: Жан - жағыма қарасам,
Қонақтар өте көп екен.
Ұлдар да көп, қыздар да көп
Апайларда мұнда көп
Мен сайқымазақпын,
Ақылыма көркім сай.
Ұнаймын жұрттың бәріне
Үлкенге де, кішіге.
Келіп қалдым мен бүгін,
Құттықтауға сіздерді.
Аналарды, қыздарды
Сүйікті әжелерді.
Тәрбиеші: Рахмет, саған Сайқымазақ!
Сайқымазақ: Мен билегенді жақсы көремін. Кім менімен билейді?
(Балаларды билету) Би: «Барбарики»
Ойын «Кір жаю»
Шарты: Балалар шелектен жуылған бет орамалдарды алып беріп тұрады, ал әкелер жіпке іледі. Бірінші болған топ шелектерін қолдарына алып орындыққа отырады.
Аянаның орындауында ән «Қошақаным»
Ата - аналарға құттықтау сөз кезегін беру
Тәрбиеші: Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы
Міне, осындай қойылым
Көрсетті «Достық» бақшасы.
Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Еркетай» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!







































Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

Жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 
Босқа қарап тұрмаңыздар. 
Наурыз тойы басталды. 
Көргендер де армандар, 
Көрмегендер де армандар, 
Қызықтан тыс қалмаңдар!

“Наурыз Думан” әні орындалады қазақ киімдерін киген балалар айнала жайылған көрпелерге жайғасып отырады.

Жүргізіуші: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік

Ән «Нұрлы көктем»

Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып,  шашу шашатын  кім екенін білесіңдер ме!

Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!

ҚЫДЫР АТА:  Сұрасаң бата берейін,
                      Үстем болсын мерейің 
                      Ықыласпен қол жайсаң,
                      Ақ тілекті төгейін
                      Ұлыс оң болсын
                      Ақ мол болсын
                      Қайда барсаң жол болсын!
                      Ұлыс бақты болсын,
                      Төрт түлік ақты болсын!

Әумин!

Наурыз Әже:

"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған  қонақтарға шашу шашу)

Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Алтын дән»ауылында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!

Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.

(Ортаға барып отырады)

Тақпақтар

Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы

Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда солай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді
Қуанышта ел енді
Наурыз келді, салтымыз
"Көгерсін"деп халқымыз
Көшеге тал егеді.

 

Ән: «Наурыз» хор

Би: «Шашу»

Жүргізуші: Рахмет балалар. Енді біздің балалар  ұлттық ойын ойнап береді.

Ойын: «Қыз қуу»  бір қыз қашады оны бес бала қуады кім бірінші барып бетінен сүйеді сол жеңіске жетеді.

Кішкентай бала қолында қамшы бар “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді.

Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!

Әже: Құндақталған сәбиді алып келеді!

Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін  сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.

Наурыз Әже: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық! Балалар, бесікке салу үшін Бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік . Бесік - қасиетті мүлік. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.

Бала: Әже! Бесікке баланы жатқызбас бұрын қандай ырым жасалады?

Әже: Баланы қырқынан шығарады.

Бала: Баланы қырқынан қай кезде шығарады?

Әже: Туылғанына қырық күн толғанда қырқынан шығарады. Қырық қасық суға түсіріп, ит көйлегіне тәттіні түйіп, оны иттің мойынына байлап жібереді. Балалар итті қуып жетіп, тәттіні бөліп жейді. Ит көйлек – нәрестенің алғашқы көйлегі

Жүргізуші: Наурыз әже осы ойынды біздің балалар ойнап берсін

Ойын: Бір бала ит болады оның мойнына кәмпит түйіп байлайды. Ол қашады оны балалар қуады. Ит болған балаға жеткен бала кәмпитті үлестіріп береді.

Би: Қара жорға

Ойын : Қол күрес

Әже: Менің балаларым  осы наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Сол наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтейін (әже наурыз көже пісіру жолын айтып береді)

Құрметті қонақтар менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тейіңдер! Ақ мол болсын!

Қыдыр Ата: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгін өнерлеріңді тамашаладым үлкен тойының куасі болдық тойларың тойға ұласа берсін халқымыз тыныш, еліміз аман болсын! Мен еліме қайтайын аман сау болыңдар!

Жалпы би биленеді «Наурыз думан»















































Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.
Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»
Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр
Би: «Қазақ биі»
Т:- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Б: - Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.
- Балалар бізге Наурызда келіп қалыпты.
Көктем:- Мен Көктеммін өзіммен бірге аналар мерекесін және ұлыстың ұлы күні наурыз мерекелерін ала келдім. Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын.
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Айнара
Құтты болсын Наурыз
Жалқаулық қос жауымыз
Дала толы егіске,
Малға толсын тауымыз
Санжар Жанабаев:
Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді
Алинур:
Біздерге арнап әдемі,
Наурыз көже пісірді.
Рамазан:
Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық
Айсауле:
Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жәле жерге енсін
Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Осындай мереке күні ауылға барып, әжелерімізді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтап қайтайық.
Тәрбиеші балалармен бірге ауылға музыка ырғағымен кіріп келеді. Онда көже ішіп отырған аталар мен әжелер қонақтарды орындарынан тұрып қарсы алды. Әже балаларға наурыз көже ұсынады.
Тәрбиеші: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз?
Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы.
Оған 7түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.
Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.
Айзере:
Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.

Чингиз:
Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз
Аида:
Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын
Тәрбиеші: Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін дей отырып кезекті Дастархан әніне береміз.
Ән: « » қабыл алыңыздар!
Тәрбиеші: Қасиет еткен халқымыз,
Жаңғыртар дәстүр салтымыз
Сән салтымен ел көрікті
Салт дәстүрді сыйлау үлкен міндет.
Әжелер, Халқымыз Жаңа жыл табалдырықтан аттағанда жалғыз сәуле жарық болмас деп төрге қос шырақ жаққан екен. Жыл бойы «ақ мол, дән таусылмасын, жауын шашын көп болсын» деген ниетпен Қыдыр күні ыдыс атаулыны ырысқа (тары, бидай), аққа (сүт, айран), кәусар бұлақ суына толтырады екен.
Әжелер ортаға шығып шырақ жағып көрсетеді, алдын ала дайындаған ыдыстарға қажетті тағамдар мен суға толтырады.
Тәрбиеші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық. Ал біз кезекті халқымыздың, яғни мұсылман халықтарының төл мерекесі Наурыз мейрамына арналған тақпақтарға береміз.
Данара:
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы
Даулет:
Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Іңкар:
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!
Мансура:
Бәйшешек гүл ашады
Мұздар сайға қашады
Суға толып өзен көл
Кемерінен асады.
Тәрбиеші: Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата келе жатыр.
Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Тәрбиеші:
Қош келдіңіз
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз.
Қыдыр ата бата береді.
Тәрбиеші:
Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата!
Ал келіңдер қонақтар
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!
Әжелер шашу шашады.
Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек.

Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:
Айтыс:
Жанназар:
Халықтық мейрам тойында
Кім айтысар менімен
Айтыс айтыс болады
Айтысқанда теңіңмен
Айнара:
Айтыс айтыс болады,
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен
Жанназар:
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Қос аладың ба мән беріп
Қанша болды санап көр
Айнара:
Бірге төрт бес болады,
Оны бәрі білетін
Сен дейсіңбе саусағын
Санай алмай жүретін
Хормен: Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Наурыз құтты болсын!
Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.
Тәрбиеші: Балалар, әжелер! Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып, еркіндікке жол салған ата бабаларымызды еске алмасқа болмас. Ол үшін кезекті «Ұлттық ойынға» берейік.
Ойын: «Арқан тарту»
Тәрбиеші: Балалар ортамызға Наурыз мерекесінің құтты қонақтары, біздің сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері: Батыр мен қаңбақ шалды шақырайық.
Ортаға алпамса денелі батыр сахнаға шыққан кезде қарсы алдынан қаңбақ шал кіреді
Қаңбақ шал: Ассалаумағалейкум, батыр еке! Жолың болсын, қайда шықтың?
Батыр: Әлейкумәссалам, Қаңбақ ата! Наурыз тойына бара жатырмын
«Достық балабақшасындағы» балалар «Батыр ағамыз келсін деп жатыр екен». Ойын тойға қатысып, күш сынасып қайтпақшымын.
Қаңбақ шал: Олай болса, екеуміздің жолымыз бір болып шықты. Олар тойға мені де шақырды. Енді міне, сен сияқты батырмен сапарлас болу бақытына ие болдым. Бірақ менің де саған пайдам тиер. Сен мықты, ержүрек болсаң, мен жеңілмін, әрі кумын.
Осы кезде Жалмауыз кемпір кіріп келеді. Қолында сыпырғышы бар бір нәрседен құр қалғандай жүгіріп шығады.
Жалмауыз кемпір: Ә, бәлем, мен бұлардың қайда жиналғанын біліп алдым. Мені неге шақырмаған. Егер бұлар мені тойына өздерімен бірге ертіп кетпесе, өз обалдары өздеріне, екеуін жолдан адастыру мен үшін түк емес.
Жалмауыз кемпір сыпырғышымен жолды оңды солды сиқырлай бастайды: «Адасып кетіңдер, балабақшаға жете алмай қалыңдар»
Батыр: Сіз мұнда не істеп жүрсіз, әжеке?
Жалмауыз кемпір: Сендер тойға бара алмай қалсын деп жолдарыңды дуалап жатырмын. Ал егер мені алып кететін болсаңдар, ең қысқа жолды көрсетемін.
Батыр: Жарайды, ертіп барайық, бірақ онда қалу қалмауыңды балалар шешеді.
Қонақтар балалармен амандасады, балаларды мерекемен құттықтайды
Қаңбақ шал: Кішкентай достар, сендердің шақыруларыңа қуанып келе жатыр едік. Жалмауыз кемпір ілесіп «тойға менде барамын деп» қалмай қойды. Біз оны ертіп келуге мәжбүр болдық. Бірақ бәрі сендердің қалауларың бойынша шешіледі. Адамға қастандық ойлап, зиян шектіргеннен басқа түк білмейтін Жалмауыз кемпір тойға қаттысынба, әлде қайтарып жіберейік пе?
Тәрбиеші: Балалар, қонақтар бүгін қасиетті күн. Бұл мейрамда ерекше қалыптасқан салтдәстүр бар. Ұлыстың ұлы күні бір бірімен араз адамдар татуласып, бір біріне деген өкпесін кешіреді. Қатал, қайырымсыз адамдар мейірімді болып, арам адамдар шыншылға айналады. Оның айқын дәлелі осы күні адамдар бір бірімен құшақтасып, көрісіп амандасуы. Олай болса Батыр, Қаңбақ шал бүгінгі қасиетті мейрамда Жалмауыз кемпірді кешіріп, өткен кеткенді ұмытып көрісіп амандасайық.
Музыка ырғағымен Батыр, Қаңбақ шал, Жалмауыз кемпір бір - бірімен көрісіп амандасады.
Тәрбиеші:
Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан төлдей
Жамырасып өріскен
Шалдар баға беріскен
Жалмауыз кемпір: Ой ой, маған не боп барады? Менің түрім өзгеріп барады. Жүрегім біртүрлі жылып кетті. Денем де нәзіктеніп, сұлуланып бара жатқандай. Ой, алақай мен мейірімді болдым - деп иығындағы ақ орамалын басына байлап әдемі әжеге айналады. Айналайын құлыншақтарым, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Тәрбиеші: Міне, Наурыз мейрамының ерекше мейрам екеніне тағы бір көзіміз жетті. Жалмауыз кемпір мейірімді әжеге айналды. Ал енді біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Нурали: Күн менен түн теңеледі
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді
Бақтияр: Армысың ағайын
Бармысың ағайын
Ұлыс бақты болсын
Айлана: Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз
Абылай:
Сәнді көктем нұрымен
Наурыз тойы жырымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Наурыз тойы тойлансын
Батыр: Бәрекелді балалар. Тақпақты сондай жақсы айтады екенсіңдер. Ал енді Күш сынасуға, әркімнің өз ептілігін сынауға уақыт келіп жетті.
Ойын: « Күш сынасу»
Тәрбиеші:
Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей аталардан бата күтеміз.
Тәрбиеші:
Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!
Сау болыңыздар!

































Келісемін: Бекітемін:
«Ақбота» бөбектер бақшасының «Ақбота» бөбектер бақшасының
меңгерушісі: Б.І.Байбусинова әдіскері: А.Б.Мусапова






22 наурыз мерекесіне


«Қош келдің, Әз Наурыз!»

Ортаңғы «Көбелектер» тобы













Тәрбиешілер:Тишбекова К.М

Шарипбекова Ж.М

2018-2019 оқу жылы





Келісемін: Бекітемін:
«Ақбота» бөбектер бақшасының «Ақбота» бөбектер бақшасының
меңгерушісі: Б.І.Байбусинова әдіскері: А.Б.Мусапова






8 наурыз мерекесіне


«Аналар-мәңгі жасасын!»

Ортаңғы «Көбелектер» тобы













Тәрбиешілер:Тишбекова К.М

Шарипбекова Ж.М

2018-2019 оқу жылы





Келісемін: Бекітемін:
«Ақбота» бөбектер бақшасының «Ақбота» бөбектер бақшасының
меңгерушісі: Б.І.Байбусинова әдіскері: А.Б.Мусапова






Ашық сабақ


Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Үйдегі жиһаздар»

Ортаңғы «Көбелектер» тобы













Тәрбиешілер:Тишбекова К.М



2018-2019 оқу жылы










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!