СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Наурыз-жыл басы! Әжемнің қамзолы.

Категория: ИЗО

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық киімімен және ою-өрнекпен таныстыру. Камзолмен таныстыру және оны ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету. Ұлттың сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және көркемдік талғамын дамыту. Балаларды өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру, оның суретін салу жолдарын менгерту, әсемділікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Көктем мезгілі туралы білімдерін тиянақтай отырып, ойын-тапсырмалар арқылы сөйлеу, есту, ойлау, өз ойын тұжырымдай білу қабілеттерін арттыру. 

Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақтың ұлттық ою-өрнегі және қазақтың ұлттық киімі - қамзолдың суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, камзол үлгілері, желім.

Просмотр содержимого документа
«Наурыз-жыл басы! Әжемнің қамзолы.»


"Балбұлақ"мектепалды даярлық тобына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі:

Білім беру саласы: Шығармашылық, әлеуметтік орта.

Кіріктірілген оқу іс-әрекетінің түрі: Шебер қолдар.Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Наурыз-жыл басы! Әжемнің қамзолы.

Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық киімімен және ою-өрнекпен таныстыру. Камзолмен таныстыру және оны ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету. Ұлттың сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және көркемдік талғамын дамыту. Балаларды өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру, оның суретін салу жолдарын менгерту, әсемділікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Көктем мезгілі туралы білімдерін тиянақтай отырып, ойын-тапсырмалар арқылы сөйлеу, есту, ойлау, өз ойын тұжырымдай білу қабілеттерін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақтың ұлттық ою-өрнегі және қазақтың ұлттық киімі - қамзолдың суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, камзол үлгілері, желім.

Сөздік жүмыс: Камзол.

Көптілді компонент: әже – бабушка - grandma;наурыз-март-march;

Ресурстары:ЖИПТО алаңы,сұрақ- жауап, теледидар," step by step"технологиясының элементі.

Билингвалды компонент: әже – бабушка - grandma;наурыз-март-march; красный-қызыл-red,желтый-сары-yellow, синий-көк- blue,

Іс- әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу салайық

Мейірімділік шоғын алайық,

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық


Өлеңді қызыға тыңдап, алақандарын жайып, бір-біріне үрлейді.

Ұйымдастыру-

іздестіру

-Енді келген қонақтарымызбен амандасып алайық.

-Сәлеметсіңдер ме!

-Здраствуйте!

-Good morning!


-Балалар мына жердегі карточкаларды алып 3топқа бөлінесіңдер. Бояу мен қылқаламды алғандар шығармашылық топқа Назима Бақытқызына , доптың суретін алғандар Наталья Вячеславовнамен дене шынықтыру сабағына ,ал ағаштың суретін алғандар менің, яғни қоршаған орта тобына келесіңдер.

- Қазір қай жыл мезгілі?

- Көктем мезгілінде неше ай бар?

- Қазір қай ай?

- Наурыз айында қандай мерекелер бар?

-Енді барлығымыз теледидарға мұқият қарайық.

- Балалар бұл бейнебаянда көктем мезгілінде болатын үлкен мейрам Наурыз мерекесін тамашаладық.

-Неліктен осы мереке көктем мезгілінде тойланады?



-Адамдар қандай киім киіп жүр?


- балалар қазақтың қандай ұлттық ою-өрнектерінің атын білесіңдер?

(Суретін теледидар арқылы көрсету)

- қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесіңдер?

(Суретін теледидар арқылы көрсету)



Сөздік жұмыс: "Камзол "

Әйелдер ұлттық киімінің бір түрі,оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт,пүліш,мақпал сияқты сапалы

кездемелерден тігіледі.Камзолды кей жерлерде"жеңсіз бешпет" немесе"кәзекей"деп те атайды. (Суретін теледидар арқылы көрсету)


Тосын сый:

- Балалар бізге бейнехабарлама келді.Соны тыңдап көрейік.(теледидардан бейнехабарламаны көрсету)

Әже: -Сәлеметсіңдерме балалар!Менің қамзолым ескіріп қалды,жаңа камзол тіктірейін десем, үлгілерді таппай қойдым.

-Балалар біз бірге әжемізге камзолдың жаңа түрін жасап береміз.Солай ғой балалар?


- Ендеше біз санамақтың көмегімен топтарға бөлініп алайық.

Әр топта екі баладан болады,1 кыз бен 1ұл. Бірлесіп жұмыс жасауды үйренейік.


Санамақ

Мен базарға бардым,
Ысқырық сатып алдым.
Қызыл, жасыл, көгілдір
Қайсысын алсаң өзің біл.

Біздің бүгінгі сабағымыз ЖИПТО алаңында өтеді.

Ойынның шарты:

Бес бала ЖИПТО алаңының томенгі жағында орналасады ,ал бір бала алаңнын жоғарғы жағында орналасады. Сонда бізде бес ойыншы және бір із кесуші болады. Ойыншылардың ең басты мақсаты тапсырмаларды орындай отырып, ЖИПТО алаңының мәре сызығына жету.

Ал із кесушінің мақсаты оларды өткізбеу керек, және ол да тапсырмасын орындап отыруы тиіс.

Ойын шарты түсінікті ме?

Ал біздің ойынға 12 бала қатысады. Сендер топқа бөліндіңдер (бір топта ұл және қыз бала ойнайды)

1тапсырма (Қыздарға): Жұмбақ. Қыздар бірінші болып өз ұяшығына тұрады. Сұраққа дұрыс жауап берсе екі қадам жасайды,бірінші тапсырманы орындауға кіріседі.

1)Ағайынды бәрі ,

Шықса көк, түссе сары.

2)Ақ құман жүр жүзіп,

Судың бетін сүзіп.

3)"Бейбітшілік құсы" деп атайды оны барша жұрт.

4)Жасыл ала дөңгелек,

Бақшада жатыр дөңгелеп

5)Зер, зер кілем, зер кілем,

Көтерейін десем зор кілем

6)Көзге ілінбейді, жұтсаң білінбейді

1тапсырма( Ұлдарға): Жұмбақ. Ұлдар алаңға келіп өз ұяшығына тұрады. Сұраққа дұрыс жауап берсе екі қадам жасайды,бірінші тапсырманы орындауға кіріседі.

1)Аспанға жайып қойған,

Ақ мақтам ғайып болған.

2)Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен

3)Таңмен көзін ашады,

әлемге нұр шашады.

4)Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ қашады

5)Сырты жасыл қатты,

Іші қызыл тәтті

6)Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды

2 тапсырма Қыздарға: Ұлттық ою-өрнектерінің аттары. (карточкамен жұмыс) Сұраққа дұрыс жауап берсе екі қадам жасайды, тапсырманы орындауға кіріседі.

2тапсырма Ұлдарға: Ұлттық ою-өрнектерінің аттары. (карточка ) Сұраққа дұрыс жауап берсе екі қадам жасайды,тапсырманы орындауға кіріседі.


3 тапсырма Қыздарға: Ұлттық киімдерін. (карточка ) Сұраққа дұрыс жауап берсе екі қадам жасайды, тапсырманы орындауға кіріседі.

3тапсырма Ұлдарға: Ұлттық киімдерін.

(карточка )

Сұраққа дұрыс жауап берсе екі қадам жасайды, тапсырманы орындауға кіріседі.


4 тапсырма Қыздарға: Түстерді үш тілде атап бер.Түстерді. (карточка ) Сұраққа дұрыс жауап берсе екі қадам жасайды, тапсырманы орындауға кіріседі.


4 тапсырма Ұлдарға: Түстерді үш тілде атап бер.Түстерді. (карточка ) Сұраққа дұрыс жауап берсе екі қадам жасайды, тапсырманы орындауға кіріседі.

Сергіту сәті:


5 тапсырма Қыздарға: Жыл мезгілдері. (карточка ) айларды атау.

Дұрыс жауап берсе екі қадам жасайды, тапсырманы орындауға кіріседі.

5тапсырма Ұлдарға: Жыл мезгілдері. (карточка )

Дұрыс жауап берсе екі қадам жасайды, тапсырманы орындауға кіріседі.


6 тапсырма Қыздарға: Апта атаулары

(карточка )

Дұрыс жауап берсе екі қадам жасайды, тапсырманы орындауға кіріседі.


6тапсырма Ұлдарға: Апта атаулары

(карточка )

Дұрыс жауап берсе екі қадам жасайды, тапсырманы орындауға кіріседі.


7 тапсырма Қыздарға: Жұмбақ

Сұраққа дұрыс жауап берсе екі қадам жасайды, тапсырманы орындауға кіріседі.

7тапсырма Ұлдарға: Жұмбақ

Сұраққа дұрыс жауап берсе екі қадам жасайды, тапсырманы орындауға кіріседі


(Мәреге жеткен топтарды құттықтайды ,жұмыстарын тексереді)

- балалар біз әжемізге арнап камзолдың бірнеше үлгісін жасап үлгердік.Осы үлгілерді әжемізге сыйға береміз тігіншіге апарып бірнеше камзол тіктіріп алсын.

Әже:

- Рахмет сендерге балалар ! Үлгілерің жақсы шықты .



-Сәлеметсізбе!

-Здраствуйте!

-Good morning!



Топқа бөлінеді.







- көктем мезгілі

-3 ай бар

-наурыз, сәуір, мамыр

-аналар күні

-наурыз мерекесі

-бейнебаянды қызыға

тамашалайды


(балалардың жауаптары)

-өйткені жер бусанып, көк шығып,жаңа өмір басталады.Сондықтан оны жаңа жыл деп атаймыз.

-ұлттық қазақ киімдерін киеді


-қошқар мүйіз,құс қанаты ,түйе табан.

- Орамал, тақия, тақия бөрік шапан т.б.


Сөздерді қайталайды.










-балалар бейнехабарламаға назар аударады









Балалар қуана келіседі.

-ия








6 жұпқа бөлінеді.

Жұптарын тауып тұрады.








ойын шартын тыңдайды









-ия






Жұмбақтардың шешуін табады

Жұмбақтардың шешуін тапқан балалар 2 қадам алдыға жылжиды.


-жапырақ




-аққу



-көгершін



-қарбыз




-жер



-ауа




Жұмбақтардың шешуін табады

Жұмбақтардың шешуін тапқан балалар 2 қадам алдыға жылжиды




- ақша бұлт




-су.




-күн




-жел



-қарбыз




-ағаш



Тапсырманы орындайды.

( қошқар мүйіз, түйе табан ,қус түмсығы,қарға түйяғы,қолтық оюы)



Тапсырманы орындайды.

( қошқар мүйіз, түйе табан ,қус түмсығы,қарға түйяғы,қолтық оюы)


Тапсырманы орындайды.

(кимешек ,мәсі,жйде, шалбар,саптама етік)




Тапсырмасын орындайды.

(кимешек ,мәсі,жйде, шалбар,саптама етік)



Тапсырмасын орындайды.

( Қызыл,сары ,көк,жасыл,тоқсары, қоңыр.)



Тапсырмасын орындайды.

( Қызыл,сары ,көк,жасыл,тоқсары, қоңыр.)





Тапсырмасын орындайды.

(қыс ,көктем,жаз, күз.)


Тапсырмасын орындайды.



(қыс ,көктем,жаз, күз.)


Тапсырмасын орындайды.

(дүйсенбі,сейсенбі,жұма ,сенбі,жексенбі,сәрсенбі.)

Тапсырманы орындайды.

(дүйсенбі,сейсенбі,жұма ,сенбі,жексенбі,сәрсенбі.)



Тапсырманы орындайды.





Тапсырманы орындайды.





Үлгілерін көрсетеді.



Әжемен қоштасты.

Рефлексивті-түзетушіліқ

Тәрбиеші:Балалар сендер бүгін тапсырманы ЖИПТО алаңында ойнап жүріп орындадыңдар ,үлгілерің тамаша шықты.Әжемізге ұнайды деген ойдамын.Сендерге рахмет!


-Қараңдаршы сендердің орындықтарыңда жаңбыр тамшылары жабысып тұр .

ЖИПТО алаңында ойнап жүріп жұмыс жасау қызықты болса, мына көңілді бұлтқа жабыстырыңдар , ал қатты қиналсандар мына көңілсіз бұлтқа жабыстырыңдар.


Бұлт тамшыларын


жабыстырып, өздерінің көңіл

күйін көрсетті.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұлттық сәндік-қолданбалы өнер деген ұғымның мәнін;

Игереді: өрнектерді дұрыс орналастыра білуді;

Меңгереді: ою-өрнектің суретін салу жолдарын.


Тәрбиеші: Маханова Н.Б.