Просмотр содержимого документа
«"Наурызым-мерекем"»
«Жыл басы Наурыз- мерекем!»
Жүргізуші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың Ұлы күні келді, ағайын! Той кұтты болсын! Ақ мол болсын!
Еріді қары күн жылып
Төгіліп нұры Наурыздың
Көктемнің ойын-сауығын
Қызықтаған қауымым
Қызыр ата аралап
Тілейді бізге жаңа бақ
Жыл басы – Наурыз тойымыз
Құтты болсын, жамағат!
Құрметті әріптестер бүгінгі Наурыз мейрамына арналған
«Жыл басы Наурыз - мерекем!» іс шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Құттықтау сөз кезегін Л.Ильясқызына береміз!
Жүргізуші: Наурыз- көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
Бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі. Жер жүзі көктеп, көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп жасаратын шақ.
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса Наурыз дәстүрлі!
Осындай байтақ елімде,
Айтылады тойбастар! Деп ортаға «Тойбастар » әнімен Аида қыздарыңызды шақырамыз!
Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып
Дастарханды отырмыз саған жайып
Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен
Талай ұлыс, талай ел, талай халық
«» Орындайтын : Нұрхан
Кел ағайын ойнайық
Наурыз тойын тойлайық
Деп келесі кезекті ұлттық ойындарға береміз!
Ән:«Құтты болсын,әз Наурыз», орындайтындар : Жазира ,Ақжайық
Жүргізуші: Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамың құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!
Наурыз мерекесі барлық отбасына қуаныш,бірлік,береке алып келсін!