Бұл өмірде кез-келген адам өз қиялына ерік беріп, армандап, өзі үшін мінсіз өмірді сүріп өтуге әрдайым әрекет етіп, тырысу қажет. Менің ойымдағы мінсіз өмір деген екі нәрседен қателеспеу. Жар таңдаудан және өмірінің соңына дейін атқарып өтетін мамандық таңдаудан. Менің дәл осындай ойға келуіме түрткі болған, өзімнің туған әкемді мысал қылып ала аламын. Әкем архитектор болып 34 жыл қызмет атқаруда. Ал анаммен отасқандарына 35 жыл болды. Мінсіз деген нәрсе осы. Күнде таңертең жұмысына құлшынып, әрдайым ізденісте болып, жаңа нәрсе ойлап табуға тырысып, жұмысына өзінің барлық жан тәнін салып, жақсы көріп қызметін адал атқарып келе жатыр.Ал жұмысынан кейін үнемі үйге асығып тұрады. Себебі, үйде ол кісіні қолдайтын, жақсы көретін әйелі және балалары бар екендігін біледі. Мен қыз баласы болсамда әрдайым әкемнен үлгі аламын. Үйренер, білер нәрсем өте көп және біз үшін атқарып келе жатқан еңбегінің ертен жемісін көретіндей еткізіп өмірді сүру ол біздің, яғни менің қолымда.
Просмотр содержимого документа
«Неге дәл мен грантқа лайықтымын?»
Неге дәл мен грантқа лайықтымын?

Мен өз өмірімнің мінсіз мамандығы деп журналистиканы айта аламын. Бала кезден, кішкентай кезімнен бастап камераға, сьемкаларға үйренген қызбын. Мектепте немесе колледжде кез-келген мерекелерде жүргізуші болған сайын ол маған сөзбен жеткізе алмайтын сезімдерді алып келетін. Өзімнің сүйікті жұмысым арқылы мен расыменде шабыттанамын. Бұл өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ сияқты көрінеді. Мерекеге дейінгі дайындықтар, образ, шаш үлгісі, макияж, сценарий, сахна сыртындағы жұмыс, концерттің басталуы, ортаға шығу, көрермендердің қошеметіне иелену, міне мен үшін мінсіздік. Әрине, осыны ғана білу ол жеткіліксіз. Себебі, өз ортаңның алды болу үшін әрдайым білім алу қажет. Менің де қазіргі уақытта жүзеге асырайын деп отырған жоспарым дәл осы, яғни жоғарғы оқу орнына түсі жәй ғана емес грандқа түсу. Осы жерде мен өзіме сұрақ қойғым келеді. Неге қаншама түлектердің ортасында мен грандқа түсуге лайықтымын? Ең бірінші айтып өтетін нәрсе мен 16 жасымнан бастап жұмыс істеп ата-анама ауыртпашылық түсірмеуге тырысып келгенмін, әліде сол бағыттамын. Грантта оқу ең алдымен отбасыңа, өзіңе көмек және мақтаныш. Қандай мақтаныш? Яғни қаншама уақыттар аралығында оқыған нәрселеріңнің, дайындықтарыңның бекер кетпегендігінің айқын көрсеткіші деп білемін. Және әрине грантқа түсіп оқып жатқаннан кейін, ол мүмкіндіктен айырылып қалмауға тырысатын боласын.
Грантқа түсудің негізі қаншалықты оңай жұмыс емес екендігін мен өте жақсы білемін. Себебі, бұл нәрсені басымнан өткеріп көргенмін. Бірақ адам егер де не ойлайтын болса, өміріне сол нәрсені алып келеді. Мен өзімнің грантқа түсетініме сенімдімін. Дайындаламын, уақытымды барыншы тиімді пайдалануға тырысамын және әрдайым ізденіс үстінде жүремін.