СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Неологизмы 5 класс КСП

Категория: Русский язык

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ученики умеют подбирать вопросы к именам числительным, грамотно писать, составлять режим дня, пополняют свой словарный запас

Просмотр содержимого документа
«Неологизмы 5 класс КСП»

Мектебі: Ы.Алтынсарин атындағы ж.о.м

Сыныбы:6

Күні: 14.01.2019ж Мұғалімнің аты-жөні: Әметова.Э.Т

Пәні: қазақ тілі (факультатив)


Сабақтың тақырыбы: Жаңа сөздер.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға жаңа сөздер туралы түсінік бере отырып, білімдерін кеңейту.

2.Дамытушылық: Сөз құдіретін таныта отырып,тіліміздің көркем әрі бай тіл екенін түсіндіру, оқушылардың тіл байлығын , шығармашылық қабілетін дамыту, көркем әдеби тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, туған жерін, туған тілін сүюге тәрбиелеу, топта жұмыс істей білуге, өзгенің пікірін сыйлай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ- жауап, түсіндіру, ой қозғау, венн диаграммасы, 5 жолды өлең.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, слайд, тапсырмалар, кестелер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, орыс тілі.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу.

2. Оқушыларды түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

Үй тапсырмасын слайд бойынша тексеру.Сұрақ-жауап әдісі бойынша және интерактивті тақта арқылы жауап береді.

  1. Көнерген сөздер дегеніміз не?

2.Көнерген сөздер нешеге бөлінеді?

3.Тарихи сөздер дегеніміз не?

4.Архаизмдер дегеніміз не?

Үй тапсырмасын «Даналық ағашы»арқылы арқылы қорытындылап, жаңа сабаққа кірісеміз.

Жаңа сабақтың алдында оқушыларды мақал- мәтелдердің тақырыбына қарай топқа бөлу.

1-топ Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

2-топ Өнер алды- қызыл тіл.

3-топ Ел үмітін ер ақтар

Жаңа сабақ

ІІІ . Жаңа сабақты «Сурет» стратегиясымен түсіндру

Өткен сабаққа тоқтала отырып жаңа сабақты суретпен ашып, оқушыларға ережені өздеріне шығарту, кітаппен салыстыру.

Көнерген сөздер

Жаңа сөздер, неологизмдер

Уәзір,дүрия,кебеже,адырна,отарба

Ұялы байланыс, ғаламтор, жылыжай

Қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларда ғана кездесетін көнерген сөздер немесе әр дәуіріне өзгеріп, басқа сөзбен ауысқып отырған ескірген сөздер.

Тілге алғаш енген сөздер жаңа сөздер болады. Кейін тілге сіңісіп Халыққа әбден танылып жаңа сөз болудан қалады.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сөздік қорға жаңадан енген сөздер жаңа сөздер деп аталады. Жаңа сөздердің тууының екі түрлі себебі бар: 1)қоғамның дамуымен бірге енген жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздер пайда болады; 2)тілдің қолданыс аясының кеңеюіне байланысты тілімізде бұрыннан қалыптасқан кірме сөздердің орнына жаңа аталымдар қолданылады.

Олар тілге алғаш енген кезде ғана жаңа болады. Кейін тілге сіңісіп , халыққа әбден таңылып жаппай қолданылған кезде жаңа сөз болудан қалады. Мысалы: компас, космонавт, спутник деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұлар қолданыла келе жаңа сөз болудан қалды. Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер соңғы жылдары ғарыш, ғарышкер, жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен беріліп, жаңа сөздер болып есептеліп жүр. Осы тектес жаңа сөздердің қатарына жолсерік, үнтаспа жеделхат , саяжай, ермексаз, теңге, құжат, отбасы,кеден, зейнетақы, зейнеткер, сынып, үнқағаз және т.б. сөздер жатады.

Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп, қолданылу аясы кеңеюіне байланысты өсімдік, бау-бақша саласына қатысты тілімізге көптеген жаңа сөздер енді: жылыжай

( жарық жақсы түсу үшін төбесі мен қабырғалары шыныдан жасалған көкөністер өсіретін орын), қызанақ, орамжапырақ, қаудан, дернәсіл, үлескі, өскін, жасуша, ағза және т.б.

.

Оқулықпен, тақтамен, дәптермен жұмыс.

165- жаттығу.

1- топтан. 1 оқушы шығып, бастауыш сыныптарда оқып үйренген пәндерінен білетін атау мәніндегі сөздерді сала-салаға топтап жазып, олардың ішінен жаңа сөздердің астын сызу.

166-жаттығу.

2- топтан. 1 оқушы шығып, ауыл шаруашылығына қатысты қайта жаңғырып жүрген сөздерді жазу.

3- топтан . Жеделхат, дернәсіл, ермексаз, зейнеткер сөздерімен сөйлем құрау.

167-жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеу. Мәтіндегі неологизм сөздердің қалай жасалып тұрғанын айту.

Топтарға тапсырмалар:

1- топ: Бірінші бағандағы сөздерді екінші бағандағы сөздермен мағынасына қарай сәйкестендіру

жеделхат тапсыру

құжат апай

жолсерік жіберу

орамжапырақ орнату

жылыжай өсіру

2- топ : Берілген сөйлемнен жаңа сөздерді тауып,мағынасын түсіндіру.

Әжем бір айлық зейнетақысын қайырымдылық қорына аударды.

Көше бойында шашылып жатқан үнқағаздар ….

Саяжай тұрғындары күнделікті жұмыстарына кірісіпті.

3-топ: Семантикалық картаны толтырады.

Сөздер

Еңбек

Музыка

Информ

Жаратылыстану

Перне тақта





Ермексаз





Ән ұран





Желім





Жасуша





Сыныпқа тапсырма

Зейнетақы, үнтаспа, теледидар,қызанақ, аялдама, кеден, ғарыш, әмбебап, мамыр айы, сынып, орамжапырақ, жолсерік, ұстаз, орындық,ұшақ, жасуша, ағза, желім,құжат. ( Сөздерді орыс тіліне аудару. )

V. Сабақты бекіту:

«Иә, жоқ» стратегиясы

Айтылған сөздердің ішінен неологизмдер кездессе «иә», жоқ болса «жоқ» деп айту.

Парта, кеден, тоңазытқыш, ұстаз, зейнеткер, жылыжай, дәптер, тау, ғаламтор, төбе, жол серік.

Әр топ қалаған жаңа сөздеріне 5 жолды өлең құрастырады.

1. Жылыжай

2.Жылы, жарық

3.Өсіреді, сақтайды, шығарады

4.Орын

5.Жылыжайда көкөністерді өсіреді

  • Жаңа сөздер дегеніміз не?

  • Қандай мысалдар айта аласыңдар?

  • Жаңа сөздердің неше жасалу жолы бар ?

— Жаңа сөздер мен көнерген сөздердің ұқсастығы?

— Жаңа сөздер мен көнерген сөздердің айырмашылығы?(венн диаграммасы)

VI . Үйге тапсырма: 169– жаттығу.

VII . Бағалау.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!