| Мотивациялық - қозғаушылық | «Цифрды тап» ойыны. Балалар айтылған санды тауып алып рет-ретімен қоюды ұсынады. | Балалар айтылған санды тауып ретімен қояды. |
| Ұйымдастырушылық ізденіс | Сюрприздік сәті: Балалар менің қолымда қорапша тұр, ол жай қорап емес сиқырлы қорап не бар екенін білгілерің келе ме? Ішін ашып көреміз бе? Мұнда тапсырмалар бар екен. 1 тапсырма Ойыншықтарды рет-ретімен қой. 2 тапсырма. Карточкамен жұмыс. Сандарды қос. 3 тапсырма «Қанша сан, сонша дөңгелек сал» 2,1,4 цифрларының қасына неше дөңгелек салдыңдар, түсіндіріп беріңдер. Сергіту сәті: Оңға бір қадам, Солға бір қадам. Айналып билейміз. Алға бір қадам, Артқа бір қадам Айналып билейміз. 4 тапсырма Екі ойыншықты екі қолына ұстап түрып, қай қолында қандай ойыншық тұрғанын сұрайды. (қоян, түйе ). Енді теріс қарап тұрып қай қолында ойыншық тұрғанын сұрайды. Дидактикалық ойын: «Қай сан жоқ?» | Балалар танданады, әртүлі жауаптар айтады. Иә Тапсырмаларды орындайды. Балалар ойыншықтарды рет-ретімен қояды. Балалар карточкамен жұмыс жасайды, сұрақтарға жауап береді. Балалар санға байланысты дөңгелектер салады. Бір, екі, төрт себебі цифрлар осындай затты білдіреді.. Сергіту сәтін орындайды: Оңға бір қадам, Солға бір қадам. Айналып билейміз. Алға бір қадам, Артқа бір қадам Айналып билейміз. Балалар тәрбиешінің қимылдарын бақылап жауап береді. Адам қарап тұрса,оның «оңы»біздің «сол»жағымыз Ойын шарты бойынша қай сан доқ екендігін айтады. |