Бүкіл халық шаруашылығындағы техникамен жабдықтауындағы түрлі бұйымдарды өңдеудің механикалық процестерін кеңінен енгізуге әкеліп соғып отыр.Дегенмен слесарьлық жұмыстар әлі де болса кең өріс алуда.
Техникалық дамуының алғашқы кезеңінен бастап мамандықтардың,соның ішінде слесарь мамандығының бөлінуі,ерекше жүріп келе жатыр.
Слесарьлық істер деп, оқылып үйренетін слесарьлық жұмыстардың сан алуан машиналардың, аппараттар мен аспаптардың металл бөлшектерін механикалық өңдеуді толықтыра түсетін әр түрлі, негізінен, қол жұмыстарын айтады.
Слесарьлардың қайсысы болсын, слесарь – жинаушы немесе мантажшы, слесарь – аспап маманы немесе сантехник болсын слесарьлық саймандармен – егеу, шапқы, балға, шебер, бұрғымен жұмыс істеп негізгі слесарь лық операциялардың мамандығының ерекшеленуі басталады.Құрастырушылар, жөңдеушілер автослесарьлар т.б пайда болады.
Сондықтан да барлық слесарьларды дайындау жалпы слесарьлық курста оларға оқылып үйретілетін негізгі слесарьлық операцияларды оқытудан басталады. Осыған сәйкес слесарь оқуының бағдарламасы екі бөлімнен тұрады, жалпы слесарьлық курс және арнаулы технология мұнда нақтылы обьектілерде жұмыстарға жұмсау үйретіледі.Слесарьлық оқыту бағдарламасы да барлық басқа мамандар сияқты мамандық мінездемесі негізінде құрылады. Мамандық мінездеме-ресми документ, осының негізінде жұмысшыларға аттестация жасалады. Бұл документте жұмыс тиісті разряд алуы үшін жұмысшы игеруге тиіс негізгі практикалық дағдылар, сондай-ақ осыған қажетті теориялық білімдер көрсетіледі.
Оқу міндет аумағын кәсіби мектепте немесе кіші мекемеде жұмыс істеуіне, оның бір топқа немесе бір оқушының жауапкершілігіне байланысты.Болашақ жұмысшылар таңдап алынған мамандығы бойынша белгілі бір дағды мен шеберлікке ие болуы тиіс.Олардың үиренетін маман-дығын саналы түрде, терең ж/е мықтап үирену үшін, өндірістік маманды-ғын одан әрі жетілдіріп кәзіргі заманғы техника мен техналогияның негіздерін білу де талап етіледі. Бұның барлығы мамандық бойынша белгілі бір теориялық дайындықты қамтамасыз етеді.
Негізгі слесарьлық операциялар.
Қарапайым бөлшектерді өңдеуді мысалға ала отырып, негізгі слесарьлық операцияларды қарап өтейік. Бір пластинка жасу керек болсын дейік. Ол барлық жағынан өңделген және екі тесігі болуы керек . Тесіктің біреуі дәл – калибрлі, ал екіншісінде бұранда бедері (резьба) болуы шарт Бұл бұйымды табақ металдан жасауға болады. Өңдеуді тездету үшін, әдетте былай етеді.Алдымен сызғышпен листің сыртқы бетіне чертежға сәикес детальдың контуры бойынша сызықтар жүргізеді.Бұл барлық слесарьлық операциялардың біріншісі болып саналады да белгі салу деп аталады.Енді белгіленген металлды листен бөліп алу керек. Осы мақсатты көздеп ұшталған стержень болып келетін аспап-шапқыны аламыз онымен дайындаманы шапқылаймыз (мұны шапқылау операциясы дейді) немесе оны қайшымен не қол арамен тіледі (мұны тілу операциясы деп атайды) Шапқылау ж/е тілу процесінде дайындама майысып қйсайады Оны өңдеу алдында түзету-жазу керек.Көбінесе детальды жұмыс кезінде оған ілмек, тұтқа, бұрышта т.б сияқты түр беру үшін дайындаманы иеді. Бүл ию операциясы. Керекті көлемге егеліп өңделген пластинканы екі жерден бұрғымен тесеміз Ол тесіктердің бірі дәлдікпен өңделу керек те екіншісі бұранда бедері салыну керек.Бұрғыланған тесіктің дәл өлшемі ұңғылау, кйін зенкерлеу мен бұрғылау, арқылы жасалады да бұранда бедеріметчикпен тесіледі. Осы айтылғандардан басқа күрделі- өңдеу операциялары күрделі деталь-дарды белгілеу – кеңістікте белгі салу : түрлі формалы тесіктер алу, екі детальды қосып өте дәл өңдеу—егеулеу мен припасовка, өте жоғары дәлдікпен, саңылаусыз қосылатын, өңделуі таза болу мақсатын көздеитін дәл өңдеу операциялары шабрение ж/е притирка бірнеше детальдарды өзара біртұтас етіп біріктіретін тойтару, дәнекерлеу және қалайылау операциялары болады.Жоғарыда қалаған мысалдан кез келген детальды жасау үшін не өңдеу үшін слесарьлық операциялар бірінен кеиін бірі белгілі бір тәртіппен, жүйемен жүргізілетінін көреміз.Осы өңдеу операцияларының бір жүиемен жүргізілген жиынтығы технологиялық процесс деп аталады.
Қауіпсіздік техникасын оқытудың мақсаты: – өндірістік оқу шеберханасында салауаттыда қауіпсіз еңбек етуіне жағдай туғызу және оқушылардың теориялық және практика –лық тұрғыда дайындау. Еңбек қауіпсіздігі – бұл заңдылық жүйе. Сабақты оқу барысында оқушылар еңбектіқорғау жөніндегі зиянды және қауіпті өндірістік факторларды,олардың адам ағзасына әсерін,олардан қорғану әдістерін,жұмыс орындарына қойылатын өндірістік санитарлық,техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі талаптарын,өндіріс үрдістері қауіптілігін бағалау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді оңтайлы шешімдерді оз бетінше қабылдай білу керек. Еңбекті қорғауға оқушыларды жалпы білім беру және арнайыпәндерді оқып – үйрену үрдісінде алған білімін, шеберлігін және іскерлігін ескере отырып жүзеге асырылады. Механиктердің және жөндеуші жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы күрестің тиімділігі көп ретте жазатайым оқйғалардың болуы оның себептері жан-жақты зерттеу дәрежесін де байланысты.Өндірістік жарақат алудың себептерін жан – жақты талдау кәсіпорындағы қауіпсіздік техникасының жағдайын барынша обьективті түрде бақылауға және апаттық жағдайды болырмау немесе едәуір кемітудің пәрменді шараларын жасауға мүмкіндік береді.Әрбір жазатайым оқиға технологиялық үрдістерді орындау кезінде туатын қатерлі жағдайдың нәтижесі болып табылады.Кез келген жазатайым оқйғада көптеген себепші факторлардың арасынан оны тікелей тудырушы факторларды атап көрсетер болсақ,бұған қауіпті әрекет пен қауіпті жағдай жатады.Қауіпті әрекет – жұмысшының (оператордың,жүргізушінің ,слесарьдың,токарьдың,т.б.) нақты жағдайдағы кәсіптік қимыл нормасына сәйкес келмейтін күйі.Қауіпті жағдай - өндірістік ортаның (еңбекнысаны,машиналар,құралдар т.б.)қабылданған нормаға сәйкес келмитін күйі.Слесарьлық жұмыстарды атқарғанда жарақаттанып қалмау үшін слесарь техника қауіпсіздігін қатаң сақтау керек. Слесарь ісіне қатысты техника қауіпсіздігінің негізігі ережелері төменде көрсетілген.
Слесарьлық жұмыстар кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері
1)Слесарьлық шеберханасында
А)шеберхананың едені қабырғалары,төбесі жақсы,жеткілікті жарық температурасы
бірқалыпты және жақсы желдетіліп тұруы тиіс.
Б)Жұмыс істеитін адамның ара қашықтығы,жүретін жолдары мен өткелдердің кеңдігі
сақталуы тиіс.
В)Жұмыс орында басы артық кесінді заттар,дайындамалар,металдар болмау керек.
Г)Барлық жабдықтарды жақсы күйінде ұстау керек (машина станоктарындың
қозғалатын бөліктерін қоршаған жөн.
Д)Жұмыс верстактардың берік орнықты болуы тиіс.
Е)Жұмысты тек қана жарамды құрал – саймандармен істеу керек.Олардың ұратын,
кесетін,қысатын т.б. бөліктерінде майысқан сынған,жарылған жерлері болмауға тиіс.
Ж)Үшкір хвостовикті құрал – саймандар егеулер,шаберлер чертилкалар,балғалар
бұрандалар т.б. жақсы мықтап бекітілген сапты болу кере
Электр қауіпсіздігінің ережелері
А)Электр жабдықтары және барлық электр жүйесі жақсы күинде және сенімді изолятцияланған болуға тиіс.Корпусты жақсылап жермен немесе нулдеп жалғастыру қажет.Б)Электр тогі жүретін сымдарды кездейсоқ тиіп кетпейтіндей бекіте орналасуы тиіс.В)Оқушылардың электр жабдықтарын қоршауын,қабын ашуға,алып тастауға және электр тетіктерін дербес іске қосуға жөндеуге рұқсат етілмейді.
Құрал- саймандарды қайраған кезде
Б)Шлифтейтін құмшарықты тексеру, қорғаныс маңдайшасының орнатылуын жәнебекіту ережелерін қатаң сақталуын қажет етеміз.Б)Құмшарық дөңгелегі мен қайрауға керек тірек арасындағы саңлау мөлшерін сақтау қажет.В)Міндетті түрде қайрағанда көзілдірік кию керек.
Слесарь-монтаж құрал-саймандары және жұмыс орнының жабдықталуы. Жекелеген слесарьлық операцияларды қарастырғанда сөз етілетін тілетін,соққылайтын құрал-саймандардан басқа слесарьлар әр түрлі монтаж құрал-саймандардың кеңінен қолданады. Слесарьлық жұмыстар металдарды кесудің суықтай өңдеу процесіне жатады.Бұл жұмыстарды қолмен де немесе механикаландырылған аспаппен де орындаболады.Слесарьлық жұмыстың мақсаты-берілген чертёж бойынша өңделетін детальға форма өлшем және беттік тазалық беру.Слесарьлық жұмыстардың сапасы слесарьдың шеберлігіне,қолданылатын аспапқа және өңделетін материалға байланысты болады.Жұмыс орнының жабдықталуы дегеніміз құрал – саймандары және тетіктері бар белгілі жұмысшыларға бекітілген өндірістік алаң участогі.Жұмыс орнының жабдықтаудың ережелері жасалған ветстак үстінде тек орындауға қажетті құрал – саймандар болуға тиіс; Жұмыс орнындағы тәртіп пен тазалық жұмысты тездетеді және оның сапасын арттырады.Сол қолмен ұсталып алынатындар верстак үстінде сол жақта,оң қолмен ұсталатыны оң жақта жатуға тиіс.Жиі қолданылатын құрал – саймандар мен тетіктер жақынырақ,сирек қолданылатыны алысырақ қойылады.Кесу құрал – саймандары арнаулы тағанға қойылу керек.Өлшеуіш аспаптар құндақта болуға тиіс.Жұмыс аяақталған соң құрал – саймандар,қысқыш және верстак жоңқадан тазартылып,сүртіледі.Ал пайдалан құрал – саймандардың жүзін,жұмыс атқарған бөлігін вазелинмен майлайды,олар құрал – саймандар жәшігінде ұйаларда сақталуға тиіс.Жиіқолданылатын құрал – саймандар жоғары жаққа қойылады.
Слесарьлық верстактар: бір орындықты, екі орындық, және көп орыындық болады. Олардың барлығы металл немесе ағаш каркас (верстак төсемі) және стол өңірі деп те аталатын верстак тақтайынан тұрады. Верстак үстінде қорғаушы тор, чертеж қойлатын планшет, аспап қоятын тұғыр, дербес жарық, және слесарьлық қысқаш орнатылады. Металл каркас пісіріліп немесе құйма айақты етіліп жасалады.Верстак тақтайының әдетте қалыңдығы 50-60 мм болады.Олардың үстіне қалыңдау қаңылтырмен не линолеуммен жабылып, шеттері темірмен қапталады. Дербес верстактың көлемі 1000-1200 мм, ені 700 – 800 мм, биіктігі 750 -800 мм болады.Верстак биіктігі жұмыс істеу-шінің боына қарай алынады. Верстак айақтарының жерге тіреліп тұратын бөлігі айнал-дыру арқылы аласартуға немесе биіктетуге болады.
Слесарьлық қысқыштар: Слесарь ісіне қолданылатын қысқаштардың негізгі түрі винпен қысылатын параллель жақтаулы қысқаштар.Олар айналатын және айналиай-тын бола алады. Айналмайтын қысқыш винт пен қозғалмайтын бағыттаушының көмегімен орын алмастырып тұратын қозғалмайтын бөлік. Қысқаштың корпусы детальдары СЧ 18-36 маркалы шойыннан, жүріс виті, гайка мен салмалы губкалар 45 маркалы болаттан жасалады.Слесарьлық қысқаштардың қысатын жақтауларының аралығы, айналмалы қысқаштың жақтау ені 80-120мм ал айналмайтын қысқаштікі жақтау ені 60 мм ең үлкен ашылу аралығы 45 мм болады.
Слесарьлық жұмысты орындау кезінде әр түрлі аспаптар мен қажетті құрал-жабдықтар қолданылады.Өте кішкентай өңделетін заттар мен дайындамалар қол қысқыштарымен ұстатылады,ал оны өңдеу процесі кезінде слесарь оны қолына ұстап тұрады немесе ұста үстеліндегі қысқышқа бекітіледі.Слесарьдың жұмыс аспаптары қол аспабы және механикаландырылған аспап болып бөлінеді.Қол аспаптардың типті жиынтығы бірнеше топқа бөлінеді:а) кескіш аспаптар – тістеуіш егеу,ара түрінің жиынтығы қырнауыштар,метчиктер,қайрақтар т.б;б) көмекші аспаптар – сызғыш,циркуль,жалпақ табан ұстағыш,қақпақша және т.б;в) слесарьлық құрамалы аспаптар – бұранда гайка кілттері,қысқыштар,қол қысқыштары;г) өлшеуіш және тексеруге арналған аспаптар – масштабтысызғыш,кронциркуль,нутрометр,штангенциркуль,микрометр,бұрыш өлшегі (углометр) т.б.Алты қырлы немесе шаршы басты гайкаларды,болаттарды,винттерді бұрап кигізу және қайырмалы гайкалық кілттер қолданылады.Олар бір жақты және екі жақты бола алады. ( а және б).Ішкі алты қырлы шаршы басты гайкалар мен винттер маңдай кілттермен (в);цилиндрлі ұйаларда орналасқан гайкалар мен винттер ішкі шаршылы немесе алты қырлы маңдай кілттермен (г) кіргізіліп бұралады.Цилиндрлік беттегі пазалы және тесікті жұмыр гайкалар осыған арналған кілттермен (д);ал маңдай бетінде тесіктері бар жұмыр гайкалар мүйізді кілттермен (е) бекітіледі.Айырма кілттер (ж)ауыз шамасын өзгертуге мүмкіндік береді де,әр түрлі өлшемдегі бұрандалы қоспаларды ажыратып жинақтайды Ауызды аспаптармен бұрап шығаратын қысқыштардың жұмыс техналогиясБасында тілігі (шлиці) бар винттерді,шруптарды бұранда кілттермен бұрап кигізіп шығарады.Олардың салма жақтауы (а), металл дүмі (б) диэлектрикалық сабы (в) бары және сымнан жасалғандары (г) болады.Жалпақ ауызды тістеуік (а) ұсақ детальдарды ұстауға және қысуға қолданылады.Қоспаланған жалпақауыз тістеуіктердің (б) сымды қыршып алу үшін топсада қосымша кертігі болады.Газ құбырлары қоспаланған пассатиждармен қысып ұсталады.Жұмыр тістеуіктер (в) жұмыр қиынды детальдарды қысып,сымдарды иеді.Сымдарды қыршып алу үшін өткір тістеуік қолданылады(г).
Жалпы жұмысқа арналған слесарьлық егеулердің
Стандартқа сәйкес 8 типі (түрі) жасалады: А типті – жалпақ,ұшы сүйірлеу ; Б типі жалпақ; В типі квадрат жақты; Г типі үш қырлы; Д типі жұмыр; Е типі-жартылай жұмыр; Ж типі – ромба жақты; З типі – қол ара тәрізді.
Недфили – ұсақ егеулер
Үлгімен бұйым жасайтын,заттарға ойып жазатын және зергерлік жұмыстарда,бйұым-ның жетуі қиын жерлерін тазалауда (матритцаларды,өте тар тесіктерді,сүйір бұрыш ішін,пішіні күрделі заттардың тар беттерін т.б. өңдеуде) қолданылады
Бұрғылауға керек құрал – саймандар
Столға арналған бұрғы 1 – 3 тұғыр тақта,2 - жоғарғы бөлік,4 – бағана, 5- қатым,6 – гильза,7- айналатын шпиндель,8- штурбал, 9 – рейка,10- шкив,11- электр матор, 12 – керетін жабдық.
Қол бұрғылары (дрельдер) мен коловороттар
Қол бұрғыла мен коловороттар жетуі қиын жерлерге бірен – саран тесіктер бұрғылау үшін қолданылады. Қол бұрғылар бір жылдамдықты және екі жылдамдықты болады.Біріншісімен диаметрі 8мм – ге дейінгі,екіншісімен – 15 мм – ге дейінгі тесіктербұрғыланады. 1- патрон,2 – шпиндель, 3- және 6 – саптар,4- корпус, 5 – кеуде тірегі.