Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері әр жыл сайын , медицина, әдебиет және бейбітшілік салалары бойынша елеулі жетістікке жеткен ғалымдар мен ұйымдарға беріледі. Марапаттау рәсімі жыл сайын 10 желтоқсан күні өтеді. Осы салтанатты марапаттау күнінде Швеция королі лауреаттарға Нобель медалін, диплом және де ақшалай сыйлық тапсырады.
Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері әр жыл сайын , медицина, әдебиет және бейбітшілік салалары бойынша елеулі жетістікке жеткен ғалымдар мен ұйымдарға беріледі. Марапаттау рәсімі жыл сайын 10 желтоқсан күні өтеді. Осы салтанатты марапаттау күнінде Швеция королі лауреаттарға Нобель медалін, диплом және де ақшалай сыйлық тапсырады.
Просмотр содержимого документа
«Нобель сыйлығының иегерлері»
Нобель сыйлығы
Нобель сыйлықтары(шведше:Nobelpriset, ағылш. Nobel Prize ) — жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі
1895 жылы құрылған және келесі бес бағыттың өкілдеріне сыйлық беруді қарастыратын Альфред Нобельдің өсиетнамасына сәйкес құрылған:
әдебиет
физика
химия
физиология және медицина
Жыл сайын қазан айының басында бүкіл әлем назары Швеция мен Норвегия еліне ауысады. Дәл осы уақытта Стокгольм және Осло қалаларында Нобель сыйлығы лауреаттары есімі жарияланады .
Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері әр жыл сайын физика , химия, медицина, әдебиет және бейбітшілік салалары бойынша елеулі жетістікке жеткен ғалымдар мен ұйымдарға беріледі. Марапаттау рәсімі жыл сайын 10 желтоқсан күні өтеді. Осы салтанатты марапаттау күнінде Швеция королі лауреаттарға Нобель медалін, диплом және де ақшалай сыйлық тапсырады.
Нобель сыйлығын алған адамдарадың бірі ағылшын физигі Резерфорд Эрнест
Резерфорд Эрнест[1] (30.8. 1871, Жаңа Зеландия , Брайтуотер — 19.10.1937, Ұлыбритания , Кембридж ) — ағылшын физигі, радиоактивтілік және атом құрылысы жөніндегі ілімнің негізін салушы. Лондонкорольдік қоғамының мүшесі (1903).
Резерфордқа ғылымға сіңірген еңбегі үшін “лорд Нельсон ” атағы берілді (1931). Жаңа Зеландия ун-тін ( Крайстчерч ) бітірген соң (1894) Англияға ғыл. жұмысын жалғастыру үшін Кавендиш лабораториясына аттанады. Бұл жерде Резерфорд Дж. Дж. Томсонның жетекшілігімен газдағы иондалу процестерін, ал 1896 ж. француз физигі А.Беккерель (1852 — 1908) радиоактивтілікті ашқан соң осы құбылысты зерттеумен айналысты
1897 ж. Монреаль ( Канада ), 1907 ж. Кембридж ( Англия ) ун-ттеріндегі физика кафедраларында жұмыс істеді. 1919 жылдан өмірінің соңына дейін Кембридж ун-тінің профессоры және Кавендиш лаб-ның директоры қызметтерін атқарды. Резерфордтың негізгі ғыл. жұмыстары атом ядросын зерттеуге арналған. Алғашқы жұмыстарында Резерфорд радиоактивтіліктің корпускул. және эл.-магн. сәуледен тұратынын көрсетті. Корпускул. сәулелерді - және -бөлшектер деп атады. Зерттеулер -бөлшектердің гелий атомының ядросы, -бөлшектердің электрон немесе позитрон екендігін дәлелдеді.
Резерфорд 1903 ж. Ф.Соддимен (1877 — 1956) бірге радиоактивтілікті бір атом ядросының басқа атом ядросына айналуымен түсіндіретін теория ұсынып, осы жұмыстары үшін Нобель сыйлығын алды (1908). 1911 жвлв -бөлшектермен жұқа алтын пластинканы атқылап, олардың шағылуын зерттеу арқылы атомның массасы мен оң заряды оның центріне шоғырланғанын анықтады. Осы зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып Резерфорд атом құрылысының Күн жүйесіне ұқсайтын планетарлық моделін ұсынды.
Н.Бор осы модель негізінде атом ядросы мен спектрінің теориясын жасады. Резерфорд 1919 ж. азот атомын -бөлшектермен атқылау арқылы оны оттек атомына айналдырып, алғаш рет атом ядросын жасанды түрде түрлендіруге болатынын көрсетті..
. Бұл тәжірибе кезінде сутек атомының ядролары үлкен жылдамдықпен ұшып шығатыны белгілі болды. Резерфордтың ұсынысымен оларды протон деп атады. 1921 ж. ол бейтарап бөлшектер — нейтронның болу мүмкіндігі жөнінде болжам айтты. Одан кейінгі жұмыстары әр түрлі элементтердің жасанды радиоактивтіліктерін зерттеуге арналды.
. Резерфорд атақты физиктердің (Г.Мозли, Дж.Чедвик, Дж.Кокрофт, Н.Бор, В.Тейтлер, П.Л. Капица, т.б. ) үлкен тобын тәрбиелеп шығарды.