СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Нұр себеле ұлыстың ұлы күні!

Нажмите, чтобы узнать подробности

22 наурыз .тақырыбы нұр себеле ұлы күн

м

тақпақтар, би

Просмотр содержимого документа
«Нұр себеле ұлыстың ұлы күні!»

Нұр себеле ұлыстың ұлы күні!

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің мәнін ашу, салт-дәстүрлерімізді дәріптеу арқылы патриоттық тәрбие беру.

Жүргізуші: Наурыз той-көңіл тойы, көктем тойы,

Жақсылық болса дейтін өмір бойы,

Биылда былтырғыдай ақ көбейсін,

Елдегі бақыт,байлық,бақ көбейсін.

Құрметті ұжымдастар сіздерді ұлыстың ұлы күнімен құттықтай отырып бастарыңызға амандық ,дендеріңізге саулық тілейміз.Ақ мол болсын,Наурыз құтты болсын!Бүгінгі мерекеге арналған ертенгілімізді ашық деп жариялаймыз ! Ортаға №10 «Балдырған» ересектер тобын шақырамыз.

Ән: «Көктем келді»

Қ.Амина: Келіңдер Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямас өнерпаздар ән мен жырын
Тойлайық халық тойын наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.

Жамиля: Наурыз тойын әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.

Тамерлан: Қыс өтіп қар кетіп,
Құлпыра көктем жетіп
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден
Құтты болсын,бұл Наурыз!

Би: «Қамшы»


Каусар: Армысыздар халайық,
Әркез аман болайық.
Наурыз тойын қуанып,
Жылда қарсы алайық.

Інжу: Көктем тойы-әніміз,
Көркем өнер сәніміз
Өлең ән мен той сәнін
Өрнектейміз бәріміз.
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса Наурыз ,дәстүрлі.

Айша: Наурызды халқымыз
Жыл басы санайды.
Көнермес салтымыз
Көктемдей арайлы.

Жүргізуші: Балалар біз бүгін Гүлбаушан әжеміздің ауылына наурыз мерекесімен құттықтауға келдік.Міне әжемізде бізді қарсы алуға келіп жеткен сияқты

Әже кіреді.Балалармен амандасады.

Ән: «Сағындым әже»

Ойын: «Күш сынасу» Ойын шарты: Екі бала ортаға шығып бір бірінің қолының күшін сынайды. Қарсыласының колын жерге жыққан бала жеңімпаз атанады.

Үмітай: Наурыз- гүл көктем
Сәнді еді арайлы
Күлімдеп күн көктем
Нұр шашып қарайды.
Бусанып жерім бай
Төсінде қалқып ән
Наурыз көңілді ән
Шаттығы шалқыған.



Думан: Наурыз-бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін



Би: «Қыздар биі»

Жүргізуші:
Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп,дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.
Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,
Өткеннен бізге жеткен асылы бар
Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,
Қазақта «Шаш алу рәсімі бар»

Шаш алу рәсімі жүргізіледі.

Жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем
Жарығыңмен,шуағыңмен Күн-Ана
Алып келдің жер бетіне гүл көктем,-демекші осымен біздің бүлдіршіндеріміздің «Нұр себеле ұлыстың ұлы күні»атты ертеңгілігіміз аяқталды.Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рақмет.Сау саламатта болыңыздар.























«Бекітемін»

МКҚК №22 «Ақбұлақ» балабақшасы

директоры__________Джаманшалова Г.Н.

«___»______________2017 ж









Мерекелік іс-шара

«Нұр себеле ұлыстың ұлы күні»





Тәрбиеші: Абдуллаева С











2016-2017 жыл