|
Ұйымдастыру- іздестіру
Сергіту сәті
|
- Балалар сендер нағыз киіз үйді көрдіңдер ме?
- Қайдан көрдіңдер?
- Ұлттық үйіміз ұлттық жаңа жыл «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» мерекесінде қала көшелеріне көп қойылады.
Ал, осы наурыз мерекесіндегі ұлттық үйді әшекейлеу үшін бейнелеу орталығына, ал наурыз мерекесі бойынша мағлұмат жинау үшін әдебиет орталығына бөлінеміз.
- Балалар «Наурыз» мерекесі бойынша не айта аласыңдар?
- Ал, мына сурет бойынша не айта аласыңдар?
Суреттер арқылы әңгіме жүргізу Наурыз мерекесі қарсаңында мынандай жұмыстар жүргізіледі:
- Үйді, ауланы тазалайды;
- Әдемі ұлттық киімдер киеді;
- Бір-біріне бата-тілектер айтады;
- Нарыз көже пісіреді.
Ал, мен сендермен бүгін мерекеге «Наурыз көже» атты тақпақ алып келдім.
«Наурыз көже» О.Асқар
Автордың портретін көрсете отыра ол кісі жайлы ақпарат беріледі.
Тақпақ жолдары оқытылады.
Мнемотехника әдісі «Наурыз көже» өлеңінің шумағын мәнерлеп айтуға үйрету.
Балалар, наурыз көже - Ұлыстың ұлы күні әзірленетін ас. Оған 7 түрлі дәмді қосады. Олар: тұз, су, ақ, ет, кеспе, бидай, күріш немесе тары.
Жеті түрлі дайындалған ыдыстағы дәмді көрсете отырып, балаларға сұрақ қою арқылы тілдерін дамыту:
-Төрт түлік малдың өнімдерінен қосып, не жасауға болады?
Сөздік жұмыс: наурыз, көже, молшылық, ырыс, тағам, ақ.
«Киіз үй»
Дөңгеленіп тұрайық
Киіз үйді құрайық
Кереге болып керіліп
Уықтар боп иіліп
Киіз үйді құрайық
Д/ ойын «Көже пісіреміз»
Дәптермен жұмыс: «Айырмашылығын тап,ата.»
Бата-тілек: «ақ мол болсын, ырыс, береке болсын»
|
Балалардың жауаптары.
Балалар екі топқа бөлінеді.
Балалар жауабы.
Суреттерді әңгімелейді.
Тындайды, қайталайды
Тақпақты жаттайды.
Балалардың жауабы
(Дәндер, күріш, бидай, тары)
(жерде)
(сүт, айран, қатық)
(сиыр, қой, жылқы, ешкі,түйе)
(Наурыз көже)
Көжеге қажетті тағамдар атауын айтады. Оны танып алады.
Қ,Ғ дыбысын екпінмен айтады.
Тілек мағынасын түсінеді және бір-біріне бата-тілек айтады
|
|
|