СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

О.Бөкей. Өмірі мен шығармашылығы. «Атау кере» повесі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқыту мақсаты:                                                                                                                                   Әдеби шығарманың жанрлық табиғатына талдау жасау, ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру.                                                                                             

Сабақ мақсаты: (тәрбиелік мақсаты)                                                                                                     -  өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

  • ынтымақтастық;
  • жауапты азаматтық позиция.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде  жүзеге асады.                                                            (құндылықтарды игерту).

Просмотр содержимого документа
«О.Бөкей. Өмірі мен шығармашылығы. «Атау кере» повесі.»

БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК

Сабақ жоспары

О.Бөкей. Өмірі мен шығармашылығы. «Атау кере» повесі.

(сабақ тақырыбы)

Пән атауы: Қазақ әдебиеті.

Дайындаған педагог: Акишева Заурет Исаевна.

2022 жылғы « » ______02_____

1.Жалпы мәліметтер

Курс, топ: МГ-311.1қ, ТЖ-118.1қ, ТЖ-115.1қ, СТ-611.1қ

Сабақ типі: Дәстүрлі.

2. Оқыту мақсаты: Әдеби шығарманың жанрлық табиғатына талдау жасау, ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру.

Сабақ мақсаты: (тәрбиелік мақсаты) - өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

  • ынтымақтастық;

  • жауапты азаматтық позиция.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады. (құндылықтарды игерту).

Бағалау критерийлері: 1) Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін айқындайды;

2) Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралайды;

3) Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтайды;

1.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі 2. Блум таксономиясы: Білу; Түсіну; Қолдану; Талдау. Бағалау: Шығармадан алған тәрбиелік танымды өмірмен салыстырып көріңіз.

3. Сабақты жабдықтау

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

Слайдтар, қосымша-дидактикалық материалдар, оқулық әдебиеттер, бейнероликтер, аудио, видео құрылғылар.

 3.2 Техникалық құралдар, материалдар, сілтемелер, ресурстар: Презентация.

 4. Сабақтың барысы

Сабақтың басы_(10 мин)

Амандасу. Түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. Білу; Түсіну.

Үйге берілген тапсырмаларды сұрау, тексеру. а) Үйге берілген тапсырмалар сұралады.

Қызығушылықты ояту

«Ой шақыру» . Оқушылар топқа суреттер арқылы бөлінеді де, суреттер мазмұнын шығарма мазмұнымен байланыстырып сөйлейді. 3 минут

Сұрақтар:

  • Суреттен не көріп тұрсыздар?

  • Суреттегі кейіпкерлер бейнесі шығарманың қай сәттерін еске түсіреді?

Оқушылар суреттер арқылы сабақ мазмұнына болжам жасайды. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауы бағаланады. Қолдану; Талдау

Сабақтың ортасы(25 мин)

Проблеманы айқындау кезеңі:

«Миға шабуыл» әдісі. 3 мин

Сұрақ:

  • «Атау кере» шығармасы проза жанрының қай түріне жатады? Роман ба, повесть пе?

  • «Шығарманы жанрлық ерекшелігіне қарай роман деп атауға бола ма? Романға қандай талаптар қойылады?» деген ой шақыру жасайды. Ойларын топта талқылайды, ортаға салып айтады. Оқушыларға роман туралы қысқаша түсінік ұсынылады.

Роман туралы түсінік.

Роман (ХІ — ХІІ ғасырларда роман тілдерінде жазылған әр түрлі шығармалар) — күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Романда лирика мен драма жанрларының сипаттары да кірігіп отырады, әңгіме мен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді.

Проблеманы зерттеу кезеңі:

1-тапсырма 8 минут

Оқушылар қойылымды көре отырып, сюжеттік құрылымда және жазушының идеясын жеткізуде алатын орнына баға беріп сөйлеуі керек.

https://www.youtube.com/watch?v=5KuJtMtzN_0

«Атау-кере» драмасы. І бөлім /Оралхан Бөкей/

Сұрақ:

Спектакльден көрген үзінділер шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымындағы оқиғаның өрбуіне қалай әсер етеді?

Спектакльден үзінді көрсетіледі.

  1. 3 минуттан 5 минутқа дейін;

Ескерту: Романнан алынған үзінділер әр топқа ұсынылады. Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Талдағаннан кейін жұмыстарын шығып қорғайды.

2-тапсырма 15 минут

  • Романнан үзінді түсініп оқыңыздар.

  • Берілген үзіндідегі кейіпкерлердің басынан өткен оқиғаларды талдап, сезімін талдап, автор көтерген мәселені жұпта талқылап, үзіндінің сюжеттік-композициялық құрылымында алатын орнын анықтаңыздар (Сюжеттің басталуы, байланысы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) және дәлелдеңіздер.

  • Автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстырып, пікір білдіреді.

Дескриптор:

  • үзіндіні түсініп оқиды;

  • берілген үзіндідегі кейіпкерлердің басынан өткен оқиғаларды және кейіпкердің ой- сезімін талдап көрсетеді;

  • автор көтерген мәселені талқылап, үзіндінің сюжеттік-композициялық құрылымында алатын орнын анықтайды және дәлелдейді.

  • Автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды.

Топ жұмыстарын қорғап, 2 минуттан сөйлейді.

Өзге топты «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды

Проблеманың шешімін ұсыну кезеңі:

3-тапсырма 3 мин.

Романның сюжеттік құрылымын анықтап, кестені толтырыңыз.

Реті

Мазмұны бойынша сюжеттік дамуын анықтау

Сюжеттің басталуы

Байланысы

Дамуы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Шешімі

  2. 9.34-тен 11.30 көрсетіледі.

  3. 37.00-ден 39.00-ге дейін көрсетіледі.

Ескерту: Романнан алынған үзінділер әр топқа ұсынылады. Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Талдағаннан кейін жұмыстарын шығып қорғайды.

2-тапсырма 15 минут

  • Романнан үзінді түсініп оқыңыздар.

  • Берілген үзіндідегі кейіпкерлердің басынан өткен оқиғаларды талдап, сезімін талдап, автор көтерген мәселені жұпта талқылап, үзіндінің сюжеттік-композициялық құрылымында алатын орнын анықтаңыздар (Сюжеттің басталуы, байланысы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) және дәлелдеңіздер.

  • Ойларыңызды «Логикалық мағына моделін» пайдалана отырып жеткізіңіздер.

  • Автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстырып, пікір білдіреді.

Дескриптор:

  • үзіндіні түсініп оқиды;

  • берілген үзіндідегі кейіпкерлердің басынан өткен оқиғаларды және кейіпкердің ой- сезімін талдап көрсетеді;

  • автор көтерген мәселені талқылап, үзіндінің сюжеттік-композициялық құрылымында алатын орнын анықтайды және дәлелдейді.

  • Ойларын «Логикалық мағына моделін» пайдалана отырып жеткізеді.

  • Автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды.

Топ жұмыстарын қорғап, 2 минуттан сөйлейді.

Өзге топты «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды

Проблеманың шешімін ұсыну кезеңі:

3-тапсырма 3 мин.

Романның сюжеттік құрылымын анықтап, кестені толтырыңыз.

Реті

Мазмұны бойынша сюжеттік дамуын анықтау

Сюжеттің басталуы

Байланысы

Дамуы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Шешімі

Кері байланыс

  • Тапсырмаларды орындауда қандай қиындық болды?

  • Тапсырманы толық орындай алдыңыздар ма?

Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы

Критерийлер

Рубрикатор

Төмен

Орта

Жоғары

Берілген үзінді бойынша кейіпкерлердің басынан өткен оқиғаларды , кейіпкер сезімін талдайды

Үзіндінің сюжеттік-композициялық құрылымдағы алатын орнын анықтайды

автор көтерген мәселені талқылап,

идеялық мазмұнын терең түсінеді.

Автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды.

Өзгенің жұмысына критерийлер бойынша пікір білдіріп сөйлейді.

Сабақтың соңы (10 мин)

Рефлексия

«6 қалпақ» әдісі

Ақ қалпақ- сабақ бойы біз................... тапсырмалар орындадық.

Жасыл қалпақ- сабақта алған ақпараттарды............ қолданамыз.

Қара қалпақ - сабақта бізге ...... қиын болды, себебі .......

Сары қалпақ- сабақта.................. дағдыларымызды дамыттық.

Қызыл қалпақ- сабақта бізге .............. тапсырма ұнады, себебі........

Үй тапсырмасы: (5 мин)