СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

О самостоятельных занятиях по русскому языку

Категория: Русский язык

Нажмите, чтобы узнать подробности

О самостоятельных занятиях по русскому языку

Как показывает практика, подготовленность к сознательным и точным действиям на самостоятельных занятиях, а также потребность обращаться к справочному материалу приходят к школьникам не сразу. Формирование этих умений и навыков требует от учителя особого внимания и времени, а переход на такие средства педагогического руководства-сложный, длительный процесс. Этот процесс отличается единством, непрерывностью развития и перехода от одного этапа к другому и характеризуется  возвращениями к более низким уровням. Это означает, что этапы формирования самостоятельности могут повторяться уже на более высоких уровнях от одной программной темы к другой и от одного года к последующим годам обучения. На самоподготовках, условия и средства выбираются дифференцированно по отношению к группам учащихся. Выделяется от трех до четырех групп учащихся в зависимости от уровня сформированности их организационной и познавательной самостоятельности. Таким образом, одну группу учитель может посадить перед собой и работать с ними в тесном контакте, другая группа будет выполнять задание учителя самостоятельно, третьей группе предлагается поработать в читальном зале школьной библиотеки. Целесообразно тематически планировать учебный материал за 2-3 дня перед изучением новой темы. При этом прежде всего принимаются во внимание особенности и возможности условий учебной работы учащихся, в соответствии с тем подбираются формы педагогического руководства на уроке, самостоятельных занятий в школе и дома. Основное содержание учебной работы на самостоятельных занятиях по русскому языку в школе включает: самостоятельное применение учащимися полученных знаний при решении различных тренировочных и творческих учебных заданий, воспроизведение, преобразование, комбинирование и обобщение знаний. Причем речь идет не только о фактических знаниях учащихся по предмету, но и об общеучебных навыках и умениях, в том числе умениях самостоятельно работать над выполнением учебных заданий. Учитель, производя тематическое планирование, определяет тематическое планирование, определяет дидактическую цель самоподготовки, включающую формирование у школьников таких общеучебных навыков, как планирование и организация учебной работы, самооценка и самоконтроль. Задание для самостоятельной работы состоит из 2 частей-общего и индивидуального. Но на начальном этапе изучения темы естественно, что оно может быть только общим, отражающим и продолжающим работу на уроке. По мере углубления в тему общее задание по объему начинает уступать индивидуальному, что соответствует неравномерности усвоения учебного материала различными учащимися класса. На завершающих занятиях по теме, при подведении итогов, перед контрольной работой содержание для самостоятельной работы может быть снова представлено только общим заданием. Показанное соотношение общего и индивидуального задания в структуре самостоятельных занятий может развиваться и в другой логике, продиктованной особенностями темы, поставленными задачами, особенностями усвоения учебного материала отдельными учащимися (или группами учащихся) класса.

В целом в разделе тематического плана, посвященного к самостоятельным занятиям по русскому языку, следует указать:

-цель по отношению к формированию общеучебных навыков и умений,

-структуру задания,

-справочные материалы,

-способ и место в процессе самостоятельной работы, самооценки,

-характер контроля,

-групповые задания.

По поводу домашнего задания отмечается, каким оно будет по характеру-тренировочным или практическим, творческим; указываются  его варианты, предполагающие возможность выбора учащимися содержания задания, время, которое дается на его выполнение. Конструктивные уточнения, коррективы проводятся учителем на основе систематических наблюдений, анализа работы, ее процесса и результатов.

С уважением Айтбенбетов Орынбек Орынбасарович

Просмотр содержимого документа
«О самостоятельных занятиях по русскому языку»

Президент және Халық - Республикалық қоғамдық-саяси газеті |

Дүрілдеген Дүр Оңғар

26-Наурыз, 2012 | 389 рет оқылған

Құрметті «Президент және халық» газетінің редакциясы! Сыр өңірі ежелден ақын-жыраулардың құтты мекені екені баршаға аян. Солардың бірі де бірегейі Оңғар жырау Дырқайұлы (1859-1902) туралы Тұрмағамбет Ізтілеуов былай деп баға берген:

«Қаратамыр ол – Оңғар,

Ақмарал, бұғы һәм арқар.

Қоныстанған қысы-жаз,

Асқар таудың үңгірі».

«Президент және халық» газетінің тұрақты оқырманы ретінде ел аузынан жинаған мына бір жинап-тергендерімді оқырман назарына ұсынбақпын.

«Сыр сүлейі Дүр Оңғардың жұмбақ шешуі»

Дүр Оңғар жолаушылап жүріп, бір байдың үйіне қонақ болады. Ауылдың адамдары жыраудың лебізін, жырын тыңдап, өнеріне қанығады. Сол ауылда бір өнерлі қыз бар екен, ол келіп сәлемдесіп, үлкендерден ақынға жолығуға рұқсат сұрайды. Қыз: «Ақын аға, мен бір жұмбақ айтқан едім, ақындар шеше алмады, жауаптарына көңілім толмады. Сол жұмбағымды шешсеңіз, ат-шапан сыйымыз бар», – дейді.

Қыздың жұмбағы:

«Айтайын мен бір жұмбақ, тыңда, батыр,

Аспанның асты гауһар, үсті шатыр.

Қазандай қара тастың, Зіл түбінде,

Бір тұлып, адам ішпес заһар жатыр».

Дүр Оңғардың жауабы:

«Адамда ажар болмайды, бет болмаса,

Жылқыда сән болмайды, ет болмаса.

Қазандай қара тасың бауыр шығар,

Заһары ішіндегі өт болмаса».

Жұмбақтың жауабына разы болған қыз кәдесін жасап, Дүрекеңе ат мінгізіп, шапан жауыпты.

«Ақын қыз бен Дүр Оңғар»

Ақын-жырау ел еркесі болатыны белгілі. Бірде Оңғар жырауға тойдың үстінде бір ақын қыз  кезігіп, оған жұмбақ жасырыпты.

Қыз:

«Керуенші, түйең бар ма, қос артқандай,

Қос артып, жүк түйесін босатқандай.

Өзің де қартқа басқан кісі екенсің,

Кәріні бар ма амал, жасартқандай?»

Оңғар жырау:

«Бақ-дәулет, қондырса ерге ықпал құсын,

Аямас, жүк артуға нардың күшін.

Ұл – перзент, ұят – иман, һәм сұлу жар,

Жасартып көрсетеді ердің түсін.

Табылар не керегің осы айтқаннан,

Болмаса, өзің білгін ендігісін», – деп жауап қайтарыпты.

Ел аузынан жинаған

Орынбек АЙТБЕНБЕТОВ.

Қарағанды облысы,Приозерск қаласы

Бөлімі: ТАРИХ



Президент және Халық - Республикалық қоғамдық-саяси газеті |

Балқы Базар

17-Тамыз, 2012 | 353 рет оқылған

Құрметті редакция! «Президент және Ха­лық» газетінің тұрақты оқырманы ретінде ел ау­зынан жинаған дүниемді оқырман назарына ұс­ынып отырмын.

Балқы Базардың  Жүрбай ақынға айтқа­ны

Ырғыз өңірінде  би, батыр, сақи Алмат То­бабергенұлы деген ел ағасы болған.  Ол туралы Бал­қы Базар өз толғауында былай деп баға берген:

«Болғанда ағам Алмат, жеңгем Күміс,

Жігітте бола бермес мұндай туыс.

Алекем атқа мініп ақырғанда,

Болады төрт Шөмекей бір-ақ уыс».

Бірде Балқы Базар жырау сол кісіге сәлем беруге келеді. Базекең үйге кіріп сәлемдескен соң Алмат би оң жағында отырған  ілмиген қара жігітті көрсетіп:

– Мынау – Аспанның Бақашы руынан шық­қан Жүрбай деген жырау. Бұл қыр елінің  барлық ақын, жырауларын жеңген. Осымен айтысып көр. Ұтсаң отыр, ұтпасаң үйді босат, – депті. Сонда Базекең Жүрбайдың қасына  барып, шидиген санын ұстап:

«Сөз айттым, Алмат бидің Жүрбайына,

Жыр не теңің, сөйлемей  жүр жайыңа.

Алматтың Алатаудай дәулетінде,

Сен  сорлы, шыр бітпепті-ау борбайыңа», – дегенде Жүрбай ақын жөнді жауап қайтара алмай, сөзден тосылады. Сонда Алмат:

Шырағым, ит жоқта шошқа үредінің кері келді. Енді үйді босат!», – деп, Базар жырауға құрмет көрсетіпті.

Базар жыраудың Аңғара биге сәлем беруі

Аңғара би Ханқашарұлы алты Әлім мен төрт Шөмекей сөзіне тұрған абыройлы би болған. Сол биге сәлем беруге атақты Балқы Базар жырау келеді. «Базаржан, даусыңды сағындық», –дегенде, Базекең:

Уа, би аға, жаңа келдік еліңе,

Тыңдасаңыз жолықтың,

Таусылмас сөздің кеніне.

Күпшек санды, мен бір күрең,

Әрі-бері шапқасын,

Тартпа жетпес беліме», – дей жөнелгенде, Аңғара би: «Атыңды бекер Базар қоймаған екен», –деп масайрап қалыпты.

Жинаған

Орынбек АЙТБЕНБЕТОВ.

Қарағанды облысы,

Приозерск қаласы.

Құрметті редакция! «Президент және Ха­лық» газетінің тұрақты оқырманы ретінде ел ау­зынан жинаған дүниемді оқырман назарына ұс­ынып отырмын.  Балқы Базардың  Жырбай ақынға айтқа­ны

Ырғыз өңірінде  би, батыр, сақи Алмат То­бабергенұлы деген ел ағасы болған.  Ол туралы Бал­қы Базар өз толғауында былай деп баға берген: «Болғанда ағам Алмат, жеңгем Күміс, Жігітте бола бермес мұндай туыс. Алекем атқа мініп ақырғанда, Болады төрт Шөмекей бір-ақ уыс». Бірде Балқы Базар жырау сол кісіге сәлем беруге келеді. Базекең үйге кіріп сәлемдескен соң Алмат би оң жағында отырған  ілмиген қара жігітті көрсетіп: – Мынау – Аспанның Бақашы руынан шық­қан Жырбай деген жырау. Бұл қыр елінің  барлық ақын, жырауларын жеңген. Осымен айтысып көр. Ұтсаң отыр, ұтпасаң үйді босат, – депті. Сонда Базекең Жырбайдың қасына  барып, шидиген санын ұстап: «Сөз айттым, Алмат бидің Жырбайына,Жыр не теңің, сөйлемей  жүр жайыңа. Алматтың Алатаудай дәулетінде, Сен  сорлы, шыр бітпепті-ау борбайыңа», – дегенде Жырбай ақын жөнді жауап қайтара алмай, сөзден тосылады. Сонда Алмат: Шырағым, ит жоқта шошқа үредінің кері келді. Енді үйді босат!», – деп, Базар жырауға құрмет көрсетіпті.

Базар жыраудың Аңғара биге сәлем беруі

Аңғара би Ханқашарұлы алты Әлім мен төрт Шөмекей сөзіне тұрған абыройлы би болған. Сол биге сәлем беруге атақты Балқы Базар жырау келеді. «Базаржан, даусыңды сағындық», –дегенде, Базекең: Уа, би аға, жаңа келдік еліңе,Тыңдасаңыз жолықтың,Таусылмас сөздің кеніне.Күпшек санды, мен бір күрең,Әрі-бері шапқасын,Тартпа жетпес беліме», – дей жөнелгенде, Аңғара би: «Атыңды бекер Базар қоймаған екен», –деп масайрап қалыпты.

Жинаған Орынбек АЙТБЕНБЕТОВ. Қарағанды облысы, Приозерск қаласы.

Бөлімі: ӘДЕБИЕТ




Президент және Халық - Республикалық қоғамдық-саяси газеті |

Наурыз айы деп неге аталған?

26-Наурыз, 2012 | 411 рет оқылған

Наурыз туралы көп жа­зылғанын, зерт­тел­ге­­нін білеміз. Дегенмен әлі көп­­шілік пен зерттеушілер на­за­рына ілік­пеген ел аузында сақ­тал­ған аңыз-әфсананы жазып отыр­мын. Наурыз айын Орталық Қы­зылқұм  аймағындағы  қа­зақ­тар осы айдың 5-інде тоқсан шы­ғып, көктем басталады деп есеп­тейді.

Наурыздың 6-сынан бастап Аям кемпірдің күндері бас­та­лады, яғни «Аям кемпір – ал­ты күн, аязымен жеті күн» деп есептеледі. Жетінші күні Аям кемпір: – «Ақпан, Тоқпан, Бо­ран­бай, Соқпан, Абылайсан, Абыл, Наурыз, үш ай – тоқсан, бір күнім­де жоқсын», – деп ашу­ла­нып, қысты қуып шығып, қа­туланып, борандатып, қар-жаң­быр­мен шығып кетеді екен.

Ал одан соң, Аям кемпірдің жеті баласының күндері бас­та­ла­ды. Сірә, Батыс Қазақстанда нау­рыздың 14-інен бастап кө­рі­су  басталатыны осыған бай­ланысты болуы мүмкін. Ша­ма­мен наурыздың 17-сі күні жаң­быр жауады, ол жаңбырдың ши­пасы «мың да бір ауруға ем» деп, қасиетін әспеттеп жатады. Әрі сол күні жауған  жаңбырға жау­раған жақсы болады деп се­не­ді.  Аям кемпірдің 7 ұлы әлде оба­дан, әлде жаугершілікте опат болғандықтан, күндердің жа­ды солай айтылған көрінеді. Ал айдың атауы Аям кемпірдің кен­жесі Наурыздың құрметіне атал­ған.

Орынбек АЙТБЕНБЕТОВ,

өлкетанушы.

Қарағанды облысы,

Приозерск қаласы.

Бөлімі: ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӘДЕТ-ҒҰРЫП САЛТ-ДӘСТҮР АКАДЕМИЯСЫ ҰСЫНАДЫ


«Abai.kz» Орынбек Айтбенбетов. "Түйеге ескерткіш орнатсақ"

Қоғамның дамуына орай, адамзаттың материалдық игіліктерден бөлек, рухани құндылықтарға бет бұруы заңдылық екені белгілі. Дегенмен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау барысында, кейбір кемшін тұстарымыз  көзге ұрып тұрғаны білінетіндей. Сан ғасыр аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген тұста, жаһандану үдерісіне төтеп беру мәселесі кезігіп отыр. Ғаламдық жаһандануға жұтылып кетпеу үшін, барлық мәдени және рухани құндылықтарымызды насихаттап отырғанымыз жөн секілді. Әлемдегі үлкенді-кішілі халықтар қал-қадерінше өз мәдениетін,тілін,өнерін насихаттауда. Біздің Алтайдан Атырауға, Жайықтан Жетісуға, Сұлу Көкшеден Сырдың Қызылқұмына дейінгі ұланғайыр өлкеге иелік етіп, «мың өліп,мың тірілген...» халық болып қалыптасып, егемен ел болуымызда қазақ тұлпарлары мен «шөл кемесі» түйелердің өлшеусіз үлесі барын баршамыз білуге тиіспіз. Халқымызда «Түйе-байлық, жылқы-салтанат,сиыр-шайлық, қой-жандық»,-дейтіні бар. Сонау әлімсақтан бері халқымыздың мінсе-көлігі, ішсе сүті мен шұбаты, кисе киімі болып келген Ойсылқара тұқымының маңызы ұмытыла бастағандай. Арғы дәуірді айтпағанда, өткен ғасырдағы Түрксібті салуда, Қарағанды мен Екібастұздың көмірі, Қарсақпай мен Балқаштың жез бен мысы, Доссордың мұнайын игеруде «қас үлектен туған кәтепті қара нарлар...» теңдессіз үлес қосқанын  жас ұрпақ ұмытпаса екен дегім келеді. Кейбір халықтар сиырға, «талпақ танауға», итке ескерткіш қойып жатқанда біздің таңдана қарап отырғанымыз түсініксіз. Қазақтың талайлы тағдырының сан ғасырлық  куәсі іспетті болған жампоз қара нарға, туған жерге деген сүйіспеншіліктің мағынасын ұғындыратын аруанаға, Асанқайғы бабамыздың Желмаясына еліміздің бас қаласы Астана төріне сондай-ақ басқа да қалалардың көркін келтіретін ескерткіш орнатылып жатса құба-құп дер едік. Ел ағалары мен ұлтшыл азаматтарымыз осындай ұлтымызға рух боларлық ұлағатты істерге мұрындық болып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл біздің бабалар рухы алдындағы парызымыз бен қарызымыз.

Құрметпен,

Айтбенбетов Орынбек Орынбасарұлы

Қарағанды облысы,

Приозерск қаласы.

«Abai.kz»











Қажымұқанды ұмытып кеткен жоқпыз ба?

09.04.2013, 15:02 2 пікір 549

Бүкіл әлемде, әсіресе посткеңестік аумақтағы мемлекеттер тәуелсіздікке қол жеткен тұста, жаһандану үрдісі белең ала түскенін сезіп те, көріп те жүрміз. Әйтсе де «жаһандану» заманында ұлттың ұстынын берік ұстап,оған қарсы өз халқымыздың мәдени және рухани жауһарларын, ұлт қаһармандары мен даналарын дәріптеп, насихаттап отырсақ ұтылмасымыз хақ. Қажымұқан Мұңайтпасұлы. Бұл есімді білмейтін жан кемде-кем шығар.

Бұл есімнің өзге де ұлт өкілдері үшін аса қымбат екендігінің куәсі болғанымды оқырман назарына ұсынуды жөн көрдім. Оның үстіне сәуірдің 7-і қүні даңқты палуанның туғанына 142 жыл толып отыр. Осы бір күнге орай отандық БАҚ-та жарияланған материалдардың көзге түспеуі көңілге кірбің түсіргенін айтуымыз керек. Ит пен мысыққа көрме ұйымдастырғыш «пысықайлығымыздың» қазақтың даңқын паш етуге келгенде кежегесін кейін тартып тұрғаны анық байқалады.

 Сонау 20-шы ғасырдың 80-ші жылдарында, студенттік шағымызда,Ташкент шаһарындағы Гордеев көшесіндегі №21 үйде бір жебірейдің  пәтерін жалдап тұрдық. Бір күні Калмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесін оқып жатқанымда, пәтер иесі Ханан-ака келді. Ол кісіге кітаптың сыртындағы кеудесі медалға толы апайтөс палуанның суретін ерекше мақтанышпен көрсеттім.

«Әй бала, бұл Хаджимухан ғой»,- деді. Пәтердегі 4-5 студент жан-жақтан сұрақтарды жаудырдық. Сендер оны кітаптан білсеңдер, мен оны көзіммен көргенмін деді. Сөйтсе Қажымұқан атамыз соғысқа дейін де, соғыс жылдарында да,соғыстан соң да Ташкентке жиі келіп,өнер көрсетіп тұрады екен. «Бозбала шағымда «Ескі Жуа», яғни «Чорсу» базарында жүргенімде,- деді Ханан-ака, Қажымұқан келді дегенді естіп,бүкіл халық базардың орталығындағы шайханаға ағылды. Ол алып денелі, дәу кісі екен.

Күлген кезінде,сөйлегенінде дауысы арыстандай гүрілдеп естілді дейді. Шайханашы палуанның шай ішкен самауырынан шай алыңдар деп,палуан дәм татқан пәтір нанды, самсаны алыңдар деп, саудасын қыздырыпты. Жиналған жұрт сарқыт сұрағанда, саптыаяқтағы сыраны ұрттап беріпті, ал шайханашы сыра бөшкесіне құйып, оны сатты дейді. Сонда палуан өнер көрсеткен, арбаға сыйғанынша адам толтырып сүйреп, лом темірді галстук етіп бұрап, кеудесіне тас қойып сындыртып,түйені иығына салып көтеріп т.б. қызықтарды көрсеткен.

Сендердің түрлерің мынау, ілмиген арықсыңдар, Қажымұқан аталарыңдай ірі емессіңдер,- деп бізді күлдірді. Егер іздесеңдер ол туралы Тәшкеннің халқы өте көп біледі, кітаптағы жазғандары бержағы ғой,балаларым. Ондай пахлавон енді туылмайтын шығар енді,- деп күрсініп шығып кетті. Біз үнсіз отыра бердік, бірақ ішімізден осындай тұлғасы бар халықтың ұрпағы екенімізді мақтан тұтып, Ханан-аканың айтқандарын таныстарымызға айтып жүрдік. Содан бері де сынаптай сырғып,жылдар да өтті жылжып...Бүгін баспасөз бетінен Қажымұқанның туған күні сол бір оқиғаны есіме алдым.



 

 Айтбенбетов Орынбек Орынбасарұлы

Қарағанды облысы, Приозерск қаласы

"Ұлт порталы” интернет-басылымы.

Ұлт тілі

«ҰЛТ» порталының редакциясына
Құрметті редакция!
   Қоғамымызда ұлт тілі жайлы сан түрлі шаралар, жиындар өтуде, баспасөз бетінде көптеген мақалалар жазылуда, десек те мемлекеттік тіліміздің,ұлттық рухымыз бен діліміздің өзінің лайықты орнын ала алмай жүргенін қынжыла айтуымыз керек. Бұған кінәлі өзіміз десек,қателеспесіміз анық. «Ұлт болам десең,әуелі бесігіңді түзе»,-деп ұлы М.Әуезов айтқандай,біз барша істі отбасынан бастауға тиіспіз. Әрбір шаңырақта өз ана тілімізде сөйлеп,өз тілімізді дамытуға кім кедергі? Бұл тұста бізге ұлтжандылық пен ұлттық рух жетіспейді.

  Әрине,еңсені езген енжарлық. «Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа,ең әуелі өз тіліңді дұрыста»,- деген өлең жолдары бізге арнап айтылғандай. Сірә,біздің ұлттың бойындағы рух,қасіретті Қаройда,Махамбеттің басы шабылғанда жоғалған тәрізді. Одан бері де жылжып жылдар өтті,сынаптай сырғып... Көкбөрінің көкжал ұрпағы,бүгінде тым бойкүйез болып,әлдінің аңысын аңдап,күштінің қабағын бағып күн кешетіндей.
   Ұлттық рухымызды ұлықтауда «хас үлектен туған,қатепті қара нарларымыз» азайған тәрізді ме,қалай,-деп те қаласың. Дегенмен қазақ әдебиетінің қара нары Әбіштің, шындықшыл Шерханның, ұлт зиялысы А.Айталының, ұлт мақтанышы Тоқтардың,Фаризаның ірілікке шақырған үндеріне аға Мұхтар мен дара Мұхтардың, рух ауылын іздеп жүрген Сабыр Адай мен Серік Ақсұңқарұлының үні қосылып, әрбір жүрекке қуат беріп жүргені қуантады.
   Сабыр Адайдың сөзімен «әр қазақ менің жалғызым»,-дейсің еріксіз. Сондықтан да әрбір қазақ азаматы өз отбасында,өз шаңырағында «Ұлың өссе ұлықтымен,қызың өссе қылықтымен ауылдас бол», «Ұлың ынтығып өссін,қызың тұншығып өссін», «Қызға қырық үйден тыйым, қала берді қара күңнен тыйым», «Келінім саған айтам,қызым сен тыңда»,-деген бабалар өсиетін жадынан шығармауы тиіс.
   Ұлттық рухты,тілді дамытуда ақ кимешекті әжелер мен абыз ақсақалдардың рөлін ұмытпаған жөн. Себебі алыс пен жақын, жақсы мен жаман, ар мен ынсап, қайырым мен мейірім, ізгілік пен бауырластық сезімі киелі шаңырақтан бастау алады. «Аталар сөзі-ақылдың көзі»,- деуіміз де содан. Инабат пен имандылық нұры әрбір жүрекке от бергенде ғана ұлттық рух оянып,ұлт мүддесі жеке бастың мүддесінен жоғары тұрады. Осынау игілікті істе біз, ұлт мүддесі үшін,ұлттық рухты көтеруде қандай іс атқардым деген сұрақты өзімізге ұдайы қоюымыз керек-ақ. Кешегі Елбасы  Жолдауындағы «Әрбір қазақ қазақпен,қазақша сөйлессін»,-деген Елбасы сөзін де есімізден бір сәт те шығармағанымыз дұрыс. Бабалардан қалған
«Жердің құты күйінде болады,
Елдің құты биінде болады,
Ердің құты үйінде болады»,-деген сөздерімен өз ойымды қорытындылағым келеді. Ұлттық рухымызды ұран етіп,тілімізді тұғыр ете білейік,агайын!

Қарағанды облысы, Приозерск қаласы
Құрметпен Айтбенбетов Орынбек Орынбасарұлы









Ұлт порталы” интернет-басылымы

"Наурыз айы" деп неге аталғаны туралы

19.03.2013, 17:21 1 пікір 624

Бұл туралы көп жазылғанын, зерттелгенін білеміз. Дегенмен әлі көпшілік пен зерттеушілер назарына ілікпеген ел аузында сақталған аңыз-әфсананы жазып отырмын. Наурыз айын Орталық Қызылқұм аймағындағы  қазақтар, айдың 5-інде тоқсан шығып, көктем басталады деп есептейді. Наурыздың 6-нан бастап, Аям кемпірдің күндері басталады, яғни «Аям кемпір алты күн, аязымен жеті күн» деп есептеледі.

Жетінші күні Аям кемпір: - «Ақпан, Тоқпан, Боранбай, Соқпан, Абылайсан, Абыл, Наурыз, үш ай тоқсан,бір күнімде жоқсын», - деп ашуланып, ысты қуып шығып, қатуланып, борандатып, қар-жаңбырмен шығып кетеді екен. Ал одан соң, Аям кемпірдің жеті баласының күндері басталады.

Сірә, Батыс Қазақстанда наурыздың 14-нен бастап Жаңа жыл басталатыны осыған байланысты болуы мүмкін. Шамамен наурыздың 17-і күні жаңбыр жауады,ол жаңбырдың шипасы «мың да бір ауруға ем» деп, қасиетін «зәмзәм» суына парапар  деп айтады, әрі сол күні жауған  жаңбырға жаураған жақсы болады деп сенеді. 

Аям кемпірдің 7 ұлы әлде обадан, әлде жаугершілікте опат болғандықтан, күндердің жады солай айтылған көрінеді. Ал айдың атауы Аям кемпірдің кенжесі Наурыздың құрметіне аталған.

 

Айтбенбетов Орынбек Орынбасарұлы

Қарағанды облысы,Приозерск қаласы

"Ұлт порталы” интернет-басылымы

Жол бойында сексеуіл тоғайлары көбейсе

05.06.2013, 6:21 1 пікір 271

Біздің кең-байтақ еліміз  жер көлемі  жағынан  әлем  елдерінің  ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²). Осынау ұшқан құстың қанаты, жүгірген аңның аяғы талатын ұланғайыр өлкені аралап шығу үшін біршама жыл сарп етуіңізге тура келетіні дау тудыра қоймас.  Кейде жолаушылап сапарға шыққаныңызда, шетсіз-шексіз даланы, өзен-көлдерді, таулар мен құмды алапқа көзіңіз түседі. Бұдан өзге теміржол бойындағы қар үрмесін, не көшпелі құмды тоқтатуға қойылған бетон бағандар мен ағаштан жасалған шарбақтарды көргенде ойыңыз бөлініп, іштей кейисіз.

Дегенмен жол бойында отырғызылған қарағаштар мен тал-теректер де көптеп кездеседі,бірақ ол жеткіліксіз сияқты. Менің сөзіме келісе қоймайтындар да табылар, себебі елімізде шөлді-шөлейтті аймақтар көп-ақ. Әрине, жыл сайын бұл мақсатқа бірқанша қаржы жұмсалып, ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілетін де болар. Бүкіл еліміздің теміржолдары бойындағы жасыл желекті суландыру мүмкін де емес шығар. Еліміздің бас қаласы-Астана маңына ғажайып орман өсіріп шығарғанымыз, Арал теңізінің кепкен табанына сексеуіл тоғайын отырғанымыз сияқты, бұл көкейтесті мәселені де шешуге болады деп ойлаймын.

Ол үшін, менің ойымша, шөлді, сусыз аймақтардағы жол бойына суды аса көп қажет етпейтін сексеуіл көшеттерін отырғызу керек. Бұл өте тиімді боларына сенімім мол. Қыстағы қардың және көктемгі  жаңбырдың ылғалымен бірнеше жылда қалың тоғай қаулап өсері сөзсіз. Ал енді қажетті сексеуіл көшеттері мен сексеуілдің бүрін (тұқымын) Қызылорда, Жамбыл облыстарының орман шаруашылығы саласындағы мекемелерінен алуға болады.

Бұл іске еліміздің аграрлық саладағы іргелі оқу орындарының ғалымдарын тартудың маңызы зор болар еді. Осылайша бір жағынан жасыл желекпен көмкерілген орман алаптарын көбейтіп, екінші жағынан экологиялық мәселелерді де шешуге үлес қоса аламыз. Оның үстіне еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері, елімізге алыс-жақын шетелдерден келетін қонақтар (туристер) саны да көбейді. Елімізге келген қонақтар біздің кең даламызға ғана емес, әсем де көркем табиғатымызға тамсанып, халқымыздың өз табиғатын аялай ,қорғай білетіндігіне сүйсінер еді.  Ендеше, іске сәт, ағайын!

 Айтбенбетов Орынбек

 Қарағанды облысы, Приозерск қаласы

"Ұлт порталы” интернет-басылымы

Алаш арыстарының тұрған үйлеріне ескерткіш тақта орнатылса

03.04.2013, 21:43

Алаш арыстарының атқарған тірлігі, ұлт үшін жасаған қызметі біле- білгенге ұшан-теңіз. Тек бір әттеген-айы, ғалымдар мен ақын-жазушылар және журналистер қауымы мен ұлт жанашырлары болмаса, көпшіліктің Алаш идеясы туралы таным-түсінігі жеткілікті дәрежеде емес екенін мойындауға тиіспіз. Тәуелсіздікке дейін де, тәуелсіздік дәуірінде де бұл тақырып ескерілмей қалған жоқ.

Біраз тірлік атқарылды, атқарылуда, алдағы уақытта атқарыла да бермек. Дегенмен бұл іске асқан жауапкершілікпен кіріскеніміз жөн сияқты. Қазақтың жоғы мен кем-кетігін түгендеу ісінің өзімізден басқа жоқтаушысы болмайтынын ұққанымыз жөн-ақ. Бүгінде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Орынбор, Қазан, Омбы, Петербор,Т ашкент және алыс шетел мұрағаттарынан мәдени-тарихи құндылықтарымыз бен мұраларымыз жинақталып жатқаны қуантады.

Дегенмен сонау өткен ғасырдың 20-30-шы жылдары Түркістан Республикасының орталығы болған Ташкен шаһарында М.Шоқай, Т.Рысқұлов, Ж.Досмұхамедов, С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Сегізбаев, С:Қожанов, Н.Төреқұлов, Ғ.Мұратбаев, М.Әуезов т.б.көптеген алаш арыстарының ізі қалған, сонда тұрып білім алып, елі үшін еңбек еткенін кейінгі жастар толық біле бермеуі мүмкін.

Өзбекстанда тұратын қандас ғалымдарымыз көмегімен осынау Алаш арыстары тұрған үйлерді тауып, ең алғаш Ташкентте жарық көрген қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштарына арнап,  ескерткіш   тақталар  орнатылса, «Түркістан уалаятының газеті» (1870 ж), «Алаш» газеті (1916 ж), «Бірлік туы» газеті(1917 ж), «Жаңа Өріс» газеті (1920 ж.), «Шолпан» журналы(1920 ж.),  «Жас алаш» газеті (1921 ж), «Ақ жол» газеті (1922-1923ж), т.б. нұр үстіне нұр болар еді. Бұл біздің Алаш арыстарын ардақтау,бағалау жолындағы қарызымыз бен парызымыз болмақ.

 Құрметпен  Орынбек   Айтбенбетов ,

Қарағанды облысы









"Ұлт порталы” интернет-басылымы



Әйелді теңестірдік еркекке

20.05.2013, 20:52 3 пікір 374

Міне біршама уақыттан бері республикамыздағы барлық ақпарат құралдарында зейнетақы жүйесі мәселесі сөз етіліп келеді. Біздің бір байқағанымыз бұған тек шенді-шекпенділер болмаса,қарапайым азаматтардың жүзінен «шаттық» сезімін көре алмадық. Қалың жұртшылықты елең еткізген осынау жаңалықты сөз етпеген жан,талқыламаған жиын жоқ-ау,сірә. Әйелдер қауымының жай-күйін көре білгендіктен, негізінен қазақтілді БАҚ,қалам ұстаған қауым мен ұлт жанашырлары шыр-пыры шығып жүр. Менің есіме орыстың көрнекті ақыны Е.Евтушенконың мына бір шумағы түсті,осыны оқырман назарына ұсынуды жөн көрдім.

«Как получиться в мире так могло,

  Забыв, про смысл ее первопричинный,

  Мы-женщину,мы-ее,

  Унизили до равенства с мужчиной..» Осы шумақты өздігімше аударғанымда төмендегіше болды:

«Қалай ғана таңғалмассың, бұл кепке,

  Мақтап-мақтап,сыйғызбастан жер-көкке.

  Міндетінен айырдық та, Әйелді,

  Біз оларды теңестірдік,еркекке..»

Сонау кеңестік дәуірде жазылған бұл өлең жолдары өзінің мәнін әлі жоғалтпағандай көрінеді. Қалай болғанда да, АНАларын ардақтай білген ел ретінде жақсылықтан үміт етеміз.

 Айтбенбетов Орынбек Орынбасарұлы

 Қарағанды облысы, Приозерск














13.03.2013, 1:07

Ұлт тілі

«ҰЛТ» порталының редакциясына                                        

Құрметті редакция!

Қоғамымызда ұлт тілі жайлы сан түрлі шаралар, жиындар өтуде, баспасөз бетінде көптеген мақалалар жазылуда, десек те мемлекеттік тіліміздің,ұлттық рухымыз бен діліміздің өзінің лайықты орнын ала алмай жүргенін қынжыла айтуымыз керек. Бұған кінәлі өзіміз десек,қателеспесіміз анық. «Ұлт болам десең,әуелі бесігіңді түзе»,-деп ұлы М.Әуезов айтқандай,біз барша істі отбасынан бастауға тиіспіз. Әрбір шаңырақта өз ана тілімізде сөйлеп,өз тілімізді дамытуға кім кедергі? Бұл тұста бізге ұлтжандылық пен ұлттық рух жетіспейді.

Әрине,еңсені езген енжарлық. «Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа,ең әуелі өз тіліңді дұрыста»,-деген өлең жолдары бізге арнап айтылғандай. Сірә,біздің ұлттың бойындағы рух,қасіретті Қаройда,Махамбеттің басы шабылғанда жоғалған тәрізді. Одан бері де жылжып жылдар өтті,сынаптай сырғып... Көкбөрінің көкжал ұрпағы,бүгінде тым бойкүйез болып,әлдінің аңысын аңдап,күштінің қабағын бағып күн кешетіндей.

Ұллтық рухымызды ұлықтауда «хас үлектен туған,қатепті қара нарларымыз» азайған тәрізді ме,қалай,-деп те қаласың. Дегенмен қазақ әдебиетінің қара нары Әбіштің, шындықшыл Шерханның, ұлт зиялысы А.Айталының, ұлт мақтанышы Тоқтардың,Фаризаның ірілікке шақырған үндеріне аға Мұхтар мен дара Мұхтардың, рух ауылын іздеп жүрген Сабыр Адай мен Серік Ақсұңқарұлының үні қосылып, әрбір жүрекке қуат беріп жүргені қуантады.

Сабыр Адайдың сөзімен «әр қазақ менің жалғызым»,-дейсің еріксіз. Сондықтан да әрбір қазақ азаматы өз отбасында,өз шаңырағында «Ұлың өссе ұлықтымен,қызың өссе қылықтымен ауылдас бол», «Ұлың ынтығып өссін,қызың тұншығып өссін», «Қызға қырық үйден тыйым, қала берді қара күңнен тыйым», «Келінім саған айтам,қызым сен тыңда»,-деген бабалар өсиетін жадынан шығармауы тиіс.

Ұлттық рухты,тілді дамытуда ақ кимешекті әжелер мен абыз ақсақалдардың рөлін ұмытпаған жөн. Себебі алыс пен жақын, жақсы мен жаман, ар мен ынсап, қайырым мен мейірім, ізгілік пен бауырластық сезімі киелі шаңырақтан бастау алады. «Аталар сөзі-ақылдың көзі»,- деуіміз де содан. Инабат пен имандылық нұры әрбір жүрекке от бергенде ғана ұлттық рух оянып,ұлт мүддесі жеке бастың мүддесінен жоғары тұрады. Осынау игілікті істе біз, ұлт мүддесі үшін,ұлттық рухты көтеруде қандай іс атқардым деген сұрақты өзімізге ұдайы қоюымыз керек-ақ. Кешегі Елбасы  Жолдауындағы «Әрбір қазақ қазақпен,қазақша сөйлессін»,-деген Елбасы сөзін де есімізден бір сәт те шығармағанымыз дұрыс. Бабалардан қалған

«Жердің құты күйінде болады,

Елдің құты биінде болады,

Ердің құты үйінде болады»,-деген сөздерімен өз ойымды қорытындылағым келеді.Ұлттық рухымызды ұран етіп,тілімізді тұғыр ете білейік,ағайын!

Қарағанды облысы, Приозерск қаласы

Құрметпен Айтбенбетов Орынбек Орынбасарұлы








15 (1008), 15-21 сәуір, 2010 ж,
"Ана тілі" Ұлт газеті

«Жаулыбай мен қыздың сөз қағысуы»

...Жаулыбай атамыз жастау кезінде жолдастарымен бірге ел аузына түскен мақтаулы қызды көруге аттаныпты. Бір ауылға жақындай бергенде ауыл иттері үріп,алдынан шығады. Еріккен жігіттің бірі итті қамшымен тартып жіберіпті. Ит қыңсылап, бір үйге қарай қашады. Сол мезетте үйден көрікті бір қыз шығып, итті сипап тұрып айтқан екен: Ағасы ұрар, інісі жылар, жыласа да шыдар. Жолдасы жаман жігіттің сағы сынар. Мұны құлағы шалған Жаулыбай жолдасын қамшымен тартып жіберіп: -Жаман болса жолдас, ісің сірә,оңбас, Айып етпе,қарындас,қайтпасам елге болмас,- деп кері бұрылыпты. Бұл сөз қадірін ұғынып, әдептілік танытқан тектілік емес пе?. («Ана тілі» газеті,№15 (1008),15-21 сәуір,2010 ж, Айтбенбетов О.)

«Жаулыбайдың қызға айтқан сыны»

Қыз таңдап, ел аралап жүрген Жаулыбай жігіт бір ауылда асқан сұлу қыз барын естіп, сынап көрмек боп, жолға шыққан. Қыздың аулы бір тегістікте орналасқан екен. Әне-міне дегенше сәске мезгілінде, қой сауар уақытта ауылға жетіп келеді. Шеткі бір үйден бір қыз шелегін алып, жатақтағы қойға барады. Жігіттер мұны көріп келе жатады. Қыз бара сала қойды аяғымен теуіп тұрғыза бастайды, бірақ қойлар тұра қоймайды. Қыз кілт бұрылып, шелегін босағаға тастай сала үйіне кіріп кетеді. Іле-шала бір жігіт шелекті ала сап, қойларды сипап тұрғызып, сауа бастайды. Сонда Жаулыбай жігіт былай депті:

Шеткі үйден бір қыз шығып,қарашалау,

Жатақтағы қойды тепті, бара сала-ау.

Ер кісі шелек ұстап, қой сауып жүр,

Бұл қыздың несі оңсын, ағасы анау. Осылайша Жаулекең нөкерлерімен ауылға түспей, кері қайтқан екен. («Ана тілі» газеті, №15 (1008), 15-21 сәуір, 2010 ж, Айтбенбетов О.)




№24 (1017), 24-30 маусым, 2010 жыл,.)

Асан палуан мен Әбдірейім би

Асан Темірбайұлы әрі палуан, әрі бай болған екен. Ол кісінің бота-тайлағын есептемегенде, 500 нар түйесі болған, уақ малдан өзге едәуір жылқысы болыпты. Ол кісі күш-қайраты басым болғандықтан, түйелерін қауғамен бір өзі-ақ суарады екен. Түйелерді батпақтан, құдықтан тартып шығару, жараған бураны иықпен қағып, құлатып, тіздеп тастау секілді жұмыстарды ешкімнің көмегінсіз өзі атқара беретін көрінеді. Жасында жиын-тойда күресіп жүрген, кейін ағасы Жаулыбай болыс болған соң, бұл өнерді тастап, түйе тұқымын асылдандырумен айналысқан. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарына дейін «Асанның қызыл нарының тұқымы» делінетін алып нарларды әкем Орынбасар Әйтпенбетұлы өз иелігінде ұстағанын көзіміз көрді. Сол Асан палуан бір баласы Мұсаға Шөмекейдің Жолай руындағы Әбдірейім бидің қызы Райханды айттырып, қалыңмалын төлеп қояды. Бірақ жазмышқа дауа бар ма, Мұса базаршылап кетіп, сонда «бадаба» деген аурумен ауырып, дүние салады. Мұсаның жылы өткен соң, Әбдірейім би Асан палуанға келіп, қызына рұқсат беруін сұрайды. Ол кезде Мұсадан кейінгі інісі Иса 9-10 жасар бала екен, ал қалыңдық 18-19-дағы бойжеткен еді дейді. Асан палуан келіспейді. Әбдірейім би: «Онда қайтадан қалыңмал төлейсің»,-деп шарт қояды,себебі қызға құда түсушілер көп болса керек. Бұл шартына Асан келіседі. Әбдірейім би: «Олай болса, қалыңмалға 40 қызыл нарды өзім таңдап аламын»,-депті. Кім білсін, бай екі мәрте қалыңмал төлеуден бас тартар деді ме екен. Бірақ дәурені жүріп тұрғанда оған көнетін Асан ба? «Дәл қазір нарыңды таңдап ал»,-депті мәрттік танытып. Сонда Асанның мәрттігіне таңғалған Әбдірейім би: «Асан нардан безді, мен ардан бездім»,-деген екен. («Ана тілі» газеті, №24 (1017), 24-30 маусым, 2010 жыл, Айтбенбетов О.)



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!