СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 29.07.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Образец протокола

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

В этом материале образец протокола по переводу казахского языка на латиницу 

Просмотр содержимого документа
«Образец протокола»

Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру туралы түсіндіру жұмыстарының

12 хаттамасы


Арқалық қаласы 9-13.10.2017 ж.


Қатысқандар саны:

Қала әкімі – Амантай Балғарин

Қалалық мәслихат хатшысы – Гүлбану Елтебаева

Қаланың құрметті азаматы – Хамит Досжан

Ел ақсақалы, шежіреші – Орекен Алмат

Қалалық тілдерді оқыту орталығының әдіскері – Ж.Муханбетжанова

Ы.Алтынсарин атындағы гимназия – 500

УК161-12 түзеу мекемесі - 90

Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп - 160

А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектеп - 150


Күн тәртібінде:


  1. Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласындағы латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде түсіндіру жұмыстары.

Тыңдалды:

Қала әкімі – Амантай Балғарин:

Мемлекет көшбасшысы Н.Назарбаевтың аталған құжаттағы алға қойған міндеттерінің бірі «Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшу» жайы мен «Үш тұғырлы тіл» саясатын қолдау мақсатында қаламызда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Соның айғағы ретінде білімнің қара шаңырағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназия мен №2 жалпы білім беретін орта мектепте кейбір пәндердің ағылшын тілінде жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Сонан соң келешек ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беріп жүрген ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады.

Қалалық мәслихат хатшысы – Гүлбану Елтебаева:

Бүгінгі күні қоғам арасында қызу талқыға түсіп, өзіндік қолдау тауып жатқан Елбасы мақаласы Қазақстанның ең мықты озық 30 елдің қатарына қосылуды көздеуде бірқатар нақты міндеттер мен жобаларды жүзеге асыру керектігін жүктейді. Қазіргі таңда ең басты өзекті мәселе – ол қазақ әліпбиінің латынға ауысу жайы. Бұл дегеніміз – ең алдымен, қазақтың төл дыбыстарының өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктерін, тілдік қасиетін сақтап қалу деп түсінгеніміз абзал. Мемлекет басшысының жүктеген бұл міндеттерін еліміздің жарқын әрі ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу үшін жасалып жатқан игі шараларының бірі деп түсіну керек.

Ел ақсақалы, шежіреші – Орекен Алмат:

Сонау 1929-40 жылдарда латын қарпімен оқып, жаза алған аға буын өкілдеріне бұл жаңалық ешқандай қиындық тудырмайды. Ал жастар қауымы үшін ағылшын тілін үйренуге деген талпыныс қандай болса, латын қарпіне деген ұмтылыс одан кем болмайтыны белгілі. Тек қазіргі ғалымдар мен тіл мамандарының ұсынып жүрген әліпби нұсқалары 2 жолмен жасалуда. Оның бірі – диграф, екіншісі – дискриптор арқылы. Жаңа әліпбидің негізгі нұсқасы ұсынылғанда, әрбір еліміздің азаматы қандай жағдайда болса да, заман көшіне ілесу үшін оқып-меңгеруі тиіс.

Қаланың құрметті азаматы – Хамит Досжан:

Тәуелсіз қазақ елінің жазу тарихы да өзінше ерекше. Себебі, руна жазулары, араб, латын қаріптері мен орыс графикасына негізделген әліпбиілерді меңгерген ел үшін латын қарпіне негізделген қазақтың жаңа әліпбиін құрастырып шығару деген үлкен шаруа. Одан бөлек, ұлт көшбасшысының бұндай шешім қабылдауы бекерден-бекер емес. Ел болып, еңсемізді тіктеп дамыған елдердің қатарына еніп, дамуға жеткізетін сара жол деп түсіну керек.

Қалалық тілдерді оқыту орталығының әдіскері – Ж.Муханбетжанова:

Өздеріңізге белгілі, 2017 жылдың 12 сәуірінде елбасы Н.Әбішұлының нақты міндеттер мен жобаларын ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық құжаты жарық көріп, бүгінгі таңда қоғамның талқысына түсіп, өзіндік қолдауға ие болуда. Ғылым мен техниканың дамыған заманында латын әліпбиіне көшу көп жағдайда оң нәтижелерін беретіні сөзсіз. Қазақ елінің дамыған 30 елдің қатарына енуін көздеген тұста мемлекеттік тіліміздіің де алатын орны орасан зор екенін естен шығармағанымыз тағы абзал. Осы орайда, латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиіне деген қарапайым халықтың көзқарасы оң болуы керек.

Ел тізгінін ұстаған мемлекетіміздің ертеңі саналатын жастардың аталған мәселеге деген көзқарасы ашық әрі саналы түрде көрсетіліп, ұтқыр да ұтымды пікірлер ортаға салынды.

Кездесуге қатысқан мекеме қызметкерерлері мен мектеп оқушыларының тарапынан «Қазақ тілі латынға ауысса, түрік тіліне ұқсап кетепей ме?», «Ресми тілдің жағдайы, Ресей елмен қарым-қатынасқа сызат түспей ма?», «Барлық бүгінгі күнге дейінгі құнды құжаттарымыз латын тіліне аударыла ма» деген сынды сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Жалпы, барлығы латын әліпбиіне көшу мәселесін қолдайтындықтарын білдірді.



ШЕШІМ:

1. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы басшылыққа алынып, қазақ жазуының латын қарпіне көшуге байланысты жүргізілетін түсіндіру жұмыстарының жалғасуы қадағалансын.

2.1. Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру тілдерді оқыту орталығының әдіскері Ж.Муханбетжановаға жүктелсін.

2.2. Барлық түсіндіру жұмыстарының өткізілгені жайлы мәліметтер мен фотосуреттері «Рухани жаңғыруға» арналған әлеуметтік желілерге жариялансын.

3.1. Барлық өткізілген жұмыстар туралы ақпараттар, суреттер және мақалалар облыстық тілдерді дамыту басқармасына жіберілсін.

3.2. Ақпаратты жіберу мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Жұмабаеваға жүктелсін.




Төрағасы ___________________ Маметеков Е.Ж.

(жеке қолы)

Хатшы ___________________ Муханбетжанова Ж.М.

(жеке қолы)


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!