СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекетінің бірі ойын болып табылады.

Просмотр содержимого документа
«Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті»

Еслямова Динара Талгатовна

«Үш жастағы балалардың дағдарыстан шығу жолдары- ойын»

Мектепке дейінгі ұйымдарда көп кездесетін мәселелердің бірі – ол баланың дағдарыстан шығуы. Жалпы дағдарыс сөзіне келетін болсақ, ол мектепке дейінгі әрбір балаланың бойында кездесетін психологиялық дағдарыс болып табылады. Айта келе, мен балалардың үш жастағы дағдарысын қарастырған блатынмын. Үш жастағы дағдарысты негізгі үш кезеңге бөлуге болады:

Бірінші кезең -Қасарсу. Осы мәселенің мәнін ашып көрсетуде біріншіден, дағдарыс баланың бойындағы мұндай жағымсыз қылықтарын оның тіл алмай, қасарысуынан айыра білу қажет. Баланың жағымсыз қылықтары ересектердің қойған талаптары мен айтқандарының бәріне қарсы шығады.

Екінші кезең- Қырсығу. Қырсығу дегеніміз, сәбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан қасарыса қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана қасарысады. Ол өз талабының орындалуын тілейді.

Үшінші кезең- Қыңырлық. Қыңырлық дегеніміз,ол баланың өз айтқанынан қайтпау. Ересектерді тыңдамау,өзінің қалайтын істерімен айналысу болып табылады. Үш жастағы дағдарыс ол бірнеше жылға созылуы да мүмкін. Дағдарыстан баланы арылту үшін,бірнеше әдіс-тәсілдер ойластыру қажет. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «ойын ойнап,ән салмай өсер бала бола ма?»деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.Мен мектепке дейінгі балалардың дағдарыстан шығу жолдарының бірі-ойын деп санаймын. Ойын -мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал тигізетін жетекші басты құралдардың бірі.

Баланың бірінші әрекеті ойын сондықтан да оның мәні ерекше.Ойын адамның өмірге қадам басар дағы алғашқы қадамы. Себебі ойын бала өмірінде ерекше роль атқарады. Ойын арқылы бала жан-жақты дамиды,сөздік қоры молаяды,жаңа сөздерді меңгереді,қоршаған ортаға тез бейімделеді,достарымен еркін қарым-қатынас орната алады,отбасы мүшелерін құрметтеуге үйренеді. Жас баланың өмірді танып ,еңбекке қатынасы психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.Қай ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде ойын баланың жетекші әрекеті деген сипаттама береді.Өйткені баланы ақыл –ой жағынан да,дені жағынан да дамытады.Баланың ой-өрісін өрбітіп,бойын өсіреді.Ойын баланы рухани адамгершілікке тәрбиелеудің негізі болғандықтан әрбір тәрбиеші ұстаз оқыту мен тәрбие берудің үнемі мазмұны ойын элементтерімен толықтырып отыру керек.Жалпы бала шаршаған кезде де ,зеріккен кезде де, ойнайды. Табиғи заңдылыққа сүйенетін болсақ,бала күні бойы ойнайды. Өткені сабақтан гөрі балаға ойын қызығырақ. Мектепке дейінгі ұйымдарда біз балалардың жас ерекшелігін ескере отырып ойындарды ұйымдастырамыз. Ойнатпаз бұрын, біз ең алдымен балаларды ойынға қызықтыруымыз керек. Мысалға ойын түрлері көп. Ал баланың жас ерекешелігін,қызығышылығын ескере отырып, оларға ойындарды ұсынамыз.

Балабақшада жиі қолданатын ойын түрлері:

-Қимылды ойындар

-Дидактикалы ойындар

-Сөздік ойындар

Осы ойындарды балаларға ұсыну арқылы біз үш жастағы дағдарыстан арылта аламыз.

Мектепке дейінгі ұйымдарда үш жастағы дағдарыстан шығуға мыңа ойындарды қолдануға болады.

«Поезд»

Ойынның мақсаты:балалардың икемділігін,жылдамдығын арттыру.

Ойынның барысы:тәрбиеші балаларға ойынның барысын түсіндіреді.Тәрбиеші балаларға мен поезд боламын ,ал сендер менің вагондарым боласындар.Қанеки балалар барлығымыз сапқа тұрып Поезд боламыз.Қанеки балалар кеттік: Чу-чу-чу.Жарайсыңдар,балалар қандай әдемі біздің поезд.Сапты бұзбаймыз.

«Ойыншықтарды жинайық»

Ойынның мақсаты:балаларды ұжымдыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Ойынның барысы: шашылып жатқан ойыншықтарды жинау.Әрбір балалармен жеке жұмыс жасау. Әрбір баламен ойыншықтарды жинау кезіңде балалармен әңгімелесу,әрбір ойыншықтарды орнына салу керек екендігін айтып,балалар ойыншықтарды өздерінің қорапшаларна салғандығын бақылау.

Шапалақ ұру!

Мақсаты: Балаларды шапшаңдылыққа,икемділікке баулу.

Ойынның барысы: Тәрбиеші сөздерін айтып шапалақ ұрады.

  • Шапалақ ұрамын, мен жақсы баламын! Шапалақ ұрамыз, біз жақсы баламыз!

  • Сосын балаға өзімен бірге шапалақ ұруын ұсынады: - Ал қане енді бәріміз бірге шапалақ ұрамыз.

Егер бала педагогтің іс әркетін қайталамаса, жай қарап отырса, баланың алақанын өз алқанына қойып шапалақ ұрып көрсету керек. Егер бала қарсылық танып жатса, зорламау керек, келесі жолы өз ынтасын көрсетуі мүмкін.

«Қуыршақ»

Мақсаты: Баланың үлкендермен қарым-қатынасты нығайту.Достыққа,мейірімділікке,адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдары: қуыршақ Маша

Ойынның барысы: Педагог балаларға байқатпай қолына қуыршақтың маскасын киеді, сосын ойынды бастайды. Қуыршақ баланың қасына келіп еңкейеді.

  • Мен қуыршақпын, көңілді ойыншықпын! Сәлем! Сәлем!

Сосын қуыршақ баламен амандасады, оның қолын алады.

  • Кел амандасайық! Қолыңды бер!

Осыдан кейін қуыршақ әр түрлі іс әрекеттерді орындайды: шапалақтайды, билейді, ән айтады, балаларға осы әрекеттерді қайталатып отырады.

  • Қане шапалақ ұрайық –хлоп-хлоп-хлоп. Мен қазір ән айтамын: ля-ля-ля! Ля-Ля-Ля!

Сосын қуыршақ тығылып қалады, қайтып шығады. Ойын соңында ойыншық қоштасып қайтады.


А.С. Макаренко былай деп жазған: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайратткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады»








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!