Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау Психологиялық дайындық: «Алақан» Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымдықарым –қатынасты орнату. Көрнекілігі: ақ парақ, қарандаш.Жүргізілуі: оқушы өзінің алақаның ақ парақты түсіреді. Алақан бейнесінің ортасына өз аттарын бас әріппен жазады. Кейін ол өз алақаны бейнеленген қағазды , көршісіне береді, олкөршісі парақтағы бейненің бір саусағына алақан иесіннің жақсы қасиеттерін жазып, суретті әрі қарай жалғастырады. Парақ қағаз өз иесіннің қолына тигенде тренинг аяқталады. Тренинг аяқталған соң әр топ мүшесіне өз алақаны таратылып беріледі. «Бинго» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. 16 – сұрақ. Компьютерлік ойын дегеніміз не? Жауабы: ойнауға арналған компьютерлік программа. 5-сұрақ. Идея дегенімі не? Жауабы: бұл нақты әрі көрнекі бейнелерге негізделген ой 7-сұрақ. Ойыншылар саны бойынша қалай бөлінеді? Жауабы: жеке, бірнеше. 10-сұрақ. Компьютерлік ойындар қандай бағдарлама бойынша іске асырылады. Жауабы:Scratch 14-сұрақ. Компьютерлік ойындарда болатын дыбыстардың неше түрі бар және қандай? Жауабы: 3 түрі бар. Сөйлесу, дыбыстық эфектілер, музыка. 1-сұрақ. Сахна дегеніміз не? Жауабы: Кеңістік, ойын алаңы. Оқиғалар осы сахнада орындалады. 4-сұрақ.Компьютерлік ойын мен мультфилмнің айырмашылығы неде? Жауабы: біз ойында тек сырттан бақылап қана қоймай, барлығын өзіміз істейміз, ал мультфильмде біз тек сырттан бақылаймыз. 11-сұрақ. Алгоритмнің графикалық түрде берілуін қалай айтамыз. Жауабы: блок-схема 20 сұрақ. Анимация дегеніміз не? Жауабы: графика мен объектілердің қозғалысы 18 сұрақ.Берілген сұрақтардың ішіндегі қай сұрақ ойынның сценарийін жасауда қолданылмайды? Кім? Не? қайда? қалай? қайсы? кіммен? Немен? Жауабы: қайсы? Дескриптор: Берілген сұрақтарға толық әрі нақты жауап бере алады. Қалыптастырушы бағалау: « Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау |