СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ойыншық дүкені"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөйлеуді дамыту "Ойыншық дүкені" тех карта

Просмотр содержимого документа
«"Ойыншық дүкені"»

Жұлдыз» ІІ кіш тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 18.01.2017ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Ойыншық дүкені» ( дидактикалық ойын).

Мақсаты: Балаларды сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіме құрастыра білуге машықтандыру. Сапа және әрекетті білдіретін сөздерді қолдануға ынталан­ды­ру (ақ, жұмсақ қоян, үлкен, мейірімді мысық секіреді т.б.). Ойыншықтардың атауларындағы «б», «п» дыбыстарын дұрыс айтуға жаттығуды жалғастыру.Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға үйрету.

Көрнекіліктер:Дүкендегі ойыншық түрлерінің суреті.

Сөздік жұмыс: аю, ит.

Қостілділік компонент: аю-медведь, ит-собака.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі бірге қосылып айтады:

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықты жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.


Өлең жолдарын хормен қайталайды.


Ұйымдастырушылық-

ізденістік

– Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?

– Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?

– Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

20 демонстрациялық материал­дағы сурет бойынша жұмыс:

– Қандай әдемі дүкен! Дүкенде қандай ойыншықтарды көріп тұрсыңдар?

– Динараға тек қана үлкен ойыншықтар ұнапты.

– Балалар, үлкен ойыншықтарды кім атап көрсетеді?

Үлкен ойыншықтар: Скуби-Ду, Гарфилд, Панда.

– Осы ойыншық аттарын бірге қайталайықшы?

– Скуби-Ду – ит, Гарфилд – мысық, Панда – аю.Тәрбиеші ойыншықтарды атағанда «б», «п» дыбыстарына мән беріп қайталатады.

– Динара осы ойыншықтардың ішінен Скуби-Ду итін таңдады.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Ойыншықтардың арасынан Спанч Бобтың, үрпек Винни және Панданың суреттерін табу.

Сергіту сәті:

Оңға, оңға түзу тұр.

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

«Дүкендегі кезек» дидактикалық ойыны.

Тәрбиеші ойыншықтарды қаз-қатар тізіп, сатушы болып отырады,балалар кезекке тұрып, ұнаған ойыншықтарын сатып алады.

– Бар.

Балалардың жауабы тыңдалады.

– Ойыншықты ұқыпты, таза, сыңдырмай ұстау керек.



Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, дүкендегі ойыншықтарды атайды.

– Үлкен ойыншықтар: Скуби-Ду, Гарфилд, Панда.


Балалар ойыншықтардың арасынан Спанч Боб, Панда және үрпек Винниді табады.Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.

Ойын барысында он шақты бала кезекке тұрып, сатушыдан ұнаған ойыншығын сатып алады.

Рефлексиялық-

түзетушілік

– Балалар, бүгін біз Динараға қандай көмек көрсеттік?

– Оған қандай ойыншық таңдап бердік?

– Өзімізге қандай ойыншықтар ұнады?

– Біз қандай ойын ойнадық?



Балалардың жауабы тыңдалады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қысқаша әнгіме құрастыруды;

Игереді: ойыншықтардың атауларындағы дыбыстарды дұрыс айтуды

Меңгереді:дидактикалық ойын ойнауды.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!