СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ойыншықтар достығы тех карта

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөйлеуді дамыту "Ойыншықтар достығы" тех карта

Просмотр содержимого документа
«Ойыншықтар достығы тех карта»

Жұлдыз» ІІ кіш тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 16.11.2016ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Ойыншықтар достығы»

Мақсаты:Ойыншықтар және олардың достығы туралы қысқа сюжеттік әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. «Қ» дыбысының дұрыс ай­тылуын бекіту.Өзара татулық сезімдерін дамыту.Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар:суреттер, ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: маймыл-көжек.

Қостілділік компонент: маймыл-обезьянка, көжек-зайчик.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.


Тәрбиеші балалармен достар, достық туралы әңгімелеседі.





Өлеңді тәрбиешімен бірге қосылып қайталайды.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

– Балалар, сонымен, достар бір-біріне әрдайым көмекке келіп, қолындағысымен бөлісетін, тату, сүйіспеншілігі мол, бір-бірін сыйлайтын жандар екенін айттық. Енді сендермен «Ойыншықтар достығы» шығармасын тыңдап көрейік.

Ертеде сұлу, әдемі қуыршақ болыпты. Ол өз әдемілігіне масаттанып, басқа ойыншықтармен ойнамапты. Достары: аюдың баласы – қонжық, қоянның бала-сы – көжек, маймыл, («Қ» дыбысының анық айтылуына мән беру керек) оны ойнауға шақырса, бармапты.

Бір күні қатты жел соғып, қуыршақ еденге құлапты. Оның әдемі көйлегі жыртылып, қатты жылапты. Оны байқаған ойыншықтар не істепті?

– Маймыл не істеді?


– Көжек қалай көмектесті?


– Ал қонжық ше?

– Қуыршақ не себепті өзін танымай қалады?

Доссыз өмірдің қызық емес екенін ұғады. Осыдан соң қуыршақ менмендігін ұмытып, сұлулығына мақтанбай, достарының барын қуана айта жүріпті.

Қане,балалар мына сөздерді қайталайық:

Маймыл-обезьянка.

Көжек-зайчик.

Сергіту сәті:

Санайық жаңаша,

Бір, екі, үш!

Желбіре, жалауша,

Достықта біздің күш!


«Менің досым» ойыны.

Шарты: балалар шеңбер құрып тұрады. Тәрбиеші допты лақтырып, кезек-кезек балаларға сұрақ қояды (қойылатын сұрақтарды алдын ала дайындап қояды).

– Сенің досың кім?

– Сен досыңды жақсы көресің бе?

– Досыңа қалай көмектесесің?

Балалар бір-бірімен дос болып, қолындағы ойыншықтарымен бөлісетінін, тату ойнайтындарын айтады.










Шығарманы тыңдайды.



– Қуыршақты аяп кетіпті.


– Көйлегінің жыртығын тігіпті.

– Шашын сәндеді.

– Ол басынан сипап жұбатыпты.

– Қонжық болса, қуыршақты жерден көтеріп, орындыққа отыруына көмектесіпті.

Маймыл-обезьянка.

Көжек-зайчик.

Қимылын келтіріп, жаттығуды орындайды.




Допты ұстап, сұрақтарға жауап береді. Кейбіреулеріне педагог көмектеседі.

Қимылмен көрсетеді.

Ойын ойнап, сұрақтарға жауап береді.


Рефлексиялық-

түзетушілік

– Балалар, біз бүгін «дос», «достық» деген ұғымдармен таныстық. Достар қашанда бір-біріне көмектесіп, бірге ойнайды екен.






Балалардын жауабы


Достық туралы түсінгендерін айтады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қысқа сюжеттік әңгіме құрастыруды;

Игереді: достық, ұйымшылдық дағдысын;

Меңгереді:бір-біріне көмектесу дағдысын.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!