СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ойыншықтар көрмесі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ортанғы топ бойыша сөйлеуді дамыту. Ойыншықтар көрмесі

Просмотр содержимого документа
«"Ойыншықтар көрмесі"»

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средный группе

Өткізу күні / Дата проведения:17.02..2020

Тәрбиеші / Воспитатель :Смағұл П.А

Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуниация

Пән / Предмет: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Табиғат әлемі»

Тақырыбы / Тема: «Ойыншықтар көрмесі»

Мақсаттары / Цели

1. Тәрбиелік- воспитательная: Көрме ұйымдасттыруға деген балалардың сүйіспеншілігін тәрбиелу.

2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың ойыншықтары неден жасалатыны туралы білімдерін қалыптастыру (ағаш ,темір,пластмаса, резинка)

3. Оқыту – обучающая : Ойыншықтар көрмесі туралы түсініктерін дамыта,қолдану тәртібіне қарай топтарға бөлуге жаттықтыру

Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение :  ғажайып қоржын, резеңкеден жасалған, темірден жасалған, ағаштан жасалған, матадан жасалған ойыншықтар

Билингвалдық компонент: ойыншықтар – игрушки, доп – мяч, қуыршақ – кукла, мұнара – пирамида


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

(Ғажайып сәт)

«Ғажайып қоржын» ойыны. Балалар бұл қоржында не бар екен?

Қане Санжар келе ғой, қоржыннан бір затты алып көрші.

Бұл не екен?

Бір- екі баланың көзін жұмып ойыншықтарды ажыратып айту.

Балалар қоржыннан қандай ойыншықтарды көріп тұрсыңдар?

-Ойыншықтар бізге не үшін қажет?

2.Негізгі бөлім

Әңгімелесу.

Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?

Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?

Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

Жеке жұмыс: Бағлан айтшы сен қандай ойыншықты жақсы көресің? Неліктен?

Кәне, үлкен ойыншықтарды бізге кім атап береді?

Балалар қараңдаршы, біздің тобымызда ойыншықтар өте көп. Балалар, ойыншықтар әр түрлі болады және әр түрлі материалдардан жасалады. Мысалы, қуыршақ ол жеңіл, өзі әдемі ол пластмассадан жасалған.

Билингвалдық компонент: қуыршақ – кукла

-Ал мына біздер түрлі заттар құрастырып ойнайтын кубиктер олар ағаштан жасалған.

-Ал мына біздер түрлі заттар құрастырып ойнайтын кубиктер олар ағаштан жасалған.

-Мына кішкене ойыншықтар олар сувенирлер деп аталады. Олар шыныдан яғни әйнектен жасалған. Сонымен қатар резинкадан жасалған ойыншықтар да болады.

-Ал мынау не? – Доп.

Билингвалдық компонент: ойыншықтар – игрушки, доп – мяч

Доптың пішіні қандай? Кім айтады?

— Дөңгелек.

— Түсі қандай? – Көк.

— Доп туралы тақпақ білеміз бе?

«Добым»

Добым, добым домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкемді сындырдың.

Тентек болып кеттің деп,

Келіп тұрмын тепкім кеп.

Сергіту сәті

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ.

Қуыршақтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Ал, қозы мен құлыншақ

Ұйықта десең ұқпайды.

-Ал мынау не?( мұнара)

-түстері қандай?(қызыл,сары, көк)

Билингвалдық компонент: мұнара – пирамида

Қане осы мұнараны құрастырып ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Мұнара құрастыру»

Мына керемет ойыншықтар барлығы балалар үшін жасалған. Олар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Ойыншықты қандай материалдардан жасайды екен?

Ойыншықтарды қалай ұстау керек екен?

Ия, дұрыс айтасыңдар, ал топта ойнағанда таласпай бірге ойнауымыз керек. Себебі топтағы ойыншықтар бәрімізге ортақ екен.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!