
Кенесары ?асым?лы атында?ы №33 жалпы орта мектеп
Мектепішілік «Саба?тар шеруіндегі»
?здік шебер саба?ы:
«О?у ?рдісіндегі
кіріктірілген
саба?ты? тиімділігі»
П?ні: бейнелеу ?нері
П?н м??алімі: Алимова
Г?лнар Сейтбековна
Пед.?тілі: 27 жыл
Санаты: Жо?ары
Мекен-жайы: Самал-1 м/а,
Айнаб?ла? к?шесі, №314
Сымтетігі: 87023394636
Шымкент ?аласы
О?у ?рдісіндегі кіріктірілген саба?ты? тиімділігі
Алимова Г?лнар Сейтбековна
Шымкент ?аласы, Кенесары ?асым?лы
атында?ы №33 жалпы орта мектеп
Бейнелеу ?нері п?н м??алімі
О?ытуды? жа?а технологиясы — о?ытуды? тиімді ?діс-т?сілдерін ?олдануды, о?ытуды? ?р т?рлі ?дістері мен формаларын біріктіруді, о?у материалын тиімді пайдалануды, о?уды? сапасына білім мен біліктілікті ж?йелеуді ж?зеге асырады. Еліміз ?ркениетті елдер ?атарына ?осыламыз деп ?арыштап ?адам басып жат?ан т?ста, білім ж?йесіне де ты? ?згерістер енуде. ?аза?стан Республикасыны? «Білім беру туралы» За?ында: «Білім беру ж?йесіні? басты ма?саты – ?лтты? ж?не жалпыадамзатты? м?дени ??ндылы?тар негізінде жеке т?л?аны? ?алыптасуына ?ажетті жа?дай жасау» делінген. Осы ба?ытта ж?мыстану ?шін білім сапасын арттыру ісіне ерекше м?н беру ?ажеттілігі артады. Сапалы білім беру педагогтарды? шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалы? шеберлік пен іскерлікті дамытуда жа?а технологияны ?олдануды? ма?ыздылы?ы зор. О?ытуды? жа?а педагогикалы? технологиясы — о?ытуды ізгілендіру, ?зін-?зі дамытып, т?рбиелей білетін, заман а?ымына ілесе алатын к?сіби, білікті, жан-жа?ты жеке т?л?а ?алыптастыруды ма?сат етеді. О?ушыларды? к?сіби білім сапасын арттырумен бірге ?з ?абілетіне ?арап, ?зін-?зі дамыта отырып, ?зіне сын к?збен ?арау?а м?мкіндік береді. Танымды? белсенділігін арттырып, шы?армашылы? ?абілетін дамытады.Кіріктірілген білім ба?дарламасыны? ал?а ?ой?ан ма?саты ай?ын, ба?дары ж?йелі. Зиялы азаматты – сана ?леуеті жо?ары дамы?ан, сын т?р?ысынан ж?не жа?ашыл ойлай білетін, рухы мы?ты, ?з білімін ?о?амны? ал?а басуына ж?мсай алатын адамды т?рбиелеуге ?мтылады. Аталмыш білім беру ба?дарламасында т?рбие мен о?ыту ажырамас байланыста болады.
Кіріктірілген ба?дарлама бірнеше ??ндылы?ты негізге алады. Олар:
· ??рмет;
· ?ріптестік;
· азаматты? жауапкершілік ?алыптастыру;
· ашы?ты?;
· ?мір бойы білім алу.
На?тыра? айт?анда:
· сын т?р?ысынан ойлау;
· білімін шы?армашылы?пен пайдалана білу;
· зерттеушілік да?дылары;
· АКТ да?дылары;
· топта ж?не жеке шебер ж?мыс істей білуі;
· коммуникативтік да?дылары (тілдік да?дыларын ?оса ал?анда);
· ?ойыл?ан міндеттер мен к?рделі м?селелерді шеше білу да?дылары секілді бірнеше да?дылар ?алыптасады.
Кіріктірілген білім беру ба?дарламасын табысты ж?зеге асыру ?шін белсенді о?ыту, командалы? о?ыту, п?ндік-тілдік кіріктірілген о?ыту, озы? педагогикалы? ?дістерді ?олдану талап етіледі.
Кіріктірілу – б?л бір о?у мазм?ныны? ?р т?рлі салада?ы жан-жа?ты білімдермен то?ысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген саба?тар о?ушы?а ?лем туралы, заттар мен ??былыстарды? ?зара байланыстары туралы бірт?тас ма?л?мат береді, олар ??рылысы бойынша белгілі ?алып?а сыймайды, сондай-а?, о?у са?аттарын барынша ?немді пайдалану?а м?мкіндік береді. Осы тектес саба?тарда о?ушыларды? бейнелі ой-?рісі дамып, п?нні? жалпы мазм?нын ?мірмен байланыстыру ар?ылы шы?армашылы? м?мкіндіктері ашылады. Кіріктірілген саба?тарды? ??рылымы на?тылы?ымен, сыйымдылы?ымен, орамдылы?ымен, саба?ты? ?р сатысында?ы о?у материалыны? логикалы? ?зара келісімімен, материалды? зор а?паратты? м?мкіндігімен ерекшеленеді.
О?у ?рдісінде п?ндерді кіріктіре о?ыту:
-ерекше дарынды о?ушылар?а м?нді де саналы о?у?а;
- саба? ??рылымында проблемалы? жа?дайлар ?лесін ?л?айту?а;
- жеке т?л?аны? зерттеушілік типін ?алыптастыратын о?ушыны? ойлау ?рекетін белсендіруге;
-о?ушы?а бір мезгілде ?рекетті орындауда барлы? ма?сат ?оюдан н?тижеге дейінгі барлы? процесіне ба?ылау жасау?а;
-білім берушілік, дамытушылы? ж?не танымды? ?шбірлікті ?стазды? шексіз шы?армашылы?ы т?р?ысынан ж?зеге асыру?а;
-саба?ты? а?паратты? сыйымдылы?ын арттыру?а;
-о?ушыларды? у?ждемесін арттыру?а, оларды? о?у-танымды? ?рекетін белсендіруге, шарша?андары мен ?ажуларын азайту?а;
-саба? ?рдісінде ?тілетін та?ырыпты? адам ж?не ?о?ам ?мірімен тікелей байланысына м?н беруге;
-о?ушыларды? шы?армашылы? ойлауын дамыту?а;
- оларды? ал?ан білімдерін ?мірде ?олдана білулеріне к?мектеседі.
?лемде білім беру ісіні? н?тижесін ба?алай білуді? ?зіндік т?жірибесі ?алыптас?аны белгілі. Б?л ретте біз ?шін о?ушыны? ?аншалы?ты білім ал?анды?ы емес, оны? ал?ан білімін ?мірлік т?жірибеде ?аншалы?ты пайдалана алатынды?ы ма?ызды болып отыр. Ал бізді? еліміздегі білім ж?йесінде басым жа?дайда о?ушылар ?здеріні? ал?ан теориялы? білім де?гейімен ба?аланып, сонымен ?ана шектеліп жататыны белгілі.
?лемдік ?ркениет жолында?ы ?здіксіз даму кезе?інде білім мен ?ылым?а баса назар аудару ?зекті м?селелерді? бірінен саналады. Елбасымыз Н.?.Назарбаевты? ?аза?стан хал?ына «Б?секеге ?абілетті халы? ?шін», «Б?секеге ?абілетті экономика ?шін» жолдауында: «Білім берудегі жа?алы? – ?аза?станны? б?секеге на?тылы ?абілеттілігін ?амтамасыз етуге м?мкіндік беретін аса ма?ызды ??ралды? бірі» -делінген. Немесе б?л орынды пікірді Елбасымызды? та?ы бір: «Тере? білім – т?уелсіздігімізді? тірегі, а?ыл-ой – азатты?ымызды? алдаспаны» - деген пікірімен жал?ау?а болады. ХХІ ?асыр бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын ?асыр.
Келешек ?рпа??а білім берудегі к?рделі м?селелерді? бірі – бірт?тас педагогикалы? ?рдіс кезіндегі саба?тарда кірістірілген саба?ты ж?зеге асыру. Кіріктірілген саба?ты? е? негізгі дидактикалы? міндеті – о?ыту ?рдісінде білім беру, т?рбие беру, дамытушылы? сипатыны? арасында?ы байланысты ??ру.
Жалпы білім беретін мектеп пен м??алімдерді? п?н бойынша п?наралы? білімдер мен іскерліктерді игеруі – о?у ?рдісін кіріктірілген саба? негізінде ?йымдастыру ?шін ал?ы шарт.Кіріктірілген саба? негізінде о?ушыларды? икемділік пен да?дылары ана??рлым к?шті дамитынды?ын педагог-?алымдар д?лелдеген. О?у ?рдісі н?тижесіндегі игерілген икемділік пен да?ды о?ушыны? ал?ан біліміні? ?аншалы?ты берік екендігіні? белгісі болып табылады. О?у п?ндеріні? ерекшеліктеріне ?арай о?ушылар?а т?рлі икемділік пен да?ды пайда болады.
Жалпы орта мектепте бейнелеу п?нін о?ытуда?ы п?наралы? байланыс, негізінен, барлы? п?нні? байланысын ?ажет етеді.
Бейнелеу ?нері п?ні, негізінен, о?ушылар?а эстетикалы? т?рбие беруге ба?ытталады. Мектептерде бейнелеу ?нері мен музыка п?ндерін, ?нер саласыны? элементтерін п?наралы? байланыста о?ыту о?у п?ндеріні? эстетикалы? ба?ыттылы?ын ж?зеге асыру?а негізделеді.
Б?дан шы?атын ?орытынды, мектепте бейнелеу ?нері саба?тарын музыка п?німен мейлінше к?бірек ?йлестіру ?ажет. ?р саба? сайын ?тілетін та?ырып?а байланысты, саба?ты? ма?сатына музыкалы? шы?армаларды молынан ?олдан?ан ж?н. Сыныптарды? барлы?ында ?тілетін бейнелеу ?нері п?ніні? халы?ты? - с?ндік ?ол?нер та?ырыбында?ы саба?тарды? ?тілу желісін ?аза?ты? к?йлерімен байланыстыру к?п пайдасын тигізіп, о?у н?тижесіні? жо?ары болуына мол ы?пал жасайды. Музыка о?ушыларыны? ?абылдау ерекшеліктеріне байланысты сезімге зор ?сер етіп, ?иялы мен ойлауына позитивті т?рде ы?пал етеді.
?орыта келгенде кіріктірілген саба??а м?н бермеу о?у п?ндері материалдарыны? бірін-бірі ?айталау?а, о?ушыларды? к?птеген ??ымдар мен за?дылы?тарды? тар ше?берде т?сінулеріне ?келіп со?ады. Білім мазм?нын ме?геру кіріктірілген саба?ты ескермейінше м?мкін емес. ?йткені ол – ?зара жа?ын п?ндерді? ба?дарламасында?ы о?у материалын ?йлестіруді? ж?не іріктеуді? ма?ызды к?рсеткіштеріні? бірі. Бейнелеу іс-?рекеті ойлау, бай?ау, талдау, есте са?тау?а негізделген к?ру бай?а?ышты?ын, сезім м?шелерін дамытады, жан-жа?ты дамы?ан т?л?аны ?алыптастыру?а, ?орша?ан ортаны тану?а септігін тигізеді, еріктік сапаларды, шы?армашылы? ?абілеттерді, к?ркем?нерлік тал?амды т?рбиелеп, ?нерді т?сінуге ?ажетті эстетикалы? сезімді дамытады.
Мектеп о?ушыларына бейнелеу ?нерін о?ытып игертуде кіріктірілген саба? ке?інен пайдалануды жан-жа?ты дамыту – бірт?тас о?ыту ?рдісін жа?аша т?р?ыдан ?йымдастыру ?тымды, ?рі табысты болады.
?олданыл?ан ?дебиеттер:
1. ?аза?стан Республикасыны? за?ы , Білім беру туралы, Алматы ?.
2.А. Бейсенбаева «П?наралы? байланыс негізінде о?у процесі»
3. Ж. Б. Баянбаев «Педагогика», Астана, 1998 ж.
4. Д. Сабыров «О?ушыларды? о?у белсенділігін арттыру жолдары», Алматы ?.
Просмотр содержимого документа
«О?у ?рдісіндегі кіріктірілген саба?ты? тиімділігі»

Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта мектеп
Мектепішілік «Сабақтар шеруіндегі»
үздік шебер сабағы:
«Оқу үрдісіндегі
кіріктірілген
сабақтың тиімділігі»
Пәні: бейнелеу өнері
Пән мұғалімі: Алимова
Гүлнар Сейтбековна
Пед.өтілі: 27 жыл
Санаты: Жоғары
Мекен-жайы: Самал-1 м/а,
Айнабұлақ көшесі, №314
Сымтетігі: 87023394636
Шымкент қаласы
Оқу үрдісіндегі кіріктірілген сабақтың тиімділігі
Алимова Гүлнар Сейтбековна
Шымкент қаласы, Кенесары Қасымұлы
атындағы №33 жалпы орта мектеп
Бейнелеу өнері пән мұғалімі
Оқытудың жаңа технологиясы — оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануды, оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады. Еліміз өркениетті елдер қатарына қосыламыз деп қарыштап қадам басып жатқан тұста, білім жүйесіне де тың өзгерістер енуде. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Осы бағытта жұмыстану үшін білім сапасын арттыру ісіне ерекше мән беру қажеттілігі артады. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы зор. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы — оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады.Кіріктірілген білім бағдарламасының алға қойған мақсаты айқын, бағдары жүйелі. Зиялы азаматты – сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеуге ұмтылады. Аталмыш білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.
Кіріктірілген бағдарлама бірнеше құндылықты негізге алады. Олар:
Нақтырақ айтқанда:
сын тұрғысынан ойлау;
білімін шығармашылықпен пайдалана білу;
зерттеушілік дағдылары;
АКТ дағдылары;
топта және жеке шебер жұмыс істей білуі;
коммуникативтік дағдылары (тілдік дағдыларын қоса алғанда);
қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары секілді бірнеше дағдылар қалыптасады.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін белсенді оқыту, командалық оқыту, пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту, озық педагогикалық әдістерді қолдану талап етіледі.
Кіріктірілу – бұл бір оқу мазмұнының әр түрлі саладағы жан-жақты білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқыту:
-ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы оқуға;
- сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға;
- жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;
-оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға;
-білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті ұстаздың шексіз шығармашылығы тұрғысынан жүзеге асыруға;
-сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;
-оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға;
-сабақ үрдісінде өтілетін тақырыптың адам және қоғам өмірімен тікелей байланысына мән беруге;
-оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға;
- олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.
Әлемде білім беру ісінің нәтижесін бағалай білудің өзіндік тәжірибесі қалыптасқаны белгілі. Бұл ретте біз үшін оқушының қаншалықты білім алғандығы емес, оның алған білімін өмірлік тәжірибеде қаншалықты пайдалана алатындығы маңызды болып отыр. Ал біздің еліміздегі білім жүйесінде басым жағдайда оқушылар өздерінің алған теориялық білім деңгейімен бағаланып, сонымен ғана шектеліп жататыны белгілі.
Әлемдік өркениет жолындағы үздіксіз даму кезеңінде білім мен ғылымға баса назар аудару өзекті мәселелердің бірінен саналады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін», «Бәсекеге қабілетті экономика үшін» жолдауында: «Білім берудегі жаңалық – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -делінген. Немесе бұл орынды пікірді Елбасымыздың тағы бір: «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» - деген пікірімен жалғауға болады. ХХІ ғасыр бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын ғасыр.
Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі – біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда кірістірілген сабақты жүзеге асыру. Кіріктірілген сабақтың ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.
Жалпы білім беретін мектеп пен мұғалімдердің пән бойынша пәнаралық білімдер мен іскерліктерді игеруі – оқу үрдісін кіріктірілген сабақ негізінде ұйымдастыру үшін алғы шарт.Кіріктірілген сабақ негізінде оқушылардың икемділік пен дағдылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген. Оқу үрдісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай оқушыларға түрлі икемділік пен дағды пайда болады.
Жалпы орта мектепте бейнелеу пәнін оқытудағы пәнаралық байланыс, негізінен, барлық пәннің байланысын қажет етеді.
Бейнелеу өнері пәні, негізінен, оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге бағытталады. Мектептерде бейнелеу өнері мен музыка пәндерін, өнер саласының элементтерін пәнаралық байланыста оқыту оқу пәндерінің эстетикалық бағыттылығын жүзеге асыруға негізделеді.
Бұдан шығатын қорытынды, мектепте бейнелеу өнері сабақтарын музыка пәнімен мейлінше көбірек үйлестіру қажет. Әр сабақ сайын өтілетін тақырыпқа байланысты, сабақтың мақсатына музыкалық шығармаларды молынан қолданған жөн. Сыныптардың барлығында өтілетін бейнелеу өнері пәнінің халықтық - сәндік қолөнер тақырыбындағы сабақтардың өтілу желісін қазақтың күйлерімен байланыстыру көп пайдасын тигізіп, оқу нәтижесінің жоғары болуына мол ықпал жасайды. Музыка оқушыларының қабылдау ерекшеліктеріне байланысты сезімге зор әсер етіп, қиялы мен ойлауына позитивті түрде ықпал етеді.
Қорыта келгенде кіріктірілген сабаққа мән бермеу оқу пәндері материалдарының бірін-бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтардың тар шеңберде түсінулеріне әкеліп соғады. Білім мазмұнын меңгеру кіріктірілген сабақты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол – өзара жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Бейнелеу іс-әрекеті ойлау, байқау, талдау, есте сақтауға негізделген көру байқағыштығын, сезім мүшелерін дамытады, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға, қоршаған ортаны тануға септігін тигізеді, еріктік сапаларды, шығармашылық қабілеттерді, көркемөнерлік талғамды тәрбиелеп, өнерді түсінуге қажетті эстетикалық сезімді дамытады.
Мектеп оқушыларына бейнелеу өнерін оқытып игертуде кіріктірілген сабақ кеңінен пайдалануды жан-жақты дамыту – біртұтас оқыту үрдісін жаңаша тұрғыдан ұйымдастыру ұтымды, әрі табысты болады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының заңы , Білім беру туралы, Алматы қ.
2.А. Бейсенбаева «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесі»
3. Ж. Б. Баянбаев «Педагогика», Астана, 1998 ж.
4. Д. Сабыров «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары», Алматы қ.