СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оқушылардың MS Word тақырыптары бойынша алған білімдерін тексеру

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың MS Word тақырыптары бойынша алған білімдерін тексеру

(10-сынып қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша)

Просмотр содержимого документа
«Оқушылардың MS Word тақырыптары бойынша алған білімдерін тексеру»

Сыныбы 10_________________ Күні____________

Тексерген_________________ Пән мұғалімі: Нургожаев О.Б.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Тест жұмысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың MS Word тақырыптары бойынша алған білімдерін тексеру;

Дамытушылығы: Сынақ жұмысын алу барысында оқушылардың ой-өрісін, білім білік дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сынақ жұмысы

Оқыту әдістері: алған білімдерін тексеру

Сабақтың көрнекілігі: тест тапсырмалары бар карточкалар.

Оқыту формалары: өздік жұмысы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

    1. Сілтеме дегеніміз не?

    2. Сілтемеге қандай атау береміз?

    3. Қабаттасқан сілтеме дегеніміз не?

    4. Мазмұнды қолмен қалай баптаймыз?


Тест сұрақтары


  1. Мамандар дербес компьютерлік техниканың құрылғыларын не деп атайды?

  1. Принтер

  2. Мәтіналғы

  3. TWAIN

  4. Hardware*

  1. Ақпаратты тез дайындаудың бір тәсілі, ол -...

  1. Қағазға жазу

  2. Дербес компьютерде мәтіндік редакторда теру

  3. Сканерлеу*

  4. Таспаға жазу

  1. Мамандар ДК программалық қамтамасыз етуді не деп атайды?

  1. Software*

  2. Hardware

  3. Қатты немесе жұмсақ тауарлар

  4. Таспаға жазу

  1. Мәтіналғы дегеніміз не?

  1. Ақпаратты қағаздан ДК сандық пішімде енгізуге арналған құрылғы*

  2. Мәтінді суретке айналдырады

  3. Компьютерден қағазға басып шығарады

  4. Мәтінні қатесін тексереді

  1. TWAIN дегеніміз не?

  1. Суретті алдын ала орнату программаларының бірі*

  2. Сурет салатын, мәтін теретін программа

  3. ДК қосымша құрылғысы

  4. Мұрағаттау программасының бір түрі

  1. Ақпараттандыру –

  1. Дамыған елдердің қоғамдық қарым-қатынастары жүйесінің ең бір жарқын түрі*

  2. Күрделірек программаларды игеру

  3. Құжатты дискіге жазу

  4. Сканерлеу

  1. Ақпараттық технология қанша техникалық жетістікке негізделген?

  1. 3

  2. 5

  3. 4

  4. 2

  1. Сканерлеу (scanning)-

  1. Мәтіналғының көмегімен ДК жадына бейнелерді енгізу үдерісі*

  2. Технологиялық процесс ұлттың әл-ауқатын қамтамасыз етеді

  3. ДК қалпына келтіру

  4. Суретті алдын ала орнату программаларының бірі

  1. Электронды тасымалдағыштарға не жатады?

  1. Магнитті таспа, кинофильмдер, магнитті және лазерлік дискілер

  2. Видео жады, жедел жады, қатты диск

  3. Жұмсақ диск, қатты диск, флешка*

  4. Тінтуір, мәтіналғы, қатты диск

  1. Қашықтықтан ақпарат жеткізу жүйесі –

  1. Жергілікті желі, телефон желісі, радио байланысы, жерсеріктік байланыс*

  2. Магнитті таспа, кинофильмдер, телефон желісі, радио желісі

  3. Жұмсақ диск, қатты диск, магнитті таспа, лазерлі дискілер

  4. Телефон желісі, жерсеріктік байланыс, магнитті таспа

  1. ABBYY FineReader-де құжат енгізу неше кезеңнен тұрады?

  1. 5

  2. 2

  3. 3

  4. 4*

  1. Сканерленген құжатты сурет күйінде сақтап қоюға немесе мәтінді өңдеп, мәтіндік редакторға сақтап қоюға болатын қандай программалар жүйесі қажет?

  1. FineReader

  2. OCR (Optical Character Recognition)*

  3. TWAIN

  4. ABBYY FineReader

  1. Microsoft Office Word программасы немен жұмыс істеуге арналған?

  1. Қатты дискімен жұмыс істеуге арналған

  2. Құжат жасауға мүмкіндік беретін программа*

  3. Аудио файлдармен жұмыс істеуге арналған

  4. Кестелермен жұмыс істеуге арналған

  1. Мәтін дегеніміз не?

  1. Суреттің бір элементі

  2. Құжат

  3. Дербес компьютерлік, алфавиттік символдардың тізбегі*

  4. Әріптер

  1. Масштабты өзгерту қай мәзірде орналасқан?

  1. Түр (Вид) мәзірінде*

  2. Кірістіру мәзірінде

  3. Сервис мәзірінде

  4. Главная мәзірінде

  1. Терезені бөлу үшін мына төмендегі әрекеттердің қайсысын орындау керек?

  1. Түр мәзірінен – Бөлу (разделить) батырмасын басамыз*

  2. Түр мәзірінен – Сызғыш батырмасын басамыз

  3. Кірістіру мәзірінде – Бетті бөлу

  4. Бетті белгілеу – Өлшем батырмасын басамыз

  1. Егер бірнеше терезе ашылған құжатпен жұмыс істеп отырсақ, осы құжатты рет-ретімен орналастырып қалай көруге болады?

  1. Бетті белгілеу - Бағандар батырмасын басамыз

  2. Бетті белгілеу – Барлығын ретімен орналастыру

  3. Түр – Барлығын ретімен орналастырамыз*

  4. Түр – Сызғыш батырмасын басамыз

  1. Стиль дегеніміз не?

  1. Құжат мәтінінің сыртқы пішінін белгілейді*

  2. Қаріптердің әртүрлі тілде жазылуы

  3. Беттердің көрсеткіш қасиетін айтамыз

  4. Құжаттың үлгілері

  1. Стильдерді қалай қолданамыз?

  1. Басты мәзіріндегі Қаріп батырмасы арқылы

  2. Беттің орналасуы – Өлшем батырмасы арқылы

  3. Беттің орналасуы – Стильдер тізімін қолданамыз

  4. Басты мәзірінің – Стильдер тізімін қолданамыз*

  1. Стильдің қосымша параметрлерін қалай өзгерту керек?

  1. Басты мәзірінің – Стильдер тізімін қолданамыз

  2. Стильді құру терезесіндегі Өзгерту батырмасына шертеміз*

  3. Өзгерту батырмасын басып, Стиль құру дейміз

  4. Басты мәзірінің қосымшасындағы Стильдер тізімін қолданамыз

  1. Стильдер қалай көрінетінін бақылау үшін не істейміз?

  1. Алдын ала қарау режімі арқылы*

  2. Қосымша параметрлер арқылы

  3. Қаріп батырмасын шерту арқылы

  4. Абзац батырмасын шерту арқылы

  1. Бағанды қалай құруға болады?

  1. Кірістіру мәзірінің Бағандар батырмасы көмегімен

  2. Беттерді белгілеу мәзірінен Бағандар батырмасы көмегімен*

  3. Түр мәзірінен Бөлу батырмасы арқылы

  4. Қою мәзірінен Колонтитуль батырмасы арқылы

  1. Бетті нөмірлеу сұхбат терезесін ашу үшін не істейміз?

  1. Кірістіру – Беттің нөмірі батырмасын шертеміз*

  2. Кірістіру – Бетті бөлу батырмасын шертеміз

  3. Бетті белгілеу – Өлшем батырмасын щертеміз

  4. Басты мәзірінде – Абзац батырмасы арқылы

  1. Колонтитулдарды қалай құрамыз?

  1. Кірістіру – Бетке бөлу батырмасын шертеміз

  2. Кірістіру – Колонтитул батырмасын шертеміз*

  3. Бетті белгілеу – Өлшем батырмасын шертеміз

  4. Кірістіру – Беттің нөмірі батырмасын шертеміз

  1. Колонтитулдар қалай бөлінеді?

  1. Ішкі және сыртқы болып бөлінеді

  2. Ортаңғы және төменгі болып бөлінеді

  3. Жоғарғы және ортаңғы болып бөлінеді

  4. Жоғарғы және Төменгі болып бөлінеді*


IV.Сабақты бекіту. Тест жұмыстарын тексеріп, қатемен жұмыс жасау.

V. Бағалау. Сабақта тапсырманы орындағанына байланысты бағалаймыз.

VI. Үйге тапсырма: Өткен тақырыптарды қайталау.