1 | Топқа бөлу (1 минут) | Ұқсас ұғымдар бойынша 6 топқа бөлінеді (Қағазға жазылған атаулар таратылады. 1 – атау, ілік, барыс, табыс, жатыс - септіктер; 2 – анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш, бастауыш, баяндауыш – сөйлем мүшелері; 3 – нүкте, үтір, сызықша, леп белгісі, тырнақша – тыныс белгілері 4 – атаулы, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз – жай сөйлемдер; 5 – Ә, Ғ, О, Р, Т – әріптер: 6 – зат есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау – сөз таптары Қалай ойлайсыздар, топтарыңыз қалай аталады? | Бірлескен топтық жұмыс |
2 | Ойсергек «Сөзсіз сәлемдесу/ Приветствие без слов» (1 минут) | Әр топ басқа топтарға сөзсіз сәлем береді. Ал қалған топтар қалай олармен амандасты солай жауап береді. Бұл жұмыстың басты мақсаты – ынтымақтастық атмосферасын орнату, топ мүшелеріне көңіл-күйді көтеру. | Ынтымақ тастық атмосфера сы |
3 | Ой қозғау 2 минут | Жалпы сабақта мақсат қоюдың рөлі қандай? Мақсат – сабақтың негізгі компоненттердің бірі. Ең біріншіден, біз сабақтың мақсатын белгілейміз. Сосын ғана бағалау критерийлері, тапсырмалар және дескрипторлар құрастырылады. Оқушыларға сабақтың мақсатын айту керек пе? Керек болса, не үшін? | топтық жұмыс Зерттеуші лік әңгіме |
4 | Практика 5 минут | 3-сынып Сабақтың тақырыбы: Спортзал Сабақтың мақсаты: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сөйлем мағынасына сәйкес суреттерді таңдау. Бағалау критерийі: 1-тапсырма (оқытуды бағалау, өзара бағалау) Мәтінді тыңда, оқы. Мынау – біздің спортзал. Біздің спортзал үлкен және кең. Біздің спортзал бірінші қабатта. Сұрақтарға жауап бер. Мынау не? Спортзал қандай? Спортзал нешінші қабатта? Дескриптор: 2-тапсырма (оқытуды бағалау, өзара бағалау) Суретке қара. Оқы, сәйкес суретті тап. Спортзалда оқушылар жүгіреді. Спортзалда оқушылар секіреді. Спортзалда оқушылар ойнайды. Спортзалда оқушылар жаттығу жасайды.  Осы тапсырмаға дескриптор құрастырып, басқа топтың жұмысын бағалау. Осы екі тапсырманы орындағаннан кейін Бағдаршам атты бағалау әдісі жүргізіледі. Осы әдіс арқылы әр оқушы өзін-өзі бағалайды.  | Топтық жұмыс |