СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оқырмандар конференциясының жоспары

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл оқырмандар конференциясы ақын-жазушыларымыздың мерейтойына арналған сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша құрылған.

Просмотр содержимого документа
«Оқырмандар конференциясының жоспары»

АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖ


Келісілді Бекітемін

Директордың оқу-тәрбие Директордың оқу өндірістік

ісі-жөніндегі орынбасары ісі-жөніндегі орынбасары

М.Р.Асаинова







ОҚЫРМАНДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ


Тақырыбы: «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге...»









Дайындаған машықкер:Н.Ерғазы












Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының отырысында қаралды

Хаттама №2 17.10.2016 жыл

Кафедра меңгерушісі: Т.Кенжетаева

Мақсаты:

Қазақ жазушылары Ыбырай Алтынсариннің 175 жасқа, Сайын Мұратбековтың 80 жасқа толуларына орай сондай-ақ Бердібек Соқпақбаевтың және Мұхтар Әуезовтың шығармашылықтарымен таныстыра отырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын дамыту.

Міндеттері:

  • Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

  • Өз бойына жақсы оқырман тәжірибесін жинақтауға ынталандыру;

  • Өз пікірлерін айтуға дағдыландыру, ойлау, жүйелі салыстыру қабілеттерін жетілдіру;

  • Көркем шығарманың тәрбиелік мәнін жеке өмірінде қолдануға бағыт беру.

Бағалау: Оқырман күнделіктері, эссе арқылы іске асады.

КОНФЕРЕНЦИЯ БАРЫСЫ

1) Қызығушылықты ояту сатысы:

Бүгінгі конференциядан не күтесіздер?

Жеке ойларыңызды жазыңыздар және топта бөлісіңіздер.

5минут

2) Жаңа мағынаны ашу сатысы:

Оқырмандар «Асыл шөп», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Бір уыс мақта», «Жусан исі», «Менің атым - Қожа», «Көксерек», «Жетім», «Қараш – қараш оқиғасы» кітап моделін жариялау.

25 минут. Оқырмандар жазушылардың еңбектері бойынша кітап моделін жариялап отырған оқырманға сұрақтарын қояды.


Оқушылардың «Оқырман күнделігін» жүргізуге арналған сұрақтар:

1

Осы әңгіме/ кітап саған несімен ұнады?

2

Ең қызықты жерін айтып берші?

3

Сен өзің қай кейіпкерге ұқсағың келеді?

4

Бұл кітаптан/әңгімеден қандай тәрбиелік ой түйдің?

5

Бұл әңгіме/ кітап өмірмен байланысты ма?

6

Бұл кітаптан/ әңгімеден адамдар нені үйренеді деп ойлайсың?

7

Қандай жаңа немесе жақсы сөздерді үйрендің?

8

Егер оқыған шығармаңыздың авторын өмірден кездестірсеңіз не айтар едіңіз немесе нені сұрап білер едіңіз?

9

Сен өзіңді қай кейіпкерге ұқсатасың? Неліктен?

10

Өз тарапыңнан кітапты/ әңгімені қалай аяқтаушы едің?




3)Ой толғаныс сатысы:

Конференцияға қатысушы оқырмандар конференциядан алған әсерлерін және ұнаған әңгімесі туралы эссе жазады.

Оқырман конференциясынан алған әсерім...

10 минут


Конференцияның қорытындысы:

МАРАПАТТАУ

3 минут

1) Ең үздік оқырман..............................................................................................

2) Ең үздік кітап моделін жариялаушы...............................................................

3) Ең үздік пікір білдіруші....................................................................................

4) Ең үздік сарапшы..............................................................................................


Қорыта келе «Кітап бізді неге үйретеді?» деген сұраққа жауап іздеп көрейікші.

  • «Кітап» сөзі араб тілінен шыққан. Қазақша «жазу», «жазба» деген мағына береді.

Кітап бізді неге үйретеді?»

  • Кітап – адам баласын тек жақсы қасиеттерге жетелейді.

  • Кітап – дүниенің қыр-сырын танып білуге көмектеседі.

  • Кітап – адамды мейірімділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа үйретеді.

  • Кітап – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыратын білім мен тәрбие беретін құрал.

  • Кітап – адамның танымдық қабілетін арттырып, рухани дүниесін байытады.

  • Адам баласы ғылым мен білімді, өнер мен өнегені кітаптан алады. Сондықтан «Кітап – жан азығы» деп бекер айтылмаған. Кітапты көп оқыған адам ғана білімді болады. Ал білімді болсаң елге сыйлы боласың. Сол себепті баршаңызды рухани азығымыз – көркем әдебиетті көп оқуға шақырамын.








  • Бүгінгі конференциядан не күтесіздер?

Жеке ойларыңызды жазыңыздар және топта бөлісіңіздер.

Менің бүгінгі оқырман конференциясынан күтетінім..........................................

.....................................................................................................................................

.......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................


  • Бүгінгі оқырман конференциясынан алған әсеріңіз?

Жеке ойларыңызды жазыңыздар және топта бөлісіңіздер.

Менің бүгінгі оқырман конференциясынан алған әсерім.....................................

..................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  • Сізге қай оқырманның әңгімесі ұнады және қай әңгімені оқығыңыз келеді?

Жеке ойларыңызды жазыңыздар және топта бөлісіңіздер.

Маған ұнаған оқырманның әңгімесі және оқығым келетін әңгіме – ол..............

.............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................