
Оқытушылардың компьютер құрылғыларын тиімді пайдалану жолдары.
Дайындаған: А.С.Ишмухамедова
Талдықорған, 2016 ж.
Оқытушылардың компьютер құрылғыларын тиімді
пайдалану жолдары.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға және касіби шеберлігін шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көздеседі.
Егеменді елдің ертеңі оқу – білімнің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз, үздіксіз дамытуды талап етеді.
Оқу тәрбие үрдісіне қолданып жүрген жаңа технологиялар: дамыта отырып оқыту әдістемесі; оза отырып оқыту; іс - әрекетін бағалау; тірек конспектілері арқылы оқыту; бағдарлап оқыту, топтық және ұжымдық оқыту, ақпараттық технологиялар, модульдік оқыту; оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы т.б.
Қазіргі оқу орындарының даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады. Білім беру процесі – ақпараттық қоғам жағдайындағы жасөспірімдерді жан – жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені, компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқытушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеруімен тығыз байланысты.
Бұл мәселелерді шешудің бірден бір жолы – оқу процесін компьютерлендіру. Компьютерді оқу процесінде тиімді пайданалу үшін оны қолданудың әдістемелік жүйесін жасау керек.
Теориялық, ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді оқып, талдау жасау негізінде мынадай тұжырымға келіп отырмыз:
Біріншіден, көптеген жаратылыстану пәндерінде компьютерді пайдалану мәселесі іске асырылуда;
Екіншіден, көптеген пәндерде компьютерді пайдалану қалыптасқан психологиялық – педагогикалық талаптарға онша сай келмейді.
Себебі, бұрынғы қалыптасқан оқыту процесінде қарым – қатынас тек оқытушы мен оқушы арасында ғана болса, ал оқу процесінде компьютерді пайдалану кезінде оқытушы және оқушы арасында компьютерлік педагогика пайда болғаны мәлім.
Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі - оқыту процесін ақпараттандыру. Ал ақпараттандыру болса үздіксіз білім берудің бір бөлігі болып табылады.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Сол себепті, оқытушылардың да компьютер құрылғыларын тиімді пайдалана алғаны жөн.
Мысалы, оның ішіде:
Модем – компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы – мәліметтерді жеткізу жылдамдығы (бит/секунд). Недәуір кең тарағандары – стандартты Dial-up модемдер (56кбит/секунд дейін), DSL модемдер (128кбит/секунд дейін) және кабелдік жолдарға арналған модемдер (30 000 кбит/секунд дейін). Модемдер ішкі және сыртқы болады.
Novation CAT акусткалық модем
AT&T Dataphone Modems компаниясы Америка Құрама Штаттарында SAGE бір бөлігі болды. Ол әртүрлі әуе базаларында, радарларда және бақылау орталықтарындағы терминалдарды АҚШ пен Канада бойынша шашыраған SAGE орталықтарымен байланыстарды. 1981 жылы Hayes фирмасы Smartmodem модемін шығарды, командалар жүйесі стандарт де-факто болды.
Модем типтері
• Сыртқы – COM, USB порттары немесе желілік картадағы RJ-45 тіркеуіші бойынша қосылады, олардың көбінесе сыртқы қоректеу блогы болады; USB модем пайдаланушыдан бағдарламалық жасақтаманы орнатуды талап етпей, кез келген операциялық жүйелер бар ноутбуктерге және компьютерлерге қосылады. Сіз модемге USIM картаны енгізіп, USB-порт бойынша қоссаңыз болғаны, Интернетке автоматты түрде қосылады.
• Ішкі – компьютердің ішіне слоттары арқылы қосылады;
• Кірістірілген – кез келген құрылғының, мысалы ноутбуктың немесе док-станцияның ішкі бөлігі болып табылады.
Құрметті ұстаздар, сіздерге келесі сұрақ қойғым келеді:
MiFi - бұл Wi-Fi hotspot (қатынау нүктесі) тәрізді жұмыс істейтін шағын сымсыз модем. Мобильді оператордың ұялы желісіне қосылады, одан кейін жабдық Wi-Fi арқылы Интернетке қатынауды таратады. Жабдықтың әрекет ету радиусы шамамен 10 метр. SIM картаны орнатып, модемді қосқаннан кейін жабдық жұмысқа дайын болады. MiFi автоматты түрде Интернетті қосады да WIFI-ды үлестіруді бастайды. Одан кейін ноутбукте, планшетте немесе компьютерде WI-FI қосылуды орнату керек. Қосылған кезде WI-FI желіге қатынау үшін құпия сөзді енгізу керек. Аккумуляторлық батареяның астындағы стикерде жазылған құпия сөз әр жабдық үшін бірегей болып табылады.
Ендігі компьютер құрылғысы мәтіналғы – сканер. Көпшілігіміздің кабинеттерімізде үшеуі біреуінде (3 в 1) принтерлар бар. Дегенмен біз тек принтер мен ксероксты қолданамыз. Сканерді көпшілігіміз қолданбаймыз.
Сұрақ: Сканермен қолдана аласыздар ма?
Сканер (Мәтіналғы) компьютерге мәтінді немесе бейнені енгізу жиі кездеседі. Көп жағдайда мәтінді енгізу пернетақтаның көмегімен жүзеге асырылады, бірақ бұл көп еңбек пен уақытты қажет етеді. Қолданушылар қазіргі кезде сканер құрылғысын пайдаланады.
Сканер - электронды механикалық құрылғы. Сканерді қолданушылар өз үйінде де қолдана алатын деңгейге жетті, бізде сканерді сабақ жоспарлары дайындау барысында қолданамыз және де сканермен жұмыс жасаған барысында кейбір әріптерді оқымайды, мысалы кітаптағы мәтінді, графикалық объектілерді, суреттерді, сызбаларды және кестелерді де сканер арқылы графикалық мәтіндік редактрлерге салып қалауымыз бойынша өңдеуге болады, саудада сканерлердің түрлі модельдері кездеседі. Олар бағасымен, программамен жабдықтауымен, интерфейсімен және технологиясымен бір-бірінен айрықшаланады. Түрлі-түсті сканердің ақ-қара түстен еш айырмашылығы жоқ.
3d принтер дегеніміз не? Бұл - суретті үшөлшемді етіп шығаратын құрылғы. Ол сандық үшөлшемді модельді пайдалана отыра қабаттап шығарады. Суретті жасап шығаруға пластиктің бірнеше түрі негіз болады, алайда бүгінде өндірушілер бейненің әлдеқайда шынайы болуына жаңа компоненттер қосып жатыр. Үшөлшемді басып шығару жайлы алғашқы идеялар сонау 80-ші жылдары пайда болған. 
Заманауи сандық технологиялардың дамығаны сонша, бұрындары мұндай мүмкіндіктер жайлы бұрынғылар фантастикалық оқиғалар ғана жазатын. Мұндай заттарды күнделікті қарапайым құбылыс деп санағанымызбен, бұлар ұзақ, қажырлы зерттеулер мен тәжірибелердің жемісі.
Үшөлшемді басып шығару технологиясы күнделікті өмірімізге қарқынды еніп, ажырамас бөлігіне айналып келеді. Кейбір адамдар үшін бұл қосымша табыс көзі немесе шығармашылық идеяларын іске асыруға тамаша мүмкіндік болып отыр.
Қорытындылай келе, оқытудың қазіргі уақыт талабындағы негізгі мақсаты кәсіптің белгілі бір саласына бағытталған, ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істей білуді қалыптастыру ұстанымы тұрғысынан орын алатыны айқын.