Ойқозғау. – Топқа қандай сөздер арқылы бөліндік? – Оқуға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? – Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екен? – Оқу бізге не үшін керек? – Сабағымыздың мақсаты не болмақ? Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – шығарма мазмұны бойынша қолдануға, бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру. Жұптық жұмыс. 1-тапсырма. Бұл суреттерде тәуліктің қай кезі деп ойлайсыңдар? Ортақ тақырып қойып, оны түсіндіріңдер.    Оқылым. А. Байтұрсынұлы. «Оқуға шақыру» Шығарманың авторы туралы не білеміз? Кестеге қарап, А. Байтұрсынұлы туралы әңгімелеп, сұрақтар қойып, жауап беріңдер. Ахмет Байтұрсынұлы (1872–1937) қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында туған. Қазақтың ғұлама ғалымы, дарынды ақыны. «Әдебиет танытқыш», «Қырық мысал», «Тіл – құрал» атты еңбектері бар. «Қазақ әліппесі» мен «Қазақ тілі» оқулықтарынжазған. Жұптық жұмыс. 4-тапсырма. Сұрақтарды жалғастыр. 1) А. Байтұрсынұлы кім? 2) ...? Топтық жұмыс. 5-тапсырма. Әр топтың атына сәйкес өлең шумақтарын оқып, тапсырманы орындайды. Өлеңді шумақтарға бөліп оқыту. Тірек сөздердің көмегімен әр шумаққа тақырып қой. Оқулықта бұл сөздер қара түспен берілген. Оқу Жұмыссыз Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық Сергіту сәті. «333 жаттығуы» 3 минутта сабаққа қатысты 3 сөз, 3 сөйлем айту.
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) ретінде орындатуға болады. Топтық жұмыс. 1-тапсырма. Әр топ берілген сөздерден бастала-тын сұрақтар құрастырады. Оқу_______________________________________________________ __________________________________________________________ Іздену_____________________________________________________ __________________________________________________________ Үйрену____________________________________________________ __________________________________________________________ Даналық___________________________________________________ 2-тапсырма. «Су құбыры» әдісі арқылы орындату. – «Балалар, оқуға бар, жатпа қарап» деп айтқан автор туралы не білесің? __________________________________________________________ _________________________________________________________ – «Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық» дегенді қалай түсінетініңді үш сөйлеммен айт. __________________________________________________________ __________________________________________________________ – Не үшін оқу оқып, білім алу керек екен? Өз ойыңмен жауап бер. __________________________________________________________ __________________________________________________________ – Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жеттік пе (оқушылардан сұрау)? – Қалай жеттік? Не істедік? Оқушылардың жауабы шамамен мынадай болады: «Оқуға шақыру» өлеңін оқып, сұрақтар қойдық, жауап бердік т.б. |