СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 14.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"оқушыға арналған мінездеме"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл материал ұстаздар қауымы мен психологтарға арналған.

Просмотр содержимого документа
«"оқушыға арналған мінездеме"»

«Жұмба негізгі мектебі» КММ

5 «А» сынып оқушысы Жумабеков Амир Мухитовичке


МІНЕЗДЕМЕ


«Жұмба негізгі мектебі» КММ 5 «А» сынып оқушысы Жумабеков Амир Мухитович 2009 жылдың 30-шы шілдесінде дүниеге келген, көпбалалы отбасынан шыққан, отбасындағы 2-ші бала. Анасы: Акашева Зарина Жумабековна мектепте бастауыш сыныпта мұғалім болып жұмыс істейді.

Амирдың мінезі ақкөңіл, жайдары. Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Айтқанын екі еткізбейді. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы жақсы. Білімге деген талабы бар, жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады. Басқа оқушылардың көңілі қалмасын деп, үнемі айтқандарына келісіп отырады. Кейбір уақыттарда басқаның айтқанын орындаймын деп, өзі де кінәлі болып қалатын жағдайлар болып тұрады.

Бастауыш сыныптан жаңа келген Амир 5 сыныпқа тез бейімделіп кетті. Солай бола тұра, сабаққа дайындалмай келу сияқты жағдайлармен қатар, басқа оқушылармен ортақ тіл табысу, мұғалімдер алдындағы қорқыныш сияқты жағдаяттар болып тұрады. Мектеп өміріне белсенді араласады.

Амир мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге ойнағанды, компьютерлік ойындар ойнағанды жақсы көреді. Анасына үй шаруасына көмектеседі. Әпке-қарындастарына қамқор болып жүреді. Амирдың мақсаты –тезірек мектеп бітіріп, жақсы маман болу.

Қорытындылай келе айтарым, Жумабеков Амир алға қойған мақсатына жетіп қана қоймай, Елінің дамуына жағдай туғызатынына сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, сыныптастары сенім артады. Амирдың білікті маман иесі атанып, Отанының мақтанышы болатынына сенімдімін.







Мектеп директоры: Акашева С.М.

Сынып жетекшісі: Сарғызова А.М.

«Жұмба негізгі мектебі» КММ

5 «А» сынып оқушысы Шафих Баянды Ринатұлына


МІНЕЗДЕМЕ


«Жұмба негізгі мектебі» КММ 5 «А» сынып оқушысы Шафих Баянды Ринатұлы 2009 жылдың 25-наурызда дүниеге келген, көпбалалы отбасынан шыққан, отбасындағы 2-ші бала. Әкесі – Сунгатов Рингат Шафихович мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Анасы– Сунгатова Бакытнур Азанбаевна мектепте бастауыш сыныпта мұғалім болып жұмыс істейді.

Баяндының мінезі салмақты, кішіпейіл. Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы жақсы. Сабаққа үнемі дайындалып келуге тырысады, сабаққа да белсенді қатысып отырады. Басқа оқушылардан бөлектенбейін деп, сыныптың айтқандарына ақылмен ойланып, келісіп отырады. Егер өзінікі дұрыс болған жағдайда, өз бетінен қайтпайды.

Бастауыш сыныптан жаңа келген Баянды 5 сыныпқа тез бейімделіп кетті. Мектеп өміріне белсенді араласады. Баянды мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге ойнағанды, компьютерлік ойындар ойнағанды жақсы көреді. Әкесіне үй тірлігіне көмектеседі. Баяндының мақсаты – Отанына қызмет етіп, халқының мақтанышы болу.

Қорытындылай келе айтарым, Шафих Баянды алға қойған мақсатына жетіп қана қоймай, Елінің дамуына жағдай туғызатынына сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, сыныптастары сенім артады.








Мектеп директоры: Акашева С.М.

Сынып жетекшісі: Сарғызова А.М.


«Жұмба негізгі мектебі» КММ

6 «А» сынып оқушысы Арыстанбек Әділ Серікұлына


МІНЕЗДЕМЕ


«Жұмба негізгі мектебі» КММ 6 «А» сынып оқушысы Арыстанбек Әділ Серікұлы 2008 жылдың 5-қыркүйекте дүниеге келген, отбасындағы 2-ші бала. Әкесі: Смаилов Серік Арыстанбекұлы, жұмыссыз. Анасы: Смаилова Гүлзира Нурсадыккызы маусымдық жұмыстарда жұмыс істейді.

Мінезі салмақты, тұйық, жауапкершілікті сезіне біледі, сонымен қатар отбасындағы соңғы бала болғандықтан еркелік танытатын да кездері болады. . Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы жақсы. Білімге деген талабы бар, жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады. Мектеп өміріне белсенді араласады.

Әділ мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі, музыка, дене шынықтыру пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге ойнағанды, бәйге жарыстарына қатысқанды жақсы көреді. Әкесіне үй тірлігіне көмектеседі. Әпкесіне, анасына үнемі қамқор болып жүреді. Әділдің мақсаты –Отанына адал қызмет етіп, халқының мақтанышы болу.

Қорытындылай келе айтарым, Арыстанбек Әділ алға қойған мақсатына жетіп, ел үмітін ақтайтын азамат болатынына сенемін.








Мектеп директоры: Акашева С.М.

Сынып жетекшісі: Сарғызова А.М.


«Жұмба негізгі мектебі» КММ

6 «А» сынып оқушысы Шолтай Бақжанар Айболатқызына


МІНЕЗДЕМЕ


«Жұмба негізгі мектебі» КММ 6 «А» сынып оқушысы Шолтай Бақжанар Айболатқызы 2008 жылдың 21-шілдеде дүниеге келген, отбасындағы тұңғыш бала. Әкесі:Шолтай Айболат жұмыссыз. Анасы: Алмабек Аймолдир мектепте бастауыш сыныпта мұғалім болып жұмыс істейді.

Бақжанар тұңғыш бала болғандықтан, жауапкершілікті сезіне біледі. Мінезі құбылмалы, ашық,.

Бақжанардың бойындағы қиыншылықтардың кейбірі әлі де кездеседі. Әртүрлі мұғалімдер алдындағы қорқынышпен қатар, тақтаға шыққанда дұрыс емес болып қалса, қайтемін деп алаңдау, мазасыздану сезімі үлкен. Кейбір нәрселерді алғаш істеу алдындағы қорқыныш басым. Жекелей жұмыс істегенді жақсы көреді.

Қазіргі таңда Бақжанар сабаққа үнемі дайындалып келуге тырысады, сабаққа үнемі белсенді қатысады. Сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы. Бақжанардың мінезі тез құбылмалы, тапсырма берілсе асығып, бірінші болу үшін барын салады. Пәндерге деген қызығушылығы жоғары. Мектеп өміріне өте белсенді түрде араласады. Берілген тапсырманы жедел орындап келеді.

Бақжанар мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі, музыка, дене шынықтыру пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге ойнағанды, ән салғанды, билегенді жақсы көреді. Анасына үй шаруасына көмектеседі. Сіңлісі мен інісіне, анасына үнемі қамқор болып жүреді, сіңлісінің сабағына қолынан келгенше көмектесіп жүреді. Бақжанардың мақсаты – жоғарғы оқу орнын аяқтап, жақсы жұмыс істеп, ата-анасына қамқор болу.

Қорытындылай келе айтарым, Шолтай Бақжанар – болашағынан зор үміт күттіретін оқушы. Оның алға қойған мақсатына жетіп, ел үмітін азамат болатынына сенемін.







Мектеп директоры: Акашева С.М.

Сынып жетекшісі: Сарғызова А.М.

«Жұмба негізгі мектебі» КММ

6 «А» сынып оқушысы Арыстанбеков Әділет Қанатұлына


МІНЕЗДЕМЕ


«Жұмба негізгі мектебі» КММ 7 «А» сынып оқушысы Арыстанбеков Әділет Қанатұлы 2007 жылдың 4-наурызында дүниеге келген, отбасындағы тұңғыш бала. Әкесі: Смаилов Қанат Арыстанбекұлы, маусымдық жұмыста жұмыс істейді. Анасы: Смаилова Римма Жумабековна мектепте аспаздың көмекшісі болып жұмыс істейді.

Әділеттің мінезі ақкөңіл, ешкімнің көңілін қалдырғысы келмейді, айтылған нәрселерге келісе береді. Отбасындағы тұңғыш бала болғандықтан сыныптастарына қамқор болып жүруге тырысады. Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Әділеттің бойында жасөспірімдік шақтағы мінез-құлықтың өзгеруі орын алып келе жатқаны байқалады. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы жақсы. Білімге деген талпынысы орташа, кейбір пәндерден жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады.

Әділет мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі, музыка, дене шынықтыру пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге ойнағанды, жылқымен қыдырғанды, бәйгеге қатысқанды жақсы көреді. Әкесіне үй тірлігіне көмектеседі. Қарындасына, бауырына, анасына үнемі қамқор болып жүреді. Әділеттің мақсаты –мектепті аяқтағаннан кейін жоғарғы оқу орнында оқу.

Қорытындылай келе айтарым, Арыстанбеков Әділет алға қойған мақсатына жетіп, ата-анасының, ауылдастарының мақтанышы болатынына сенемін.







Мектеп директоры: Акашева С.М.

Сынып жетекшісі: Сарғызова А.М.


«Жұмба негізгі мектебі» КММ

6 «А» сынып оқушысы Замангельдинов Айдос Мырзабекұлына


МІНЕЗДЕМЕ


«Жұмба негізгі мектебі» КММ 7 «А» сынып оқушысы Замангельдинов Айдос Мырзабекұлы 2007 жылдың 11-ақпанда дүниеге келген, көпбалалы отбасынан шыққан, отбасындағы 3-ші бала. Әкесі: Смаилов Мырзабек Замангельдинович жұмыссыз. Анасы: Смаилова Перизат Базарбековна жұмыссыз, үй шаруашылығымен айналысады.

Айдос ақкөңіл, құбылмалы мінезді, бір орында ұзақ отыра алмайды. Жауапкершілікті сезіне біледі, еркелік танытатын да кездері болады. . Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Айдостың бойында жасөспірімдік шақтағы мінез-құлықтың өзгеруі байқалады. Сыныптағы оқушылармен қарым-қатынасы жақсы. Білімге деген талабы бар, жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады. Сабаққа деген қызығушылығы көңіл-күйіне байланысты құбылып тұрады.

Айдос мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі, музыка, дене шынықтыру пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге ойнағанды, жылқымен қыдырғанды, бәйгеге қатысқанды жақсы көреді. Әкесіне үй тірлігіне көмектеседі. Айдостың мақсаты – әскери кафедраны аяқтап, Отанына адал қызмет етіп, халқының мақтанышы болу.

Қорытындылай келе айтарым, Замангельдинов Айдос алға қойған мақсатына жетіп, ел үмітін азамат болатынына сенемін.







Мектеп директоры: Акашева С.М.

Сынып жетекшісі: Сарғызова А.М.


«Жұмба негізгі мектебі» КММ

7 «А» сынып оқушысы Жұмабекова Назар Мухитқызына


МІНЕЗДЕМЕ


«Жұмба негізгі мектебі» КММ 5 «А» сынып оқушысы Жұмабекова Назар Мухитқызы 2007 жылдың 7-ақпанда дүниеге келген, көпбалалы отбасынан шыққан, отбасындағы тұңғыш бала. Анасы: Акашева Зарина Жумабековна мектепте бастауыш сыныпта мұғалім болып жұмыс істейді.

Назардың мінезі ақкөңіл, жайдары. Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Айтқанын екі еткізбейді. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы жақсы. Білімге деген талабы жоғары, жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады. Басқа оқушылардың көңілі қалмасын деп, үнемі айтқандарына келісіп отырады. Назардың бойында жасөспірімдік шаққа тән мінез-құлықтың өзгеруі байқалады. Мектеп қабырғасындағы іс-шараларға өте белсенді қатысады.

Назар мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі, музыка, дене шынықтыру пәндерінің үйірмелеріне қатысады.. Бос уақытында достарымен қыдырғанды, компьютерлік ойындар ойнағанды жақсы көреді. Анасына үй шаруасына көмектеседі. Бауырынағ сіңлілеріне қамқор болып жүреді. Назардың мақсаты –тезірек мектеп бітіріп, жақсы маман атану.

Қорытындылай келе айтарым, Жұмабеков Назар болашақта алға қойған мақсатына жететіне, Елінің дамуына жағдай туғызатынына сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, сыныптастары сенім артады. Назардың білікті маман иесі атанып, Отанының мақтанышы болатынына сенімдімін.







Мектеп директоры: Акашева С.М.

Сынып жетекшісі: Сарғызова А.М.

«Жұмба негізгі мектебі» КММ

7 «А» сынып оқушысы Шафих Бекзат Ринатұлына


МІНЕЗДЕМЕ


«Жұмба негізгі мектебі» КММ 7 «А» сынып оқушысы Шафих Бекзат Ринатұлы 2006 жылдың 29-маусымда дүниеге келген, көпбалалы отбасынан шыққан, отбасындағы тұңғыш бала. Әкесі – Сунгатов Рингат Шафихович мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Анасы– Сунгатова Бакытнур Азанбаевна мектепте бастауыш сыныпта мұғалім болып жұмыс істейді.

Бекзаттың мінезі салмақты, кішіпейіл. Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Сыныптағы оқушылармен қарым-қатынасы жақсы. Бекзаттың бойында жасөспірімдік шақтағы мінез-құлықтың өзгеруі байқалады. Сабаққа дайындалып келуге тырысады, сабаққа да белсенді қатысып отырады. .Мектеп өміріне белсенді араласады.

Бекзат мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге спорттық ойындар ойнағанды, спорттық жарыстарға қатысқанды жақсы көреді. Әкесіне үй тірлігіне көмектеседі. Бекзаттың мақсаты – тезірек мектеп бітіріп, жақсы маман атанып, Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аудару.

Қорытындылай келе айтарым, Шафих Бекзат – болашағынан зор үміт күттіретін оқушы, Елінің дамуына атсалысатынына сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, сыныптастары сенеді.








Мектеп директоры: Акашева С.М.

Сынып жетекшісі: Сарғызова А.М.


«Жұмба негізгі мектебі» КММ

7 «А» сынып оқушысы Төлеубекова Ұлту Алматқызына


МІНЕЗДЕМЕ


«Жұмба негізгі мектебі» КММ 7 «А» сынып оқушысы Төлеубекова Ұлту Алматқызы 2006 жылдың 14-қыркүйекте дүниеге келген, көпбалалы отбасынан шыққан, отбасындағы 4-ші бала. Әкесі: Тергеубаев Алмат, жұмыссыз. Анасы: Тергеубаева Айгуль Байгазиновна мектепте қосымша педагогикалық қызметкер болып жұмыс істейді.

Мінезі салмақты, тұйық, жауапкершілікті сезіне біледі, Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы жақсы. Білімге деген талабы жоғары, жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады. Мектеп өміріне белсенді араласады.

Ұлту мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі, музыка, дене шынықтыру пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге қыдырғанды, тоқыма тоқығанды жақсы көреді. Анасына үй тірлігіне көмектеседі. Өзінен кіші бауыры мен сіңлілеріне үнемі қамқор болып жүреді. Ұлтудың мақсаты – сабағын жақсы аяқтап, Отанына адал қызмет етіп, халқының мақтанышы болу.

Қорытындылай келе айтарым, Төлеубекова Ұлтудың болашағынан үміт күтуге болады десем, қателеспейміз. Ұлтудың алға қойған мақсатына жетіп, ел үмітін ақтар азамат болатынына сенемін.







Мектеп директоры: Акашева С.М.

Сынып жетекшісі: Сарғызова А.М.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Закрыть через 5 секунд
Комплекты для работы учителя