Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне психологиялық-педагогикалық сипаттама
«Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе,
онда оның адамды барлық жағынан тануы да керек»
К.Д Ушинский
Мақсаты:
мектеп оқушыларының жас
мөлшеріне қарай және жеке басына
тән ерекшеліктер туралы
түсінік қалыптастыру және осы
ерекшеліктерді
оқу-тәрбие процесінде ескеру.
1. Мектеп оқушыларының жас
мөлшерінің кезеңдеріне сипаттама беру;
2. Мектеп оқушысының жеке
тұлғасының өзіндік ерекшеліктерін ашу;
3. Педагогикалық процесте мектеп
оқушысының жас мөлшерінің
психологиясын есепке алу.
Барлығына мәлім, балалардың жас ерекшеліктерін есепке
алу және бала тұлғасына арнайы қатынас, тәрбие мен
оқытудың басты принциптері болып табылады. Сондықтан
мектептің педагогикалық ұжымы, оқу-тәрбие процесінде
оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу
маңызды.
Мектеп жасындағы балалар бастауыш, орта (жеткіншек)
және жоғары буынға бөлінеді. Жеткіншек кезең кіші
және жоғары деп бөлінеді.
Файл - ашу
Файл-открыть
Сtrl+О
Оқушылардың дамуының жас кезеңдері
Кезеңдер
Жылдар
І.Бастауыш оқушылар
Сыныптар
6- 10
ІІ.Орта (жеткіншек)
11-14-15
1-4 сынып
ІІІ. Жоғары
5-9 сынып
15-18
10-12 сынып
Бастауыш сынып жасындағылардың
ерекшеліктері мен дамуы.
Адамның белгілі сипаты
мен сапасын қалыптастырудағы
тәрбиешілердің мақсат тәрбиесі
белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа
бағыталған, осы арқылы солтопта тәрбиенің мүмкінідктері мен міндеттері, әдістемелері
қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі
кезінде, есейген шақ кезеңдеріндегі, жасөспірім
шақта, әлеуметтік ортада, мектепте қлыптасқан мінез-құлқы ерекшеленеді.
Жеткiншек жас кезеңнiң психологиялық-педагогикалық ерекшелiктерi
Жалпы, жеткіншектік жас адам өміріндегі критикалық кезеңге жатады.
Жоғары сынып жасындағыларға психологиялық-
педагогикалық сипаттама
Жоғары сынып жасындағыларға
психологиялық-педагогикалық сипаттама.
Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің
жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке
тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай
маңызды рөл атқарады.
Бұл жаста /15-17 жаста/ адамның тұлғалық
жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның
өмірге көзқардсының негізгі сипаттары қалыптасады-
үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен
шешім қабылдап, болашақ кәсібін тандау міндеті
жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан
жастық шаққа өту кезені тек қана оның тұлғалық
жағынан пісіп-жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен
бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім,
нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға
еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік
жауапкершілікті сезінеді.
Жеткіншектердің қабылдауындағы отбасы және отбасын құру туралы психологиялық дайындығы
Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын кешенді әлеуметтік құбылыс болып табылады.
«Педагогикалық қарым-қатынаста балаға қарап жымию
баламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады.
Сөйлесетін адамың неғұрлым кішкентай болса, ол өзінің
іс-әрекетіне үлкнедердің соғұрлым үнсізде жылы жымиысына
баға беруін қажетсінеді. Тек қана оқу процесінде емес, жай
қарым-қатынастарда да бастауыш сынып жасындағы балалар
мен жасөспірімдерді жылы жымиыспен ынталандырудың
маңызы зор. Сондықтан да педагогтың вербальды емес
қарым-қатынаста өз бет әлпетінің жылығымен әсер етуге
сараңдығы бала мен педагог арасындағы, онсыз да үлкен жас
айырмашылығын одан сайын қашықтатпайық».
И.М.Юсупов
Жастық даму заңдылықтары :
1. Жастық шақта адамның тән – дене дамуы тез әрі қарқынды жүріп жатады.
2. Тән – дене дамуы біркелкі болмайды, бір кезеңде жылдам дамыса, екінші
де – тым баяулап кетеді.
Адам денесінің әр бір ағзасы өзіне тән қарқынмен дамып барады, тұтастай дене
бөліктерінің дамуында теңдестік пен сәйкестік болмайды.
Адам жасы мен оның рухани дамуы өзара кері тәуелділік байланыста.
Адамның рухани дамуы бірде қарқынды, жедел болса, әлде бір жағдайда
баяу халге түседі.
Даму барысында кейбір психикалық сапа – қасиеттер мен мүмкіндіктердің
қалыптасуы үшін тиімді жас кезеңдері болады.
Бастауыш мектеп оқушыларының психика – педагогикалық ерекшеліктері:
Жүйке жүйесі жетіле түседі.
Психикасы жедел дамуға келеді.
Тежелу кемде де,қозуы күшті.
Танымдық іс-әрекеті тікелей оқумен байланысты.
Қабылдау тұрақсыз, ұйымдаспаған, көрнекі қызығушылық басым.
Зейіні ырықсыз, тұрақтылығы кем, шектелген.
Бала еңбегін ойын үдерісімен байланыстыра ұйымдастырған ұтымды.
Қолданылған әдебиеттер:
- Ж.Б. Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев Педагогика. Университет
студенттеріне арналған оқу құралы. Астана, 1998
- Коменский Я.А. Великая дидактика. // Избр. Пед.Соч.
в 2 т. М. 1982 г.
3. Педагогические технологии: учеб. пос. для студ. пед.
специальностей. Под ред. Кукушина В.С.
4. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации
школьного образования. Алматы: Гылым, 1998.