СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Олимпиада тапсырмалары

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабаққа қосымша мәлімет ретінде пайдалануға болады.

Просмотр содержимого документа
«Олимпиада тапсырмалары»

Мектепішілік олимпиада тапсырмалары

География

7 сынып

1. Елдегі ең үлкен қаласы. Терең шұңғымада орналасқан, 2000 жыл бұрын жылы минералды көздің жанында қалыптасқан. Алғашында бұл жерде фракия тайпаларының бірі – сердтер қоныстанды, олардың кенті Сердико деп аталған. Кент Батыс және Шығыс аралығындағы сауда жолдарында орналасқан және Рим империясы кезінде маңызды сауда орталығы болған. Түріктерден азат болғаннан кейін бұл кент оның астанасы болып жарияланды. Қаланың таңбасында «Өсуде, бірақ қартаймайды» сөйлемі жазылған.

Сұрақ. Осы елді және астанасын атаңыз.

15 ұ.

2. Жюль Вернның «Капитан Гранттың балалары» атты романын оқығандар оның кейіпкерлері капитан Грантты іздеу барысында ғажайып оқиғаларды бастан өткізгендері есінде қалған болар.

Олар 37° о.е. бойынша барлық Оңтүстік Американы шарлап, ос паралельмен жүре Атлант және Үнді мухиттарын өтіп, Австралия мен Жаңа Зеландияны кесіп өтеді. Соңында Тынық мұхитындағы Табор аралында ержүрек теңізшіні кездестіреді. Кітап кейіпкерлеріне жер шарын айналған саяхат жасауға тура келді. Оның себебі, олар мұхиттан аулап алған құмыраның ішіндегі хатта 37°11' о.е. деген жазу сақталған.

Егер саяхат 37° о.е. паралель бойымен емес 27° о.е. паралель бойымен жүрген болса, кейіпкерлердің саяхаты қалай өзеретінін елестетіп көріңдерші. Қандай табиғи нысандарды қиып өтетін еді? Оларды күтетін қиындықтарды атаңдар. Олардың саяхаты жеңілдер ме, әлде керісінше қиындықтар көбірек кездесер ме еді?

3 тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Өсімдіктер мен жануарлардың географиялық таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

А) Биогеография В) Флора С) Ботаника D) Фитология Е) Фауна

2. Электр энергиясының 99,5%-н СЭС-нан алатын ел:

A) Швейцария B) Норвегия C) Франция D) Австрия E) Италия

3. Ежелгі Баянауыл таулары жататын ерекше қорғалатын территориялардың аталуы

А) Қорықша В) Қорық С) Ұлттық саябақ D) ТТК Е) Ескерткіш

4. Аталғандардың ішінен дүниежүзілік діндерді көрсетіңіз:

А) иудаизм В) индуизм С) буддизм D) сикхизм Е) ислам F) христиан G) синтоизм

5. Дамушы елдерге тән сипаттамаларды көрсетіңіз:

А) халықтың жоғарғы өсу қарқыны

В) жан басына шаққандағы ЖІӨ жоғарғы көрсеткіші

С) шикізатты көп мөлшерде экспорттау, өңдеуші өнеркәсіп пен азық-түлік өнімдерін импорттау

D) заманауи өндірістерді және табиғи шаруашылық ареалдарды жүзеге асырудағы көп салалы экономика

Е) орташа өмір сүру ұзақтығының жоғарғы көрсеткіштері