СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Олимпиадаға дайындық

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Олимпиадаға дайындық»



1. Жарқын, әрбір саны (үшіншіден бастап) онын алдынғы екі санның қосындысы болатындай етіп, сандар тізбегін жазды. Тізбектің төртінші мүшесі 6-ға, ал алтыншы мүшесі 15-ке тең. Сан тізбегінің жетінші мүшесі нешеге тең.


A) 9 B) 16 C) 21 D) 22 Е) 24


2. Заңдылықты анықтап, келесі санды табыңыз. 1,2, 6, 24, 120,...


A) 500 B) 720 C) 900 D) 1840 Е) 600


3. 1, 7, 25, 79, ... тізбегінің бесінші мүшесін табыңыз.


A) 113 B) 155 С) 243 D) 189 Е) 241


4. 2; 7; ?, 17; 22; ... сан тізбегі белгілі заңдылықпен орналасқан. Сұрақбелгісініңорнына тиісті санды табыңыз.


A) 9 B) 11 С) 16 D) 12 Е) 15


5. Белгілі бір ережеге сәйкес құрылған сан тізбегіндегі «?» белгісінің орнына сандарды табыңыз. 12, 16, 14, 18, 16, 20, ?, 22, 20, ?


A) 18;20 B) 24; 22 С) 20; 22 D) 18; 24 Е) 20; 24


6. Сандар белгілі заңдылық бойынша жазылған. Белгісіз санды табыңыз. 6; 9; 14; 21;?; 41;...

A) 20 B) 40 С) 30 D) 35 Е) 25


7. Бір топ қаз ұшып барады, оларға бір қаз қарсы ұшып келе жатып: «Жүз қазға бір сәлем!» - депті. Топ қаз оған былай деп жауап беріпті: «Жоқ біз жүз емеспіз! Егер бізге тағы осынша қосылса, тағы сонын жартысыңдай, тағы соның ширегіндей, оның үстіне сен қазым, бізге қосылсаң, біз тура жүз қаз боламыз». Олар қанша болған еді?


А) 36 қаз В) 35 қаз С) 30 қаз D) 37 қаз Е) 38 қаз


8. Құсбегі бір көгершінді 4000 теңгеге сатып алды, содан кейін оны 4500 теңгеге сатты. Кейінірек өкініп, сол көгершінді 5000 теңгеден сатып алды. Екі күннен кейін қайтадан көгершінді 5500 теңгеге сатты. Құсбегі осы саудада неше теңге пайда тапты?

A) 12000т B) 5000тг C) 10000тг D) 7000 тг Е) 1000тг

9. Егер болса, онда саны қаншаға тең болатынын саны қаншаға тең болатынын көрсетіңіз.


А) 0,5. В) 0,125. С) 0,375. D)0,25. Е) 0,75.


10. Суретте көлденеңнен және тігінен орналастырылған (ойыншық) фигуралардың жалпы бағасы берілген. Мысалы, төрт жұлдызшаның бағасы 32 теңге. Олай болса, тігінен бірінші бағандағы фигуралардың бағасы қанша теңгеге тең болатынын көрсетіңіз.

А) 30 тг. В) 25 тг. С) 27 тг. D)28тг. Е) 26 тг.



11. САХАР, ХАБАР, САУНА, БАНАН, НАРОД сөздерін төмендегі сандармен алмастыруға болса, Хабар сөзіне сәйкес болатын сан.


A) 51918 B) 91318 C) 31414 D)41827 Е) 51641


12. Әрбір үш минутта Асқар сегіз шарды үрлейді. Әрбір оныншы шар жарылып жаттса, 2 сағатта неше шар үрленіп дайын болады?


A) 160 B) 216 C) 240 D)288 Е) 320



13. Марат, Қанат, Жанат, Болат және Санат бір сыныпта оқиды. Олардың туған күндері: 17 мамыр, 23 мамыр, 17 маусым, 3 қараша және 3 желтоқсан. Қанат пен Санат әртүрлі айларда туылған, бірақ туған күндері бірдей. Ал Қанат пен Жанаттын туған күндері бір айда. Мараттың туған күні қыс айында болса, Болаттың туған күнін табыңыз.


A) 3 қараша B) 3 желтоксанC) 17 мамырD) 17 маусымЕ) 23 мамыр


14. Отбасында төрт бала бар. Олар 3, 5, 9 және 15 жаста. Меруерттің жасы Еңліктің жасына еселік сан. Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына тең. Кім неше жаста?


A) Меруерт - 9 жаста, Еңлік - 5 жаста, Арай - 3 жаста, Сағи - 15 жаста

B) Меруерт - 3 жаста, Еңлік - 9 жаста, Арай - 5 жаста, Сағи - 15 жаста

C) Меруерт - 9 жаста, Еңлік - 3 жаста, Арай - 15 жаста, Сағи - 5 жаста

D) Меруерт - 9 жаста, Еңлік - 3 жаста, Арай - 5 жаста, Сағи - 15 жаста



15. Төрт қабатты үйде Сәкен Жомарттан жоғарғы қабатта тұрады, бірақ Мараттан төменгі қабатта тұрады. Ал Жомарт Ерболдан жоғарғы қабатта тұрады. Марат қай қабатта тұрады?


A) бірінші B) екінші C) үшіншіD) төртінші Е) анықтау мүмкін емес


16. Бес қабатты үйде Маржан Зәуреден жоғарғы қабатта, бірақ Назеркеден төменгі қабатта тұрады. Осы үйде Раушан Зәуреден төменгі қабатта, бірақ Әселден жоғарғы қабатта тұрады. Зәуре нешінші қабатта тұрады?


А) бірінші В) екінші С) үшінші D) төртінші Е) бесінші


17. Стадионнан келе жатқан Қайрат, Мирас, Нұртас және Айдос - футболистер. Қайрат, Мирас және Нұртастың біреуі қақпашы. Мирас, Нұртас және Айдостың біреуі қақпашы. Нұртас қақпашы емес. Олардың қайсысы қақпашы?


A) МирасB) Нұртас C) Айдос D) Қайрат Е) анықтау мүмкін емес


18. Ербол мен Айдоста 15 асық бар. Мирас Айдоста неше асық болса, Ерболға сонша асық берді, Ерболда неше асық болса, Айдосқа сонша асық берді. Сонда Ербол мен Айдоста неше асық болады?


A) 15 B) 21 C) 27 D) 30 Е)36