Просмотр содержимого документа
«Олимпиадалық тапсырмалар 7 сынып»
7 сыныптарға информатика пәнінен Олимпиада
1. Берілген сандардың арасындағы реттілігін салыстыр. Олардың арасында қайсы бір ереже бойынша құрылғанын анықта. (3 ұпай)
а) 1 2 3 5 8 13 б) 3 6 9 15 24 39
в) 3 6 12 24 48 96 г) 2 4 6 10 16 26
д) 1 3 9 27 81 243 е) 4 8 32 256 8192 2097152
2. (3 ұпай) 2 әріп бір санмен кодталған кесте берілген. Әр санға керек әріпті қолданып кодталған сөзді анықта. Жауабын жаз.
| А | Ә | Б | В | Г | Ғ | Д | Е | Ё | Ж | З | И | Й | К | Қ | Л | М | Н | Ң | О | Ө |
| П | Р | С | Т | У | Ү | Ұ | Ф | Х | Һ | Ц | Ч | Ш | Щ | Ь | Ы | І | Ъ | Э | Ю | Я |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
10 6 13 8 16 17 14 3 16 20 14
3. (3 ұпай) Арман бір сан жасырды. Егерде бұл санды 5-ке көбейтсе, шыққан нәтижесіне 1-ді қосса, шыққан нәтижесін 6 есе арттырса, шыққан нәтижесіне 2-ні қосса, содан шыққан соманы 7-ге көбейтсе, одан шыққан нәтижені 4-ке арттырса, 135 –тен 16 есе артық сан шығады. Арман қандай сан жасырды?
4. (3 ұпай) Күн жүйесінің тоғыз планетасы арасында ғарыштық хабарлама орнатылған. Тұрақты зымыран мынадай бағыттар арқылы ұшады: Жер - Меркурий; Плутон - Венера; Жер - Плутон; Плутон - Меркурий; Меркурий - Венера; Уран - Нептун; Нептун - Сатурн; Сатурн - Юпитер; Юпитер - Марс және Марс - Уран. Тұрақты зымыран арқылы Жерден Марсқа дейін ұшып баруға болады ма?
а) болады бір зымыран арқ ылы
б) болады бір зымыраннан екінші
зымыранға отыру арқылы
в) болады бір зымыраннан екінші, екінші
зымыраннан үшінші зымыранға отыру арқылы
г) болмайды
5. (5 ұпай) Кәсіпкер Мұратов компьютерлік жәрменкеге дискілер әкелді. 1-ші сатып алушыға ол барлық дискілерінің тең жартысын және тағы 1 диск сатты, 2 –шісіне ол қалған дискілерінің тең жартысын және тағы бір диск сатты, 3 – шісіне жаңа калдықтың тең жартысын және тағы бір диск сатты және әрі қарай с.с. Соңғы алтыншы сатып алушыға ол қалған дискілердің тең жартысын және тағы бір диск сатса да, барлық дискілері сатылып кетті. Кәсіпкер Мұратов жәрменкеге қанша дискілер әкелді? Жауабына тек қана санын жаз.
6. (5 ұпай) Бір сыныпта 10 ер бала оқиды: Мұрат, Игілік, Болат, Фархат, Валихан, Санжар, Ринат, Жандос, Даурен және Линар. Олар бір-бірімен топтасып достасады: 1) Мұрат, Ринат және Даурен; 2) Болат және Валихан; 3) Фархат, Жандос және Линар; 4) Санжар, Игілік және Болат. Игілік пен Линардың ортақ достары барма?

а) бір дос
б) екі дос
в) үш дос
г) ортақ достары жоқ
7. (5 ұпай) Төмендегі теңдік дұрыс болу үшін шеңбер, ұшбұрыш, шаршы және тіктөртбұрыш арқылы кодталған сандарды анықта. Жауабына тек қана сандарды жаз.

= _____
=_______
= ______
= ________
8. (5 ұпай) Алгоритмнің нәтижесі 1-ге тең болса, онда төмендегі сандардың қайсысы бастапқы санына тең?

а) 7 б) 12 в) 23 г) 33