СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өлкетану курсы 7 сыныптарға арналған

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өлкетану курсы 7 сыныптарға арналған бағдарлама

Просмотр содержимого документа
«Өлкетану курсы 7 сыныптарға арналған»

1. Түсінік хат


1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленді.

2. Өлкетану курсының басты мақсаты:

1) өзінің туған өлкесі жайлы білімді терең меңгерту және дамыту;

2) жасөспірімдердің бойында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және отансүйгіштік сезім тәрбиелеу.

3. Аталған мақсаттарға сәйкес білім берудің келесі міндеттері шешілуі тиіс:

1) оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тереңдету;

2) практикалық және интеллектуалдық дағды мен шеберлікті қалыптастыру және дамыту;

3) болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу;

4) жеке тұлғаның бойында ізденушілік-зерттеушілік қасиетін, экспедициялық жұмыс дағдыларын қалыптастыру;

5) әр түрлі тәсілдермен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытатын өлкетану жұмысындағы кешенділікті сақтау: жалпы оқу біліктілігі мен дағдысын, байқағыштықты, ойлауды, қиялдауды, ғылымдарға деген сүйіспеншілікті, білімдарлықты және мәдени деңгейін, әдеби және пәндік тілді, бірнеше тілді меңгеруді, әр түрлі мамандық иелерімен, өзінен үлкен-кіші адамдармен қарым-қатынас дағдыларына икемделу, өз бетімен өмір сүруге және болашақтағы мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындалу, моральдық-өнегелілік қасиеттерді, туған өлкеге және Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерді тәрбиелеу.

4. Өлкетану сабақтарда, сынып сағаттарында, олардың тәрбиелік мақсаты ретінде («кіші» Отанына деген патриоттық, азаматтық сезімдерді тәрбиелеу) жүзеге асырылады;

5. Өлкетану курсы жергілікті жердің қыр-сырын ашып көрсету арқылы география, биология, тарих, әдебиет және басқа да пәндерді оқу білімімен логикалық түрде толықтырады;

6. Өлкетану курсының бағдарламасы сыныпта және мектепте жекелеген зерттеу топтарымен, білім беру ұйымының өлкетану жұмысы Кеңесінің белгілеген экспедициялық зерттеу тақырыптары бойынша жүзеге асырылады.

7. Нақты белгіленген бағдарлама бойынша факультатив сабағы ретінде бөлек оқытылады.

8. Оқу сабақтары үдерісі кезінде туған өлкені тікелей оқып-білу мүмкіндігі шектеулі. Сол себепті, жұмыстың жүйелі-әрекеттік нәтижелерін сыныптан тыс және сабақтан бос уақытта кабинеттерден жергілікті жердің төңірегіне, өзен-көлдердің жағалауына, өнеркәсіп және ауылшаруашылық кәсіпорындарына, ескерткіштерге және тарихи даңқ орындарына, мұражайлар мен көрмелерге т. б. жерлерге саяхатқа шығу арқылы жандандыру мүмкіншілігі бар.

9. Оқу барысында оқушылардың бойында өз өлкесі: оның табиғаты, табиғат ресурстары, өнеркәсіптері, ауыл шаруашылығы, көлік жүйесі, тарихи және мәдени дамуы, белгілі адамдары, өлкенің аудан, облыс, аймақ және республика үшін маңызы жайлы білім жүйесі қалыптасуы тиіс. Оқушының өз өлкесі экономикасындағы еңбек ресурстарына сұранысы жайлы білу мүмкіндігі бар.

10. 7-сынып оқушылары туған аймақтың табиғи-экономикалық ерекшеліктерін және олардың даму келешегін оқып-үйренеді. Алдын-ала оқыту мақсатында, бағдарламаға өлкенің экономикасы жайлы тақырыптар кіргізілгенін атап айту қажет, жоғары сыныптарда ол тақырыптар тереңдетіліп оқытылады. Сонымен қатар, өлкетану жұмысының мазмұнына өлкенің тарихи өткені, археологиялық ескерткіштерін, мәдени (сәулет өнері, әдебиет) ескерткіштерін, әр түрлі жанрдағы фольклорлық материалдарды, ұлттық ерекшелігі бар қолөнерді, өлкенің атын шығарған атақты тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын зерттеу кіреді.

11. Оқушылардың өз өлкесіне тән негізгі ерекшеліктерді анықтауға жағдай жасайтын, өлкетанудағы оқу-ізденушілік әрекетінің негізгі түрі ретіндегі бұл бағдарлама, іздеу-зерттеу әрекеттерінің алгоритмі болып табылады. Бағдарлама жан-жақты сипатқа ие және еліміздің кез-келген бөлігінде орналасқан туған өлкені, ауылды немесе қаланы, олардың төңірегін оқып-білудегі негізгі бағыттарды көрсетеді.

12. Жыл бойы жүргізілген жұмыстың нәтижесі мектептің өлкетану конференциясында қорытындыланады, үздік жұмыстар марапатталады және аудандық, қалалық конференцияға ұсынылады.

13. 7 - сыныпта өлкетану курсы аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат оқытылады.























«Өлкетану» курсының бағдарламасы

Барлығы 68 сағат; Аптасына 2 сағат

Реті

Тақырып аты

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе

1


2-3

Туризм негіздерімен танысу және карталармен жұмыс істеу

2


4

Өлке аумағының жер бедері

1


5

Жазықтары

1


6

Таулары

1


7

Қарқаралы таулары

1


8

Кент таулары

1


9

Қызыларай таулары

1


10

Ұлытау таулары

1


11

Жер бедері бетіндегі антропогендік және табиғи эрозиялық үдерістер

1


12

Номенклатура

1


13

№1 сарамандық жұмыс «Карталарда және жергілікті жерде өлшеу жұмыстары»

1


14

Өлкенің табиғат ресурстары

1


15-16

Минералды ресурстары

2


17

№2 сарамандық жұмыс «Пайдалы қазбалардың кен орындарын анықтап, кескін картаға түсіру»



18

Су ресурстары

1


19

Орман ресурстары

1


20

Номенклатура

1


21-22

Жергілікті жердің ауа райы және климаты

2


23

Ауа райы өзгерістерінің жергілікті белгілері

1


24

№3 сарамандық жұмыс «Ауа райы мәліметтерін өңдеу»

1


25

Өлкенің сулары: жалпы сипаттама

1


26-27

Өзендері

2


28

Нұра өзені

1


29

Бір су нысанын зерттеу және сипаттау (өзенді, бұлақты)

1


30-31

Көлдері

2


32

Қарасор көлі

1


33

Өлкенің көлдерін зерттеу және сипаттау (жақын маңайда орналасқан бір көлді)

1


34

Өлке суларын пайдалану

1


35

№4 сарамандық жұмыс «Өлкенің ішкі суларын кескін картаға түсіру»

1


36

Номенклатура

1


37-38

Өлкенің топырағы

2


39-41

Өлкенің және қаланың өсімдіктері

3


42-44

Өлкенің жануарлар дүниесі

3


45-46

Өлкенің және қаланың ерекше қорғалатын аумақтары және табиғатты қорғау

2



47

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат паркі

1


48-49

Қорықшалары

2


50

Өлкенің, қаланың шаруашылығына жалпы сипаттама

1


51-52

Өнеркәсібі

2


53

Ірі кәсіпорындар

1


54-55

Ауыл шаруашылығы

2


56

Экскурсия

1


57

Номенклатура

1


58

№5 сарамандық жұмыс «Қала үшін аса маңызды кәсіпорындарды оқып білу және сипаттама беру»

1


59-60

Өлкенің бастапқы игерілуінің қысқаша тарихы

2


61-62

Археологиялық ескерткіштер

2


63

№6 сарамандық жұмыс «Өлкеміздің археологиялық ескерткіштерін кескін картаға түсіру»

1


64-65

Мәдениеті

2


66-67

Өлкенің белгілі адамдары

2


68

Қорытындылау

1









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!