СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өмір жолын таңдау

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адам өміріндегі басты назар аудару керек мәселелердің бірі – мамандық таңдау. Мамандық таңдауда көптеген адам қателесіп жатады. Ата-анасының, бауырларының немесе достарының әсерімен, олардың қалауындағы мамандықты таңдап жатады.Бірақ та ескеретін мына нәрсе бар: бұл өмір – сенің өмірің, бұл өмірді өзің сүресің, ата-анаң емес, достарың емес. Бір-ақ рет берілетін бұл өмірді барынша лайықты сүрейік. Мамандық таңдауда асықпай, саралап, өз жүрегіміз бен ақылымызды тыңдап, өз қызығушылықтарымызбен байланыстырып таңдауымыз қажет.

Просмотр содержимого документа
«Өмір жолын таңдау»

Адам туылғаннан-ақ белгілі бір өнерге, іске, қызметке икем, ыңғай, қабілет яки дарын болады. Және де әрбір адам сол өз икемі келетін жұмыспен айналысуы қажет. Бір орында тұрып қоймай, сол туа біткен дарынды ары қарай кеңейту, байыту керек.

Туа біткен дарын бәрінде болады деп те айта алмаймыз. Кейбір адамдардың қабілеті кемел шақта да ашылып, дамуы мүмкін.Сол себепті әрдайым алдыға қарай қадамдар жасап, білмейтін пайдалы істерді үйренуге тырысуымыз қажет.

Сондай-ақ өз таңдауыңды жасағанда, ең бастысы, өзіңе деген, өз күшіңе деген сенім болу қажет. Көп адам қиындыққа кезіккен жағдайда үмітсіздікке салынады, алдынан шыққан болмашы мәселелердің әсерінен өмірлік жоспарынан оңай бас тарта салып, мүмкіндіктерім сарқылды деп ойлайды. Жо-жоқ, сен ең алдымен өз күшіңе, өз таңдауыңа сен. Солай, жүрек қалауыңды тыңда!