| Мұғалімнің аты-жөні: Әбілова Б.Т. |
Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Оң қолымда бес саусақ |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.4.1 Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материал не туралы екенін түсіну 1.2.3.1 Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру 1.3.3.1 Өлең, жұмбақ және ертегілерді ажырату 1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша/неше?) сұрақ қоя білу 1.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрациялы шағын мәтіндерден тауып алу |
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: Дене мүшелерін атай алады, тақырып бойынша тақпақты жатқа айта алады. Оқушылардың басым бөлігі: Мұғалімнің сұрақтарына тақырып көлемінде жауап бере алады, 20-ға дейінгі сандарды ажырата алады. Кейбір оқушылар: Басқа да дене мүшелерін атай алады, сабақта үйренгенін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады. |
Жетістік критерийлері | Тыңдалым. Мәтінді түсінгендігін әр түрлі әрекеттермен (пікір айту, сұрақ қою, қимыл арқылы) көрсете алады. Оқылым. Таныс сөздерді буындап дұрыс оқиды және мағынасын түсіндіре алады. |
Құндылықтарды дарыту | Тазалыққа, ұқыпты болуға тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Сауат ашу, Дене тәрбие сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
Тілдік құзыреттілік | Пәнге тән лексика мен терминология: Дене мүшелері, көзге көрінетін, көзге көрінбейтін, арқа, саусақтар, шеке, маңдай, бет, шынтақ, білек, жүрек, асқазан, бүйрек, бауыр, ішек |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы | Ертеңгілік шеңбері (МК) Әндете отырып дене мүшелерін көрсету. (бас, иық, тізе және бақай, көз, құлақ, ауыз және мұрын иек, т.б. (Ұ) Оқушылар әнді іс-қимылмен бірнеше рет қайталайды, әр айтқан сайын қимыл жылдамдықтарын арттыра түседі. | |
Сабақтың ортасы | (МК, Ұ) Оқулықтағы 1-тапсырмада оқушылардың назары суретке аударылады, сурет бойынша жұмыс жүргізіліп, оқушылар «бас, оң қол, сол қол, оң аяқ, сол аяқ» сөздерімен танысады. Сөздердің дыбысталуына ерекше назар аударылады. (Ж) Сұрақ/жауап үлгілерін (Мынау не? Бас. Мынау не? Қол.) ухо – /иа/ ear, рука / хэнд/hand, нога- / лэг/ leg, язык - /тан/ tongue,голова- /хэд/head,волосы /хэа/ hair,нос- /ноуз/ nose,рот - /мауф/ mouth,глаз /ай/eye сыныптағы оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы жаттығады. Сонымен бірге оқушылардың назарын оң, сол сөздеріне аударып, оның аудармасын беріп, бірнеше рет қайталатып, есте сақтау жұмыстары жүргізіледі. (МК, Ұ) 2-тапсырмадағы сурет арқылы оқушылар Алмабектің суреті арқылы адамның бас мүшелерін салумен танысады. Берілген үлгі бойынша әр сурет арқылы оқушылар көз, қас, құлақ, мұрын, ауыз деген сөздермен танысады. Осындай сурет салу арқылы оқушылар жаңа сөздерді қайталайды, бекітеді. (МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылардың оқылым дағдылары дамытылады, оқушылар тақпақты тыңдайды, қайталайды, мазмұнын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім тақпақты қимылдармен көрсетіп қайталатады. Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Алақанды ашамыз, Бесті беске қосамыз. (Ж) 4-тапсырмада оқушыларға сұрақ қою (Мынау қай қол? Оң қолыңда неше саусақ бар? Сол қолыңда неше саусақ бар?), сұраққа жауап беру (Оң қол. Сол қол. Бес саусақ.) дағдыларын жетілдіре түседі. Алдымен берілген диалогті тыңдайды, қайталайды, оқиды. Сонан соң үлгі бойынша сөйлеседі, сұрақ қойып, сұраққа жауап беріп жаттығады. (ОТ) Мұғалім оқушыларға алақандарының суретін салу сияқты шығармашылық жұмыс тапсыра алады. Осы арқылы оқушылар сөздерді қайталайды, салған суреттерін үйренген лексика негізінде сипаттайды. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. | Оқулық 130-131 бет Аудиодиск: 7.7.1.; 7.7 Оқулық, дәптерлер.26 бет |
Сергіту сәті | СЕРГІТУ СӘТІ Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ Қосып едім екеуін Болып шықты он саусақ | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
Аяқталуы Қызықты тапсырма | Берілген әріптерді дұрыс қойып сөзді табыңыз. 1-топ ОМЫЙН- ІТЕЗ- ЫАНШТҚ- АСУАСҚ- 2-топ ҚҰЛАҚ- НРЕІ- АҢЙДТА- ІТЛ- Берілген әріптерді дұрыс қойып сөзді табыңыз | Қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөздер жазылған карточкалар. |
Сабақтың соңы | Рефлексия Оқушыларға үш түрлі суреттер беріледі. Үш суреттен біреуін таңдап алып, қаламмен дөңгелектеп белгілейді.
- толық түсіндім; - сұрақтарым бар. - түсінбедім; Орнымыздан тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау-саламат болайық! | Смайликтер |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ: Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: өздері оқыған қызықты кітаптары туралы сыныппен ой бөліседі. Қабылдау деңгейі орташа оқушыларға: кітаптағы суреттер жайлы әңгімелеу үшін кейбір сөздерді пайдаланады.Оқу мақсаттарына қайта оралу. | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |