СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оңтүстік Америка елдері,халқы

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оңтүстік Америка материгінің халқы мен елдері ,олардың өзіндік  ерекшеліктері туралы ұғым қалыптасу, алған білімді дұрыс пайдалана білу, ойлау қабілетін шыңдап, ойын еркін жеткізе алу.

Просмотр содержимого документа
«Оңтүстік Америка елдері,халқы»

Ергалиева Нагима Уткелбаевна

14 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі

Пән: Материктер мен мұхиттар географиясы

Сабақтың реттік саны:№39

Күні:26.01.2017

Сынып:7 ә

Оқушылар саны:27

Сабақтың тақырыбы:

§43. Оңтүстік Американың халқы және саяси картасы, Анд елдері және Шығыстағы жазық елдері.(Халқы мен елдері)

Сабақтың мақсаты:

Оңтүстік Америка материгінің халқы мен елдері ,олардың өзіндік ерекшеліктері туралы ұғым қалыптасу, алған білімді дұрыс пайдалана білу, ойлау қабілетін шыңдап, ойын еркін жеткізе алу.

Міндеттері:

1.Оқушылардың тақырыпты ашуына ықпал ету.

2.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру.

3.Оқушыларды Оңтүстік материгінің табиғат зоналары мен олардың географиялық орныментаныстыра отырып, өз елінің, жерінің баға жетпес байлығын айта отырып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар Оңтүстік Америка материгінің халқы мен елдері мен олардың ерекшеліктерін білетін болады.

Картадан Оңтүстік Америка материгінің халқы мен елдері мен олардың ерекшеліктерін , географиялық орнын көрсете алады.

Оңтүстік Америка материгінің халқы мен елдері, олардың географиялық орнының ерекшеліктерін,орналасу себептерін анықтай алады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, диалог, ОБ, ОЖЕ, ДТ, ОБК.

Пәнаралық байланыс: тарих, биология, дене шынықтыру

Көрнекіліктер: Оқулық (оқу құралдары), үлестірмелі материалдар,

Негізгі түсініктер:

Елдер,халық атаулары

Өткен сабақпен байланысы:

Орналасуы,зерттелуі

Бағалау: формативті және критериалды бағалау

Сабақ барысы


Мұғалімнің рөлі

Оқушының рөлі

Ұйымдастыру кезеңі





Оқушыларды түгендеу, қызығушылықты ояту, сыныпта психологиялық ахуал тудыру,топқа бөлу. Бағалау парақтарын таратамын.

( 2 мин)


Топқа бірігеді,топ көшбасшысы анықталады. Ол топ жұмысын бақылайды, тыңдайды, бағалайды.

Үй тапсырмасын тексеру

( 3 ұпай)


Үй тапсырмасын оқушылар өзара сұрақтар қою арқылы сұралынады.

«Өрмекші торы»

(7 мин)

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


Жаңа сабақ кезеңдері

«Білу» тапсырмаларын беру.

(2 ұпай)


Жеке жұмыс. (2+1 мин)

«Атаулар» тапсырмасының дұрыс орындалуын қадағалаймын.Оңтүстік Америка елдерінің аттарын жаз.


Оқушылар Оңтүстік Америка материгінің елдерін картаны пайдалана отырып жазады.


«Түсіну» (4 ұпай) (миға шабуыл)




Жұптық жұмыс. (2+2 мин)

Оңтүстік Америка материгінің халқына сәйкес терминдердің мағынасын анықта.

Метис,мулат, самбо,үндіс,


Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып,өз ойларын ортаға салады.



«Пайдалану» (6 ұпай)





Топтық жұмыс.(3+2мин) (Атласты,оқулықты пайдалана

отырып,төмендегі кестені толтыр.)

Анд елдері, Шығыстағы елдер

Елдің аты

Астанасы

Ерекшелігі

















Оқушылар картаны,оқулықты пайдалана отырып, кестені толтырады. Кестені 4 оқушы оқып,түсіндіреді.


«Талдау» (4,6,8 ұ)


Жеке жұмыс.(3+2 мин)

Төмендегі сұрақтарға жауаптар жаз.

1.Кариб теңізі алабында орналасқан елдер неліктен мұнайға бай ?

2.Картадан өзі ашқан саяхатшының атымен аталатын елді тап.

3.Атлант және Тынық мұхитын жалғастыратын канал қалай аталады және ол неліктен салынды ?


Сыни тұрғыдан ойлана отырып,өз ойларын жазады.Түсіндіреді.

«Жинақтау» (10 ұ)



Жабық тест.(3+2 мин)

1.Оңтүстік   Америка халқының  саны-

2.Оңтүстік  Американың байырғы халқы:

3.Еуропалықтар мен үндістердің некелесуінен тараған ұрпақ:

4.Самбо дегеніміз:

5.Негрлер мен мулаттардың ұрпақтары:

6.Табиғат жағдайына байланысты елдер бөлінеді:

7.Анд елдерінің қатарына:

8.Шығыс жазықтық елдерге:

9.Ежелгі өркениет елі:

10.Дүние жүзіндегі ең биік орналасқан астана:


Оқушы ойлана отырып,өз жауаптарын жазады..

«Бағалау. Жоба қорғау» (12 ұ)



Әңгімені оқып,жалғастыр.(3+1 мин)

Оқушының өз қабілетін шыңдауға берілген тапсырма.сыныптан бірнеше оқушы ғана орындауы мүмкін


Рефлексия



Бүгінгі сабақта не ұнады?

Бүгінгі сабақта не ұнамады?

Қандай ұсынысыңыз бар?


Оқушылар өз ойларын рефлексия дәптеріне жазады, бірнешеуі оқиды.

Сергіту сәті.(2 мин)

«Сәлемдесу»

Оқушыларға нұсқаулық беріледі. Мұғалімнің айтқанымен дауыс ырғағына көңіл аудару керек.



Оқушылар дене жаттығуларын жасайды.

Бағалау.(1 мин)

Оқушылардың бағалау парағын салыстыра отырып, бағаланады. Бағаларын оқушыларға айтып отырып қояды.

Топ басшыы бағалау парағы арқылы бағалайды. Мұғалімнің бағасын күнделікке қойдырады.

Үй тапсырмасы(1 мин)


§43 оқу, мазмұндау.Қосымша мәліметтер жазып келу.

Оқушылар күнделікке жазып алады.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!