СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өндірістік оқыту сабағының әдістемелік дайындамасы Тақырыбы: «Тәтті тұздықтар: «Алма тұздығы», «Мүкжидек тұздығы», «Кепкен сары өрік тұздығы»

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открыйтый урок в пройзводственном уроке на тему сладкие соусы.

Просмотр содержимого документа
«Өндірістік оқыту сабағының әдістемелік дайындамасы Тақырыбы: «Тәтті тұздықтар: «Алма тұздығы», «Мүкжидек тұздығы», «Кепкен сары өрік тұздығы»»

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан Білім басқармасы

МКҚК Орал «Сервис» технологиялық колледжі



Бекітемін:

Директордың ө/о ісі

жөніндегі орынбасары

Д.С. Жиналеева

_______________




Өндірістік оқыту сабағының әдістемелік дайындамасы

Тақырыбы: «Тәтті тұздықтар: «Алма тұздығы», «Мүкжидек тұздығы», «Кепкен сары өрік тұздығы»






Дайындаған: «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері: Кажмулдина Н. С.












Орал қаласы- 2015 ж.

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Тақырыбы: Тұздықтар дайындау

Сабақтың тақырыбы: Тәтті тұздықтар: «Алма тұздығы», «Мүкжидек тұздығы», «Кепкен сары өрік тұздығы».

Сабақтың мақсаттары:

  • Білімділік - тұздықтың құрамын, дайындау технологиясын, мөлшерін, температурасын, ұсыну әдістерін үйрету.

  • Тәрбиелік - оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындауға, орындау барысында өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

  • Дамытушылық - оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше ізденуге бағыттау, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, техникалық жетістіктерге, мамандыққа қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың материалдық жабдықталуы: Интерактивтік тақта, альбомдар, сұлбалар, технологиялық нұсқау карталары, карточкалар.

Сабақтың түрі: Еңбек процесі мен жиынтық операцияларын үйрету.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

I. Ұйымдастыру бөлімі 5-6 мин:

  1. Оқушылардың сәлемдесуі.

  2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.

  3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру: сыртқы түрін, тазалығын тексеру.

II. Кіріспе нұсқау:

  1. Қауіпсіздік техникалық ережелер.

  2. Санитариялық ережелер.

  3. Оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау:

1. Тұздықтар қалай жіктеледі? /температурасына қарай- ыстық 65-70%, салқын 10-12%, түсіне қарай-ақ және қызыл, сұйықтық негізіне қарай-сорпада, көкөніс қайнатпасында, сүтте, қаймақта.Консистенциясына қарай- сұйык, орташа, қою, дайындау технологиясына қарай- негізгі және туынды/.

2. Жалпы тұздықтар қалай бөлінеді? /ұн қосылған – қоюландырғышы бар,

ұнсыз – қоюландырғышы жоқ /.

3.Ұн қуырмасының қандай түрлері бар? /ұн қуырмалары: қызыл шала ұн қуырмасы, ақ шала ұн қуырмасы, салқын ұн шала қуырмасы/.

4. Сұйық бойынша тұздықтар қалай бөлінеді? /сорпада, балық сорпасында, саңырауқұлақ қайнатпа суында, қаймақта, сары майда, өсімдік майында,сірке суында/.

5. Қою қоңыр сорпаны қалай дайындайды және аталуы қалай? /өңделген сүйекті 1-1,5 сағат бойы суырма табада қуыру шкафында 160-1700С-та алтын түстес болғанша қуырады. Қуырылған сүйектерді қазанға салып, мұздай су құйып, баяу қайнатып, 5-10 сағат пісіреді. Пісіру аяқталуға 1 сағат қалғанда сорпаға сәбіз, пияз, ақжелкек қосады. Дәмін, иісін жақсарту үшін ет сөлін қосуға болады. Дайын сорпаны сүзеді. Қоңыр сорпаны «фюме» деп атайды/.

6. Тұздықтың маңызы қандай? /дайын тағамның дәмін, хош иісін арттырады және тәбет ашады/.

7. Тұздықтарды қоюландыру үшін не пайдаланылады? /ұн және крахмал

пайдаланылады/

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау: Тәтті тұздықтар: «Алма тұздығы», «Мүкжидек тұздығы», «Кепкен сары өрік тұздығы».

Жаңа материалды баяндау: Тұздықтар туралы жалпы түсінік

Тұздықтар тағамның үлкен бір бөлігі, тұздық тағамның дәмін, иісін,түсін түрін арттырады. Тағамды дайындау процесінде немесе әзір тағамға қолданады.Ыстық немесе салқын тұздықтарды ұсынар кезде тағамға шырынды консистенция береді.Тұздықтың құрамындағы хош иісті заттар дәмдеуіштер, тұздықтың дәмін жақсартып,адамың тәбетін ашады да, тағамның сіңімділігін арттырады.Тәтті тұздықтарды Алма, өрік, мүкжидек, шомыр өрік,кептірілген жеміс-жидек,қалбырланған жеміс-жидек, шырынан,езбеден дайындайды.


«Алма тұздығы»

Алма-13/12 гр, қант-7/7гр, картоп крахмалы -1,5/1,5 гр , лимон қышқылы- 0,1/0,1гр, су- 40/40 гр .Шығымы: 50 гр

Өңделген алманы тілімшелеп турап , үстіне қайнаған ыстық су құйып, жабық ыдыста 6-8 минут дайын болғанша қайнатамыз.Содан соң үгеміз

піспе суға қантты,лимон қышқылын қосып дайындалған суытылған крахмалды қосып тағы қайнатамыз .

«Мүкжидек тұздығы»

Мүкжидек - 6/5гр, қант - 5/5гр, картоп крахмалы -1,5/1,5гр, су - 45/45гр

Шығымы: 50 гр.

Мүкжидекті іріктеп жуады да, шырынын сығып аламыз. Сығындыға ыстық су құйып, 5-8 минут қайнатамыз да, сүзіп аламыз. Піспе суға қант қосып қайнауға келтіреді де, қайнаған, суытылған суға немесе піспе суға езілген крахмалды құйып, тез қайнауға келтіреміз де, үстіне шырын құямыз.

«Кепкен сары өрік тұздығы»

Кепкен сары өрік - 30/26 гр, су - 20/20 гр, қант - 30/30 гр.Шығымы: 50 гр.


Кепкен сары өрікті салқын суға жуып, салқын суға 2-3 сағат ісінуге салып

қоямыз. Содан соң сол суында пісіреміз де,езіп, оған қант қосып қоюланғанша қайнатамыз.

  1. Жаңа тақырыпты игеруге байланысты еңбек тәсілдерін көрсету:

Еңбек тәсілдерін көрсеткенде оқушылар назарын дайындау технологиясының сақталуына, жабдықтар мен аспаптарды дұрыс таңдап алуларына, кауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына, үнемділікке, жылумен өңдеу кезінде қажетті температураның сақталуына аударамын.

6. Кіріспе нұсқаудың жаңа материялы бойынша білімдерін пысықтау:

1. Тәтті тұздықтарды қандай жеміс-жидектерден дайындайды?

  1. Алма тұздығын дайындау үшін алманы қалай өңдейді?

  2. Лимон қышқылын тәтті тұздыққа не үшін пайдаланады?

  3. Өрікті неше сағат ісіндіреді?

  4. Мүкжидекті неше минут қайнатады?

  5. Тәтті тұздықты қандай тағамдарға ұсынады?

  6. Тәтті тұздыққа бір үлеске қанша мөлшер ұсынады?

  7. Тәтті тұздықтың сапасына қойылатын талаптар?

  8. Тәтті тұздықтардың орысша және ағылшын тілінде айтылуы қалай?

ІІІ. Жаттығулар мен оқушылардың өз бетімен жұмысы: бригада мүшелерінің берілген тапсырмаға сәйкес жұмыстарды бөлуі, дәмрәсім жинағы бойынша өнімдерді әзірлеуі, тұздықтарды әзірлеуге арналған қажетті аспаптарды іріктеп алуы, жылулық өңдеу жұмыстары, дайын тұздықтарды әсемдеу, ұсыну.

Ағымдық нұсқау. Жұмыс орнын қарап өткенде: оқушылардың барлығы түгел жұмыспен қамтылуын, қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережелерді қатаң сақтауын, жабдықтар мен аспаптарды дұрыс пайдалануын, дайындау технологиясының сақталуын, уақытты үнемдеуін, ұқыпты, таза жұмыс жасауларын, жұмыс орнының тазалығын қадағалаймын.

ІV. Қорытынды нұсқау

  1. Өндірістік оқыту сабағының қорытындысын шығару.

Сабақ барысындағы жұмыстың ұйымдастырылуы, берілген тапсырманың технологияға сәйкес орындалуы, теғхникалық қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуы, уақыттың үнемделуі, ептіліктері мен енжарлықтары, жұмыс орнының тазалықтары, таза, ұқыпты жұмыс жасаулары, бір-біріне көмектесулері туралы қорытынды жасау.

  1. Оқушылардың жақсы жұмыстарын атап өту.

Ұйымшылдылығымен, ептілігімен, ұқыптылығымен, өзіне тапсырылған жұмысты жауапкершілікпен орындаған, өзгелерге көмектесе білген оқушылардың жұмыстарын атап өту.

  1. Қателерді сипаттап, олардың себебін анықтап, қателерін түзету.

Әрбір жеке оқушының сабақ барысында жіберген қателіктерін түзету, себебін анықтау.

  1. Жабдықтардың, жұмыс уақытының, еңбек тәсілдерінің тиімді пайдалануын талдау.

  2. Бағалау.

  3. Үйге тапсырма беру.

  4. Жұмыс орнын тазалау.


Ө/о шебері: Кажмулдина Назгуль Сансызбаевна







































«Алма тұздығы»


Алма-13/12 гр, қант-7/7гр, картоп крахмалы -1,5/1,5 гр , лимон қышқылы- 0,1/0,1гр, су- 40/40 гр .Шығымы: 50 гр



Өңделген алманы тілімшелеп турап , үстіне қайнаған ыстық су құйып, жабық ыдыста 6-8 минут дайын болғанша қайнатамыз.Содан соң үгеміз

піспе суға қантты,лимон қышқылын қосып дайындалған суытылған крахмалды қосып тағы қайнатамыз .



















«Мүкжидек тұздығы»


Мүкжидек - 6/5гр, қант - 5/5гр, картоп крахмалы -1,5/1,5гр, су - 45/45гр

Шығымы: 50 гр.





Мүкжидекті іріктеп жуады да, шырынын сығып аламыз. Сығындыға ыстық су құйып, 5-8 минут қайнатамыз да, сүзіп аламыз. Піспе суға қант қосып қайнауға келтіреді де, қайнаған, суытылған суға немесе піспе суға езілген крахмалды құйып, тез қайнауға келтіреміз де, үстіне шырын құямыз.


















«Кепкен сары өрік тұздығы»


Кепкен сары өрік - 30/26 гр, су - 20/20 гр, қант - 30/30 гр.Шығымы: 50 гр.





Кепкен сары өрікті салқын суға жуып, салқын суға 2-3 сағат ісінуге салып

қоямыз. Содан соң сол суында пісіреміз де,езіп, оған қант қосып қоюланғанша қайнатамыз.