Уақыты: 01.09.2020
Топ: 31 БУХк
Сабақ № 34 (1)
Пән: Қаржылық есеп
Курс тақырыбы: Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы.
Сабақ тақырыбы: Өндірістік жоғалтулар есебі
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Өндірістік жоғалтулар есебі. Ақаудың өзіндік құнының есебі және калькуляциясы. Өнім және ақаудан болған жоғалтулар калькуляциясын құру.
Дамытушылық: Таратпа материалдар жеке тапсырмаларды пайдаланып, студенттердің шығармашылық кабілеттерін өз ойларын дұрыс жеткізе білу, есептеу барысында әртүрлі әдістерді қолдана отырып іскерлік қабілетін дамыту. Ең бастысы - пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Студенттерді ұқыптылыққа, дұрыс және нақты есеп жасауға, жүйелілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сенімді қатынастарды қалыптастыра отырып, топтық жұмысқа дағдыландыру.
Пән аралық байланыс: «Бухгалтерлік есеп негіздері», «Аудит», «ҚЕТ және экономикалық талдау», «Статистика»
Сабақ типі: аралас
Сабақ түрі: теориялық
Құзыреттіліктер:
Базалық құзыреттілік: Өндірістік жоғалтулар есебімен танысады
Кәсіптік құзыреттілік: Ақаудың өзіндік құнының есебі және калькуляциясы. Өнім және ақаудан болған жоғалтулар калькуляциясын құру; шоттар корреспонденцияларын құру
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: мультимедиялық проектор, таратпа материалдар, бухгалтерлік құжаттар
Сабақ оқытуда қолданылатын ұйымдастыру әдістері, технологиялар: Ақпараттық коммуникациялық және модульдік технология элементтері, ойын технологиясының элементтері, тәжірибелік әдіс, коммуникативті әдіс, диалогтік әдіс, 3М жүйесі.
Оқыту орны:№321
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1) В.К.Радостовец «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы, 2002ж.
Қосымша:
Ф.С.Сейдахметова «Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп», Алматы, Экономика, 2000ж.
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Аймақтық компонент: www.google.com және uchet.kz сайты және Семей қаласы кәсіпорындарының материалдары қолданылады
САБАҚ ЖОСПАРЫ.
1 Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Тәжірибелік бөлім
4. Сабақты бекіту
5. Қорытындылау
6. Бағалау
7. Үй тапсырмасы
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі. (коммуникативті)
- аудиторияның дайындығын бақылау
- оқушылармен амандасу
- студенттерді түгендеу
-
Үй тапсырмасын тексеру (іскерлік ойын тәсілі)
Жаппай (фронтальды) сұрау
Жекелей сұрау
Сұрақтар:
Көмекші өндіріс және шығындарды есепке алу шоттары
Қосымша өндірістің күрделілігі
Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы
Автомашинаның ағымдағы жөндеуінің өзіндік құнын есептеу
Көмекші өндірістің керсеткен қызметін тарату
«Көмекші өндіріс қызметін таратудың» талдамалық кестесінің үш бөлімі
Қарапайым өндіріс
Күрделі өндіріс
Тәжірибелік бөлім (тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқау негізінде)
Сабақ №34 «Өндірістік жоғалтулар есебі»
Өнім ақауы (жоғалтулар) | Сапасы жағынан белгіленген стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес келмейтін және өзінің тікелей мақсатына пайдалануға жарамайтын бұйымдар өнім ақауы болып есептеледі. |
Ақау былайша жіктеледі: | - ақау байқалған орны бойынша –ішкі және сыртқы ақау - анықталған ақаудың сипаты бойынша – түзетуге мүмкіндігі жоқ немесе экономикалық жағынан алғанда түзетуге тиімсіз және жөндеуге болатын ақаулар - пайда болу себептері бойынша - өндіріс технологиясының бұзылуы, сапасыз шалафабрикаттар және т.б. |
Ішкі түпкілікті ақаудың өзіндік құнын мынадай шығындар бойынша анықтайды: | ақау болған өнімді жөндеу кезінде жұмсалған шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар шығындары; өндіріс жұмысшыларның жалақысы; жалақыдан есептелен аударымдар; үстеме шығындар. |
Өнімнің өзіндік құына жатқызылған сыртқы және ішкі ақаудан болған шығындарды анықтау үшін | ішкі және сыртқы ақаудың құнына ақауды түзету жұмсалған шығындары қосылады және ақауды өнімнің пайдаланылуы мүмкін болатын бағасы бойынша оның құны, ақауды жіберген кінәлілерден нақты сомасы ұсталынады, ал егер де ол өнімді жеткізіп берушілердің кінәсінен болса, онда оның құны бүкіл сатып алынған өнім құнына шегеріліп тасталады. |
Өндірістегі жоғалтулар дегеніміз материалдық және еңбек ресурстарының өндірістік емес шығындары . Оған өндірістік ақаулар мен тоқтап қалудан болатын шығындар жатады. Өндірістегі ақаулардың есебі. | Өндірістегі ақауларға – өзінің сапасы бойынша белгіленген стандарттарға немесе техникалық талаптарға сәйкес келмейтін және өзінің тікелей бағыты бойынша пайдаланылмайтын не болмаса, ондағы бар ақауларды қалпына келтіру үшін қосымша шығындар жұмсағаннан кейін ғана қолдануға болатын өнімдер (бұйымдар, шалафабрикаттар, бөлшектер және конструкторлар) жатады. Ақау байқалған орнына байланысты ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Өнімдерді тұтынушыларға (тапсырыс берушілердің жұмысын тапсырғанға дейін) жеткізгенге дейінгі өндірістін кез-келген бөлімшесінде анықталған ақау ішкі ақау деп аталады. Ал, сыртқы ақау тұтынушылардың тапқан ақауы. Ақаудың анықталу сипатына байланысты түзетілетін және түзетілмейтін (түпкілікті) болып бөлінеді. Түзетілетін ақауға жөндегеннен кейін техникалык және экономикалық мақсатқа лайықты болатын және өзінің тікелей бағыты бойынша пайдаланылуы мүмкін болатын бөлшектер, жалғауыштар (узлы), бұйымдар және жұмыстар жатады. Түзетілмейтін ақауларға техникалык және экономикалық мақсатқа лайықты түзету мүмкін болмайтын өзінін тікелей бағыты бойынша пайдаланылуы мүмкін емес бөлшектер, шалафабрикаттар, бұйымдар және жұмыстар жатады. Өндірістегі ақаулар, ақау пайда болған өнімдердің аты, оның техникалык нөмірі, операцияның аты және нөмірі, ақау түрінің коды және ақауға көнілінің себептері жазылған, ақау жөніндегі актіде (хабарламада) көрсетіледі. Егер жұмысшының кінәсінен ақау анықталатын болса, онда оны жұмысшы түзетеді, актіде «Түзетілді» деген белгі қойылады. Бұл акті бухгалтерияға бағытталмайды, ол тіркеліп, техникалык бақылау бөлімінде (ТББ) сақталады. Жұмысшыға еңбекақы наряды жазылмайды. Егер бұл ақауға жұмысшы кінәлі болмаса, онда бұл жұмыстарға «Ақауды қайта түзеу» деген белгімен наряд толтырылып, ұйымның бухгалтериясы беріледі. Жабдықтаушылардың кінәсінен материалдар мен бұйымдардың ақауы анықталған жағдайда ақау жөніндегі актіге қосымша жабдықтаушы жақтың қатысуымен екі жақты арнайы актісі жасалады. Бұл акт сапасыз тауарларды жеткізгені үшін, зиянның орнын толтыруда жабдықтаушыларға шағым айтудың негізі болып табылады. Ақауды көрсететін құжаттар олардың ТББ-нін жедел есебінен кейін, кінәлілер, өнімнің түрлері және олардың пайда болу орны бойынша ақаулық шығындар есебі жүзеге асырылатын бухгалгерияға беріледі. Ақау жөніндегі актіде өзіндік құнның тікелей баптары бойынша шығындар көрсетіледі. Сонан соң актілер бұйымдар топтарының калькуляциясы, ал онын ішінде цехтар және учаскілер бойынша, сонымен бірге ақауға нақты кінәлілер бойынша топтастырылады. Ары қарай бухгалтерия жұмысшылары ақаудың құнын пайдаланудың мүмкін болатын бағасымен және ақаудан болған жоғалтуларды анықтайды, ал кәсіпорынның басшысы нақты кінәлілермен ақаудан болған зиян жөніндегі сұрақтарды шешеді. Бастапқы құжаттардың негізінде ай басынан бастап өспелі жиынтықпен тәуліктік ақау жөніндегі жедел есеп жасалады. Ол ақауды болдырған бөлімшелерге, сонымен бірге жұмыстағы кемшіліктерді жою жөнінде шарттар қолдану үшін мүдделі ұйымдарға беріледі. Одан ары цехтар бойынша жиынтық есептің негізінде тұтас ұйым бойынша есеп жасалады. Түзетілмейтін ақаудың өзіндік құны өнімдердің (орындалған жұмыстардың) өзіндік құны калькуляциясының барлық баптары бойынша нақты шығындар негізінде есептеледі. Олар: «Материалдар», «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы», «Еңбекақыдан аударылатын аударымдар», «Үстеме шығыстар» баптары. Көп номенклатуралы бұйымдары (бөлшектер) және шалафабрикаттары бар ұйымдарда ақауларды жоспарлы (нормативтік) өзіндік құнымен бағалайды. Ішкі түзетілетін ақаудың өзіндік құны ақаулы өнімдерді түзетуге жұмсалған материалдар және шалафабрикаттар, жұмысшылардың еңбекақысы, еңбекақыдан аударылатын аударымдар, сонымен бірге үстеме шығыстардың сәйкес үлесінің қосындысынан тұрады. Түзетілген ақау болып табылатын, бұйымдардың (бөлшектердің) және шалафабрикаттардың өзінің өзіндік құның ақаудан болған шығындар енгізілмейді. Ақаудан болған шығындарды азайтатын сомаға жататындар: пайдалану мүмкін болатын баға бойынша жарамсыз деп танылған өнімдердің құны, ақаудың пайда болуына кінәлі жұмысшылардан ұсталған нақтылы сомалар, сапасыз материалдарды және шалафабрикаттарды жеткізудің нәтижесінде ақаудың пайда болуына байланысты жабдықтаушылармен соттасу немесе оларды жазалауға кеткен нақты сомалар. Ақаудан болған шығындар ай сайын өндірістің сәйкес түрінің шығындарына жазылады және ақау табылған бұйымның немесе жұмыстын өзіндік құнына енгізіледі. Ақаудан болған шығындар аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына жатады. Тек қана жеке және сериялы өндірістерде ақаудан болған шығындар толық аяқталмаған белгілі бір тапсырысқа қатысты болған жағдайда аяқталмаған өндірістін өзіндік құнына жатқызылады. |
Өндірістік емес шығындар дегеніміз –ол, цехтың түрып қалғаны, бұлінген
немесе жетпейқалған материалдар және басқада ақаулар.
Өндірістегі ақау дегеніміз-ол, шығарылған өнім белгіленген техникалық
жағдайлармен стандарттарға сапасы сай емес болғаны, сондықтан өз бағытына
пайдалануға келмейді. Бұндай шығарылған өнімге (түзету жасалынбаса)
комиссиямен акт толтырылады. Актте цех №, бұйымның коды, себебі, кінәлі
түлға, мерзімі көрсетіледі. Егер ақау осы цехпен түзетілсе актіге
түзетілді деген белгі соғылады да осы жұмысшыларына түзетілген үшін
еңбекақы есептелмейді, ал ақау басқа цехтармен түзетілсе қайта түзетілді
оғылып цех жұмысшыларына еңбекақы есептеледі (бухгалтерияға наряд тапсыру
арқылы).Ақаулар анықталған жеріне байланысты ішкі және сыртқы болып
танылады.
Ақаулар есебі бухгалтерлік есеп шоттар жоспарында 8418 шотта жүргізіледі.
№1 тапсырма ПОПС «Өндірістік жоғалтулар»
№2 тапсырма Шоттар корреспонденциясын құрыңыз
№ | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Дебет | Кредит |
1 | Сатыпалушымен қайтарылған ақаулы өнімге сторно | | |
2 | Ақау өнімнің өзіндік құны есептен шығарылады | | |
3 | Ішкі түзетілмейтін ақаудың нақты өзіндік құны есептен шығарылады | | |
4 | Ақауды түзетуге шығындалған материалдар сомасы | | |
5 | Ақауды түзету бойынша есептелген еңбекақы | | |
6 | Ақауды түзету бойынша есептелген еңбекақыға салықтармен төлемдер есептелді | | |
7 | Ақауды түзету бойынша сатыпалушылардың шығындары | | |
8 | Ақауды түзету бойынша үстеме шығындар жасалды | | |
9 | Ақауды түзету бойынша кінәлі тұлғадан ұсталынды | | |
Шешімі:
№ | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Дебет | Кредит |
1 | Сатыпалушымен қайтарылған ақаулы өнімге сторно | 7010 | 1310, 1320 |
2 | Ақау өнімнің өзіндік құны есептен шығарылады | 8418 | 8110 |
3 | Ішкі түзетілмейтін ақаудың нақты өзіндік құны есептен шығарылады | 8418 | 8110 |
4 | Ақауды түзетуге шығындалған материалдар сомасы | 8418 | 1310 |
5 | Ақауды түзету бойынша есептелген еңбекақы | 8418 | 3350 |
6 | Ақауды түзету бойынша есептелген еңбекақыға салықтармен төлемдер есептелді | 8418 | 3150,3210 |
7 | Ақауды түзету бойынша сатыпалушылардың шығындары | 8418 | 3310,3390 |
8 | Ақауды түзету бойынша үстеме шығындар жасалды | 8418 | 8110 |
9 | Ақауды түзету бойынша кінәлі тұлғадан ұсталынды | 1010,3350, 8418 | 1250 |
Жаңа сабақты бекіту
Сұрақ – жауап түрінде үлестірмелермен жұмыс
Өнім ақауы дегеніміз не?
Ішкі және сыртқы ақау айырмашылығы?
Түзетуге мүмкіндігі жоқ ақаулар дегеніміз не?
Түзетуге тиімсіз және жөндеуге болатын ақаулар дегеніміз не?
Өндірістік емес жоғалтулар дегеніміз не?
5. Қорытындылау. Оқушылармен бірлесе отырып тәжірибелік сабақты қорытындылау.
Бағалау. Оқушылардың әрқайсысының жеке жауабы және үлестірмелермен жұмысы бойынша және 3М стратегиясын қолдану арқылы
Үй тапсырмасы.
В.К.Радостовец «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы, 2002ж.
www.google.com және uchet.kz
Қосымша материалдар қарастыру
Жеке студентке озық тапсырма беру: Еңбекақы есебі