Сабақтың тақырыбы: Өнерін өрлеткен топ
Сабақтың мақсаты:
а) «Дос-Мұқасан» ансамблі туралы әңгімелеу
ә) Әнді әуенімен дұрыс орындауға, музыканы бағалай білуге тәрбиелеу.
б) Ойын арқылы қызығушылықтарын ояту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі:баяндау, сұрақ-жауап, ойқозғау, орындау
Сабақтың көрнекілігі: Интернет материалы, өнер адамдарының суреттері
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
ІІ.Шаттық шеңбері. Ортаға дөңгеленіп тұрады. Ортаға «Музыка» деген ұғымды тастайық. Өз ойларымызды «Өрмекшінің торын» құру арқылы ортаға салайық.
Музыка
Оқушылар жауабы: Музыка – адамның ойын, іс-әрекетін дыбыстық формада суреттейді, музыка - мәдениетке үйретеді, ойлай білуге, сезім сұлулығына үйретеді, жан сұлулығы, рухани азық, жаныңды сергітеді, көңіл-күйіңді көтереді, мәдени талғамы өседі, мұңайтады, өнердің түрі. Орындарына отырады.
Сендер өте жақсы айттыңдар. Иә, біздің өмірімізді музыкасыз елестету қиын. Сол үшін де адам баласы келешектен күткен үмітін, көңіл түкпірінде ұялаған арманын да музыка арқылы жеткізген. Ал музыканы қандайда бір аспаптың көмегімен жеткізген.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Слайд-сұрақ
1.Батыс Еуропада фортепиано аспабы қай ғасырда пайда болды? (ХҮІІІ ғ).
Батыс Европада фортепиано аспабы ХҮІІІ ғасырда пайда болып, бүкіл мәдениеттің тарихи даму жолына өз әсерін тигізді.
2.Фортепиано аспабын кім ойлап тапты?
1709 жылыБартоломео Кристофори есімді италиялық музыкант алғашқы фортепиано аспабын ойлап тапты. Содан кейін ол өзінің осы туындысын "gravicembalo col piano e forte" (нәзік әрі жарқын дауыспен шығатын пернелі аспап) деп атады. Бұл атау уақыт өте келе қысқартылып, жәй ғана «фортепиано» деп аталатын болды. Фортепиано — ішекті соқпалы-клавишті рояль мен пианиномузыкалық аспабының жалпы атауы. Фортепиано өнері әлемдегі классикалық музыканың негізін қалады және ХІХ ғасырда ең биік деңгейге жетіп, әлем халықтарының арасында зор беделге ие болды.
3.Классикалық музыка деп ең үздік әрі көрнекті күрделі, көркем туындыларды айтады
«Қазақстанның фортепиано өнері».
1.Қазақстандағы фортепиано өнері қалай қалыптасты?
2. Алматы консерваториясында фортепиано сыныбы қай жылы ашылды? (1945ж)
Алғаш ашылған фортепиано сыныбының меңгерушісі Мәскеу консерваториясының профессоры Г.Н.Петров болды. 1947жылы консерваторияда алғаш рет пианистер сайысы ұйымдастырылып, сол сайыста қазақтың тұңғыш пианисі Нағым Меңдіғалиев жеңімпаз атанады.
Меңдіғалиев Нағым- композитор, ҚазССР-нің еңбегі сіңірген өнер қайраткері, профессор. (1921-2006) жылы Орал облысында туған. Қазақтың алғашқы кәсіби пианисі. Қазақстандағы фортепиано музыкасының дамуында болған жетістіктері Нағым Меңдіғалиевтің атымен тығыз байланысты. Ол көптеген фортепианоға арналған алғашқы туындылардың авторы. Ол 300 - ден астам аспаптық пьесалар, әндер, романстар, спектакльдерге арналған музыка жазды.
1983жылы Алматы консерваториясының ректоры Ғазиза Жұбанова Кеңес үкіметі басшыларынан пианистердің Бүкілодақтық іріктеу сайысын өткізуге рұқсат алады. Сөйтіп алғаш рет Орта Азия халықтарының арасында бұрын-соңды болмаған ауқымды Одақтық сайыс өткізіледі. Осы сайыста Станислав Бунин мен Жания Әубәкірова жеңіп шықты. Екі орындаушы да Францияда өтетін халықаралық сайысқа жолдама алды.Сол Париж қаласында өткен сайыста алғаш рет Азия халықтарының арасынан барған қазақ қызы Жәния Әубәкірова үлкен табысқа жетіп, лауреат атанды. Жания Әубәкірованың осы жеңісі Қазақстанның фортепиано өнерінің биік кәсіби деңгейін өсіріп, әрі қарай дамуына жол салды.
Жания Әубәкірова Күләш Байсейітова атындағы Республикалық музыка мектебін тамамдаған. Мәскеу консерваториясынан білім алған. 1981 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаздық қызмет атқарған. 1997 жылы осы консерваторияның ректоры болып тағайындалды. Ол – Қазақстанның халық әртісі, Қаз.Р. Мем.сыйлығының иегері. 1983 жылы Францияда өткен Маргарита Лонг және Жак Тибо атындағы халықаралық сайыста лауреататанды. 2000 жылдан бастап Жания Әубәкірова Орта Азия халықтарының арасында халықаралық пианистер сайысын өткізіп келеді. Осы сайыста Қазақстанның жас орындаушылары фортепиано өнерінің биік деңгейін көрсетіп, үлкен беделге ие болуда.
Оның «Домбыра туралы аңыз» атты концерттік пьесасы қазақ фортепианолық музыкасының ең танымал туындысына айналды. Ал қазіргі таңда Алматы консерваториясында қалыптасқан фортепиано мектебі классикалық музыканың дамуына, дарынды жастарға әлемдік деңгейде білім беріп, кәсіби орындаушы болып қалыптасуына зор ықпал жасап келеді.
Тақтаға назар аударайық
Музыканың түрлері: классикалық, камералық, джаз, рэп, рок, дәстүрлі ән мен күй, симфониялық, эстрадалық.
Әншілер әнді қалай орындайды?
Жеке дауыста, екеу, үшеу, төртеу болып орындайды. Жұппен айтатын әншілерді кім дейміз? Жұппен айтатын әншілерді дуэт, үшеу-трио, квартет-төртеу. Мысал келтіру. Арнау, Мұз-Арт, Жігіттер, Асыл, Дос-Мұқасан т.б.
«Дос-Мұқасан» тобының суреті. Осы топтың қай өлеңін жақынырақ білеміз? Олай болса, осы бір әнді тыңдай қояйық. Өмірде өз орнын алған талай жастың, бүгінгі ел ағалары мен ел аналарының кезінде жанынан, ойынан тастамайтын рухани еншісі, махаббатының куәгері «Той жыры»әні әлі күнге дейін шырқалып, халықтың жүрегінен орын табуда. Осы топ туралы тағы не білеміз? Сендерге зерттеп келу тапсырылған еді.
Оқушылардың жауабы. (Слайдпен жұмыс)
«Дос-мұқасан» тобының құрамы
1967 жылы Қазақ политехнологиялық иниститутының(қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті) жанынан құрылды. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Қамит Санбаев, Александр Литвинов) есімдерінің алғашқы буындарынан құралған. Яғни Досым, Мұрат, Қамит, Саня. Ансамбльдің аталған алғашқы құрамына кейіннен М.Молдабеков, Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Б.Жұмаділов, Н.Құсайыновтар қосылды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — 1972 жылдан бері композитор Мұрат Құсаинов. Ансамбль құрамы екі рет (1975, 1985) жаңарды.
Шығармашылығы
Репертуарынан электронды музыкалық аспаптар сүйемелімен орындалатын қазақтың халық әндері "Назқоңыр”, "Ахау бикем”, "Он алты қыз”, "Сұлу қыз”, "Құдаша”, "Ауылың сенің іргелі”, т.б., халық композиторларының және қазіргі қазақ композиторларының әндері ("Сағындым сені”,"Алатау”, "Куә бол”, "Жыр жазамын жүрегімнен”, "Шофер келді қырманға”, сондай-ақ, ансамбльдің өз мүшелерінің шығармалары "Той жыры”, "Күт мені” , "Қайдасың”, "Қуанышым менің”, "Туған жер” орын алды.
Танымал әндері:
Дударай,Туған жер, Сұлу қыз, Наз қоңыр, Қарлығаш, Жанарым, Ақ сиса, Алатау, Алматы түнi, Су тасушы қыз, Ауылың сенің іргелі, Ләйлім-шырақ, Бойжеткен.
Альбомдары
1997 жылы Досмұқасанның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты "Әуен” музыка студиясынан "Той жыры” деген атпен ансамбльдің 1967 — 75 жылдары орындаған ең таңдаулы әндерінің "Үнтаспа"-альбомы шығарылды.
«Дос-Мұқасан» ансамблінің 1973жылы 3компакт-диск,1976, 1980, 1983 жылдары кассеталары шықты. – Ансамбльдің 40 жылдығына арналған кітап жарыққа шықты.
«Дос-Мұқасан» ансамблі туралы деректі фильм
Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобы туралы деректі фильм 1972жылы шықты. Даңқы дүркіреп тұрған тұста "Дос-Мұқасан" ансамблі жігіттерінің әрқайсысы өмірдегі өз жолдарын таңдады және жетістіктерге де жетті.Олардың бірі парламент депутаты, елші болса, енді бірі ғарыш агенттігін басқарды.
«Қандай жолда жүрсек те, өнердің игілігі үшін қызмет етеміз», дейді топ мүшелері.
Павлодар қаласында ескерткіш ашылды.
2008жылы Павлодар қаласында қазақстандық әйгілі "Дос-Мұқасан” ансамбліне арналған ескерткіш ашылды. С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университет аумағында орналасқан ескерткіштің алдыңғы қатарында әйгілі топтың негізін қалаған төрт адамның түргеп тұрған қола мүсіндері, ал артқы қабырғада ансамбльдің құрамына кейіннен келген алты мүшесінің бетмүсіні бейнеленген.
Қазақтың битлзі
Ағылшынның аты әйгілі «Битлз» тобы совет жастарына өте қатты әсер еткен еді. Осылайша батыстық мәдениеттің ықпалынан сол кезеңде Грузияда «Орэра», Ресейде «Голубые гитары», «Веселые ребята», «Поющие гитары» секілді вокальді-аспапты ансамблдер дүниеге келді. "Дос-Мұқасан"сол кезде Қазақстанның мәдени өміріне, әсіресе, қазақ жастарының жан-жақты жарасымды дамуға бет алған мәдени-тұрмысына ерекше серпіліс туғызған ансамбль болды.
Алматының жеті кереметінің бірі Көктөбеде «Битлз» тобына арналған ескерткіш-орындық бар. Енді сол ескерткіштің жанына отандық Дос-Мұқасан» тобына арналған ескерткіш орнатылмақ.
Жетістіктері
Досмұқасан халыққа кеңінен танылды, жастарға үлгі таратты. Досмұқасан — бүкілодақтық "Халықтар достығы” фестивалінің (Ташкент, 1971), кәсіби орындаушылар байқауының (Минск, 1973), сонымен қатар, 1973 жылы Берлинде, 1985 жылы Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің халықаралық фестивальдерінің, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974). Минск қаласында өткен ІІ Бүкілодақтық кәсіпқой әртістер байқауында, Беларустың атақты «Песняры» тобымен ақтық сынға түсіп, бірінші орынды жеңіп алды. Көп ұзамай, Германияда өткен Х дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің Үлкен алтын медаліне ие болды.
Ансамбль мүшелері: Видео көрсету. (4.40-06.20)
Бүгінгі күні «Дос-Мұқасанның» арасында Қамит Санбаев, Шәріп Омаров, Бақытжан Жұмаділов секілді асылдарымыз жоқ, қатал тағдыр оларды бұл өмірден ерте жұлып алып кетті.
«Дос-Мұқасан» ансамблі халық композиторларының әндерін өңдеп, орындай бастайды. Электрлі аспаптар сүйемелдеуімен орындалатын халық әндері жаңаша әуенмен халықтың жүрегіне бірден жол табады. «Дос-Мұқасан» халықтың сүйіп тыңдайтын ансамбліне айналады.Ансамбль мүшелері кәсіби музыканттар болмағанымен, жаңа әндер де жаза бастайды. «Дос-Мұқасан» орындауындағы «Той жыры», «Алматы түні», «Құдаша», «Сұлу қыз», «Куә бол» т.б әндері әртүрлі мерекелік кештердің, той думандардың, концерттердің сәніне айналды.
«Дос-Мұқасан» әндерінен үзінді тыңдау.
Ән шырқайық - попурри
Тағы да табиғатқа арналған қандай әндерін білесіңдер? «Туған жер», «Алатау».
Алатау дегенде көз алдымызға не келеді?
Овал: Алатау
Тау бөктері, ағаштар, су, шөп, гүлдер, тау шыңы.Олай болса, Дос-Мұқасан тобының алғашқы репертуарынан «Алатау» әнін тыңдап, үйренейік. (11.47-13.45)
Осы әнді тыңдап, үйрене отырып, біз нені білдік?
Идеясы: туған жерге, табиғат сұлулығына деген сүйіспеншілік, алып Алатаудың әдемі шыңдары.
Мазмұны: алып, манаураған, қызыл-жасыл гүлді, көрікті,
Тәрбиелік мәні: сурет салу ( үйге тапсырма)
«Әуенді тап» Әртүрлі әндерден үзінді беріледі, балалар әннің атын табады.
16 қыз, Ақ сиса, Куә бол, Дударай, Сұлу қыз, Той жыры, Сұлу бойжеткен.
Мақал – мәтел
1.Жақсы өз басынан көреді
Жаман жолдасынан көреді. / ре нотасы/
2.Сиырмен дос боламын десең бұзауын аймала /си нотасы/ 3.Елге електе керек шелекте керек. / ре нотасы/
4.Әке бәйтерек, бала-жапырақ /ре нотасы/
5.Ат аяғынан семірер,
Адам құлағынан семірер. / ре нотасы /
6. Жаңбырмен жер көгерер,
Алғыспен ел көгерер. / ре нотасы/
Нотасы бар сөздерді табу.
Долана /до/ Рекорд /ре/
Хамит /ми/ Фантан /фа/
Сольфеджио /соль/ Вентилятор /ля/
Сиыр /си /
IV. Тапсырма
- Әр топтың алдына қағаз қойылған. Топ мүшелері біріге отырып, қиындының артында шыққан топқа постер жасайды. Ол постерді жасауға 7 минут беріледі. Постер дайын болған уақытта, топ мүшелері бір мезетте шапалақ арқылы, болғандары жайлы белгі береді. Постерді қорғау үшін топтан 2 бала шығып, түйіндерін қорғайды.
Бекіту сұрақтары:
1. Бүгінгі оқу іс - әрекеті барысында қандай музыкалық іс - әрекеттер орындалды?
2.Қандай топпен таныстыңдар?
3.«Дос-Мұқасан» ансамблі қай жылы құрылды?
4.Алғашқы мүшелері кімдер?
5. Қандай музыка тыңдадыңдар?
6.Үйренген әннің аты қалай аталады?
7.Дос-Мұқасанның орындауындағы қандай әндермен таныстыңдар?
Рахмет, балалар. Бүгінгі сабақтан жақсы мағлұмат алған екенсіңдер.
«Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер» деп халқымыз тегін айтпаған болар.
Тәуелсіздікке қолы жеткен еліміздің өнер саласында айтулы еңбегі бар, халқының, ұлтының асқақ арманының туындай желбіреген, намысын қайшылап, рухын көтерген «Дос-Мұқасанның» елеулі еңбегі жұрт жадында, халық жүрегінде, ол ешқашан ұмытылмайды. Мәңгі шырқала береді.
Бүгінгі өнерімізді дамытатын, мәдениетімізді көркейтетін өнерлі өрендер сендерсіңдер.
Отанның игілігіне үлес қосатын білімді, тәрбиелі, азамат болыңдар!
Рефлексия.
Ал енді, балалар бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар? Алдарыңыздағы суреттерді бояу арқылы сабақты қандай деңгейде түсінгендеріңізді білдіріңіздер.
Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: « Өнерін өрлеткен топ»
Сабақтың мақсаты: « Қазақстан камератасы» камералық ансамбльі,оның құрамы жайында айту,мағынасын түсіндіру. Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына,өміріне шолу жасау. 3 тұғырлы тілді меңгерту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс- тәсілі: Диалогтық оқыту, топтық жұмыс,өзара бағалау,сәйкестендіру тесті. Сабақтың көрнекілігі:Мақал –мәтел,сәйкестендіру тесті,өлшемдер,Г.Мырзабекова суреті,Иозиф Гайдн, Антонио Вивальди, Франц Шуберт суреті, ішекті аспаптар суреті,таудың суреті,шығармашылық жұмыс.
І ұйымдастыру кезеңі
А. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй
Шаттық шеңберін құрып, сурет арқылы топқа бөлу.
1. Ән тобы Ән – әуені әсем мәтіннен тұратын музыкалық шығарма. Кез – келген әннің мазмұны мен басты ойы, әдемі әуені болады 2. Би тобы Би – музыка ырғағына сай қимылмен бейнеленетін өнер түрі 3. Күй тобы
Күй – қазақ халқының аспаптық музыкасы
Б. Сәйкестендіру тесті арқылы үй тапсырмасын сұрау.
ІІ Жаңа сабақ
«Қазақстан камератасы»ансамбльі 1997 жылы құрылған.
Гаухар Мырзабекова Скрипка аспабы
Профессор Гаухар Мырзабекова консерваторияның ең мықты 16 түлегінен тұратын талантты жас музыканттардың басын қосып,камералық ішекті аспаптар ансамбльін жасақтады. Ансамбльдің атын «Камерата»деп атады.Камерета италияның «camera» деген сөзінен шыққан, яғни «бөлме»немесе «палата»деген ұғымды білдіреді. Бұл ансамбльдің ерекшелігі әрбір музыкант өте шебер орындаушы болып саналады. «Қазақстан камератасы» жас музыканттардың ұжымынан тұрса да,олар өздерінің жоғары кәсіби деңгейін көрсете білді.Ансамбль көне классикалық шығармалардан бастап,жаңа заман туындыларын орындап келеді. Оркестр әртістерінен ең жоғарға орындаушылық шеберлік талап етіледі. ХVІІІ ғасырдың көне скрипкаға арналған шығармаларын орындау үшін ансамбль музыканттары ақсүйектер заманынан жеткен аса сыпайылық пен тәрбиелілікті ұстана отырып,сол уақыттағы музыка орындау шеберлігін көрсетуге талпынады.Тыңдаушылар мен көрермендер болса,ұлы Антонио Вивальди мен Йозеф Гайднның туындыларындағы ішкі сезім әлеміне бойлап, сол заманның көңіл-күйін сезіне білген. «Камерата»ансамбльінің репертуарында Тілес Қажығалиев, Мансұр Сағатов,Қуат Шілдебаев, Серік Әбдінұров сынды қазақ композиторларының шығармалары бар.Ансамбль бүгінгі заманның туындыларын үлкен ықыласпен орындап келеді. Қазақ композиторларының шығармалары тек Қазақстан тыңдармандарын ғана емес,шет мемлекеттер тыңдармандарында қызығушылығын арттыруда. «Қазақстан камератасы»ансамбльінің жоғары деңгейдегі орындау мәдениеті оларды тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген мемлекеттерінде танымалдылыққа жеткізді. АнсамбльВенгрия,Чехия,Германия,Македония,Түркия,Ұлыбритания,Франция, Жапония мемлекеттерінде өнер көрсетіп,үлкен абыройға ие болды.
ХVІ –ХVІІІ ғасырларда Еуропа мәдениетінде «Камералық музыка»дейтін ұғым ақсүйектерге ғана қатысты болған. «Камералық музыка»екі немесе оданда көп музыкант орындайтын аспаптық және вокалдық музыка.
ІІІ Музыка тыңдау
Балалар бұл ансамбльде қандай аспаптар бар екен?
Скрипка аспабы
Скрипка аспабы қандай аспаптар қатарына жатады?
Ішекті ыспалы аспап
Басқа қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?
Ия дұрыс айтасыңдар домбыра, қобыз, сырнай, щаңқобыз т/б
Балалар домбыра аспабының құрылысын білемізбе?
Күй атасы кім?
Құрманғазы Сағырбайұлы
Құрманғазы Сағырбайұлы туралы не білеміз?
Ал енді мен сендерге қазақтың ұлттық музыка аспабы домбыра аспабында Құрманғазы Сағырбайұлының «Алатау» күйін орындап беремін.Ал сендер күй орындалып болғанша, күйге байланысты сурет салып үлгерулерің керек. Құрманғазы Сағырбаев «Алатау» күйі
/Күй орындау, сурет салу/Балалардан өз ойларын сұрау.
ІV Музыка сауаты –
Балалар күй қандай жылдамдықта орындалды? Балалар біз қандай музыка тыңдасақта олардың өзіндік ерекшеліктері бар.Мысалы: Ұзақтық дыбыстар және өлшемдер. Қандай ұзақтық ноталарды білесіңдер?
Ал өлшем дегеніміз – Нота сызықтарының басында орналасады. Яғни скрипка кілтінен соң орналасады. Өшемдер 2-ге бөлінеді. Жай өлшем және күрделі өлшем. Біз солардың жай өлшемдері туралы өтеміз. Жай өлшемдер – 2/4, 3/4, 4/4.
2/4 өлшемі- әр тактта 2 төрттік , 3 төрттік, 4 төрттік нота бар дегенді білдіреді. Енді мен сендерге бірнеше тапсырмалар дайындап келгенмін, орындап көрейік.
Мақал – мәтел
1.Жақсы өз басынан көреді
Жаман жолдасынан көреді. / ре нотасы/
2.Сиырмен дос боламын десең бұзауын аймала /си нотасы/ 3.Елге електе керек шелекте керек. / ре нотасы/
4.Әке бәйтерек, бала-жапырақ /ре нотасы/
5.Ат аяғынан семірер,
Адам құлағынан семірер. / ре нотасы /
6. Жаңбырмен жер көгерер,
Алғыспен ел көгерер. / ре нотасы/
Нотасы бар сөздерді табу.
Долана /до/ Рекорд /ре/
Хамит /ми/ Фантан /фа/
Сольфеджио /соль/ Вентилятор /ля/
Сиыр /си /
Ребус шешу /композитор, Ш.Қалдаяқов, Ана туралы жыр/
1.Композитор – өз жанынан ән-күй шығаратын дарынды тұлға.
2. Шәмші Қалдаяқов – Қазақстанның халық әртісі. Ән жанрында аты шыққан әйгілі композитор. Шәмші әндері республикамыздың барлық өңірлеріне кең тараған. Оның «Ақмаңдайлым», «Қайықта», «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Менің Қазақстаным», «Әнім сен едің» т/б көптеген әндері бар.
V Ән үйрену
Ендеше Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін үйренеміз. Бұл ән қалай дүниеге келді. 1958 жылы Шәмшінің анасы Сақыпжамал дүниеден өтеді. Бұл кезде Шәмші Алматыда болатын. Оған жедел хат жібереді. Бірақ қаражаты болмаған Шәмші анасын жерлеуге келе алмайды. Ол анасының қырқына бір ақ келеді. Әрине уақытында келіп анасының қабіріне топырақ салалмағанымен, ол анасына арнап «Ана туралы жыр» әнін дүниеге әкеледі. Ендеше Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін үйренеміз .
Ана туралы жыр
Ш.Қалдаяқов
Әлемнің жарығын, Өтеуге борышым,
Силадың сен маған. Анашым,жан сырым.
Даланың әр гүлін, Іздедім сен үшін,
Жинадың сен маған. Әлемнің асылын.
Сен бердің құстардың, Әлемнің байлығын,
Қанатын самғаған. Сыйлар ем, кеш мені.
Балалық құштарым, Сыйлар ем,Ай,Күнін,
Өзіңе арнаған. Қолыма түспеді.
Қайырмасы
Әлдилеп, аялап,
Өсірген жемісің.
Самал жел сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын
VІ Қорытынды.
Шық шыңына биіктің
Сұрақтар арқылы қорытындылау
«Қазақстан камератасы» ансамбльі қай жылы құрылды? 2. «Қазақстан камератасы»ансамбльін кім құрды? 3. «Камерата» сөзінің баламасы қалай аталады? 4. «Қазақстан камератасы» ХVІІІ ғасырдағы композиторлардың қандай аспаптарға арналған шығармаларын орындады? 5 «Қазақстан камератасы» қай мемлекеттерге танымал болды?
VІІ Үйге тапсырма.
«Ана туралы жыр» әнін жаттау