ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Өнеркәсіп экологиясы. Өнеркәсіп – қоршаған орта жүйесінің әсерлесуі.
Орындаған: Джалдыбаева Жұлдыз Тексерген: Сангильбаева Асель Тобы: 102 ПФИЯ сырттай бөлім
Пәні: Экология
Алматы 2016
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Өнеркәсіп экологиясы.
2.2. Өнеркәсіп экологиясының мәселелері.
2.3. Өнеркәсіптік ластанулар.
3. Қорытынды
Кіріспе
Табиғат анамен жылдар бойы қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуы ХХI ғасырда бұрын-соңды болмаған деңгейіне жетті.Ғаламат жаңалықтармен бірге өндірістің жедел дамуы,зауыттардың еселеніп салынуы,жер құнарының тас-талқанын шығарған 1953-1962 жылдардағы тың игеру,қазақ жеріндегі сынақ алаңдары күнделікті тіршілікке араласып,жетістігімен қатар апатын да ала келді.
Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы ғаламдық шеңберде проблема тудыратын мәселеге айналып отыр.
АҚШ, Англия, Франция, Германия, Жапония сияқты бірқатар өркениетті елдерде ірі өндіріс орындарын салмастан бұрын оның қоршаған ортаға әкелетін экологиялық шығынын есептей отырып,сол жердегі халықтың денсаулығына тигізетін әсерін ғылыми түрде тұжырамдап барып қана жүзеге асырады.
Жалпы ірі өндіріс орындарын дамыту 3 факторларға байланысты:
1.Шикізат көзі.
2.Адам күші.
3.Су ресурстары.
Осы 3 фактордың арақатынасын сақтамай ірі өнеркәсіп орындарын дамыту мүмкін емес. Біздің ірі өндіріс орындарының барлығында жоғарыда аталған экологиялық шарттар ескерілмеген. Ірі өндіріс орындарынан шығатын улы газдар, ауыр металдар, өндіріс орындарының айналасындағы халықтың денсаулығына, топырақтың, ауаның құрамының өзгеруіне үлкен әсер етеді.
Батыс Қазақстан өнеркәсіптік экологиялық аймағына - Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу, металлургия, құрылыс материалдары және тағы басқа да салаларға маманданған. Бұл аймақтағы негізгі мәселелер—табиғи ортаның мұнаймен ластануы, радиактивті қалдықтармен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкелуде. Сондай-ақ мұнда тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарда,орташа саны басқа облыстармен салыстырғанда жоғары.
Батыс аймақта Маңғыстау облысы экологиясы ауыр аймақтардың алдыңғы қатарына жатады.Қауіпті нүктелердің топырақ қабаттарын тексергенде бұл өңірді Семей, Аралдан кейінгі үшінші орында.
Маңғыстау облысында жергілікті тұрғындарға қасірет төндіріп тұрған Қошқар ата улы көлінің су астында 104 млн. тонна улы қоспа жатыр.
Өнеркәсіптік экология — өнеркәсіптік нысандардың тірі ағзаларға және қоршаған орта жағдайларына әсерін зерттейді.
Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз - табиғат пен адамның өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи молықтыру.
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері мынадай:
Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі болашақ және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
Экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу;
Биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғану үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
Қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
Халықтың, қоғамдық бірлістіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы.
Азаматтардың кейбір экологиялық міндеттері төменде келтірілген:
Қоршаған табиғи ортаны таза сақтауға, табиғи байлықтарады ұтымды пайдалану мен молықтыру жөніндегі жұмыстарын және заңдарды, ережелерді орындауға;
Жеткіншек ұрпаққа экологиялық тәрбие, білім беруге жәрдемдесу мен қатар өзінің экологиялық білім деңгейін арттыруға;
Тағы басқа да заңда қарастырылған міндеттердің бәрін орындауға.
Қоршаған табиғи орта негізінде екі жолмен ластанады. Оның бірі табиғи жол, екіншісі антропогендік, яғни адамның іс-әрекетінің нәтижесінде ластануы.
Ауаның табиғи жолмен ластануы қандай дәрежеде өтсе де, атмосферадағы газдардың тепе-теңдігін бұза алмайды, алайда, қолайсыз әсері біраз уақытқа дейін орын алуы мүмкін.
Негізінде қоршаған табиғи ортаның сапасына, яғни құрамы мен қасиеттеріне зиянды әсер тигізетін қауіпті химиялық және биологиялық заттар, радиоактивті материалдар, өндіріс пен тұтыну қалдықтарды, шу, тербеліс, магнитті өрістер және басқа да физикалық ықпалдар болып саналады.
Қоршаған ортаның антропогендік жолмен ластануына себеп болатын көздерге қара және түсті металлургия, транспорт, электр энергетикасы, ауыл-шаруашылығы, мұнай, газ, көмір, химия өндірістері, тұрғын-коммуналдық шаруашылық, құрылыс материалдарын өндіретін және басқа да халық шаруашылық салалары жатады.
Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді. Мысалы, шойын мен болат өндірістері ауаны улы көміртек (П) оксидімен, алюминий зауытының түтіні фтор қосылыстарымен, қағаз өндірісі – күкірт оксидімен, сутекті күкіртпен, меркаптандармен, жасанды талшық өндірісі күкіртті көміртек және сутекті күкіртпен ластайды.
Ақаба немесе шайынды, ағынды су деп бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен арқылы өткен су. Былайша айтқанда адамның тұрмыста және өндірістік іс-әрекетінде пайдаланылғаннан кейін шыққан су.
Ақаба су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын органикалық және минералды түрде кездеседі. Құрамы мен пайда болған түріне байланысты ақаба сулар үш негізгі категорияға шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді.
Ақаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты зәрнәжістік ластанған және шаруашылық ластанған болып ажыратылады.
Негізінде минералды заттектермен қатар олардың құрамында органикалық заттектер, бактериялар, микроорганизмдер болады. Өндірістік ақаба сулардың құрамы технологиялық процестер мен қолданылатын материалдар түріне және шикізаттың химиялық қасиеттеріне тәуелді. Өндірістік ақаба су ластанған және нормативтік таза болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер және қар суы болып бөлінеді.
Табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен табиғи ресурс ретінде тиімді пайдалану мақсатында қайтарылып қолдану үшін ақаба су құрамындағы ластағыш заттардың түрі мен мөлшеріне қарай әртүрлі әдіспен тазаланылады. Бұларға механикалық:
Механикалық әдісте ақаба судағы ірі және ұсақ түйірлі тез тұнатын бөлшектерді өздігімен тұндырып немесе оларды және қалқып шығатын заттектерді тұндырғыш, сүзгіш, құм ұстағыш арқылы өткізіп, немесе әртүрлі конструкциялық техника құралдарын қолданып, ал беттік ластағыштарды-мұнай ұстағыш, май мен смолааулағыш жабдықтармен материалдарды пайдалану арқылы жояды.
Химиялық әдісте ластағыштардың физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып, оларды химиялық агенттерді қолдану арқылы жояды. Химиялық тазалауда қолданылатын негізгі әдістерге нейтралдау, тотықтыру және тотықсыздандыру жолдары жатады.
Нейтралдау процесін құрамындағы қышқылы немесе сілтісі бар ақаба суының рН мағынасын 6,5-8,5 аралыққа келтіру мақсатында қолданылады. Нейтралдау үшін қышқылды ақаба суымен сілтілі ақаба суын араластыруға, реагенттер қосуға, ақаба суын нейтралдау қасиеті бар сүзгіш материалдар арқылы жіберуге болады. Сүзгіш материал ретінде әк, мрамор және доломит қолданылады. Бұл әдіспен әдетте, құрамындағы әр түрлі минералды қышқылдары бар ақаба сулары тазартады. Сілтілі суларды нейтралдау мақсатында құрамындағы СО, SО,NО оксидтері бар түтінді газдарды жіберу әдісі меңгерілуде бұл жағдайдың қолайлығы екінші жағынан тастандылардың құрамындағы зиянды заттардан құтылу мәселесіде шешіледі.
Тотықтандыру процесі ақаба суындағы улы қоспаларды басқа жолмен шығару қолайсыз немесе мүмкін емес болғанда ғана қолданылады. Ақаба суды тазалауүшін тотықтырғыш ретінде газ тәрізді немесе сұйытылған хлор, ауа оттегі, озон, сутек тотығы, калий перменганаты және басқа реагенттер пайдаланылады.
Озондау ақаба суын мұнай өнімдерін, фенолдан, күкіртті сутектен, цианидтерден және басқа да қоспалардан тазалауға қолданылады. Күшті тотықтырғыш болғандықтан озонның сулы ерітінділердегі органикалық заттектерді және басқа қоспаларды ыдырататын қабілеті өте жоғары. Сонымен, бірге суды озондағанда оған жағымсыз иісі, дәмі, бояуы жоғалып, залалсызданады. Хлорлау әдісімен салыстырғанда озондау әдісінің артықшылығы бар, біріншіден озонды тікелей су тазалайтын жерде озонаторларды орнатып, ауа оттегінен электр тоғын ажырату процесін пайдалану арқылы алуға болады. Екіншіден, хлорлау бірқатар жағдайларда ауыз суда зиянды заттектердің соның ішінде мутагендер мен канцерогендер түзілуіне апрып соғуы мүмкін, сондықтан оның орнына озондау әдісінің қолданылғаны қолайлы.
Адам денсаулығымен қоршаған ортаға химиялық биологиялық немесе физикалық әсерін тигізетін өнеркәсіп кәсіпорындары немесе басқа объктілер үшін санитарлық сақтау белдемі міндетті түрде олардың құрамына кіретін компонентке жатады.
Санитарлық ақтау белдемі - атмосфераны ластайтын кәсіпорындарда елді мекеннен бөліп тұратын, міндетті түрде ағаш егілген зиянды заттектер қауіпсіздік деңгейге дейін таралатын және арнайы гигиеналық талаптар орындалатын аумақ.
Санитарлық норманы анықтайтын құжаттарға сәйкес барлық өнеркәсіпорындарында олардың қуатына, технологиялық процестерді іске асыру жағдайына қоршаған ортаны ластайтын компоненттердің зияндық класына және тазалау процестерінің нәтижелеріне байланысты санитарлық сақтау белдемі белгіленіп, тұрғын кешеннен қандай алшақтықта орналастыруға болатыны анықталады. Өндірістік кәсіпорындар үшін бес кластық санитарлық сақтау белдемі бар. 1 класты кәсіпорын үшін-2000м, П кластыға-1000м, Ш кластыға-500м, 4 кластыға-300м, 5 кластыға-100м.
Қорытынды
Атмосферадағы зиянды заттектерді ШРК артық шығармайтын технологиялық процестермен жұмыс жүргізетін кәсіпорындарды елді мекендердің ішінде орналастыруға болады. ССБ ішінде өрт депосын, моншаны, кір жуатын үйді, көлік тұрақтарын, қоймаларды, әкімшілік қызмет үйін сату нүктелерін және т.с. орналастыруға болады, ал тұрғын үйлерді, бала-бақшаны, мектепті, емдеу сауықтыру мекемелерін, бақты орналастыруға болмайды. Бұл аймақтың территориясы міндетті түрде көгалдандырылады, газға төзімді ағаштар мен бұтақтар түрлері егіледі. Себебі өсімдіктер биосүзгіш рөлін атқарып, зиянды қоспаларды радиоактивті бөлшектерді сүзіп шуды сіңіріп алады. Ауа шекарасыз, үнемі жылжымалы түрде болатынына байланысты оны қорғау шараларының аймақтық немесе жергілікті деңгейде ғана мәні бар емес, бұл ғаламдық масштабта қаралатын мәселе болып саналады.
Қоршаған ортаға зиянды заттарын шығару көздері болып табылатын өнеркәсіптер үшін,зиянды кластарға сәйкес санитарлы қорғау зоналары/СЗЗ-қабылданады.
Адам денсаулығы мен қоршаған ортаға химиялық, биологиялық немесе физикалық әсерін тигізетін өнеркәсіп кәсіпорындары немесе басқа объектілер үшін санитарлық сақтау белдемі міндетті түрде олардың құрамына кіретін компонентке жатады.
Санитарлық сақтау белдемі – атмосфераны ластайтын кәсіпорындарды елді мекеннен бөліп тұратын, міндетте түрде ағаш егілген, зиянды заттектер қауіпсіздік деңгейге дейін таралатын және арнайы гигиеналық талаптар орындалатын аумақ. Санитарлық норманы анықтайтын құжаттарға сәйкес барлық өнеркәсіп кәсіпорындарына олардың қуатына, технологиялық процесстерді іске асыру жағдайына, қоршаған ортаны ластайтын компоненттерінің зияндық класына және тазалау процестерінің нәтижелеріне байланысты санитарлық сақтау белдемі ССБ белгіленіп, тұрғын кешеннен қандай қашықтықта орналастыруға болатыны анықталады.
Өндірістік кәсіпорындар үшін бес кластық санитарлық сақтау белдемі бар.