СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Онлайн аргарное дело анатомия

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Онлайн аргарное дело анатомия»

"Академик Н.У.Базанова атындағы физиология,морфология және биохимия

кафедрасы"


Сабақтың аты: Жануарлар анатомиясы

Тәжірибелік сабақ:11

Топ:114

Студенттің аты-жөні:Сейдімәлік Парасат

1-сұрақ. Жұмыртқалықтың атқаратын қызметтері.

Жұмыртқалықтың сыртын бiр қабатты куб тәрiздi жамылғы эпителий қаптайды, астында тығыз дәнекер ұлпадан тұратын ақ қабық (tunica albuginea) жатады, одан кейiн қыртысты, тереңiрек милы зат орналасады (150 суреттi қара). Биенiң қыртысты заты iште, овуляция ойысында, милы заты-сыртында жатады.

Жұмыртқалық -(ovarium) -аналық жыныс жасушалары жетіліп, аналық жыныс гормондары бөлінетін , пішіні сопақша паренхималы мүше. Аналық жыныс безінің кесіндісінде құрылысы бір-бірінен ерекше ажыратылатын екі аймақ көрінеді. Олар: сыртқы — фолликулалы аймақ және ішкі — тамырлы аймақ (бие жүмыртқалығында аталған аймақтар керісінше орналасады). Тамырлы аймақта аналық жыныс безін қоректендіретін ірі қан және лимфа тамырлары мен бездің қызметін реттейтін жүйкелер орналасады. Аналық жыныс безінің стромасы фибробласттарға бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Фолликулалы аймақта аналық жыныс жасушаларының даму процесі — "овогенез" жүреді.Фолликулдардың жарылу процесін овуляция деп атайды.

2-сұрақ . Овогенез, оның кезеңдері, ондағы түзілетін жасушалар.

Овогенез (ovogenesis, лат. ovum — жұмыртқа, genesis — шығу тегі) — жұмыртқа жасушасының даму процесі. Овогенез көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен тұрады. Көбею кезеңінде сарыуыз қапшығы энтодермасынан аналық жыныс безі бастамасына қан арқылы келіп орналасқан алғашқы жас жыныс жасушалары — гоноциттер митоз арқылы көбейіп, овогонияларға айналады. Өсу кезеңінде овогониялар біріншілік овоциттерге айналады. Біріншілік овоциттер ядроларының жетілу деңгейі бірінші мейоздық бөліну профазасының алғашқы сатысындағы даму кезеңінде болады. Үшінші жетілу кезеңі, яғни біріншілік овоциттердің I және II мейоздық бөлінуі, овуляция алдында немесе овуляция кезінде жүріп, өздерінен I және II бағыттаушы денешіктер бөліп, екіншілік овоциттерге, одан соң пісіп жетілген овоциткеайналады. Жетілген овоциттердің ұрықтануға бейімділігі 24 сағатқа ғана созылады, содан соң ұрықтануға жарамай, ыдырай бастайды.

3- сұрақ. Алғашқы фолликулдардың құрылысы.

Фолликулалы аймақ паренхимасын әртүрлі даму сатасындағы алғашқы (примордиальды) фолликулдар, өсуші фолликулдар, көпіршікті фолликулдар, жетілген фолликулдар, сары дене, ақ дене, ыңырама (атреттік) дене және олардың аралығындағы дәнекер ұлпасында орналасқан интерстициоциттер (паренхимааралық жасушалар) құрайды. Фолликулалы аймақта аналық жыныс жасушаларының даму процесі — "овогенез" жүреді. Аталған аймақтың шеткі жағында бөлініп көбею сатысындағы жас жыныс жасушалары — майда біріншілік (примордиальды) фолликулдар түрлі жануарларда түрліше топтасып жатады.

4- сұрақ. Өсуші фолликулдардың құрылысы.

БІрінші фолликуллдардан сәл төменірек, біріншілік фолликулдарға қарағанда ірірек келген өсу сатысындағы жыныс жасушалары — өсуші фолликулдар орналасады. Жыныс жасушалары пісіп жетілуге жақындағанда, фолликулдардың мөлшері тым үлкейіп, көпіршікті фолликуддарға айналады. Олар жарылғаннан соң, ішіндегі жетілген жұмыртқа жасушасы көпіршіктегі фолликул сүйығымен бірге жүмыртқалықтан бөлініп, жатыр түтігі қүйғышына өтеді. Фолликулдардың жарылу процесі н овуляция деп атайды. Жарылған көпіршікті фолликул орнында сары дене түзіледі.

5-сұрақ. Көпіршікті фолликулдардың құрылысы.

Фолликулдың көлемі үлкейіп,көпіршік тәрізді құрылым түзеді. Бұл қырылымды көпіршікті фолликул деп атайды. Жұмыртқа торшасы көпіршікті фолликул ішіндегі ,оның фолликул қабығымен жалғасып жатқан төбешікте орналасып, одан әрі жетіледі.

6-сұрақ. Сары дененің құрылысы.

Жарылған көпіршікті фолликул орнында сары дене түзіледі. Жарылған фолликул қуысы қанға толып, қан тамырларымен тамырланып, фолликул торшаларының бөлініп көбеюіне , олардың сары пигменттерді жинап ұлкеюіне жағдай туғызады. Жетілген фолликул қабырғасындағы фолликул жасушалары мен интерстициоциттер аналық жыныс гормондары — эстрогеңцерді, ал сары дене жасушалары (лютеоциггер) — прогестерон гормонын бөледі.

7-сұрақ. Атрезиялық фолликулдар

дың құрылысы.

8- сұрақ.Жұмыртқалықтың аймақтары.

Жұмыртқалықта 2 аймақ ажыратылады. Олар: сыртқы — фолликулалы аймақ және ішкі — тамырлы аймақ(бие жүмыртқалығында аталған аймақтар керісінше орналасады). Фолликулалы аймақ паренхимасын әртүрлі даму сатасындағы алғашқы (примордиальды) фолликулдар, өсуші фолликулдар, көпіршікті фолликулдар, жетілген фолликулдар, сары дене, ақ дене, ыңырама (атреттік) дене және олардың аралығындағы дәнекер ұлпасында орналасқан интерстициоциттер (паренхимааралық жасушалар) құрайды. Тамырлы аймақта аналық жыныс безін қоректендіретін ірі қан және лимфа тамырлары мен бездің қызметін реттейтін жүйкелер орналасады.

9-сұрақ. Жұмыртқалықта түзілетін гармондар, олардың организмге тигізетін әсері.

Жыныс гормондары - биологиялық активті заттар олар жыныс бездерінде бүйрек безінің қыртыс қабатының тор аймағынан және баланың серігінде шығады. Олар жыныстық дифференцияцияны реттейді. Бірінші, екінші жыныстық дәрежелі белгілерін дамуы жыныстық көбеюін. Жыныстық мінез құлық және де зат алмасу процессті. Оларға андроген, эстроген, және протестерондар жатады.