Просмотр содержимого документа
«Онлайндық сабақтарды өткізу әдістемесі»
Электронды оқыту жүйесін енгізу бойынша Он-лайндық сабақтарды өткізу әдістемесі
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету атап көрсетілген. Орта білім беруде оқушы, мұғалім қазіргі ақпараттық технологияларды тиімді қолдана білуі және интернет ақпараттарын пайдалана алуы тиіс. Білім беруді ақпараттандырудың жаңа бағыты – дәріс сабақтарын online режимінде өткізу болып табылады. ElluminateLive виртуалды сынып бөлмесі арқылы интерактивті онлайн сабақтары өткізіледі. Онлайн режиміндегі сабақтар өзіне тән әмбебаптығы, интерактивтілігі, қызметінің көп жақтылығымен ерекшелінеді. Онлайн сабақтарды өткізу үшін www.elp.kz порталында өз бөлмеңіздің болуы қажет. www.elp.kz порталынан бөлме міндетті түрде сатып алынады, бөлме аты (логин), құпия сөзі (пароль) жолданады. Егерде лицензиялар мерзімі аяқталса, тіркелген мерзім аралығынан ұзартып отыру қажет. www.elp.kz порталы арқылы тәжірибе алмасуға, ақпарат жіберуге, әріптестеріңізбен қарым-қатынас жасай отырып, өз жеке блогыңызда хабарлама жариялауға мүмкіндіктер бар.
Онлайн сабақтарын өткізу нұсқаулығы
1.Онлайн сабақтар мен конференцияларға қосылу үшін Java бағдарламасы компьютеріңізде орнатылуы қажет.
Онлайн сабақтар (бұдан әрі- сабақтар) – қашықтықтан білім беру технологиясы мен бағдарламалық қамтуды жүзеге асыратын шынайы уақыт тәртібіндегі сабақтарға оқушылардың қатысуына мүмкіндік беретін сабақтар түрі. Пән бойынша онлайн сабақтарын жобалау мен өткізу әдістемесі цифрлық білімдік ресурстардың көрсетілген ерекшеліктерінің негізінде жасалуы тиіс.
2012 -2013 оқу жылында колледжде онлайн түрде сабақ өткізу жұмысы колға алынды. Elluminate (sabak.kz) лицензиясын алу үшін колледжден арнайы қаражат бөлінді №205 кабинетінде жауапты Сватко О.Л. Сабаққа кіру үшін колледждің логині мен паролі енгізіледі.
Онлайн сабақ – нақты уақыт режимінде Интернет арқылы оқытушының демонстрациялық экраны көмегімен оқыту процессінің жүргізілуі. Барлық сабаққа қатысушылар бір уақытта өз компьютерлеріне жиналып, веб-қосымшаны жүктейді. Мұнда географиялық шектеу мүлдем жоқ. Қазіргі таңда байланысты орнатудың бірнеше әдістемелері бар – компьютерге қажетті программаны жүктеп, Интернеттегі адрестерді пайдалану.
2.Онлайн сабақтар мен конференцияларға қосылу үшін http://1.sabak.kz сайтына кіріңіз.
3. http://1.sabak.kz сайты автоматты түрде www.elp.kz порталына кіреді. Порталдың оң жақ бөлігінде орналасқан ИНТЕРАКТИВНЫЕ КЛАССЫ батырмасын басыңыз.
4. http://1.sabak.kz сайтының Онлайн Сабақ Қазақстан беті ашылады. Бұл бетте www.elp.kz порталына тіркелген барлық бөлмелер орналасқан. Жоғарғы бөліктегі «Login Name:» жолына өзіңіздің логиніңізді, ал «Password:» жолына құпия сөзіңізді енгізіңіз де
батырмасын басыңыз.
5. Өзіңізге қажетті бетке барып, виртуалды сынып бөлмесін таңдаңыз. Мысалы “ZKO“ ” бөлмесі 7 бетте орналасқан.
Бөлмені таңдап, басқаннан соң Java файлы іске қосылады (Java файлы автоматты түрде іске қосылады).
6.Java бағдарламасын орнатып, браузерді алғаш қосқаныңызда Java бағдарламасы қолдануға рұқсат сұрауы мүмкін. Браузердің төменгі оң жақ бұрышында пайда болған мәзірдегі «Сохранить» батырмасын басыңыз.
7. Сонғы қадам экран бетінде Elluminate Live терезесі пайда болады. Бағдарламаның жүктелуіне біраз уақыт қажет.
11. Elluminate Live бағдарламасы жүктелгеннен кейін виртуалды сынып бөлмесіне кіреді.

12. Elluminate Live бағдарламасындағы өз бөлмеңізге кіргеннен соң міндетті түрде ИНСТРУМЕНТЫ батырмасын басып АУДИО, ВИДЕО режимін тексеріп, бағдарлама толық жүктелгеннен кейін, жоспарланған онлайн режиміндегі сабақтар мен конференцияларды өткізуге болады.
Қорыта айтқанда, онлайн режиміндегі сабақтар мен конференциялар тәжірибе алмасуға, ақпарат жіберуге, білім құрылымының сапасын кәсіби тұрғыдан қалыптастыруға мүмкіндік береді.