СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оралхан Бөкей «Атау кере» повесі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқыту мақсаты:                                                                                                      Әдеби шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.                                                                                             

Сабақ мақсаты: (тәрбиелік мақсаты)                                                                                    

(құндылықтарды игерту).

  • өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • ынтымақтастық;
  • жауапты азаматтық позиция.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде  жүзеге асады.

Просмотр содержимого документа
«Оралхан Бөкей «Атау кере» повесі.»

БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК

Сабақ жоспары

Оралхан Бөкей «Атау кере» повесі.

(сабақ тақырыбы)

Пән атауы: Қазақ әдебиеті.

Дайындаған педагог: Акишева Заурет Исаевна.

2022 жылғы « » ______02______

1.Жалпы мәліметтер

Курс, топ: МГ-311.1қ, ТЖ-118.1қ, ТЖ-115.1қ, СТ-611.1қ

Сабақ типі: Дәстүрлі.

2. Оқыту мақсаты: Әдеби шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.

Сабақ мақсаты: (тәрбиелік мақсаты)

(құндылықтарды игерту).

  • өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

  • ынтымақтастық;

  • жауапты азаматтық позиция.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Бағалау критерийлері: 1) Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтайды;

2) Шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдайды;

3) Шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады.

1.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі 2. Блум таксономиясы: Білу; Түсіну; Қолдану; Талдау. Бағалау: Шығармадан алған тәрбиелік танымды өмірмен салыстырып көріңіз.

3. Сабақты жабдықтау

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

Слайдтар, қосымша-дидактикалық материалдар, оқулық әдебиеттер, бейнероликтер, аудио, видео құрылғылар.

 3.2 Техникалық құралдар, материалдар, сілтемелер, ресурстар: Презентация.

Таныстырылым. Спектакльден үзінді көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=AcCRWQkRiCE

 4. Сабақтың барысы. Сабақтың басы_(10 мин)

Амандасу. Түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. Білу; Түсіну.

Үйге берілген тапсырмаларды сұрау, тексеру. а) Үйге берілген тапсырмалар сұралады.

Қызығушылықты ояту

«Еркін микрафон» әдісі 4 мин

https://www.youtube.com/watch?v=AcCRWQkRiCE

«Атау-кере» драмасы. ІІ бөлім /Оралхан Бөкей/

Көрсетілетін тұсы: 31.28.-33.35 мин

Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, өздеріңіз көрген үзіндідегі қарт адамның әрекеті қазақты қоғамның ащы дертінен арашалай алады ма? Қолдану; Талдау

Сабақтың ортасы (60 мин)

Жазылымалды жұмыс.

Спектакльден үзінді көрсетіледі.

Тапсырма:

Оқушылар маңызды ойларды түртіп алады.

https://www.youtube.com/watch?v=AcCRWQkRiCE

«Атау-кере» драмасы. ІІ бөлім /Оралхан Бөкей/

14.00 – 18.00

20.00 - 22.00

Жазылым жұмысы

Төменде ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, жазылым жұмысын орындаңыз.

  1. «Адам-орманның ортасында жүріп күнәға батқанша, ағаш-орманның арасында таза өскенге не жетсін. Мен қазақтың атом апатынан да, бүлінген ауадан да, ішімдік пен аяқтан шалар ағайын алауыздығынан да ада, таза да тәкаппар ұрпағын тәрбиелеймін...» деген кейіпкердің сөзінен ой өрбіте отырып, еркін тақырыпқа шығарма жазыңыз.

  2. «Шығармада жеңіліс пен жеңіс, түңілу мен үміт, қиянат пен қайырым, аярлық пен адамдық, марғаулық пен махаббат арасындағы тартысты күрес, өткен тарих пен бүгінгі нақтылықтың ажырамас аясындағы ұлт тағдыры мен келешегі таразыға тартылған романның кесек-кесек идеяларының түйіні кульминациялық сәтіне жетіп, ширақ та шымыр тарқатылады» деген пікірді негізге ала отырып, Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы көтерілген мәселеге өзіндік көзқарас тұрғысынан баға бере отырып, әдеби шығарма жазыңыз.

  3. Еріктің томырық мінезі, аса қатыгездігі мен будан аралар жағдайын салыстыра отырып, суреткер метафоралық параллельге барады. Жазушының қозғайтыны – адамның табиғи тазалығы. Еріктің жанашырлықтан ада, селт етпес қаталдығына іштей мүжілетін Нүрке кемпір баласының африкалық аралармен әуестенуінен қатты тіксінеді. Демек, Нүрке кемпір Еріктің болмысындағы мейірімнің неден өшкенін сезеді. Қалай ойлайсыздар, Еріктің бойына неліктен мейірімділік ұяламаған? Берілген сұрақты ұлттық құндылық ұғымдарымен байланыстырып, талқылай отырып, эссе жазыңыз.

Ескерту: Эссе жазғызу үшін берілген үзіндіні мұғалім қалауы бойынша қысқарта алады.

Дескриптор:

  • шығармадағы (кемінде 2) кейіпкерлердің әреттері, ұғым-түсінігі, көзқарастары мен қабылдаған шешімдеріне баға бере отырып, өз көзқарасы тұрғысынан талдайды;

  • романдағы және қоғамдағы кең қолданыстағы құндылықтарға сілтеме жасайды;

  • автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды;

  • проблеманы шешуде қолданыс табатын нақты ұсыныстар келтіреді;

  • жазба жұмысының жанрлық ерекшелігін сақтайды;

  • тыныс белгісі мен емле ережелерінің талаптарына сай сауатты жазады.

Кері байланыс

  • Тапсырмаларды орындауда қандай қиындық болды?

  • Тапсырманы толық орындай алдыңыздар ма?

Сабақтың соңы (15 мин)

Рефлексия «3-2-1» әдісі

Сабақта сен үшін маңызды 3 аспекті

Қиындық туғызған 2 жағдай

Сезіміңді білдіретін 1 сөз Үй тапсырмасы: (5 мин) [8] 18-36 беттер, 26 бет, 2-тап. 37 бет, 1, 2-тап.