Жаңа сабақ. «Органикалық заттардың классификациясы». Көміртек қанқасының құрылысы бойынша органикалық қосылыстар алифатты, циклді; құрамына қарай көмірсутектер мен оның туындылары болып жіктеледі. Қосылыста гомологтық қатарлары жұрнақпен (ан,ен,ин, диен, ол, аль, он) белгіленеді. Органикалық қосылыстарды заманауи жіктеу көміртек қаңқасының құрылысына және молекуладағы функционалдық топқа байланысты жүргізіледі. Функционалдық топ- заттың химиялық қасиетін анықтайтын және органикалық қосылыстардың қай класына жататынын көрсететін атом немесе атомдар тобы. Органикалық қосылыстардың молекулаларында әртүрлі функционалдық топтар болуы мүмкін, соған байланысты зат әртүрлі класс қосылыстарының қасиеттерін көрсетеді. Жеке жұмыс.Органикалық заттардың жіктелуі бойынша тапсырмалар орындайды. «Смайлик» әдісімен бағалау. Органикалық қосылыстардың адам өміріндегі маңызы қандай? Топтық жұмыс. Пентанның изомерлерінің модельдерін құрастыру. Н-пентан, 2-метилбутан, 2,2 –диметилпропан, 4-хлор 2-метилпропан, 1-хлор 2,2-диметилпропан. СH3 - CH- CH2-CH2-Cl 4-хлор 2-метилпропан CH3 CH3 Cl - CH2 - CH - CH3 1-хлор 2,2-диметилпропан. CH3 |