СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Оригами өнері», «Қағаздан бұйым жасау»

Категория: ИЗО

Нажмите, чтобы узнать подробности

2 – сынып

Сабақтың тақырыбы:   «Оригами  өнері», «Қағаздан бұйым жасау»

Просмотр содержимого документа
««Оригами өнері», «Қағаздан бұйым жасау»»

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қоныстану селосы Жаңашаруа қазақ орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу, технология пәндерінің мұғалімі Балмұханов Нұрболат Қобланович

2 – сынып

Сабақтың тақырыбы: «Оригами өнері», «Қағаздан бұйым жасау»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға оригами өнері туралы мағлұмат беру. Оқушыларды қағаздан әр түрлі бұйым жасауға баулу. Қағаздан пластикалық жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін меңгеруге үйрету.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:

Көрнекілік құралдар, қайшы, картон, қағаз, желім, жылтыр қағаз, түрлі түсті қағаздар, т. б.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, Сұрақ – жауап

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй берілген тапсырманы сұрау: Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрап өткен тақырыпты пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ: Қағаздан әр түрлі бұйымдар жасау оқушылар үшін өте қызықты болады. Балалар 1-сыныптан бастап-ақ бейнелеу өнері пәні бойынша қағаз пластикасымен жұмыс істеу тәсілдерімен танысып келеді. Қағаз пластикасымен жұмыс істеу жапон тілінен енген термин бойынша «оригам» деп аталады.

Қағазбен істелетін бұйымның ең алдымен жобасын қарындашпен қағаз бетіне түсіреміз. Онан кейін оның формалық көлемін беру үшін кері қарама-қайшы бүктеу арқылы нақтылы пішінін жасауға үйретеміз. Бұрын қағаздан бүктеудің қарапайым түрін меңгерсе, енді оқушыларға оның күрделі түрін үйретуге ықпал жасаймыз. Олар қағаздан бір ғана бұйым жасап қоймайды, бірнеше бұйымдар жасап, оны композициялық тұрғыдан қарастырып білуге үйренеді. Қағаздан жасалатын әрбір бұйымның дизайндық ерекшелігіне баса назар аударуға оқушыларды баулимыз. Әрбір оқушының ойлап тауып, өз тарапынан жасаған бұйымы өте әдемі, көрікті болуы тиіс. Жасалған бұйымды қажетті жағдайда іске асыруға үйренуі қажет. Оларды үй тұрмысында қолдануды, көркемдеп безендіруде пайдалану жағын ойластырған жөн.

Енді оқушыларды сюжеттік көрініс беретін бірнеше зат пен бұйымдардың қосындысынан тұратын қағаз пластикасын үйретуге бағыттаймыз. Оқушы өте күрделі болып келетін жұмыс істеуде ең алдымен оның жобалық суретін ойластырып алуы керек. Сол бойынша іздену арқылы негізгі рйын нақты қағаздан бүктеу арқылы жасап шығуы қажет. Әрдайым бүктейтін орындар мен қағаз орамдары арнайы үзік сызықтармен белгіленіп оытруы керек. Қағаздан жасалатын заттың көлеміне, формасына қарай материалды тиімді пайдаланған жөн. Әрбір оқушының жасаған бұйымын мұғалім әрдайым қадағалап, оған көмектесіп отыруы тиіс. Оқушылар дұрыс меңгеру үшін қағаз бүктеу әдісін кезеңдер бойынша жүйелі түрде үйреткен абзал. Сонда ғана сәтті еңбек пайда болады.

ІҮ. Сарамандық жұмыс: оқушыларға жұмыс жасату.

Ү.Сабақты қорытындылау: Қорытынды.
Оқушылардың жұмысын бағалап, жұмыс орнын ретке келтіру.

Үйге тапсырма: Қағаздан әр түрлі бұйым жаса.











Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!