СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оркестр ??рамында?ы аспаптар 3сынып

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныбы: 3. 2-то?сан. №3 2.12.2015 жыл То?санды? та?ырыбы: ?аза? халы? аспаптарыны? жа?а ?мірі. Саба?ты? та?ырыбы: Оркестр ??рамында?ы аспаптар. Саба?ты? ма?саты: Балаларды? маманды?ына к?сіби ба?дар беру. Білімділік м?ні : ?лкен ?жым – ?лтты? оркестрді? ??рамымен таныстыру. Дамытушылы?ы: О?ушыларды? жан – жа?ты білімдерін арттыру. Т?рбиелік м?ні: ?лтты? музыканы?, ?лтты? аспапты? ?рпа?тан –?рпа??а жеткен м?ра екендігін білуге, оны ??рметтеуге баулу. Саба?ты? т?рі: д?ст?рлі Саба?ты? типі:Жа?а саба?ты ме?герту Саба?ты? ?дісі: Жа?а саба? т?сіндіру , ??гімелеу, музыка ты?дау, шы?армашылы??а баулу . П?наралы? байланысы: Музыка ?дебиеті , тарих, ?дебиет. Саба?ты? барысы: 1.?йымдастыру кезе?і: 2.?й тапсырмасы: Дауыс жатты?уы: «Балалы? ша?» А.Маханбетова Ж.Е?сеповты? «??тты болсын мереке» ?нін орындау. Ой ?оз?ау: 1.Е? ал?аш?ы ?лт аспаптар оркестін ??р?ан кім? А Ж?банов 2.Ал?аш?ы оркестр ??рамында ?анша адам болды? Он бір 3.Домбыраны «Екі ішекті? бірін ?атты, бірін с?л-с?л кем б?ра, На?ыз ?аза? ?аза? емес, на?ыз ?аза? домбыра » деп аса ??рметтейді. 4.?ор?ытты ?лімнен ??т?ар?ан аспап ?андай, аспап еді? ?обыз болатын. Міне, б?л аспаптар ?лт аспаптар оркестріні? ??рамына кіреді. 5.Домбыра мен ?обыз аспабыны? т?рленуі. Домбыра тобын атайы?: домбыра-прима, домбыра-альт, домбыра-бас, домбыра-контрабас. ?обыз тобын атаймыз: ?обыз -прима, ?обыз -альт, ?обыз -бас, ?обыз -контрабас. Суретті карточкалар ар?ылы топтастыру 3.Жа?а саба?: Оркестр ??рамында?ы аспаптар. С?ра?-жауап ар?ылы жа?а саба?ты т?сіндіру 1.Балалар, ?андай ?лт аспаптар оркестрін білесі?дер? 3.Оркестр ??рамын ?рмелі ж?не ?рмалы аспаптарсыз елестету м?мкін емес. ?аза? хал?ында к?не ?рмелі сыбыз?ы аспабы са?тал?ан. Сыбыз?ы аспабы еш?андай ?згеріске ?шырамай, ?зіні? о баста?ы таби?и т?пн?с?а ?алпын са?тап ?алды. Оны? есесіне оркестр ??рамына Еуропаны? флейта ж?не гобой сынды ?рмелі аспаптары енді. ?йкені б?л аспаптарды? ?ні сыбыз?ымен пара-пар келеді. Дауылпазды оркестрде орындау?а лайы?тап, к?лемін ?лкейтті. ?лкейтілген дауылпаз ?зіні? зор дыбысымен оркестрде орындау?а м?мкіндік алды. Кейін келе дауылпаз аспабы Еуропаны? литавра аспабымен орын ауыстырады. 6.Литавра аспабына ?оса Еуропаны? барабан ж?не треугольник сынды аспаптары енгізіледі. С?йтіп, оркест ??рамында жа?а ?рмалы аспаптар тобы пайда болды. ?ндер мен к?йлерді жеке аспаптарда ж?не оркестрді? орындауында да ты?дау?а болады. Оркестр ??рамында к?птеген аспаптар болады. Домбыра , ?обыз, сырнай, дауылпаз, да??ыра, т.б. аспаптарды? ?р т?рі болады. 5.Музыка ты?дайы?: Т?ркешті? «К??ілашар» к?йін ??рман?азы атында?ы ?лт аспаптар оркестіні? орындауында ты?даймыз. К?й ?рмалы аспаптарды? ?німен басталады.?рмалы аспаптарды? ?ні атты? шабысын елестеткендей ?сер ?алдырады. Б?л к?йді к?біне ?лкен салтанатты кештерде орындайды. Музыканы м??ият ты?дап ?рмалы аспаптарды? ?нін бірге орындап, ыр?а?ты сезіну ?абілеттерін ?алыптастыру 4.Сергіту с?ті: Ойнайы? та, ойланайы?. 6. ?н ?йренейік: «Келді, міне, Жа?а жыл!» ?ні Бота Бейсенованікі ?уес?ой композитор Бота Бейсенова ?нші ж?не балалар?а арнал?ан ?ндері к?п. Мысалы: «Арда?ты ?стазым», «Ал?аш?ы ?стазым», «Мектебі, аяулы мектебім», «А? дидарлы анашым», «Анажаным», «?асиетті домбыра» т.б ?нді ты?датып, ?уенін ме?гертіп, хормен орындау?а ж?не топпен орындау?а машы?тандыру.?н к??ілді, жайдары орындалады. 1.Келді, міне, Жа?а жыл! 2. Жа?а жау?ан а? ?лпа, Шатты? сыйлап ?р ?йге! ?ар жамылды даламыз. Жа?а ба?ыт, жа?а н?р, Балаларды са?ынта, ?лкен, кіші, с?биге. 2рет Келді Аяз атамыз. 2рет 7.?орытындылау : Б?гінгі таныс?ан аспаптарымыз 8.?йге тапсырма: Оркестр ??рамында?ы аспаптар жайлы о?улы?тан о?у. Бота Бейсенованы? «Келді, міне, Жа?а жыл!» ?нін жаттау. 9.Ба?алау: Саба??а белсене ?атыс?ан балаларды ма?тап, мада?тап ба?алау. 10. Саба? ая?талды, сау болы?дар. ?ызылорда обылысы, Шиелі ауданы, Н.Бекежанов ауылы №156 Н.Бекежанов атында?ы ?аза? орта мектебіні? ?уез п?ні м??алімі Сардарбекова ??ралай ?ыдырбай?ызы

Просмотр содержимого документа
«Оркестр ??рамында?ы аспаптар 3сынып»


Музыка пәнінен сабақ үлгісі

Сыныбы: 3. 2-тоқсан. №3

Тоқсандық тақырыбы: Қазақ халық аспаптарының жаңа өмірі.

Сабақтың тақырыбы: Оркестр құрамындағы аспаптар.

Сабақтың мақсаты: Балалардың мамандығына кәсіби бағдар беру.

Білімділік мәні : Үлкен ұжым – ұлттық оркестрдің құрамымен таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың жан – жақты білімдерін арттыру.

Тәрбиелік мәні: Ұлттық музыканың, ұлттық аспаптың ұрпақтан –ұрпаққа жеткен мұра екендігін білуге, оны құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен сәлемдесу;

ә) түгендеу, оқу құралдарын тексеру

Дауыс жаттығуы: «Балалық шақ» А.Маханбетова

2.Үй тапсырмасын орындау:

Ж.Еңсеповтың «Құтты болсын мереке» әнін орындау.

Ой қозғау:

1.Ең алғашқы ұлт аспаптар оркестін құрған кім? А Жұбанов

2.Алғашқы оркестр құрамында қанша адам болды? Он бір

3.Домбыраны «Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра,

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра » деп аса құрметтейді. 4.Қорқытты өлімнен құтқарған аспап қандай, аспап еді? Қобыз болатын. Міне, бұл аспаптар ұлт аспаптар оркестрінің құрамына кіреді.

5.Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі.


Домбыра тобын атайық:


домбыра-прима, домбыра-альт,

домбыра-бас, домбыра-контрабас.



Қобыз тобын атаймыз:


қобыз -прима, қобыз -альт,

қобыз -бас, қобыз -контрабас.


Суретті карточкалар арқылы топтастыру


3.Жаңа сабақ: Оркестр құрамындағы аспаптар.

Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты түсіндіру

1.Балалар, қандай ұлт аспаптар оркестрін білесіңдер?



Олар Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі,

«Отырар сазы» ұлт аспаптар оркестрі .


2.Мына аспаптарды қандай аспапатарға жатқызамыз?

Үрмелі және ұрмалы аспаптар

3.Оркестр құрамын үрмелі және ұрмалы аспаптарсыз елестету мүмкін емес. Қазақ халқында көне үрмелі сыбызғы аспабы сақталған. Сыбызғы аспабы ешқандай өзгеріске ұшырамай, өзінің о бастағы табиғи түпнұсқа қалпын сақтап қалды. Оның есесіне оркестр құрамына Еуропаның флейта және гобой сынды үрмелі аспаптары енді. Өйкені бұл аспаптардың үні сыбызғымен пара-пар келеді.


4.Сонымен қатар оркестр құрамы сырнай аспапбымен толықтырылды. Сырнай аспабы қазақ даласына 19 ғасырда татарлардан келіп, танымал болып кеткен.

Қазақтың Майра, Шашубай, Нартай сынды атақты ақындары өз ән-жырларын сырнай аспабының сүйемелдеуімен орындаған.


5.Ал қазақтың ең көне ұрмалы аспаптарының бірі

- дауылпаз


Дауылпазды оркестрде орындауға лайықтап, көлемін үлкейтті. Үлкейтілген дауылпаз өзінің зор дыбысымен оркестрде орындауға мүмкіндік алды. Кейін келе дауылпаз аспабы Еуропаның литавра аспабымен орын ауыстырады. 6.Литавра аспабына қоса Еуропаның барабан және треугольник сынды аспаптары енгізіледі. Сөйтіп, оркест құрамында жаңа ұрмалы аспаптар тобы пайда болды.

Әндер мен күйлерді жеке аспаптарда және оркестрдің орындауында да тыңдауға болады. Оркестр құрамында көптеген аспаптар болады. Домбыра , қобыз, сырнай, дауылпаз, даңғыра, т.б. аспаптардың әр түрі болады.


4.Музыка тыңдайық: Түркештің «Көңілашар» күйін Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестінің орындауында тыңдаймыз. Күй ұрмалы аспаптардың үнімен басталады.Ұрмалы аспаптардың үні аттың шабысын елестеткендей әсер қалдырады. Бұл күйді көбіне үлкен салтанатты кештерде орындайды.

Музыканы мұқият тыңдап ұрмалы аспаптардың үнін бірге орындап, ырғақты

сезіну қабілеттерін қалыптастыру

5.Сергіту сәті: Ойнайық та, ойланайық.

1. Суретті сөзжұмбақты шеш, қандай сөз шығатынын табайық










О

П

Г

Д








М

Р

К

Л









Е

С

И

Ы







Н

Т

Р

А



2. Ноталардың дұрыс орналасу ретін тап


1. 2. 3. 4.


3.Мына суретте қанша музыкалық аспаптар бейнеленген




6. Ән үйренейік: «Келді, міне, Жаңа жыл!» әні Бота Бейсенованікі

Әуесқой композитор Бота Бейсенова әнші және балаларға арналған әндері көп.

Мысалы: «Ардақты ұстазым», «Алғашқы ұстазым», «Мектебім , аяулы мектебім», «Ақ дидарлы анашым», «Анажаным», «Қасиетті домбыра» т.б

Әнді тыңдатып, әуенін меңгертіп, хормен орындауға және топпен орындауға

машықтандыру.Ән көңілді, жайдары орындалады.

1.Келді, міне, Жаңа жыл! 2. Жаңа жауған ақ ұлпа,

Шаттық сыйлап әр үйге! Қар жамылды даламыз.

Жаңа бақыт, жаңа нұр, Балаларды сағынта,

Үлкен, кіші, сәбиге. 2рет Келді Аяз атамыз. 2рет


7.Қорытындылау : Бүгінгі танысқан аспаптарымыз


Үрмелі аспаптар тобы


флейта гобой



Ұрмалы аспаптар тобы

Л итавра

Барабан, треугольник



Сырнай тобы: баян



8.Үйге тапсырма: Оркестр құрамындағы аспаптар жайлы оқулықтан оқу.

Бота Бейсенованың «Келді, міне, Жаңа жыл!» әнін жаттау.

9.Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтап, мадақтап бағалау.

10. Сабақ аяқталды, сау болыңдар.