СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ормандағы аңдар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"Ормандағы аңдар"»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в с подготовительной группе

Өткізу күні / Дата проведения: 13.01.2020

Тәрбиеші / Воспитатель :

Білім беру саласы / Образовательная область:Шығармашылық

Пән / Предмет: Аппликация

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: "Аңдар қалай қыстайды?"

Тақырыбы / Тема: «Ормандағы аңдар»

Мақсаттары / Цели:

1. Тәрбиелік – воспитательная. Жан-жануарларға қамқор болуға, ұқыптылықпен шыдамдылыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая : Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру,ой -қиялдарын іс-жүзінде көрсете білуге үйрету.Желіммен қылқаламмен жұмыс жасау дағдыларын бекіту.

3. Оқыту – обучающая:Балаларды жабайы жануарлардың қысқы тіршілігімен таныстыру.

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, түрлі-түсті қағаздар, қайсы, желім.

Көп тілділік полиязычие: орман-лес, жануарлар-животные-

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылы

Тәрбиеші:

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыста ауа–райы қандай болады?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Кім қыс айларын атап береді?

- Балалар, бүгін бізде жапсыру сабағы, қане өткен тақырыпты есімізге түсіріп өтейікші. Біз не туралы өттік?

- Маған кім қысты суреттеп береді?

- Оған не жатады?

- Біз табиғаттың әсемдігіне, сұлулығына таң қалып, қызығамыз, оны біз қалай білдіреміз?

- Табиғат аясында не істейміз?

- Табиғат нешеге бөлінеді?

- Тас, құм, су, қар, мұз, тау, күн, жер, топырақ қай табиғатқа жатады?

- Ал адамдар, жануарлар, құстар, ағаштар, жәндіктер, гүлдер, балықтар қай табиғатқа жатады?

- Балаларды орманға серуенге шақыады. Ұшақпен ұшып баруға ұсыныс жасайды.

Бірінің артына бірі тұрып, қолдарын жайып, ұшақтың ұшуын бейнелеп көрсетеді

2.Негізгі бөлім

Балалар біз орманға келдік, ауасы қандай тамаша терең тыныс алайықшы, Орман ақ мамыққа орап қойғандай екен, ағаштар қысқы ұйқыда. кәне есімізге түсірейікші,

Қандай орман тұрғындарының білесіңдер? (Жабайы аңдар

Қасқыр, аю, түлкі,қоян, кірпі)

Көп тілділік полиязычие: түлкі-лиса, қасқыр –волк, аю- медведь, қоян - заяц, кірпі - еж

Суретпен жұмыс.

Балалар суретке қарап отырып жаунарлардың аттарын атайды,әңгіме құрастырады.Жануарлардың житін тағамдарын айтады

Дидактикалық ойын: «не артық?» ойыны

шарты:

Балалар суретке қарап отырып қандай жануарлар артық екенін айтады.

Ал қыста қандай жануарлар уйықтайды? (аю, кірпі)

Балалар кәзір ұшағымызға мініп , балабақшамызға ораламыз (балалар қолдарын жайып топты бір айналып, орындарына келіп отырады.Есімізге түсірейік орманда қандай жануарларды көрдік? (балалар естеріне түсіреді)

Кәзір балалар осы орманда көрген жануарларды ұқыпты қыйып аламызда ,желіммен жабыстырамыз.

Балалар орман мекендеушілерді қайшымен қиып,желімдеп жапсырады.

Қиналған балаларға қол ұшын беру.

Жеке жұмыс: Омар мен Ясминге қайшыны өздеріне қаратуға болмайтынын, үстел үстінде дұрыс отыруға жан-жаққа бұрыла бермеуге ескерту

3.Қортынды

Балалар біз бүгін қайда бардық? орман да не көрдік? ненің суреттерің жабыстырдық?

Балалар бүгін жақсы жұмыс атқардыңдар, жапсырған жануарларыңды мына жерге іліп қояйық,кешке ата-аналарын көрсін. Балаларды мақтап-мадақтау.