Дала зонасы
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Дала зонасы 77 млн га жерге тараған Қазақстанның біраз аумағын, дәлірек айтқанда, 27%-ынан астамын алып жатыр. Дала зонасы орманды дала зонасының оңтүстігінен басталып, батыстан шығысқа қарай 2200 км-ге созылған кең алқапты камтиды, шамамен 54°-50° с.е. аралығында орналасқан. Дала зонасына Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы түгелдей дерлік, Жалпы Сырт сілемдері, Каспий маңы ойпатының солтүстік жартысы, Орал етегі, Жем үстірті, Сарыарқаның солтүстігі мен орталық аудандары жатады. Дала климаты континентті, жазы ыстык әрі құрғак, жиі-жиі аңызак желі соғып түрады. Ал қысы қатаң, қары жұқа болады. Қаңтардың орташа температурасы -16°-18°С, шілде айында солтүстігінде 18°С-тан, оңтүстігінде 23°С-қа дейін жетеді. Жылына 220-310 мм-ге дейін жауын-шашын жауады, бірақ мұның мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай азая түседі. Климат жағдайлары егін шаруашылығымен шұғылдануға толық мүмкіндік береді.
Мазмұны
[жасыру]
1 Өзендері
2 Топырағы
3 Өсімдіктері
4 Жануарлары
5 Тыңайған жерлері
6 Пайдаланған әдебиет
Өзендері[өңдеу]
Дала зонасы өзендерінің деңгейі төмен. Зонаны Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Нұра, Торғай, Шар, Ырғыз және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді. Олардың жылдық ағысының 80 %-ы көктемгі су тасу кезеңіне келеді. Егін шаруашылығы мен өнеркәсібі дамыған бұл аудандарда, су әлі де болса жеткіліксіз. Сондықтан да бөгендерде су жинап, оны су құбырлары мен каналдар (Ертіс-Қарағанды) арқылы пайдаланады.
Топырағы[өңдеу]
Дала зонасының топырағы қара және қызыл қоңыр топырақ типіне жатады. Зонаның солтүстігінің топырақ қабатында жоғары өнім жинауға жеткілікті 6%-ға жуық шірінді бар. Оңтүстікке қарай топырақтағы шірінді кеми түседі де, бірте-бірте куаң далаға тән қызғылт күрең топырақка айналады. Бұл арада сортаң топырақты жерлер көбірек кездеседі, олар арнаулы тыңайтқыштар мен ерекше күтімді кажет етеді. Қызғылт күрең топырақтың құнарлы жерлері егін шаруашылығы үшін жарамды.


Итмұрын
Өсімдіктері[өңдеу]
Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Мұнда боз, бетеге, атқонақ, еркекиіөп, кермек, қаңбақ басым өседі. Ойпаң және ылғалды жерлерде, әсіресе өзен жайылымдарында шалғынды өсімдіктер тараған. Шалғынды өсімдіктерден бидайық, қылқансыз арпабас, шалғынды қоңырбас басым, аса ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ өседі. Бидайық шалғындарынан мол пішен алынады. Даланың оңтүстік бөлігінде негізгі өсімдіктермен қатар жусанның кейбір түрлері өседі. Кей жерлерде бұлар тұтас үлескілерді алып жатады. Дала өсімдіктерінің арасында дәрі-дәрмектік өсімдіктер де бар. Мысалы, жанаргүл,шайшөп, итмурын, дәрілік валериан кездеседі. Жаз бойы даланың түрі үнемі өзгеріп отырады. Дала көктемде ғана қысқа мерзімде алуан түрге бөленіп құлпырады. Шілдеде шөп қурап, сарғайып кетеді.


Түлкі
Жануарлары[өңдеу]
Ашық дала кеңістігінде тіршілік етуге бейімделген көптеген түрлі жануарлар кездеседі. Қоршаған ортасының түсіне ұқсас келетін, жылдам жүгіретін әрі тез ұшатын, жылдың колайсыз мезгілдерінде де ұзақ ұйқыға кететін жануарлардың да түрлері бар. Дала сүткоректілеріне саршұнақ,қосаяқ, дала тышқандары, дала алақоржыныжатады. Бұлар егінге көп зиян келтіреді. Мұнда саршұнақ тұқымдасынан ірі суырлар (салмағы 10 кг-ға дейін) болады. Суырлар мен саршұнақтар ін қазып, топырағын сыртқа шығарып, үйіп тастайды. Қосаяқтар, саршұнақтар, дала тышқандары тіршілік ететін жерлерде жыртқыштардан күзен, аққіс, түлкі кездеседі. Олар терісі бағалы кәсіптік жануарлар қатарына жатады. Даланың оңтүстік аудандарында түлкі тұқымдасынан қарсақ кездеседі. Ол інінен тек түнде ғана шығып, жортады. Даланың барлық жерінде осы зонаның негізгі жануары қасқыр көп болады. Далада ақбөкендер кездеседі. Бөкеннің басы үлкен, қошкар тұмсық, денесі ықшам, аяғы жіңішке келеді. Бөкеннің жүгіргеніне көз ілеспейді. Бұдан едәуір бұрын далада үйір-үйір болып жүретін бөкендер қазір халықтың жиі қоныстануына байланысты біртіндеп шөлейт және шөл зоналарына қарай ауды. Далада құстардан дуадақбар, бұлардың кейбіреулерінің салмағы 16 кг- ға жетеді. Одан басқа безгелдек, тырна, балықшы, бозторғай кездеседі, әсіресе қараторғайлар көп. Жыртқыш құстардан дала бүркіті дала құладыны, кезқұйрық бар. Далада көлдер көп, әдетте олар терең болмайды, жағалары жазық, жайпақ келеді. Көп көлдердің жағалауларында қамыс-құрақ пен ұсақ бұталар өседі. Онда суда және батпақта тіршілік ететін құстар көп кездеседі. Бұлар - қаз, үйрек, тырна, шағала,балықшы, қамыс торғайлары, аққұтан. Сарыарқаның ұсақ шоқылар арасындағы бытыраңқы орналасқан көлдерде суда жақсы жүзетін құстар - сүңгуір,гагара, крохалб, турпан болады.
Тыңайған жерлері[өңдеу]
Қазан төңкерісіне дейін дала зонасы ғасырлар бойы көшпелі мал жайылымы ретінде пайдаланылып келді. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында (1954-59 ж.) дала зонасының 28 млн га жері жыртылды.[1]
Орманды дала зонасы
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек оңтүстік шеті сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4%. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпаттар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр.
Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда біршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа температурасы 18°-20°С. Қысы едәуір суық, кей күндері қатты аяз болып, ауаның температурасы -51°-53°С-қа дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы -17°-19°С.
Мазмұны
[жасыру]
1 Өзендері
2 Топырағы
3 Өсімдік жамылғысы
4 Жануарлары
5 Игерілген жерлері
6 Пайдаланған әдебиет
Өзендері[өңдеу]
Өзендері түгелдей дерлік қар суымен толығады. Ертістің, Жайықтың, Тобылдың,Есілдің, т.б. бірқатар ірі өзендердің суы халықтың тұрмыс қажеті үшін ғана емес, өнер-кәсіп мақсаты үшін де пайдаланылады.
Топырағы[өңдеу]
Зонаның солтүстік бөлігінде қара топырақты қабаттың қалыңдығы 75 см-ге жетеді, оның құрамының 9%-ына жуығы шірінді болады. Зонаның оңтүстігіне таман қара топырақтың қалыңдығы кеми түседі, шіріндінің мөлшері де 6%-ға дейін азаяды. Қазакстандағы орманды дала топырағының Шығыс Еуропа жазығындағы орманды дала топырағынан айырмасы - ойпаң жерлері сортаң болып келеді. Зонада көбінесе дала және шалғынды дала өсімдіктері өседі. Солтүстігінде, солтүстік-батысында шоқ-шоқ ормандар кездеседі.


Қайың
Өсімдік жамылғысы[өңдеу]
Өсімдік жамылғысы жыртылмаған үлескілерді жауып тұратын қалың және әр түрлі шөптер, дәнді дақылды өсімдіктерден тұрады. Мұнда қызғылт сабақты боз, шоқ түпті бетеге, бұралған жер бидайық өте көп. Біраз жерді қарабас шалғын мен қылқансыз арпабасалып жатыр. Астық тұқымдас өсімдіктергесәбізшөп, жұпар иісті алтын түстес гүлдері өседі. Бұршақ тұқымдастардан сары гүлді беде, көк түсті бұршақ бар. Батыс Сібір жазығының ормандарында шоқ-шоқ қайың мен көктеректер өседі. Жалпы Сырт қыраты ормандарында жалпақ жапырақты ағаштар - емен, жөке, қандыағаш басым болады. Шоқ-шоқ болып біткен қайыңды, көктеректі ормандар арасында өсетін бұталарға: тал, долана, итмұрын, қара қарақат жатады. Сабағы жіңішке, шырынды, қызыл күрең түсті жемісі бар тошала жиі кездеседі. Орман шетінде аңқыған иісі бар, қызыл күрең түсті бүлдірген көздің жауын алады. Ағаш тұқымдастарының құрамы жағынан батыстың орманды даласы Шығыс Еуропа даласына ұқсайды. Орман өсімдіктері өзен аңғарларын бойлай оңтүстікке де таралады. Мәселен, дала зонасындағы Жайық өзенінің аңғарында шоқ-шок ормандар, Ертіс жағасын бойлай құм шағылдары үстінде жіңішке алқапта карағайлы ормандар, Сарыарқаның Көкшетау, Қаркаралы, Баянауыл және т.б. тауларының гранитті массивтерінде карағайлы ормандар таралған. Олар тау шоқтары мен беткейлеріндегі көлдерді қоршап жатқан далада ерекше көркем табиғат көріністерін бейнелейді. Бұл әдемі табиғатты аудандарда сауықтыру және демалыс үйлері орналасқан. Орман байлықтары - шоқ қайыңдар мен шоқ қарағайлар және бұталар 10 млн гектардан астам ауданды алып жатыр. Дуброва, Мамлютқорықшаларындағы ормандар мемлекет тарапынан қорғауға алынған.


Қоян
Жануарлары[өңдеу]
Орманды даланың өзіне ғана тән ерекше жануарлары болмайды. Мұнда да көршілес зоналардың жануарларындай: сарышұнақтар, сұртышқандар, қосаяқтар, аққіс, қояндар (ақ қоян, ор қоян, сусар, түлкі, қасқыр, т.б. кездеседі, шоқ карағай ормандарында - тиіндер бар. Соңғы жылдарда мұнда солтүстік ормандардан бұландар мен сібір еліктері мекен ауыстырған. Басқа жақтан адамдар алып келген, кәсіптік маңызы бар ондатр кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің екі түрі (жорғалауыш және тірі туатын), сары бас және улы сұр жыландар кездеседі. Орманды далада құстар өте көп және әр түрлі. Шоқ қайыңды ормандарда ақ құр, ақ тұмсық қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, сұңқар, күйкентай ұялайды. Ашық жерлер мен орман шеттерінде бұлдырық, бөдене, бозторғай, шәуілдек жүреді. Көл жағасындағы нулы қамыс, қамыс құрағы, қоғалар мен басқа да өсімдіктер арасында әр түрлі суда жүзетін құстар көп-ақ. Мұнда көптеген қаздар мен үйректер, сондай-ақ шағалалар да байқалады. Үлкен көлдерде - аққулар, ал төмпешікті және қияқты батпақтарда — кезқүйрыққа ұқсас сұр тырналар мен қамыс құладыны болады.
Игерілген жерлері[өңдеу]
Орманды дала зонасы - Қазақстанның ең жақсы игерілген табиғат зоналарының бірі. Онда дала үлескілерінің көп бөлігі жыртылған. Бұл жерлерде дәнді дақылдардан - бидай, жүгері, т.б. дақылдар егіледі. Мұнда көптеген жаңа елді мекендер бой түзеді. Зонаның жыртылмаған бөлігі - шүйгін шабындық, көк балаусалы жайылым, сондықтан мұнда етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы басым дамыған. [1]
Шөлейт зонасы
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын-шашын аз, жылдық жауын-шашынның мөлшері 180-300 мм аралығында. Көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын-шашын мол түседі, кыста және жазда аз жауады. Жаз барлық жерде ыстық. Шілденің орташа температурасы 22°-24°С, кейде ыстық 40°С-қа дейін жетеді. Қысы суық, ашық аязды күндер басым болады. Қаңтардың орташа температурасы -15°-17°С, ең төменгі температура зонаның шығысында (-50°С) байқалады. Шөлейт зонасында жазда өзендердің көбінің суы тартылып, кеуіп кетеді.
Тұрақты ағатын ең ірі өзендері - Ойыл, Жем, Topғай, Сарысу, Аягөз. Шөлейт зонасында 3000-нан астам көл бар. Олардың көпшілігінің суы кермек немесе ащы болады.
Мазмұны
[жасыру]
1 Топырағы
2 Өсімдіктері
3 Қызыларай сілемі
4 Жануарлары
5 Пайдаланған әдебиет
Топырағы[өңдеу]
Шөлейттің негізгі топырағы - ашық қара қоңыр топырақ. Қызғылт-күрең топыраққа карағанда оның құрамында шірінді аз болады. Топырақтың беткі кабатында шірінді 2 - 3% ғана. Саз топыракты жазык пен ойпаң үлескілерде сортаңдар едәуір орын алады.
Өсімдіктері[өңдеу]
Шөл дала зонасында даланың әрі шөлдің өсімдіктері таралған. Өсімдік жамылғысы негізінен бетеге, жусан, туймедағы,боздан құралады. Кейде жусан көлемді жерлерді алып жатады. Мұндай жерлердің түсі біркелкі ашық болып көрінеді. Кей жерлерде жусанның арасында изен, ебелек, теріскен, көкпек өседі. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан сортаңды жерлердеши өседі. Ұлытау, Ортау, Бұғылы, Қызыларай, Шыңғыстау және т.б. жоталардың аңғарлары арасында әр түрлі шалғын шөптер көп өседі. Бұл таулардың беткейлерінде қайың, көктерек және қарағай шоқ ормандары кездеседі. Бұлардың арасында долана, мойыл, итмұрын, қарақат және таңқурай өседі.
Қызыларай сілемі[өңдеу]
Таулы-төбелі гранитті қызыларай сілемі (1565 м) — шөлейттегі әсем жазираның бірі. Осы жерде қарағай ормандары өседі. Жазықтар мен ұсақ шоқылардың аралықтарында сортаң және cop жерлер де кездеседі. Cop жерлерде өсімдік өспейді, тек оның шет жағалауларында ғана сортаң өсімдіктері өседі. Шөл даладағы өзен жайылмалары өсімдікке бай. Оларда айрауық, құрақ, қамыс өседі. Жекелеген үлескілерде тал, итмұрын, ұшқат бұталары жиі ұшырасады.


Қасқыр
Жануарлары[өңдеу]
Дала мен шөлде кездесетін шөлейт жануарларынан сарышұнақ, қосаяқ, құм тышқаны, құм қояндары сасық күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр мекендейді. Сонымен бірге онда күзен және түлкі бар. Құстардан бүркіт, бозторғай кездеседі. Бір кездерде жер қайыстырған ақбөкендер мен қарақұйрықтар қазіргі кезде некен-саяқ қана кездеседі. Шөлейтте кесіртке мен жыландар көп. Бұл өңірде зиянсыз жыландардан — қара шұбар жылан, кіші сарыбас жылан, су жыланы, улы жыландардан - сұр жылан, қалқан тұмсық жылан бар.
Шөл дала зонасы егін шаруашылығы үшін шамалы пайдаланылады. Мұнда негізінен ашық-қызғылт топырақты жерде ғана егіншілікпен шұғылданады. Шөлейтте қой және жылқы шаруашылығы басым дамыған. Ойдым-ойдым суармалы жерлерде көкөніс, бақша егіледі
Шөл зонасы
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га, республика аумағының 44%-ына жуығын алады. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескілерде кездеседі. Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ . Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды. Шөлдің кейбір аудандарында жылдық жауын-шашын 100 мм-ге де жетпейді. Жазда жаңбыр өте сирек жауады. Жауын-шашынның көбі көктемде түседі.
Қысы суық. Аяз -40°С-қа дейін жетеді. Жазы өте ыстық, қапырық әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы солтүстігінде 24° -26°С, оңтүстігінде 28° -30°С. Құм бетінде температура жазда 70°С-қа дейін қызады. Осының бәрі буланудың көп болуына септігін тигізеді. Көктемде еріген қарсуымен толығатын қазаншұңқырлар мен ойыстар жазда кеуіп кетеді. Олардың түбінде қалың тұз қабыршақтары пайда болып, ондай жерлерде ешқандай өсімдіктер өспейді.


Балқаш
Мазмұны
[жасыру]
Жер асты суы[өңдеу]
Шөл зонасының ауасы құрғак әрі жауын-шашын мөлшері аз болғандықтан, жергілікті өзендері жоқ. Тек қана шөл зонасынан тыс (Жайық, Жем, Сырдария, Сарысу, Шу, Талас, Іле, Қаратал, т.б. басталатын өзендер бар. Ол өзендер шөл арқылы аққандықтан, суының көбі булануға немесе суаруға кетеді де, кейде сағасына жете алмайды. Осыған байланысты шөлде терең орналасқан жер асты суының зор маңызы бар. Ондағы халықты ауыз сумен камтамасыз етуде және мал суару үшін терең жер асты суының алатын орны ерекше. Шөл зонасының астында Қызылқұм, Шу-Сарысу, Оңтүстік Балқаш, Сырдария, Бетпакдала, Маңғыстау, Каспий маңы сияқты ең ірі артезиан алаптары жатыр.
Шөл зонасы солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінеді. Солтүстік шөлдерде Үстірт және Тұран ойпатының солтүстік жартысы, Бетпақдала үстірті, Мойынқұм, Балқаш маңы құмдары жатады. Ал оңтүстік шөлдерге Үстірттің оңтүстігі мен Қызылқұмды қамтитын Тұран ойпатының оңтүстік жартысы жатады. Шөлдің оңтүстігінде жеңіл саздақтың үстіне қалыптасқан қоңыр топырақ тараған. Қоңыр топырақтың ашық қызғылт топырақтан түсі бөлек және құрамында шіріндісі аз (2,5%-ға дейін). Шөлдің оңтүстігінде сұр-қоңыр топырақ басым. Оның құрамында шірінді тіптен аз (1,0-1,2%). Сұр қоңыр топырак минералды заттарға бай болғандықтан, құнарлы келеді. Мұндай топырақты жерді суарса және тыңайтқыштар қолданылса, мақтадан, бидайдан, бау-бақшадан көп өнім алуға болады.
Құмды шөлдер[өңдеу]
Құмды шөлдер бүкіл шөл зонасының үштен біріне жуығын алып жатыр. Олардың ең ірілеріне Қызылкүм, Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Сарыесік. Атырау және Каспий маңы ойпатының құмдарын (Нарын, Тайсойған, Қарақұм, т.б.) жатқызуға болады. Мұндағы құмдар ондаған мың жылдар бұрын осы жердегі өзендер мен көлдердің орнында пайда болған. Кейін желдің әсерінен бұл құмдардан шағылдар, қырқалар, төбелер түзілген. Құмға су жақсы сіңеді және одан аз буланады. Әдетте, тек құмның беткі қабаты ғана құрғайды, ал оның астыңғы қабаттары әр уакытта ылғалды келеді. Сондықтан аз ғана тереңдікте ішуге жарайтын еспе суы болады. Көшпелі құмдарда топырақ жамылғысы жоқ дерлік. Топырақ қабаты кырқалар мен төбелерде, борпылдак құмды қырқалардың аралығында, қазаншұңқырлар мен жазық жерлерде құмайтты, қоңыр және сұр қоңыр топырақты болып келеді. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан жерлерде дәнді дақылдар мен бақша дақылдарын егуге болады.
Құмды шағылдар[өңдеу]
Құмды шағылдар мен төбелерде астық тұқымдастардан бозға ұқсас селеу тараған. Мұның тамыры ұзын болады, ол құмды бекітеді. Бекіген құмдарда көктемде селеу, өлеңшөп, құмның боз жусаны, құм бетегесі, еркекшөп, құмның жабайы сұлысы, қоңырбас, құм түймедағы, құмаршық жақсы өседі. Жазда барлық шөп өсімдіктері қурап кетеді. Қазақстанның оңтүстігіндегі Сырдарияаңғарында, Батыс Тянь-Шаньдағы Қаратау бөктеріндегі шөлдерде дермене жусаны сақталған. Ол Қазақстанда ғана өседі. Дермене жусанының ашылмаған жас гүлінен іш құртын (глист) түсіретін сантонин дәрісі жасалады. Дермене «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген. Шөл өсімдіктері табиғат жағдайларына қарай бейімделген. Бұл — олардың ерекшеліктерінің бірі. Ылғалды тез жоғалтпау үшін жапырақтары тікенді қабыршыққа айналған немесе буланудан сақтайтын түктері болады. Құмдағы өсімдіктердің барлығының да тамыры ұзын. Құмды шөлдерде шөпті өсімдіктерден басқа жүзгін, Құм қарағаны, теріскен сияқты бұталар да өседі. Бұл бұталар онша биік болмайды және жапырактары да аз. Шөлдерде ағаш тектес өсімдіктерден ақ және қара сексеуіл өседі. Ақ сексеуіл құмды жерде, кара сексеуіл сортаң топырақты жерде өседі.
Сазды шөлдер[өңдеу]


Жиде
Сазды шөлдер құмды шөлдердің арасында немесе соларға жапсарлас жатады. Ең ірі сазды шөл - Үстірт, Бетпақдала және Сырдария өзенінің оңтүстік жағалары. Үстірттің ойпаң жерлерін тұзды көлдер, cop, сортаң және тақыр алып жатыр. Олардың қалыптасуындағы басты рөлді жер бетіндегі ағын сулар аткарады. Үстірттің негізгі топырағы коңыр, көп жағдайда сортаң. Мұндағы негізгі өсімдік жусан, бұйырғын мен баялыш. Қара сексеуілдің қалың бұталары кездеседі. Кейбір ойпаң жерлерде селеу, Қоңырбас өседі. Бетпақдалада Үстірттегі сиякты, көктемде тез өсіп жетіліп, қурап қалатын эфемерлер өседі.
Тастақ немесе тасты шөлдер[өңдеу]
Тастақ немесе тасты шөлдер Қазақстанда онша көп емес. Мұндай шөлдер Сарыарканың оңтүстігінде, Бетпақдаланың шығысында және Үстіртте кездеседі. Тастақ шөл дердің өсімдігі құрамы жағынан көршілес жатқан шөлдің өсімдіктеріне ұқсас.
Өсімдіктері[өңдеу]
Шөл зонасындағы өзен аңғарларында өсетін ерекше өсімдіктер бар. Мұнда әр түрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар өседі. Оны тоғай деп атайды. Тоғай әсіресе Сырдария, Шу мен Іле және т.б. өзендердің аңғарларына тән. Суға жақын жердегі тоғайларда қамыс, қоға кездеседі. Өзен арнасынан қашығырақта биік бұталар - шеңгел, тал, тікенекті жиде, шырғанақ, арнаның құрғақ жерлерінде жыңғыл өседі. Жыңғылдың жапырақтары қызғылт, гүлі ақ болады. Жантақ және басқа тамыры ұзын, тереңге кететін өсімдіктер де бар.


Қасқыр
Жануарлары[өңдеу]
Шөлдің жануарлар дүниесі өзгеше. Онда өмір сүруге жылан мен кесірткенің аздаған түрі ғана бейімделген. Кесірткеден көп тарағаны: құмды және құлақты агамалар, жұмырбас кесірткелер. Жыландардың ішінде сылдырмақты жыландар тұқымдастарының өкілі: дала айдаһарлары, оқ жыландар мен қалқан тұмсықтылар бар, сондай-ақ тасбақалар, кірпілер де кездеседі. Қазақстанның оңтүстік шөлдерінде улы өрмекші тәріздестерден - шаян, бүйі, қарақұрткездеседі. Мұнда бұзаубастар да бар. Бетпақдалада, Үстіртте және Балқаштың оңтүстігіндегі шөлдерде тұяқтылардан - ақбөкендер мен қарақұйрықтар кездеседі. Шөл зонасында қосаяқ, саршұнақ, құм тышқаны тәріздес кеміргіштер де көп. Жылдың қолайсыз мезгілдерінде олар індеріне кіріп, ұйқыға кетеді. Өзен бойындағы ну тоғайларда қабан, мәлін, қасқыр мекендейді.
Құстардан шөлде азия торғайы, кішкентай торғай, copтaң, жер торғайы, айдарлы торғай, сексеуіл жорға торғайы, шөл торғайы бар. Жырткыш құстарданжамансары мен жұртшы кездеседі. Тоғайларда - сауысқан, Қарға, сұр кекілік, қырғауыл болады. Көлдер мен Сырдария бойында үйрек, қаз, шағала,бірқазан, аққұтан бар. Шөл зонасында Барсакелмес Және Үстірт мемлекеттік қорықтары ұйымдастырылған
1-нұсқа Дала зонасы
1.Дала зонасына ................................... оңтүстік шеті, ................. үстіртінің солтүстігі, ................... түгелдей дерлік, Жалпы Сырт сілемдері,.................. маңы ойпатының солтүстік жартысы, Орал етегі, Жем үстірті, ............................. солтүстігі мен орталық аудандары жатады.
2. Зонаны ........................................................ және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді. Олардың жылдық ағысының 80 %-ы көктемгі су тасу кезеңіне келеді.
3.Дала зонасының топырағы қара және қызыл .................................................... типіне жатады.
4. Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Мұнда ...................................................... басым өседі.
5. Дала сүткоректілеріне ...................................................., дала алақоржыны жатады. Көп көлдердің жағалауларында қамыс-құрақ пен ұсақ бұталар өседі. Онда суда және батпақта тіршілік ететін құстар көп кездеседі. Бұлар - .......................................................................................................................
2-нұсқа Орманды дала зонасы.
1.Қазақстанның орманды дала зонасы ...................................... ........................................ аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га.......................... аумағының 0,4%.
2. Зонада 6 мыңнан астам ............. бар. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда біршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда жауады. Жазы ................................... ыстық, шілденің орташа температурасы 18°-20°С.
3. Өзендері түгелдей дерлік қар суымен толығады. ..........................................................................., т.б.
4. Қазакстандағы орманды дала топырағының Шығыс Еуропа жазығындағы орманды дала топырағынан айырмасы - ......................................болып келеді.
5. Шоқ-шоқ болып біткен қайыңды, көктеректі ормандар арасында өсетін бұталарға:............................................................................. жатады.
6. Шоқ қайыңды ормандарда................................................. ................ұялайды. Ашық жерлер мен орман шеттерінде бұлдырық, ............................................................... жүреді.
2-нұсқа Орманды дала зонасы.
1.Қазақстанның орманды дала зонасы ...................................... ........................................ аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га.......................... аумағының 0,4%.
2. Зонада 6 мыңнан астам ............. бар. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда біршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда жауады. Жазы ................................... ыстық, шілденің орташа температурасы 18°-20°С.
3. Өзендері түгелдей дерлік қар суымен толығады. ..........................................................................., т.б.
4. Қазакстандағы орманды дала топырағының Шығыс Еуропа жазығындағы орманды дала топырағынан айырмасы - ......................................болып келеді.
5. Шоқ-шоқ болып біткен қайыңды, көктеректі ормандар арасында өсетін бұталарға:............................................................................. жатады.
6. Шоқ қайыңды ормандарда................................................. ................ұялайды. Ашық жерлер мен орман шеттерінде бұлдырық, ............................................................... жүреді.
3-нұсқа Шөлейт зонасы
1.Шөлейттің климаты құрғақ,...................... Жауын-шашын аз, жылдық жауын-шашынның мөлшері ..................................аралығында. Көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын-шашын мол түседі, кыста және жазда аз жауады.
2. Тұрақты ағатын ең ірі өзендері - ............................................................. Шөлейт зонасында 3000-нан астам .............. бар. Олардың көпшілігінің суы ..................................болады.
3. Шөл дала зонасында даланың әрі шөлдің өсімдіктері таралған. Өсімдік жамылғысы негізінен .................................................................................... құралады.
4. Дала мен шөлде кездесетін шөлейт жануарларынан .................................................. құм қояндары сасық күзен,................................................ мекендейді.
5. Шөлейтте ............................................................. шаруашылығы басым дамыған.
4-нұсқа Шөл зонасы
1.Шөл зонасы .......................... жағалауынан .......................... тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га, республика аумағының 44%-ына жуығын алады.
2. Тек қана шөл зонасынан тыс ................................................................., т.б. басталатын өзендер бар.
3. Шөл зонасының астында ................................................. маңы сияқты ең ірі артезиан алаптары жатыр.
4. Құмды шөлдер бүкіл шөл зонасының үштен біріне жуығын алып жатыр. Олардың ең ірілеріне ............................................................................................................... ойпатының құмдарын (Нарын, Тайсойған, Қарақұм, т.б.) жатқызуға болады.
5. Шөл зонасында ....................................................................... мемлекеттік қорықтары ұйымдастырылған
4-нұсқа Шөл зонасы
1.Шөл зонасы .......................... жағалауынан .......................... тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га, республика аумағының 44%-ына жуығын алады.
2. Тек қана шөл зонасынан тыс ................................................................., т.б. басталатын өзендер бар.
3. Шөл зонасының астында ................................................. маңы сияқты ең ірі артезиан алаптары жатыр.
4. Құмды шөлдер бүкіл шөл зонасының үштен біріне жуығын алып жатыр. Олардың ең ірілеріне ............................................................................................................... ойпатының құмдарын (Нарын, Тайсойған, Қарақұм, т.б.) жатқызуға болады.
5. Шөл зонасында ....................................................................... мемлекеттік қорықтары ұйымдастырылған