СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Орманға саңырауқұлақ пен жидек теруге барайық»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қоршаған табиғаттың сұлулығына, байлығына тамсану, қызығу, оған мейрімділікпен қарауға тәрбиелеу. Бірлесе еңбектенуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Ормандағы өсімдіктерді тани отырып,балалардың қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру.

3.Оқыту – обучающая: Саңырауқұлақтар мен жидектердің  айырмашылығын білуге үйрету.

Просмотр содержимого документа
««Орманға саңырауқұлақ пен жидек теруге барайық»»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Әлеуметтік орта

Пән/Предмет: Экология

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Бірге еңбектенеміз»

Тақырыбы/Тема: «Орманға саңырауқұлақ пен жидек теруге барайық»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Қоршаған табиғаттың сұлулығына, байлығына тамсану, қызығу, оған мейрімділікпен қарауға тәрбиелеу. Бірлесе еңбектенуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Ормандағы өсімдіктерді тани отырып,балалардың қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру.

3.Оқыту – обучающая: Саңырауқұлақтар мен жидектердің айырмашылығын білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: кірпі маскасы, слайд, екі себет,

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: орман- лес, саңырауқұлақ- грибы, құлпынай- клубника, жидек –ягода.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Ғажайып сәт: кірпі қонаққа келеді.

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерге орманнан келдім.

Міне күзде келіп жетті, мен қысқа азық қылатын саңырауқұлақтар мен жидектерді теріп жүрмін.

Сендер маған жинауға көмектесіңдер ме?

Балалар біз бүгін орманға барып, кірпіге саңырауқұлақпен жидектер теруге көмектесейік.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Сендерге саңырауқұлақпен жидектерді таныстырып өтейін. Саңырауқұлақпен жидектерді слайдтан көрсетіп, олармен таныстырамын.

- Саңырауқұлақтар түрлері өте көп.

- Саңырауқұлақтар жеуге жарамды және жарамсыз -улы болып бөлінеді.

-Шыбынжұт саңырауқұлағын жеуге болмайды.

Өткені ол улы. одан шыбындар да қорқады, шыбынжұт саңырауқұлағына шыбындар қонса болды өліп қалады.

Ал Ақ саңырауқұлақ қылқан жапырақты, қалпақшасының үстіңгі бөлігі ашық қоңыр түсті болып келеді, сабағы ашық сары түсті болып келеді. Жеуге жарамды, өте бағалы саңырауқұлақ.

Жеке жұмыс: Арсен сен қандай саңырауқұлақ түрін білесің?

Жидектерді көрсетіп түсіндіріп өтемін.

Балалар, қандай жидектерді білесіңдер? Құлпынай, таңұқурай, қарақат.

Қазір орманға барғанда тек жеуге жарамды саңырауқұлақты және жидекетерді жинаймыз. Жарайды ма балалар?

Билингвалдық компонент: орман- лес, саңырауқұлақ- грибы, құлпынай- клубника, жидек –ягода.

Сергіту сәті.

Саңырауқұлақ болайық,

Тізе бүгіп отырайық.

Жаңбыр жауса көтеріліп,

Өсіп-өсіп алайық.

«Кім дұрыс жинайды?» дидактикалық ойыны.

Екі себетке балалар жарамды саңырауқұлақ пен жидектерді жинайды.

3.Қорытынды/итоговая часть:

-Балалар бүгін бізге қонаққа не келді?

-Орманнан нені жинап алдық?

-Жеуге жарамды қандай саңырауқұлақтарды білесіңдер?

-Ал қандай жидектерді тердіңдер?

Жарайсыңдар, балалар. Кірпі сендерге рахмет айтып жатыр. Ол сендерге өзінің алмаларын сыйға қалдырып кетіпті.

Балаларды мадақтау.