| 2 сынып |
| V бөлім: Қоршаған орта ІV-тоқсан. 16 сағат |
| Осыған дейінгі меңгерілген білім. |
| Оқушылар дамытылатын тілдік түсінік пен дағдыларға сүйенеді. Бөлімнің тақырыбы «Қоршаған орта». Тілдік дағдылар осы тақырып аясында дамиды. Оқушылар тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым, тілдік құрылым түрлеріне назарларын аударады. Тақырып бойынша берілген немесе мұғалім таңдауы бойынша алынған ресурстарды қолдана отырып, түсінеді және күнделікті жағдаяттарда қолдана алады. |
| Контекст. |
| Бұл бөлім дене шынықтыру, дүниетану пәнімен тығыз байланысты. Бұл бөлімде мынадай оқу мақсаттары қамтылады: сипаттау, түсіну, сұрақ қоя білу, сұрақтарға жауап беру, сөз тіркесін, сөйлеу дағдыларын дамыту. |
| Жоспар. |
| Бұл бөлім оқушыларға «Қоршаған орта» тақырыбының контексті бойынша қазақ тілін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар көрген және оқыған мәтіндерді бағалайды, қажетті ақпараттар алады, өз пікірлерін білдіреді, басқа да пікірлермен санасады . Бұл тақырыбы контекстімен байланыста дамиды. Оқушылар жекелей немесе топпен бірге істей алуы керек. |
| Оқу бағдарламасына сілтеме | Оқу мақсаттары | Ұсынылатын оқыту іс-әрекеті | Мұғалімге арналған ескертпелер | Оқыту ресурстары |
| О.3.1 Оқу түрлерін қолдан | 2.3.1.1 Мəтінді қатесіз жəне мəнерлі дауыстап оқу | Ж. Оқушылар тыңдаған мәтінді «Ой қозғау» стратегиясы арқылы жүзеге асырады. | | Мәтін |
| Т.1.4 Мəтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну | 2.1.4.1 Тыңдалған материал мазмұнын түсіну жəне кейіпкерлер, оқиға ретін анықтау | Т.Ж. Мультфильм көрсету. «Хикая картасы» стратегиясы арқылы жүзеге асыру. | | Мультфильм |
| А.2.1 Лексикалық қорды меңгеру | 2.2.1.1 Ақпаратты сұрау, іс-əрекетке түсініктеме айту үшін сөз жəне сөз тіркестерді қолдану | Т.Ж. «Дара диаграммасы» арқылы «Үй жануарлары» тақырыбына диаграмманы толтырады. | | «Дара диаграмма» кестесі, маркер, А4 қағаз |
| Т.Қ.5.2 Орфографиялық нормаларды сақтау | 2.5.2.2 Ə, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ əріптері кездесетін сөздерді тауып жаз | С-барлық сынып/Ж «Жауап парақшасындағы» көп нүктенің орнына тиісті қазақ тіліне тән әріптерді қой. | | Мәтін. |
| Т.1.2 Лексикалық бірліктердің мағынасын түсіну | 2.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсіну | Ж.Ж. «Қабырғадағы рөл» әдісі. | | А4 қағаз, маркер, |
| О.3.4 Сұрақтар қоя білу жəне жауап беру | 2.3.4.1 Мəтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақ қоя білу жəне жауап беру | Т.Ж. «Ыстық орындық» әдісі. Топтағы оқушылар қарапайым сұрақтарға жауап береді | | А4 қағаз |
| Ж.4.2 Оқыған, тыңдаған жəне аудиовизуалды материалдар бойынша жазу | 2.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған/ тыңдаған/аудиовизуалды материалдар бойынша сөз тіркестерін жазу | Т.Ж. Бірлескен жазылым. Алгоритм бойынша оқушылар сөз тіркестерін құрастырады. | | Қима қағаздар |
| А.2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу | 2.2.2.1 Сюжетті сурет бойынша сөйлеу | Ж «Драма» әдісі. «Өткенге көз жүгірту» стратегиясы. Сюжетті суреттер арқылы оқушылар ойды айтады. | | Сжюжетті суреттер |
| Т.Қ.5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (термин сөздерді қолданбау | 2.5.1.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздер мен үстеу сөздердің мағынасын түсіну, жазбаша жəне ауызекі тілде қолдану | Т.Ж. Кесте бойынша тақырыпты түсіндіріп, «Әріптестер» әдісі. Əр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріңіз. Оқушылар сынып ішінде алмасып, сəйкес сұрақ пен жауапты іздейді. Мыс: Қоян қандай? – қорқақ Түлкі қандай? – қу Аю қандай? – үлкен Қасқыр қандай? – сұр Аң патшасы қай жануар? – арыстан. | | Қима қағаздар |
| А.2.5 Аудиовизуалды материалдар бойынша тіл дамыту | 2.2.5.1 Фильмдер мен тыңдалым материалындағы фразаларды қолданып сюжетті сипаттау | Т.Ж. «Қос диаграмма» арқылы көрген аудиовизуалды материалдағы кейіпкерлерге сипаттама береді.     ![]()        ![]()      ![]()  ![]()        | | Кесте, маркер, А4 қағаз |
| Ж.4.1 Мəтінді түрлі формада ұсыну | 2.4.1.1 Берілген иллюстрация бойынша сипаттау сөзін қолданып сөйлем құрастырып жазу | Ж. Алгоритм бойынша сөйлем құрастыру. | | Қима қағаздар |