Орталықтандырылған диспетчерлік басқару негізі
Диспетчердің міндеті – пойыздардың нақты жүрісін анықтау, станса кезекшілеріне тиісті нұсқаулар беру және олардың орындалуын қадағалау – көп уақытты қажет етеді. Бұл учаскенің өткізу қабілетінің төмендеуіне ықпалын тигізеді.
Диспетчерлік орталықтандыру – бұл учаскедегі барлық бұрмалар мен белгілердің орталықтандырылып басқару құрылғысы (яғни бір жерден бір ғана қызметкер – диспетчер басқарады). Диспетчерлік орталықтандыру бір жүйеде перегондағы автоблоктау мен стансалардағы электрлі орталықтандыруды біріктіреді. Бөлім бекеттерінде техникалық құрылғылардың жағдайын қадағалау, маневр жұмысына, жүк жұмыстарына басшылық ету, коммерциялық операциялардың орындалуын қадағалау станса бастығына жүктелген. Станса бастығының пойыздар қозғалысына тікелей қатысы болмайды. Тек ерекше жағдайларда диспетчердің нұсқауымен ол уақытша станса кезекшісінің міндеттерін атқарады. Бұл жағдайда бұрмалар мен белгілер жергілікті басқаруға беріледі.
Учаскедегі орталықтандырылған бұрмалар мен белгілерді басқару диспетчерлік пульт арқылы іске асырылады.
Диспетчерлік орталықтандыру – маневр жасау барысында бұрмаларды басқару үшін және пойыз локомотивінің диспетчерімен байланысу үшін әр бөлім бекеттерінде бұрма мойнағының жанында маневр щиттері орналасады. Маневр щиттері телефон, маневр жасауға рұқсат ету лампочкаларымен, бұрма, маневр кнопкаларымен жабдықталған.
Диспетчерлік орталықтандыру – учаскедегі қозғалысты басқарудың жетілдірілген жүйесі. Бұл жүйе экономикалық тұрғыдан тиімді, себебі бойлық типте салынған разъездерде және қос жолды перегондарда пойыздардың тоқтаусыз қиылысуын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, өткізу қабілеті мен пойыздар қозғалысының учаскелік жылдамдығын жоғарылатады.
Орталықтандырылған диспетчерлік басқару құрылғылары мынадай жағдайларды қамтамасыз ету керек:
бір бекеттен станса мен аралықтағы сигналдар мен бағыттамаларды басқару;
басқару аппаратынан бағыттамалардың бос еместігін және жағдайын, аралықтың бос еместігін, стансадағы жолдар мен оларға қосылатын блок-учаскелерін, сондай-ақ, кіретін, шығатын, маршруттық бағдаршамның қайталап көрсетуін бақылайды;
пойыздарды қабылдап, жөнелтуге, бағыттама мен сигналдарды стансадағы резервтен басқаруға, маневр жұмыстарын жасауға немесе маневр жұмыстарын жүргізуге, жергілікті басқаруда бағыттамаларды беру;
жүріс графигінің орындалуын автоматты түрде жазу;
электрлі орталық пен автоблокирокаға қойылатын талаптардың орындалуы.
Диспетчерлік орталықтан пойыз диспетчері қашықтығы 150-200 км болатын аралық стансаларының барлық бағыттамалар мен сигналдарын басқарады. Диспетчерлік орталықтағы автоблокировка құрылғылары, электрлі орталықпен, телемеханикалық бағыттамалар мен сигналдар барлық стансалардың бір бекетінен (диспетчерлік қосымнан) басқарылады.
Бір тармақты желіде автоматты емес жүйемен салыстырғанда өткізу қабілеті 20-40% өседі, жүк пойызының учаскелік жылдамдығын 15-20% өсіреді. Сондай-ақ, диспетчерлік орталықтан 50 адамнан кем емес, жұмыскерлер санын қысқарту. Желідегі әрбір 100 км сайын.
Диспетчерлік орталықта «Нева» жүйесі дамыған. Бұл жүйемен 1120 объектті басқарып және 1840 объектті бақылауға болады. Учаскедегі әр түрлі қиылысулар пайдалы, кез-келген тартым түрімен, жүк тасымалын ескермегенде.
Диспетчерлік орталықтың барлық жүйесі қарастырылған:
пульт-таблоның басқару қоры, станса ғимаратында немесе реле қосымында орналасқан;
пульт-таблодағы маневр бағдаршамдары мен бағыттамаларды жергілікті басқару, реле қосымындағы маневр щиттарымен немесе маневр колонкаларымен жүргізіледі;
қордан және жергілікті басқару диспетчер бұйрығымен жүргізіледі.
Диспетчердің орталықтандырылған аппараты көрсеткіш таблоларынан тұрады, онда жол аралықтары мен айырым бекеттері, түймелі шүріппелер көрсетілген. Cондай-ақ, байланыс бөлімдері мен пойызграфтары бар.
Бағытты жасау үшін, диспетчер алдымен таңдаған станса түймесін басып, содан соң пойыз жүретін бірінші және екінші маршруттық сигналдарды басады; маршруттық-сигналды түймелердің жарық көрсеткіштері (ақ жолақ) және маршрутты дайындау үрдісін, сәйкес стансаның көрсетілген таблосында бақылайды.
Диспетчерлік орталықтандыру – теміржолдық автоматика мен телемеханиканың құрылғылар кешені, озбадағы авто блоктаудан, стансада сигналдар мен бұрмалы бағыттамалардың электрлік орталықтандыруынан, телебасқару жүйесі мен телесигналдау жүйелерінен тұрады. Жалпы диспетчерлік орталықтандырудың түрлері:
«ДИАЛОГ» диспетчерлік орталықтандырудың микропроцессорлық жүйесі учаскедегі автоматика құралдарымен қамтамасыз ететін көлемде жол объекттерінің, электрлік объекттердің және жылжымалы бірліктердің жағдайын бақылау және көрсету, учаске стансаларындағы пойыздар қозғалысын және стансалардағы СОБ объекттерінің жағдайын басқару.
«НЕМАН» диспетчерлік орталықтандырудың микропроцессорлық жүйесі теміржол автоматикасы объекттерінің қашықтық бақылауы мен басқаруын жүзеге асыру мүмкіндігін беретін аппараттық және бағдарламалық құралдардың жиынтығы болып табылады. «НЕМАН» диспетчерлік орталықтандырудың микропроцессорлық жүйесі қауіпсіздік бойынша диспетчерлік орталықтандыру жүйелеріне деген талаптардың есебімен тасымалдау процессін ұйымдастыру және басқаруды жүзеге асыратын түрлі технологиялық учаскелердегі автоматтандырылған жұмыс орындарын құруға арналған.
«НЕМАН» ДО кешені құрамындағы бағдарламалық және техникалық құралдар оларды телебасқару және өнеркәсіптің түрлі салалар объекттерін бақылау және басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру үшін қолдануға мүмкіндік береді. «Неман» ДО автоматтандырылған жүйесін құру идеологиясы стансалар бақылауының объекттерін (желілік пункттерін) және желілік пункттердің бақылауы мен басқаруын жүзеге асыратын орталық постты бірыңғай жүйеге біріктіруге негізделген.
«ЮГ» жүйесі пойыздар қозғалысы бақылауының басқару процесстерін автоматтандыру, теміржол көлігінің БАЖ-мен, ақпараттық өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету (мысалы, АСОУП) және оның негізінде аймақтық және жол диспетчерлік орталықтарын құру үшін арналған. Жүйе уақыттың нақты ауқымында технологиялық міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Жұмыс тәртібі — толассыз. «ЮГ» ДО құру тасымалдаулар процессін басқару тиімділігін арттыруды, пайдаланушылық шығындарды қысқартуды, жұмыс сенімділігінің, ЖАТС құрылғыларына техникалық қызмет көрсету сапасының және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыруды көздейді. Кешен басқарудың аймақтық орталығының диспетчерлік аппаратын, дабыл және байланыс қашықтықтарын, сонымен бірге басқа да желілік кәсіпорындарды жедел, ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған есептеу жүйесін құрады.
Пойыз диспетчері бір жерден отырып, пульт – табло арқылы барлық процесстерді басқара алады. Пульт – табло қаматамасыз ету керек: бұрмалы бағыттамаларды бір қосыннан басқаруды; бұрмалы бағыттамалардың бос, бос еместігін, оның оң не теріс қалыпта тұрғанын көрсету; станса жолдарының бостығын немесе бос еместігін көрсету; бағдаршамдардың көрсеткіштерін көрсету керек.
Теміржол стансасындағы станса кезекшісінің негізгі жұмыс орны басқару аппараты болып табылады. Басқару аппаратына кіреді: пульт – онда басқару органдарының орналасуы үшін арналған (тетіктер мен тұтқыштар); табло – ақпаратты көрсету үшін. Таблода бағдаршамдарды қайталағыштар, лампалар, светтік диодтар, светтік ұяшықтар орналасады. Пульт пен табло жекеленген немесе біріктірілген болуы мүмкін.
Пульт – таблолар теміржол стансаларда жұмыс істеген уақытында өзін жақсы жағынан ұсынды. Бірақ, олар Кеңес Одағынан қалған, енді қазіргі кезде осы пульт – таблоларды жаңарту, жаңа түрлерін еңгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мысалға, ескі пульт – таблоның бір ғана операцияға кететін уақыты 1 - 3 секундқа дейін алса, жаңартылған пульт – таблоның бір ғана операцияға кететін уақыты 1 - 0,3 секундқа дейін түсірілді. Соның арқасында теміржол стансасының жұмыс өнімділігі 20% - 35% дейін артады. Пульт – таблоның жарықтандырылуына кететін светтік диодтарға пульт – таблоның ескі түрлерінде энергия көп кететін, ал жаңартылғандарында аз энергия жұмсайтын светтік диодтар орнатылады.
Тест сұрақтары:
1. Вагондардың жинақталу процесі басталады:
А) құрастыруды бастау кезінен бастап
В) түсіруді бастау кезінен бастап
С) құрамды таратуды бітірген кезден бастап
D) тиеуді бастау кезінен бастап
Е) сұрыптау паркінің жолына вагондардың келуі кезінен бастап
2. Блок-учаскелермен шектелген бір бағытта жүрген пойыздар арасындағы уақыттың минималды аралығы, ол:
А) бір бағытта жөнелту интервалы
В) пойыз аралық интервал
С) айқастыру интервалы
D) бір бағытта келу интервалы
Е) бір уақытта келмеу интервалы
3. Шектеуші аралық дегеніміз, ол:
А) кесте кезеңі максималды
В) кесте кезеңі минималды
С) жүрістің «таза» уақыты
D) жүрістің минималды уақыты
Е) жүрістің максималды уақыты
4. Бірдей жылдамдықпен пойыздар қозғалысын қарастыратын кесте:
А) параллельді
В) жұпты
С) параллельді емес
D) қос жолды
Е) жұпты емес
5. Стансалық жолдарды, бұрмаларды тексеру журналының коды:
А) ДУ-8
В) ГО-1
С)ДУ-46
D) ДУ-11
Е) ГО-3
6. Өткізу, қуып жету, қабылдау және жөнелту бойынша стансалық операцияларды орындау үшін қажет уақыттың шағын аралығы, ол:
А) бір бағытта жөнелту интервалы
В) стансалық интервал
С) айқастыру интервалы
D) пойыз аралық интервал
Е) бір бағытта келу интервалы
7. Сұрыптау жолдарында вагондардың бірінші тобының соңғы вагон тобының келгенге дейінгі тұрып қалуының орташа уақыты:
А) таратылуы
В) құрастырылуы
С)жинақталуы
D) жүк операциясында тұруы
Е) жөндеуде тұруы
8. Пойыздардың жүру бағыты анықталады:
А) ірі стансаларға байланысты
В) жүк ағымына байланысты
С) жолаушылар ағымына байланысты
D) қысқа бағыттар бойынша
Е) ең үлкен жылдамдықтар бойынша
9. Сапалық көрсеткіштердің сипаттамасы:
А) жолаушылар мен жүк тасымалдауының көлемі
В) пайдалану жұмысының тиімділігі
С) пойыздар қозғалысының кестелік көрінісі
D) вагон ағымдарын ұйымдастырудың жүйесі
Е) жылжымалы құрамды қолдану
10. Тәуліктік жоспар-кестесін құру барысында ескеріледі:
А) бағыттардың қарсылығы
В) пойыздардың нөмірі
С) вагондардың тұрып қалуы
D) локомотивтің нөмірі мен түрі
Е) кіре беріс жолдарының жұмысы